Нені игереді:
- ермексазды ұқыпты қолдану дағдысы.
Нені біледі:
- ермексазды алақан арасына салып ырғақты домалату.
ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Шығармашылық» білім беру саласы
Сурет салу
Тақырыбы: «Алуан түрлі сиқырлы шарлар»
Мақсаты: Балаларға белгілі пішіндегі заттардың суретін салу тәсілдері мен өз сезімі мен көңіл күйін білдіре алуға үйрету.
Қостілділік компонент: қызыл — красный
көк – синий
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сайқымазақ балаларға алуан түрлі шарлар алып келеді.
|
Балалар өз қызығушылықтарын танытып, белсенділіктері арта түседі.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Шарлармен ойын ұйымдастыру. Дөңгелек пішіндерді салу тәсілдерін көрсету.
|
Балалар ойындарға қатысып, шарлардың суретін салады.
Өздерінің көңіл күйлері мен сезімдері туралы әңгімелеп береді
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, басқаларға көрсету.
|
Өздері жасаған жұмыстарының нәтижесіне қуану.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- дөңгелек пішіндес заттарды салудың тәсілдері.
Нені игереді:
- қылқаламмен сурет сала білу.
Нені біледі:
- бояуды пайдалана білу.
ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін әңгімелеп айту
Мақсаты: балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жан құбылысын сезінуге, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Қостілділік компонент: қасқыр – волк
ешкі – коза
үй – дом
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Тәрбиеші Перизат болып, сиқырлы таяқшасының көмегімен балаларды ертегілер еліне саяхатқа апарады, таныстырады.
|
Балалар Перизаттың хабарламасын зейін қойып тыңдап, қызығушылығы мен белсенділіктері артады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Ертегілер айту
«Біз орманда келе жатырмыз»
сергіту жаттығуы.
Ертегі мазмұны бойынша балалармен әңгімелесу.
|
Балалар ертегі тыңдайды.
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап, дауыстарын құбылтып сөйлейді. Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
Сиқырлы таяқшаның көмегімен ертегілер елінен топқа қайта оралу.
|
Ертегі мазмұнын айтады. Адамгершілік ұғымдары туралы түсініктерін жеткізеді.
Суреттер қарайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атаулары.
Нені игереді:
- халық ауыз әдебиетінің туындыларын тындауға деген қызығушылығы артады.
Нені біледі:
- шығарманы зейін қойып тыңдап, ондағы кейіпкерлердің күйін сезінеді.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Үш аюға қонаққа барамыз»
Мақсаты: балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру (көлем); геометриялық прогрессия ретімен орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |