Сабақты бақылау түрі:
Бақылаудың ықтимал нысандары
Оқу жетістігін бағалау жүйесі
Оқу жетістігін бағалаудың негізгі принциптері Оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлері
Ұсынылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер:
Орта білім мазмұнын назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңғырту. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.-43б.
Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.- 58б.
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Пдагогикалық шеберлік орталығы , 2014. – 44б.Қосымша әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарыныңбағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық . Үшінші
(негізгі) деңгей.Үшінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.304б.
Обыденкина Л.В. Сараптамалық құралдар жианғы 1 шығарылым. Сабақтарды бақылау карталары / Ауд. Мынбаева Ж. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 42б.
Ахметбекова С.К.,Жолдасбаева С.А. Қазақстан Республикасының педагог кадрлары мен білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында тренинг ұйымдастыру және өткізу жөнінде тренерге арналған нұсқаулық. – Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы,2014.-68б.
Алан Дж.Уильямс, сарбасов Н.С. Менеджмент и лидерство в образовании. – Астана: АОО
«Назарбаев интеллектуальные школы», Центр педагогического мастерства, 2014.-48с.
№ 7 Тақырып: Критериалды бағалау ұғымын анықтау және оның оқу-танымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері 2.Критериалды бағалаудың негізгі принциптерімен функциялары 3.Критериалды бағалаудың тиімділігі
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектепбітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерийлік бағалау
Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;
Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес , эталонмен салыстырылады, ( үздік орындалған жұмыс үлгісімен),эталон оқушыларға алдын ала белгілі;
Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритміжасалған;
Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі -
оқумақсаттарының нақты көрінісі;
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий
осы формула арқылы графикті қалайсызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесіндебаланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласыбағағаауыстырылады.
Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалаудың функциялары:
бақылау;
дамытушылық;
оқытушылық;
мотивациялық;
тәрбиелік;
диагностикалық. 3.Критериалды бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
Білім беру сапасын арттыруға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқыту траекториясын құруға;
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сынтұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға; Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |