таптық, мемлекеттегі экономикалық билік етуші таптың мүддесін заңды түрде қорғайтын мемлекет тарапынан кепілдік беретін заң нормаларының жиынтығы;
жалпы әлеуметтік, мұнда құқық мәнінің қоғамның әртүрлі таптары және әлеуметтік топтары арасындағы ымыраластырушы ретінде көрінуі.
Құқықтың мәні туралы голланд мемлекеттік қызметкері және философ Г.Гроций және француз ойшылы Ж.Ж.Руссо, ағылшын философы Т.Гоббс талдау жасаған.
Құқықты әртүрлі мағынада қолданамыз:
субъективтілігі – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Субъективтік құқық – субъектінің еркі және санасына байланысты іске асырылады. Мысалы, азаматтардың еңбек етуі, білім алуы, меншік иесі болуы, кәсіпкерлікпен шұғылдануы.
объективтілігі – жалпыға міндетті, қоғамның бекіткен және қамтамасыз етілген заң нормаларының жиынтығы. Бұл заң нормалары қоғамдық қатынастарды реттеуге арналады. Объективтік құқыққа нақты бір мемлекеттің заңдары, заңды салт – дәстүрлері, сот прецеденті және нормативті келісімдері
жатады. Оның объективтілігі сол, ол жеке тұлғаның еркі мен санасына қатыссыз жасалады.
табиғилығы, өмірден алынатын, заттардың табиғи тәртібінен пайда болатын, еш жерде бекітілмеген құқық жүйесі. Мысалы, өмір сүру, туылу, бостандық т.б. құқықтар.
позитивтілігі, ол заңдар мен құқықтың басқа қайнар көздерінде белгілену. Бұл құқық саласы қоғамдық ұйымдар және адамдар – заң шығарушылар, соттар, құқық субъектілерінің құқық шығармашылық қызметінің арқасында пайда болады.
жариялылығы, мемлекеттік істер саласына, яғни жария билікті атқарушы мемлекет құрылымы және қызметіне, билік бастамасы негізінде құрылған барлық көпшілік институтына қатысты іске асырылады.
меншік құқығы, жеке істерге, яғни жеке адам бостандығының статусы, автономия бастамасы негізінде құрылған институттарға субъектілердің заңды теңдігі, олардың бір – біріне сай келмеуіне қатысты жүреді. Меншік құқығына азаматтық құқық, отбасылық құқық т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |