«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет51/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Негізгі қимылдар:
Жұппен жүгіру
Көлденең бөрене бойымен жүру (жанымен қырындап жүру). Асықты алысқа лақтыру.
Мақсаты: Жұппен жеңіл және ырғақпен жүгіруге, өзінің адымын басқаның адымымен үйлестіруді үйрету. Бөренеде тұрақты тепе-теңдікті сақтап және денені тік ұстап солға және оңға қырындап жүре білуді бекіту. Ұсақ заттарды алдыға алысқа лақтыруға жаттықтыру.
Ойын: «Соқыр теке»
Кеңістікте бағдарлау, зейін.

1

69

Негізгі қимылдар:
Секіртпеде секіру
Жұппен жүру және жүгіру. Көлденең бөрене бойымен жүру (жанымен қырындап жүру).
Мақсаты: Секіртпені білекпен және иықпен айналдыруға, денені тік ұстауға, аяқтың ұшымен секіру, секіртпені айналдыру мен секіруді үйлестіруге үйрету. Жұппен жүріс қарқынын және ырғағын үйлестіру, қимылдың бағытын сақтау, жүру мен жүгіруді кезектестіре білуді бекіту. Тұрақты тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Ойын: «Өзіңе жұп ізде». Жылдамдық, соқтығыспай жүгіре білу.

1

70

Негізгі қимылдар:
Көлденең нысанаға лақтыру (арақашықтығы 2 м).
Секіртпемен секіру.
Мақсаты: Допты көлденең нысанаға қолды екпінмен жазып лақтыруға үйрету, көзмөлшерін дамыту. Қысқа секіртпенің үстінен ырғақпен секіріп, алғашында аяқтың басына түсіп, содан кейін өкшесіне түсе білуін бекіту.
Ойын: «Кетті, кетті орамал». Ұсақ заттармен жұмыс істей білу.

1

71

Негізгі қимылдар:
Тік нысанаға лақтыру (нысананың ортасының биіктігі 1,5 м, арақашықтығы 2 м).
Арқасындағы қаппен еңбектеу (арақашықтығы 6 м).
Мақсаты: Допты тік нысанаға қолды екпінмен жазып лақтыруға, тоқтаусыз сермеу мен лақтыруды орындауға үйрету, көзмөлшерін дамыту. Алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеу, өзінің әрекетін бақылау, арқасын тік ұстауды сақтау.
Ойын: «Құлатып алмай алып кел»
Дұрыс жүру, дененің қисайғанын алдын ала емдеу.

1

72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет