Бір орында тұрып ұзындыққа секіру (арақашықтығы 40 см).
Тізені жоғары көтеріп жүру. Түрлі бағытта жүгіру.
Мақсаты: Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үйретуді, аяқпен қатты итерілуді орындауды жалғастыру. Тізені жоғары көтеріп жүру білігін бекіту. Зал бойымен жеңіл және ырғақты жүгіре білуді бекіту. Кеңістікте бағдарлауды, зейінді дамыту.
Ойын: «Аю көпір арқылы жүріп келеді»
|
1
|
27
|
Негізгі қимылдар:
1 м арақашықтықтан педагогтің лақтырған добын қағып алу және кері лақтыру.
Бір орыннан ұзындыққа секіру (40 см).
Мақсаты: Педагогке доп лақтыру және одан допты қағып алуды үйрету. Аяқпен қатты итерілуді қолдың қимылымен үйлестіріп, жартылай бүгілген аяқпен жеңіл жерге түсе білуді бекіту.
Ойын: «Бос орын»
|
1
|
28
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу арақашықтығы 1 м.
Мақсаты: Көлбеу тақтайдың бойымен төрт тағандап еңбектеуге, одан тез түсуге үйрету. Педагогке доп лақтыру және одан саусақтары еркін қойылған алақанмен допты қағып алуын бекіту.
Ойын: «Саяжайға бару»
|
1
|
29
|
Негізгі қимылдар:
Еденде жатқан заттардың үстінен аттап жүру (арақашықтықтарының арасы 25 см)
Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Еденде жатқан заттардан аттап жүруді, дененің тік ұсталуын сақтауды үйрету. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіре көлбеу тақтай бойымен еңбектей білуін бекіту, ептілікті дамыту.
Ойын: «Касқыр мен лақтар»
|
1
|
30
|
|