Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



бет68/89
Дата23.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#487655
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Қараман мен Келмембет
«Қамбар батыр» жырында негізгі жағымсыз кейіпкер ретінде алынғандар – Қараман мен Келмембет. Бұлар ноғайлы-қазақ еліне талай рет шабуыл жасап, жорық ашқан, халыққа қан жұтқызған қалмақ басқыншыларының өкілі ретінде суреттеледі.
Қараман мен Келмембет образын жасауда да жыршы-ақын асқан шеберлік көрсетеді. Бұларды жыр жау адамдары ретінде ала отырып, әрқайсысының өзіне тән іс-әрекетін, мінез-құлқын даралап сипаттайды, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері барлығын айқындайды.
Қараман – әрі батыр, әрі ел билеген хан. Ол көрші елдерге күш көрсетуді, ығыстырып ұстауды, зорлықпен бағындырып алуды мақсат етеді. Бұл ретте Қараман өзінің күшіне сенеді; қарсыласқан дұшпанын «жүндей түтемін» деп асқақтап жүреді. Әзімбайдың аулына құда болып, Назымды Қараманға айттыру үшін барған Келмембет соққы көріп қайтады. Бұған Қараман қатты ашуланады да:
Ерегіскен кісінің.
Етін итке жегізіп,
Сүйегін өртеп жағайын.
Қазықтай жерге қағайын, –
(Сонда, 452-бет.)
деп қаһарланады. Ол бұл мінезін Қамбарға да көрсетеді, Қамбарды да қорқытып, қорғалатпақ болады. Қамбарға айтқан сөзінде:
Өлтірейін деп едім,
Кешіксең, келмей осыдан, –
(Сонда, 452-бет.)
дейді. Бірақ жекпе-жек ұрысқа келгенде, күшіне, күштілігіне сенген Қараман Қамбардан жеңіліп қалады.
Сөйтіп, халық жыры Қараман образы арқылы шапқыншылықты мақсат еткен, зорлық жасап дәрежеге жетуді көздеген басқыншы жаудың іс-әрекетін сипаттайды. Мұндайлар қаншама мықты болғанымен, оларды әділ іс үшін күрескен батырлар жеңетіндігін аңғартады.
Қараманмен қатар, жырда Келмембет суреттеледі. Ол Қараманның атарман-шабарманы, қолшоқпары ретінде алынады. Келмембет қарсы адамдарын көбінесе сөзбен ығыстырып алуды көздейді, күш көрсете, айбар шеге сөйлейді. Бірақ ол мұнысын әлсіздерге жасайды, өзінен күштілерден қорыққанда құрдай жорғалайды. Ол – ығыстырар жерін де, ығар жерін де аңғара білетін айлакер адам. Әзімбайға келгенде асқақтап келеді; Әзімбайдың ел қорғауға жарамайтынын және Қараманға қарсы күресе алмайтындығын біледі де, шірене сөйлейді, шаңыраққа қобыз ойнатуға тырысады. Ал Қамбарға келгенде айтар сөзін жеткізе алмай, батырмен жүздесіп сөйлесуден қорқып, тек ат үстінен ғана айбар жасайды. Қамбардың кескінінде ашу барын аңғарған Келмембет:
Келмембет қорқып сасады,
Шапшаң жүр, – деп, – шырағым,
Кейін қарап қашады.
Тағы да ұстап алар деп,
Дөңгелетіп жорғасын
Бауырлап қамшы басады (Сонда, 461-бет.)
Қамбармен дұрыстап сөйлесуден қорқып, зәресі ұшқан Келмембет, Қараманға қайтып келгенде, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп сөйлейді. «Үш күннен қалмай Қамбар келетін болды», – деп өтірік соғады. Оның қорқақ, өтірікшісуайт адам екендігін халық жыры ащы күлкі, мазақ түрінде жырына қосады да, Келмембеттің жағымсыз образын жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет