Жұмыстың мақсаты:
-Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға логопедиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру.
-Сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету жұмыстарын жүргізу.
-Фонетикалық бұзылыстарды түзету, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру
-Фонетика-фонематикалық есту қабілетін, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.
Жұмыстың міндеттері:
-Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға диагностика жүргізу.
-Сөйлеу тілі бұзылған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізе отырып әлеуметтік ортаға бейімдеу.
-Сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын ала отырып, түзете-дамыту арқылы білім беру.
Педагог-логопед маманының түзете – дамыту жұмыстары төмендегідей кезеңдермен өтті.
1. Диагностикалық кезең:
1. оқушының психо-физиологиялық қалпын жан-жақты зерттеу.
2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.
3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
2. Коррекциялық дамыту кезеңі:
1. оқушының даму қалпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
2. түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. оқушының сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке дамыту бағдарламасын» құру.
Жалпы сөйлеу тілі бұзылыстарының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша төмендегідей мақсат- міндеттері бар:
- сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;
- енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;
- белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;
- байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;
- артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;
- сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;
- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыру;
- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;
Түзету сабақтарының нәтижесінде, оқушылар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп, өз бетімен орындап, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізді. Оқушының сөйлеу тілінің бұзылысынтүзету жұмыстары әртүрлі жаттығулар арқылы логопедиялық сабақтарда жүргізілді.
Логопедиялық түзету сабақтарының мақсаты: сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларды анықтап, диагностикалық бақылау жүргізу арқылы білім беру және түзету жұмыстарын жүргізу. Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға, атап айтқанда логопад оқушыларға сабақ кестелері, сабақ жоспарлары құрылды.Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға сабақ жоспарлары оқушының даму қабілетіне қарай бағытталып құрылды.
Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар түрі, құрылымы мен деңгейі:
Дислалия бұзылыстары бар оқушылармен келесі жұмыстар жүргізілді: фонетикалық есту қабілетін дамыту үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар тілдік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық шулар дыбыстарын ажыратып үйренді. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстары жүргізілуде сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен байланыстырып сөздік қорлары кеңейуде. Сөйлеу тілінде «етістіктер», «есімдіктер», «зат есім», «сын есім», «есімшелерді» дұрыс қолданып үйренуде. Сюжетті суреттер бойынша екі, үш құрылымды сөйлем құрап, үш – төрт сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырады. Дыбыстану қатарына келетін болсақ дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып, «еріндік» [П], [Б], «бұғақтық» [Қ], [Ғ], «ызың» [Ш],[Ж], «ысқырық»[С], [З] дыбыстарына түзету жұмыстары жүргізілді. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын ескере отырып, балаға артикуляциялық жаттығулар жасатылды. Ротацизм бұзылыстары бар оқушылармен келесі жұмыстар жүргізілді: жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды «Мектеп құралдары», «Жабайы аңдар» «Қыстайтын құстар», «Жәндіктер», «Тәуелсіздік күні», «Қанша мемлекеттік қор бар?», «Жыл мезгілдері» т.б. Бала тұрмыстық шуларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыс жүргізілді. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамытуда бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренді. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. «Р» дыбысын қою барысында тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына мақта таяқшаларын немесе саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болып, қалыптастырылды.Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында жаттығулар, ұсақ заттармен жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері кеңінен жүргізілді. Лабдацизм бұзылыстары бар оқушылармен келесі жұмыстар жүргізілді: тілдің икемсіздігіне байланысты артикуляциялық жаттығулар қатары жасалды. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағытталуға көмек берді. Артикуляциялық жаттығулар тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстап үйренді.Түзету коррекциялық сабақтың барысында оқушылар дұрыс тыныс алуға, сөздің грамматикалық құрлымын түсінуге, сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға үйренді. І жарты жылдықта логопедтің тізіміне тіркелген оқушылар саны 29. Логопедтің көмегін қажет ететін мектепішілік оқушылар саны 29, ал 2 оқушы ОПМПК – ның жолдамасымен отырған оқушылар.Осы 29 оқушының ішінде ОПМПК – ның жолдамасымен отырған 2 оқушы Кабдуахитов Арман 4 ә, Ғафур Дінмухамедахмет 4г, сөйлеу тілі түзетілген оқушылар:
Достарыңызбен бөлісу: |