Ұсақ қол моторикасы
Баланы ұсақ қол моторикасы дағдыларын қолданатын әрекеттерге қатыстыру (дастарқан мәзірін дайындау, түймелерді іріктеу, карточкалық лото ойынын ойнау - бала заттарды ұстайтын, тексеретін, жинайтын, айналдыратын, бұрмалайтын және т.б. ойындар).
Баланың ұсақ қол моторикасы дағдыларын жетілдіретін күнделікті көркем әрекет түрлерімен айналысуға жағдай жасау. Мысалы, бор, қарындаш, қайшы, желім, заттаңбаларды ұсыну.
Қол мен көз қимылдарын үйлестіру әрекеттерін қатыстыратын ойын мүмкіндіктерін қамтамасыз ету (жиегін сызу, суретті аяқтау, суретті қайта салу, мозаика жасау және т.б).
Ересектер және басқа балалармен ойнау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Жалпы дамыту жаттығулары
Балалардың барлығы жаттығуларды бірдей қарқынмен және әрқайсысы жеке ырғақпен бірлесіп орындауы үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау.
Ептілік, шыдамдылық, тепе-теңдік қалпын сақтауды қажет ететін қимылдарды орындауға жағдай туғызу.
Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру ойындарына қатысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.
Дененің бір жақ жартысы қатысатын қолдың, аяқтың, қолдың білегі, аяқ саусақтарының қимылдарын қамтамасыз ету.
Дене бітімін дұрыс ұстау, тепе-теңдік қалпын сақтау, сапта тұрғанда өз орнын табу және қимылдың мәнерлілігін, иілімділігін, билеу, еркін жүру және жүгіруді дамыта отырып, дененің барлық бөліктері қимылдайтын би және басқа жаттығу түрлеріне үйрету.
Спорттық жаттығулар
Спорттық жаттығулар мен ойындар үшін жағдай жасау.
Балаларды түрлі материалдармен және құрал-жабдықтармен: шана, шаңғы, коньки, велосипед, роликті коньки және т.б. қамтамасыз ету.
Қыста қардан төбешік жасау, қамал соғу, қар үйінділерін жасау, мұз айдынына су құю, мұз жолдарын жасау.
Күніне шамамен 60 минуттан, бір мезгілде 15 минуттан аспайтын дене қимылдарын орындауды қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру әрекеттерін ұйымдастыруға балаларды қатыстыру.
Валеология
Валеологиялық тәрбие балаларды тәрбиелеу және өмірлерін ұйымдастыру: дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салты, сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |