Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар


-2023 оқу жылы бойынша математика, информатика және физика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі



бет25/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
2022-2023 оқу жылы бойынша математика, информатика және физика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі.
2022-2023 оқу жылының математика, информатика, физика әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: Жаңа технология әдістерін қолдана отырып, математика, информатика, физика бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту».
Мақсаты: Оқушылардың алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу қабілеті мен өз біліммен, өз бетімен білу іскерлігін қалыптастыру және өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білуге үйрету.
Әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
*Оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
* Ғылыми –зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерінің өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
* Оқушы бойында өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, шешімін таба білу қабілеттерін қалыптастыру;
* Жаңа заман талабына сай ізденгіш, жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру;
* Жаңа технологияларды кеңінен қолдану;
* Пәнге қызығушылығын ояту үшін түрлі интелектуалды сайыстар ұйымдастыру, қатысу.

Әдістемелік бірлестіктің құрамы:



Мұғалімнің Т.А.Ә

Білімі

Санаты

Еңбек өтілі

1

Абдрахманов К.Т.

Жоғары ПГПИ 2011ж, магистр 2015

Педагог-сарапшы

11

2

Абдрахман Ү.М

Арнаулы-орта, Пед.колледж, 2021

Педагог-модератор

1

3

Ақыш А.Н.

Жоғары ПМУ, 2021

санатсыз

1

4

Асылханова К.Н.

Жоғары ИнЕУ, 2007

Педагог-сарапшы

6

5

Болуспекова Г.Н.

Жоғары ПМПИ, 1981

Жоғары

37

6

Боранбаева Г.Ф.

жоғары, Торайғ.ат.ПМУ, 2002

Педагог-сарапшы,педагог-зерттеуші

30

7

Ибраев А.Х.

Жоғары ПМУ, 2021

санатсыз

1

8

Кабдиева С.Ш.

Жоғары Крупск.атяСПИ 1986

жоғары

35

9

Камиль Айбек

Жоғары ПМПИ, 2006

Педагог-сарапшы

14

10

Татыбаева Н.С.

Жоғары ИнЕУ, 2008

Педагог-сарапшы

13

11

Сагитжанова М.А.

Жоғары ПМПИ, 2014

екінші

8

Білікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер:

Кабдиева С.Ш.

«Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиясы»

Камиль Айбек

«5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»

Сагитжанова М.А.

«Инклюзивті білім беру негіздері және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы жаңа тәсілдер»

Сагитжанова М.А.

«5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»

Татыбаева Н.С.

«Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сыныптар»


Мұғалімдердің жетістіктері:

Боранбаева Г.Ф

Үздік оқу-әдістемелік материал-2023

Қалалық,
2 орын

Татыбаева Н.С

Үздік оқу-әдістемелік материал-2023
«Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сыныптар»
Өз тәжірибесімен бөлісті

Қалалық,
2 орын
Облыстық, сертификат

Камиль Айбек

«Педагогикалық шеберлік»

Облыстық, 1 орын

Кабдиева С.Ш.

«Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» өз тәжірибесімен бөлісті

Облыстық, сертификат


Білім сапасы:



Сонымен қатар, шешілмеген мәселелер бар:
* жаңартылған мазмұнға көшуді ескере отырып, заманауи сабақты құру маңызды мәселе болып табылады: мұғалімдер оқыту әдістемелеріндегі, тәсілдері мен тәсілдеріндегі өзгерістерге жеткілікті түрде бейімделмеген, оларды пайдалану білім беру нәтижелеріне байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
* педагогикалық тәжірибені тұтас сипаттау құрылымының проблемасы, мұғалімдердің педагогикалық зерттеулеріне сәйкес кезең-кезеңімен қызметі өзекті болып қала береді; мұғалімдердің өте аз бөлігі тәжірибені жалпылау рәсіміне қатысады;
* мұғалімдер критериалды бағалаудың екі түрінің жүйесін толық пайдаланбайды: формативті және жиынтық.
Мәселелерді шешу жолдары:
* әрбір педагог өзінің кәсіби деңгейін арттырудың жеке білім беру маршруттарын әзірлейді;
* педагогикалық ұжымда кәсіби білім мен дағдыларды каскадты таратуға ықпал ету;
* педагогтерге кәсіби кеңес беру жүйесін, оның ішінде қашықтықтан оқыту нысандарын пайдалана отырып құру;
* ұжымда қолайлы Денсаулық сақтау жағдайларын, қолайлы психологиялық ахуал жасау;
* шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандыру және ынталандыру жүйесін жетілдіру.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ АҚПАРАТТАНДЫРУЫ
2021-2022 оқу жылы мектебімізде 322 компьютер оқу үрдісінде пайдаланды. Мектебімізде 4 компьютерлік сынып, 1 мультимедиялық сынып бар. Интербелсенді тақта 12 кабинетте орналасқан ( оның біреуі мультимедиялық подиум). Электронды оқыту жүйесі бойынша 219 компьютер пайдаланылады. Атап айтсақ, 30 моноблок – оқу кабинеттерінде орналасқан, компьютерлік сыныпта-15 компьютер және 1 компьютер+мультимедиялық тақта, мобильді сынып-15 + 2 ноутбук жылжымалы интербелсенді тақтамен, 6 компьютер мектеп кітапханасында орналасқан, 2 компьютер электронды мұғалімдер бөлмесінде орналасқан, сервер-1 компьютер, мультимедиялық подиум-1. 2020-2021 оқу жылы мектебімізге 146 компьютер (100 ноутбук, 44 дербес компьютер және 15 планшет)
1 компьютерге келетін оқушы саны

Мектептегі оқушылар саны

Мектептегі компьютерлер саны

1 компьютерге неше оқушыдан келеді

894

322

2,7

Компьютерлер интернет желісіне ADSL және Wi-Fi желілері арқылы жалғанған. Барлығы 322 компьютер интернет желісіне қосылған. Оның 133- Wi-Fi арқылы, 189 – ADSL модем арқылы. Жаңа модификациялық үлгідегі 5 пән кабинеті бар. 1- физика кабинеті, 1-биология кабинеті және 1-химия кабинеті, 1-ағылшын тілі, 1-IT кабинеті бар. Бұл 5 пән кабинеттері жаңа интербелсенді құралдармен жабдықталған. Компьютерде интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге арналған ActivStudio, DataStudio бағдарламалық қамтамасыздандырулары орнатылған. Физика, химия, биология пәндерінде әртүрлі зертханалық жұмыстарды орындауға арналған PASCO, SPARK құралдарымен де жабдықталған. Интербелсенді тақтаны пайдаланып Activote құралдарының көмегімен оқушылардың білімін тестілеу әдісімен тексеруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет