Тәрбие жұмысы негізгі 8 бағытты қамтиды:
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
2.Рухани-адамгершілік тәрбие;
3.Ұлттық тәрбие;
4.Отбасы тәрбиесі;
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Тәрбиенің басым бағыттары: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты, оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі. Тәрбие жұмысы СӨС, құқытық тақырыптағы іс-шаралар, сынып жетекшілердің тәрбие жұмысы, үйірмелер мен спорттық секциялар жүйесі және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі арқылы іске асырылды.
Мектеп-отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығына тікелей басшылық ететін бірден бір орган. Ынтымақтастықпен жұмысты жүргізудің бірнеше формасын пайдалана отырып жұмыстар атқарылды.
Мысалы:
1. Ата -аналар жиналысы;
2. Сынып жетекшілердің оқушының үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысуы;
3. Педагогикалық насихат, ата-аналарға педагогикалық білім беру,
әдістемелік кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Мектепте өтілетін дәстүрлі
мерекелік іс-шаралар жоспары құрылған.
Мақсаты: Оқушыларды мектеп өмірінің қалыптасқан дағылары мен дәстүрлі мерекелерін сақтау және жалғастыруға үйрету.
Қажеттілігі: Қоршаған дүниені дұрыс танып қана қоймай, оның жан-жақты дамыған, рухани жан дүниесі бай, өз елін сүйетін, жарасымды тұлға болып қалыптасуы.
Нәтижесі: Оқушылардың өз елінің тарихын, мәдениетін біліп, ақпараттық құзіреттіліктерін қамтамасыз етіп, рухани жан-дүниесін байыту.
Сынып жетекшілерімен жұмыс: Сынып жетекшілер жұмысы әдістемелік бірлестік жұмыстары арқылы жетілдірілуде. Әдістемелік бірлестіктің басты мақсаты мектептегі оқу мен тәрбиені ұштастырып, оқу процесіне ықпал және сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |