Негізгі қимылдар:
Көлбеу тақтай бойымен алақаны және тізесімен жоғары қарай еңбектеу
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру (шыршаның бүрі). Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
Мақсаты: Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді үйрету. Қолдарын иықтарынан белсенді түрде алға-жоғары асырып және алысқа лақтыруда лақтыру күшін бере білуін бекіту. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу.
Ойын: «Орнынды тап». Жылдамдық, өзінің орнын тез таба білу.
|
1
|
57
|
Негізгі қимылдар:
Орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу
Көлбеу тақтай бойымен жоғары және төмен алақан және тіземен еңбектеу, оң және сол қолмен (асықты) алысқа лақтыру.
Мақсаты: Орындық бойымен екеуі екі жақтан ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, жоғары тіреуіште тепе-теңдікті сақтауды үйрету. Көлбеу тақтайдың шетінен ұстай білуді (4 саусақпен астынан, бас бармақпен үстінен), алға қарап, арқасын тік ұстауды сақтай білуді бекіту. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыруға, лақтыру күшін дамытуға жаттықтыру.
Ойын: «Карлығаш» Кеңістікте бағдарлау, өз орнын жылдам таба білу.
|
1
|
58
|
Негізгі қимылдар:
Баяу қарқынмен 1,5 минут жүгіру
Гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу. Баланың көтерілген қолынан жоғары тартылған тордың үстінен кеудеден екі қолымен допты лақтыру (торға дейін арақашықтық 2 м).
Мақсаты: Мұрынмен дем алу, аяқтарын жоғары көтермей, қолдарының еркін қимылдарымен жүгіру қарқынын бұзбай, жеңіл және ырғақпен жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу, өзінің әрекеттерін екінші баланың әрекеттерімен үйлестіру. Тордың үстінен доп лақтыруға жаттығу. Қолдың екпінді қимылымен допты алға-жоғары бағыттай білуді дамыту.
Ойын: «Шеңбердегі соқыртеке».
Зейінділік, ептілік, реакция жылдамдығы.
|
1
|
59
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |