«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет137/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Нәтижелі бейнелеу іс-әрекеті
(мүсіндеу, жапсыру, сурет салу)
Ересектер мен балалардың біріккен әрекеттері маңызды орын алатын жағдай құрып, тапсырмалармен қамтамасыз ету.
Көрмеге, мұражайға, жәрмеңкеге саяхат ұйымдастыру, қазақ халқының және басқа да халықтардың белгілі суретшілерінің шығармаларымен, кіші пішіндегі мүсіндермен, керамикалық және сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтармен, металдан, теріден, киізден жасалған бұйымдармен таныстыру, олардың әдемілігін, мазмұнын, суреттегі және халықтық бұйымдағы жарқын түсті ойыншық бейнесін түсінуге үйрету. Өнер шығармаларына қызығушылығын арттыру.
Бейнелеу өнерімен таныстыруда көлемді объектілер бейнеленген иллюстрациялар мен картиналарды таңдаған дұрыс.
Балаларға кітаптар оқу және ондағы иллюстрацияларды қарау, мазмұнын түсінуге үйрету.
Өнер шығармаларынан алған әсерлері мен сезімдері жайлы әңгімелесу.
Балалар өздеріне қажетті материалдарды, ыңғайлы орынды таба білулері тиіс.
Дербес шығармашылыққа қызығушылықтарын арттырып, оларды жалықтырмау.
Қағаз, бояу, бор, сазбалшық, ермексаз, қамыр, құм, қар, табиғи және қалдық материалдарды қолдану арқылы балалардың шығармашылығына мүмкіндік туғызу.
Қылқалам, фломастер, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, сулық, қайшы сияқты түрлі құрал-жабдықтарды қолдануға жағдай жасау.
Мүсіндеу, жапсыру және сурет салу техникалық дағдыларын жетілдіруге және шығармашылығы мен қиялын дамыту үшін ересектер мен балалардың бірлесіп жұмыс істеу үлгісін әзірлеу.
Бейнелік ойыншықтарды, көркем сурет, мүсіндік объектілер, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер заттарын талқылай және көрсете отыра. Шығармашылықпен ойлауды дамыту.
Заттарды және олардың бөліктерін бейнелеуде мүсіндеу, жапсыру және сурет салу тәсілдерін өзгертуді және қолдануды көрсету.
Бейнелеу әрекетінде түрлі материалдарды (қағаз, бояу, ермексаз, сазбалшық, табиғи және қалдық материалдар) бірге қолдана отырып, шығармашылықтарын дамыту.
Ересектермен және балалармен бірлескен шығармашылық қызмет үлгісін әзірлеу, жеке жұмысты ұжымдық композициямен біріктіру.
Қазақстан халқы мәдениетінің қайнар көзімен таныстыру.
Бейнелеу іс-әрекеттерінде қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің сәндік-қолданбалы өнерінің мотивтерін қолданып, шығармашылыққа талпындыру.
Дөңгелекте, жолақшада, шаршыда және басқа да пішіндерде ою-өрнектерді құрастыруды таңдау барысында, өрнектерді орналастыруда шығармашылық танытуға мүмкіндіктер тудыру.
Суретшілердің жұмысын баспадан шығарған белгілер, суреттер және кітаптар арқылы көрсету.
Түрлі көркем материалдармен (бояу, бор, қарындаш және т.б.) эксперимент жасауына қолдау көрсету.
Басқа ұлт балаларының мәдениетімен бірлескен шығармашылық қызмет үлгісін әзірлеу.
Баланың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын сұрақтар қою.
Балаға өз бетінше жобаны ойлап табуға және жасауға мүмкіндік беру.
Күнделікті түрлі көркем материалдарды (акварель, бояу, қағаз, қайшы, желім және т.б.) шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туғызу.
Алғашқы кезде бейнелеуге арналған материалдарды және құрал-жабдықтарды таратып қоюға, жинауға көмектесу, оларға ұқыпты қарау үшін жууға үйрету.
Балалармен және ата-аналармен бірге балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.
Балалардың едәуір сәтті шыққан барлық жұмыстарын (кімнің тақырыбы қызықты, жаңадан кім не ойлап тапты, кім бояуды әдемілеп үйлестірді) қарап, оларды атап өту.
Балалардың айтқан әңгімесін зейін қойып тыңдап, қызығушылық білдіру.
Баланың пікір таластыруға, сезімдерін білдіруге қажеттілігі бар екенін түсіну.


Музыка
Балаларды концертке, театрға апару.
Музыка мен театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру, олардың мазмұны мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Музыка-театр өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, қандай шығармалардың бала назарын аударғанын, не ұнағанын анықтау.
Ересектер мен балалардың бірлескен қызметі маңызды орын алатын жағдайлар құрып, тапсырмалар орындату.
Балаларды әртүрлі музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, қуыршақтар қойылымы) қатыстыру.
Түрлі музыкалық аспаптар мен музыкалық ойыншықтарда шығармашылық көрсету ұмтылысын қолдау.
Ересектермен және балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау.
Шулы оркестрде, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға қатыстыру.
Ересектердің домбырада, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда, т.б. түрлі музыкалық және шулы аспаптарда ойнауын тыңдауға талаптандыру.
Румбада, тарелкеде, үшбұрыштарда қарапайым ырғақты өз бетінше орындау ниеттерін мадақтау.
Өз бетінше шығармашылық музыкалық іс-әрекеттер жасау үшін концерттерге, театрдағы қойылымға қатысуға және балаларға таныс ертегілер мен өлеңдердің мазмұны бойынша сахналауға, сахнада микрофон қолдануға жағдай жасау.
Құрбы-құрдастарының музыкалық іс-әрекеттерін, билерін бақылауы, олардың қимылдарына еліктеп, байқап көру шығармашылық әрекеттеріне талпындыру.
Түрлі жанрдағы және халықтардың музыкасын тыңдау және оларға тән сипаттаманы талқылау.
Балалар композиторларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалардың аттары мен олардың авторларын білу және атауға үйрету.
Балалармен бірге әр халықтың мәдениеті мен өнері, өмір сүрген дәуірі жайлы айтылған бейнефильмдер мен фильмдер қарау.
Ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін балалармен бірге музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатысуға жұмылдыру.
Дербес музыкалық әрекетті ынталандыратын заттық орта құру. Оны балалардың музыкалық және шулы, соқпалы аспаптарымен, музыкалық ойыншықтармен, суреттермен, түрлі атрибуттармен (ленталар, орамалдар, халық ертегілері кейіпкерлерінің бас киімдері) жабдықтау. Сонымен қатар, бұл ортаны костюмдердің элементтері мен түрлі театр қуыршақтарымен (көлеңке, саусақ, үстел үсті және т.б.) толықтыру.
Әдеп сақтап, көмек көрсетіп, ойын тәсілдерін естеріне түсіріп, көрсетіп, бидегі, әндегі кейбір олқылықтарды жөндеп, музыкалық іс-әрекетке қатыстыру.
Енжар, селқос балаларды белсенді іс-әрекетке тарту.
Әдемі киімді, түрлі театр қуыршақтарын, декорация элементтерін қолдану кезінде еркін шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.
Қазақ халқы мәдениетіне тән бұйымдарды белгілі бір халықтың мәдениетінен ееркшелейтін ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды пайдалану барысында өз еркімен шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.
Балалардан мерекелерде қандай би, ойын, қуыршақ театры ұнағандарын сұрау. Содан кейін мерекеде немесе қуыршақ театрында ойындар ұйымдастыру, концерт қою.
Алғашқы кезде музыкалық әрекеттерге арналған материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдап алуға көмектесу, орнына жинауға үйрету.
Ересектермен және балалармен бірлескен әрекеттердің (ән салу, ойын, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау) нәтижесіне байланысты сезімін білдіруге мүмкіндік туғызу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет