Ертегілердің түрлері
Қазақ
ертегілерін
мазмұнына,
әр
алуан
ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың
ішінде бастылары: а) қиял-ғажайып ертегілер; ә)
хайуанаттар жайында ертегілер; б) тұрмыс-салт ертегілері
және аңыздар.
Қиял-ғажайып ертегілер
Бұл топқа кіретін ертегілер ескі заманда туып, содан
бері қарай келе жатқандығын аңғартады. Ертедегі адамдар
табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі,
тіршілік-кәсібі, күресі жайында, дүние-жаратылыс, қас пен
дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял-ғажайып
ертегі-әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан
жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы
да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу,
жын-пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһар,
әбжылан, т.б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам
баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла-амалы
барлар деп түсінген. Ол түсініктері көбінесе мифтік
ұғымға, бұлдыр сезімге, ертедегі адамдардың өздері
иланған көп құдайларға байланысты болады. Ертегілердің
оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып
ертегілердің туу себебі: «Тарихтан бұрынғы кезде
экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына
байланысты», – дейді Ф.Энгельс.
Экономикалық дамудың төменгі дәрежеде болуы
себебінен ертедегі адам баласы табиғат сырын және оның
құпия құбылыстарын жетік түсіне алмаған. Сондықтан да
бұл құбылыстарда артықша жаратушы күш бар деп
ұғынған да соларға нанып, сенген. Сол күштерді танып
білу және меңгеріп алу жайын да қарастырған, оны қиял
еткен. Бұл қиялдары, арманы ертегі-әңгімеге айналған.
«Бұл ертегілердің, – дейді М.Горький, – мағынасы ертедегі
жұмысшы адамдардың өз еңбегін оңайлатуға, оның
өнімділігін күшейтуге, төрт аяқты және екі аяқты жауларға
қарсы қолдануға талпынуда және де сөз күші арқылы,
«дуалау», «арбау» әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық
адамға жау құбылыстарына әсер етуде еді. Соңғысы
әсіресе маңызды, өйткені адамның өз сөзінің күшіне қалай
қатты сенгендігін көрсетеді, ал бұл сенім адамдардың
әлеуметтік ара-қатынастары мен еңбек процестерін
ұйымдастыратын сөздің айқын және мейлінше нақты
пайдасын көрсетеді»
98
.
Бұдан
кейін
М.Горький:
«Еңбек
процестері
арқасында және ерте замандағы адам баласының
әлеуметтік тұрмысы арқасында сөзсіз туған материалистік
ойдың әбден айқын белгілерін алғашқы мәдениеттің
тарихшылары мүлдем сөз қылмаған. Бұл белгілерді біз
ертегілер мен мифтер түрінде білеміз, бұл ертегілер мен
мифтерден біз хайуандарды асыранды ету үшін істелген
жұмыстың емдеуге керекті шөптерді табу үшін, еңбек
98
М.Горький, Әдебиет туралы, 1954ж., 173-бет.
құралдарын шығару үшін істелген жұмыстың белгілерін
көреміз»
99,
- дейді.
Демек, қиял-ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың
болмыс жайындағы сезімінен, әр түрлі қауіп-қатерлерден
құтылу, тіршілік ету, табиғат сырын танып білу және оны
өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған.
Сондықтан да бұл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек
процесінде
аңсаған
арман-мүддесі,
жақсылықты
болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп
отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат
өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал
бұған олар өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол
қиялдарын ертегі-әңгімелерге айналдырған. Бұл жөнінде
М.Горький былай дейді: «Тіпті атам заманғы уақытта-ақ
адам баласы әуеде ұшу мүмкіншілігі жөнінде ойлаған,
мұны «Ұшқыш кілем» туралы ертегі бізге айқын көрсетеді.
Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған
мұны «Жүрдек етік» туралы ертегіден көруге болады, өзен
үстінде
оның
ағысынан
гөрі
жылдам
жүруге
ұмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап
шығарды; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну – пращты,
садақты, садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп
иіру және бір түн ішінде бір талай кездеме тоқу мүмкіндігі
туралы, бір түн ішінде жақсы үй салу туралы, тіпті «сарай»
салу туралы, яғни жаудан қорғайтын пана салу туралы
ойлап, жұрт осының арқасында еңбектің ең ерте заманғы
құралдарының бірі болған ұршықты, тоқу үшін жабайы
қол станогін ойлап шығарды»100.
Әрине, ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына,
ойына алған, қиял еткен арман-мүддесіне бірден жеткен
жоқ. Олар бұл жолда талай қиыншылықтарды басынан
99
М.Горький. «дебиет туралы. 1954 ж., 173-бет.
100
Сонда, 172-бет.
кешірген. Оны ертегілерінде де суреттеп көрсеткен. Бірақ
олар адам баласының күшін мәңгі жасайтынын білген,
өзіне дұшпан күштердің бәрін де жеңіп шығатынына
сенген. Бұл сенім қиял-ғажайып ертегілерінен де мол орын
алған.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері
қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған
мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тіршілік
ету,
жауларын
жеңу
үшін
күреседі.
Көптеген
қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында,
мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына
бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп
жүреді.
Ертедегі адамдардың дүние тану, еңбек-кәсіп ету,
тіршілік жасау жайындағы сезім-түсініктерінен туған қиял-
ғажайып ертегілері өзінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр
түрлі болып келеді. Және ол қоғамдық экономикалық
дамуға, адам ой-санасының өсуіне байланысты өзгеріп,
ұлғайып отырады, оқиғалары күрделене, нақтылана түседі.
Бұл аталғандарды қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінен де
байқауға болады.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері есте қалмаған ерте
заманда туып, талай ғасырмен бірге жасаса, біздің
дәуірімізге жетті. Оның өзінің қалыптасу, даму жолында
көптеген өндеу-өзгерістерге де ұшырады. Бірақ, солай бола
тұрса да, қиял-ғажайып ертегілері негізгі тақырыбын
жоймағаны, қайта оны жетілдіру, ажарлап айту үстінде
болғаны байқалады. Мұхтар Әуезовтың зерттеулеріне
қарағанда, қазақтағы қиял-ғажайып ертегілерінің алғашқы
тақырыптары
аңшы-мергендер,
бақташы-малшылар
жайында болған. Адам баласы өзінің күн көрісі жолында
неше түрлі жыртқыш аңдармен күрескен, табиғаттың
стихиялық күштеріне қарсы алыса отырып, мал өсіру, әр
түрлі жаулармен шайқасу, оларды жеңу – асқан ерлік
болып танылған. Ол кездегі адамдар өздерінің жеңістеріне
шаттанған, ерлік жасаған батырлары жайында әңгіме-
ертегілер шығарған. Мұндай адамдарды жағымды бейнеде
алып суреттеген және олардың істеріне ғажайып сипат
берген.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды бейнеде
алатын басты кейіпкерлері халық арасынан шыққан
қарапайым адамдар болып келеді. Оларға көмектесетін,
жәрдем беретін дос-жолдастары есебінде алып қара құс,
тұлпар ат жүреді. Кейде жағымды кейіпкерге неше түрлі
таусоғарлар, көлжұтарлар, желаяқтар, саққұлақтар жолдас
болып, жақсылық жасайды, басты кейіпкердің мақсат-
мұратына жетуіне көмектеседі. Бұлармен қатар, жағымды
кейіпкерге неше түрлі қару-жарақтар: қырық құлаш
семсер, ұшқыш кілем, тоқпақ, кездік, қазан, жүзік,
дастархан т.б. жәрдем беріп, әрекет етеді. Ал бұларға
қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жауыздық, қара
күш бейнесінде алған кейіпкерлері: жалғыз көзді
жалмауыз, жеті басты жылан, мыстан кемпір, жезтырнақ,
айдаһар, қорқау қасқыр т.б. күреседі. Сөйтіп, қиял-
ғажайып ертегілерінің жанды, жансыз кейіпкерлерінің
арасында мол тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен
әділдік, қастық пен достық, жақсылық пен жаманшылық өз
ара арбасып алыса түседі.
Осындай арпалыс, алыс-тартыс күрестерде қастық
жасаушыларды талқандап шығатын, сөйтіп, мақсат-
мұратына жететін адам баласы болады. Қоршаған,
күресетін жаулар қаншама мықты болса да, адам баласы
оларды жеңіп отырады. Бұдан, М.Горький айтқандай,
ертедегі адамдардың өз күшіне артықша сенетіндігі айқын
көрінеді; еңбек адамдарының қажырлы қайрат, саналы
ерлік қимыл иелерінің жеңетіндігіне нанады. Сондықтан
олардың әр түрлі ғажайып жағдайда жасаған істері
халықтың ертегілеріне ерекше орын алады.
Ертедегі қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды
кейіпкерлері аңшы-мергендер, бақташы-малшылар десек,
олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды
халық ертегісі ақыл айласы, асқан күші бар батыр етіп
бейнелейді. Бірақ олардың өздері де, ерлік істері де
«Батырлар жырының» немесе аңыз-ертегілердің адамына
ұқсамайды. Олардың жаратылысы да, іс-әрекеті де
басқаша, ғажайып жағдайда болады. Ең алдымен, олар
жердің үстін ғана мекен етпейді, қиялдан туған дүниені
кезіп жүреді; кейде жеті қабат жер астына түсіп кетеді,
кейде алып қарақұс немесе самұрық пен тоғыз қабат көк
үстін аралайды. Олар, кейде адамзат білмеген от
дариясының ар жағында болмаса неше түрлі сырлы
аралдар ішінде сайран салады. Қысқасы жердің асты-үстін
аралап шығады, талай-талай теңіз дүниесін кезеді. Соның
бәрінде алуан-алуан ғажайып күйге ұшырайды. Бірақ ол
өзінің ақыл-айласы, өнері, ерлік істерімен барлық
қиыншылықтарды жеңіп мақсатына жетіп отырады. Бұл
айтылғандардың мысалы ретінде «Ер Төстік», «Керқұла
атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерін
келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |