Формасы: ашық сабақ, тәжірибелік – семинар, шығармашылық есеп, көрме, реферат, анықтама, т.б.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың әдістемелік деңгейі: тәжірибенің негізгі идеясын бөлу; тәжірибені дамытудың жағдайына сипаттама; жұмыстың нәтижесіне талдау; әдістемелік ұсыныс пен зерттеп дайындауға дайындық.
Формасы: педагогикалық оқу, педагогикалық озық тәжірибе мектебі, шебер – сынып, авторлық мектеп, технологиялық карта, әдістемелік плакат, бейнефильм, т.б.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың ғылыми деңгейі: тәжірибе жұмысына ғылыми-теориялық мінездеме, тәжірибенің жинақтылығы /комплексность/, тәжірибенің теория мен практиканы дамытуға маңызы.
Формасы: статья, монография, ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына енген тезис және т.б.
Келесі кезең – зерттелген тәжірибені тарату, оның тиімді формасы:
- кәсіптік білімді арттыру курсы;
- шебер – сынып;
- кәсіби шеберлік сайысы;
- педагогикалық шығармашылық фестиваль;
- педагогикалық базарлық /гостиная/;
- педагогикалық шеберлік мектебі;
- шығармашылық семинар
- көрме «Педагогикалық шығармашылық. Педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық жаңалық»;
- бейнефильм;
Жұмыстың қорытындысында осы тәжірибе жұмысы туралы ақпараттық карта жасалады.
Педагогикалық тәжірибе туралы ақпараттық карта
Тәжірибенің авторы.
Адрес
Тәжірибені теориялық жағынан түсіндіру
Автордың ашқан жаңалығы /тапқан шығармашылығы/.
Ақпарат көзі және баспасөзге жариялау.
Эксперттік қорытынды.
Тәжірибенің таратылуы.
Тәжірибенің авторы /қолы/
Эксперт /қолы/
Ғылыми жектекші /қолы/
Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік жұмыста үлкен роль атқаратыны әдістемелік бірлестік. Онда әр мұғалімнің әдістемелік шеберлігі шыңдалады, әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады.
Оқу – тәрбие жұмысының көрсеткіші артса әдістемелік жұмыс нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда әдістемелік бірлестік жұмысының тиімділік критерийіне көп көңіл бөлу керек:
Өз еңбегіне қанағаттанушылықтың артуы - яғни мұғалімнің шығармашылық еңбегіне деген ынтасының күшеюі.
Ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жұмысқа уақыттың тиімді жұмсалуы.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысының есебі мен оны жүйелеуді бірлестік жетекшісі «жұмыс дәптері» (жоспар) арқылы жүргізуге болады. Ол дәптер үш бөлімнен тұрады:
Нұсқаулық (инструктивный)
Әдістемелік (методический)
Талдау (аналитический)
Сонымен қатар бұл жұмыс дәптерінде оқушының үлгерімі, білім сапасы және мұғалімнің қызметіне ақпараттық-талдау мониторингі де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |