«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет49/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде, бір жағымен қырындап жүру
1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу. Қос аяғымен заттардың үстінен секіру (биіктігі -10 см).
Мақсаты: Жоғары тіреуіште денесін тік ұстап, басын төмен түсірмей, нық тепе-теңдікті сақтап, қырындап жүруді орындауға үйрету. Көлденең бағытта бір көлденең салмадан кейін екінші көлденең салманы ұстап солға қырындап жүруді көлбеу тақтайдан гимнастикалық қабырғаға өте білуді бекіту. Биіктігі 10 см 3 заттың үстінен бірізділікте секіріп жаттықтыру.
Ойын: «Кегляны ұрып құлату». Көз мөлшерін дамыту.

1

63

Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (артқа қырындап жүру, айналу).
Гимнастикалық орындық бойымен жанымен бір қырындап затпен толтырылған доптың үстінен аттап жүру. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен еңбектеу.
Мақсаты: Артқа қарай қырындап жүруді айналумен үйлестіріп орындаға үйрету. Жоғары тіреуіште заттың үстінен жанымен аттап жүруде денені тік ұстауды және тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен қолдарының екпінді қимылдарымен тартылып еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Секіру». Жылдамдық, екпінмен секіру

1

64

Негізгі қимылдар:
Оң жақ және сол жақ аяқпен орнында секіру.
Музыкалық-ырғақты қимылдар (артқа қырындап жүру, жаймен отыру).
2 метр биіктіктегі гимнастикалық қабырға бойына өрмелеу.
Мақсаты: Орнында бір аяқпен, тепе-теңдікті сақтап және бір аяқпен итерілуді екпінмен орындап секіруге үйрету. Бір аяқтың артына екінші аяқты қойып қойылған аяқтың өкшесін бұрмай, жаймен отыруды қырындап жүрумен кезектестіріп орындай білуді бекіту. Гимнастикалық қабырға бойымен кезектестірілген адыммен өрмелеуге жаттығу, шыдадылықты дамыту.
Ойын: «Қарлығаш». Кеңістікте бағдарлау, өзінің орнын тез таба білу.

1

65



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет