«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет18/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Негізгі қимылдар:
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру (арақашықтығы 10 м).
Еденде жатқан заттардан аттап жүру (олардың арасының арақашықтығы 20 см), тепе-теңдік. Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Алаңның бір жағынан екінші жағына жеңіл және ырғақты жүгіруді, өзінің жүгіруін басқа балалардың жүгіруімен үйлестіруді үйрету. Заттардан аттап жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту. Көлбеу тақтай бойымен еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Ақырын өт»

1

31

Негізгі қимылдар:
Еденде жатқан жалпақ құрсаудан секіру
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. (арақашықтығы 20 м)
Мақсаты: Құрсауға секіруде, одан шығып секіруде, екі аяғымен екпінмен итерілуге үйрету. Бір алаңнан екінші алаңға жеңіл және ырғақты жүгіру білуін бекіту, шыдамдылықты дамыту.
Ойын: «Құрсаудан сылдырмаққа секіру»

1

32

Негізгі қимылдар:
1,5 м арақашықтықта педагогтің лақтырған добын қақағып алып, қайтадан допты лақтыру.
Еденде жатқан жазық құрсаудан секіру.
Мақсаты: Педагогке доп лақтыруды және одан допты саусақтарын жан-жаққа еркін қойып, қағып алуды үйрету. Екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итерілу және аяқтың басына жерге түсе білуін бекіту.
Ойын: «Жоғары-төмен».

1

33

Негізгі қимылдар:
Бөренеден еңбектеп өту
1,5 м арақашықтықта педагогтің лақтырған добын қағып алып, қайтадан допты лақтырып, артынан қолын жазу білуін бекіту.
Ойын: «Орныңды тап»

1

34



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет