Жалпы пән кабинеттерінің саны
|
Жаңа модификациялық пән кабинеттері
|
Жаңа модификацилық пән кабинеттерінің пайыздық үлесі
|
46 кабинет
|
5 кабинет ( 1- физика кабинеті, 1-биология кабинеті және 1-химия кабинеті, 1-ағылшын тілі, 1-IT кабинеті)
|
10 %
|
Мәселе: мектеп педагогтарының АКТ саласындағы құзыреттілігі жеткіліксіз деңгейде қалыптасқанын анықтады: мұғалімдер сапалы оқыту үшін қажетті онлайн-құралдарды меңгермейді, оқыту мазмұнын құра алмайды және дайын әзірлемелерді пайдалана алмайды.
Шешу жолдары:
* бірыңғай ақпараттық желіні құру арқылы Google-нысандарды, Google-дискіні пайдалану арқылы мектептің ұйымдастырушылық-өкімдік қызметін автоматтандыру;
* мектеп сайтын жетілдіру (интерактивті мүмкіндіктерді пайдалану);
* педагогтердің үздіксіз кәсіптік білім беруі және оқу процесін оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану;
* оқыту семинарларын өткізу арқылы мектеп педагогтері мен оқушыларының ақпараттық мәдениетін арттыру;
* білім беру процесінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеу.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі Қазақстан Республикасының келесі Заңдары, тұжырымдамалары мен бағдарламалары бойынша іске асырылады:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
3.«Білім туралы» ҚР Заңы
4.«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы
5.«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы;
6.«Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы;
7. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы;
Достарыңызбен бөлісу: |