Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
Проблеманы шешу жолдарындағы міндеттер;
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту;
Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
Өз білімін жетілдіру жоспары бекіту;
Жас ұстаздарға көмек клубын ұйымдастыру;
Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу графигін жасау;
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
"Озат тәжірибе" бұрышы;
Әдістемелік жаңалықтар стенді;
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).
Пән апталықтарын өткізу, белгілеу;
Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу;
Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару;
Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:
Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;
Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;
Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);
Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;
Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, бала-бақшамен байланысу, ересек- топтағы балалардың дайындығын зерттеу;
Бастауыш сатыдан орта сатыға өту кезеңіндегі оқушының білімі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |