Әдістемелік тәсілдер
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазіргі уақытта бала денсаулығы білім беру процесінің мақсаты мен нәтижесі ретінде ғана емес, педагогикалық іс-әрекеттің сапасын және тиімділігін бағалау критерийі ретінде де қарастырылады. Денсаулық, физиология тұрғысынан алғанда, адам ағзасының әлеуметтік ортаға автономды реакциясы түріндегі бейімделу процесі ретінде қарастырылады. Физиолог А.В. Коробов «Денсаулық қоршаған ортаның түрлі жағдайларында адамға өмір сүруге, еңбектенуге, жағымсыз факторларға қарсы тұруға мүмкіндік беретін жай-күйі» деген анықтама береді.
Денсаулық - адамның негізгі және нағыз жетістігі. Әрине, денсаулық тек қана адамның ғана емес, сонымен бірге қоғамның да ісі. Адамдардың денсаулығы медицина мен денсаулық сақтауға ғана емес, өмірдің табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына да байланысты. Медицина ғылымдарының докторы, профессор И.И. Брехманның пікірі бойынша «Адам денсаулығы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық пісіп-жетілуінің, мәдениетінің және жетістігінің көрсеткіші, айнасы».
Әлеуметтанушылар адам денсаулығын денсаулыққа біртұтас жүйе ретінде көп әсер ететін жеке тұлғалық қасиеттер мен мәдениет призмасы арқылы қарастырады: адамның биологиялық қажеттілігін түрлендіреді, мінезін, өмір салтын, әдеттерін ретке келтіреді, қоршаған ортаға және өзіне қарым-қатынасын қалыптастырады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымы денсаулыққа «дене, рухани, әлеуметтік саулық» деген анықтама береді. Г.Л. Апанасенконың анықтамасы бойынша «денсаулық ағзаның түрлі қызметтерінің энергетикалық, иілімділік және реттеушілік қорларын анықтайтын, патогенді факторлардың әсеріне тұрақтылықпен және патологиялық процестің орнын толтыру қабілеттілігімен сипатталатын, сонымен бірге биологиялық және әлеуметтік қызметтердің негізі болып табылатын ағзаның біртұтас динамикалық жай-күйі».
Денсаулық компоненттері:
- соматикалық;
- әлеуметтік-тұлғалық;
- жеке психикалық;
- рухани адамгершілік.
Соматикалық компонент генотип, зат алмасу, дене дамуының деңгейі, конституция түрі, ағза жүйелерінің қызметінен тұрады.
Жеке психикалық компонент жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік және интеллектуалдық саласы, мидың жарты шарларының доминанттылығы, темперамент және психиканың басқа да қасиеттерінен тұрады.
Әлеуметтік-тұлғалық компонент түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, әлеуметті бейімделуді (мақсат қою, қажеттіліктер, талаптану деңгейі мен дәрежесі) қаматамасыз ететін әлеуметтік шартталған адам психикасы қасиеттерінен тұрады.
Рухани-адамгершілік компонентті ғалымдар жеке тұлғалық компонент ретінде белгілемейді, өйткені адамның рухани жан-дүниесі жеке тұлға аясынан асып түседі.
Бала психикасының дұрыс даму көрсеткіштерінің ішінде негізгі және қосымша түрлері бар.
Негізгі көрсеткіштер:
- елегізу, есепсіз қорқыныш сезімі;
- кею, ашулану, ерегесу сезімі;
- жабыңқы жағдай;
- айыпты болу сезімі.
Бұл көрсеткіштерді бала психикасының қалыпты болуының негізі ретінде алуға болады. Бала психикасының қалыпты болуы үшін баланы өзін-өзі бағалауға, бақылауға үйреткен жөн, сонда ғана бала барлық жағдайларда өз бетімен жол таба алатын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты нығайтудың кешенді бағдарламасы — балалар мен қызметшілердің аман-есен болуы, денсаулығын сақтау саласындағы актілер, шаралар және әрекеттер; денсаулық саласындағы медициналық қызмет, балабақша ішіндегі салауатты орта және білім беру.
Баланың денсаулығын қалыптастыру орны бүгінгі күні, өкінішке орай, тәжірибелері көп жағдайларда жеткіліксіз ата-аналар да, ауру балалармен және аурулармен айналысатын медициналық мекемелер де емес, білім беру жүйесі болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі білім берудің мақсаты тек педагогикалық мақсат емес, сонымен бірге денсаулық сақтау тиімділігі: ағзаның тиімді қызметтік жай-күйін, балалардың жұмыс қабілеттілігінің тұрақты деңгейін сақтау (гигиенашы дәрігерлердің мәліметтері бойынша ауру балалардың жұмысқа қабілеттілігінің деңгейі сау балалармен салыстырғанда 1,5 есе төмен болады) болып табылады.
Ересектер (педагогтер мен ата-аналар) әрбір баланың дамуы мен өсуін оңтайландыру үшін барлық балалардың жоғары деңгейде дамуын қамти отырып, баланың, отбасының жағдайларына, экологиялық мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қарамастан бар күштерін салулары тиіс.
Теледидар, бейне, компьютерлік және бейне ойындарға көп уақыт жұмсау баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы екі жастан кіші балалардың бейне және теледидар алдында отыру уақытын қысқартуды және баланың ақыл-ойын дамыту үшін күнделікті қатынаста (ойын, әңгімелесу, ән айту, ертегі, әңгіме оқу) болуды, ал ересек жастағы балаларға күніне 1-2 сағаттан аспайтын балаларға арналған бағдарлама қарауды ұсынады.
Әдістемелік нұсқау бала психикасын, денесін және моторикасын дамыту сапасын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |