«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет9/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Салауатты өмір салты
Күнделікті шынықтыру шараларын өткізуге жағдай жасау:
- серуен және күндізгі ұйқыдан кейін беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу;
- спорт залында жалаң аяқ жүру, ұйқыға дейін және ұйқыдан кейін кілем үстінде, дымқыл тұзды жолмен, ортопедиялық кілем үстімен жүру;
- гигиеналық және сауықтыру мақсатында тамақты және ауызды салқын сумен шаю;
- жылы-суық ауа ваннасы (температурасы әр түрлі бөлмеден бөлмеге өту, үйден далаға шығу).
Күнделікті гимнастика мен массаж жасауға мүмкіндік тудыру (таңертеңгілік, артикуляциялық гимнастика, көзге арналған жаттығулар, сергіту жаттығулары және т.б., тісті тазалау және қызыл иекке массаж, нүктелі массаж, табанға және саусақтарға массаж жасау, т.б.).
Күн тәртібіне сәйкес күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету, егер мүмкіндік болса, күндіз ашық дәлізде ұйықтату.
Өзін-өзі күту дағдыларын дамытуға жағдай жасау (ауа райына байланысты киінуге, ересектердің көмегіне көп сенім артпай киінуге, шешінуге, киімдерін бүктеп шкафқа жинауға, мүмкіндігінше киімдерін тазалауға, жуынуға, тарануға, бет орамалды қолдануға және т.б. үйрету).
Табиғатта және тұрмыста өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларын қолдануға арналған ойындар мен жағдайлардың нұсқасын әзірлеу («Үй жануарларын кездестіру», «Зообақта өзіңді қалай ұстау керек?», «Ормандағы таныс емес жемістер мен жидектер», «Қандай жидектерді жеуге болады?» және т.б.).
Жолда жүру ережелерін қолдануға арналған ойындар мен жағдайларды құру («Көше деген не?», «Жолдың қай жерінен өтуге болады?», «Бағдаршам не үшін керек?» және т.б. қауіпті жағдайлар мен балаларға жәбір көрсету жағдайларымен таныстыру).
Өрт қауіпсіздігі мен сақтандыру шараларының қарапайым дағдыларын қолдануға арналған ойындар мен жағдайлардың нұсқасын әзірлеу.
Ересектер мен балалар қауіпті жағдайға ұшыраған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, денсаулығына зиян келтірмей одан шығу жолдары туралы көркем әдеби шығармалар оқу және оларды талқылау.
Баланы жеке қауіпсіздікке үйрету үшін төтенше жағдайларда (мысалы, полиция, кітапханашы, автобус жүргізушісі) баланың әр түрлі адамдардан көмек сұрайтын рөлдік жағдайларды ойнап көрсетуін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларда телефонды қалай қолдану керектігін көрсету және айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет