Коллизияның бірнеше түрлері бар:
Ол конституция және барлық басқа актілер арасында пайда болады. Нәтижесінде Конституцияның пайдасына шешіледі.
Заңдар және заң негізіндегі актілер арасында пайда болады. Заңдық күші жоғары болғандықтан заңдар пайдасына шешіледі.
Әр түрлі мерзімде шығарылған бір органның актілері арасында туады. Бұл жерде соңғы қабылданған акті қолданылады.
Әр түрлі органдар қабылданған актілер арасында пайда болады.
Қай орган өкілеттігі жағынан жоғары тұрса, сол органның актісі қолданылады.
Құқықтағы кемшіліктер – қажетті заң нормаларының толық немесе жеке бөлімдерінің заңдарда болмауы. Бұл кемшілік тек құқық шығармашылық процесте жаңа құқықтық актілерді қабылдау арқылы жойылады.
Кей жағдайларда жаңа құқықтық актілер қабылдамай-ақ, құқықты қабылдану кезінде жоюға болады. Мұнда заң аналогиясын немесе құқық аналогиясын қолданамыз.
Заң аналогиясы – бұл істе шешу кезінде құқық нормаларын пайдалана отырып, жағдайға қарай істі шешу.
Құқық анаогиясы – бұл істе шешу кезінде жалпы принциптерге және құқықтың мағынасына қарап шешу.
Құқықты қолдануда, іске асыруда міндетті түрде акті жасалуға тиіс.
Құқықты қолдану актісі – бұл істе шешу кезеңінде өкілеттікке ие орган енгізген, жеке билік жазбасы түріндегі құқықтық акті.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
Құқықты қолдану актілерін мынадай ерекшеліктері бойынша топтастырамыз:
түрі жағынан – жарлықтар, бұйрықтар, шешімдер, қаулылар т.б.;
оларды қабылдаған субъектілері бойынша бөлеміз: а) мемлекеттік органдар;
б)мемлекеттік емес органдар.
құқықтық қызметі бойынша:
а) реттеуші (қызметін жоғарлатуы бойынша бұйрық); б) қорғаушы (қылмыстық істе қорғау жөніндегі қаулы);
заңдық табиғаты бойынша – негізгі, заңдық істің шешімінің орындалуы (мысалы,үкім) және қосымша, негізгі істің орындауын қамтамасыз етеді (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде тарту туралы қаулы);
құқықтық реттеу пәні бойынша мынадай актілерге бөлінеді: азаматтық- құқықтық, қылмыстық-құқықтық актілер т.б.;
мәні жағынан – материалдық және іс жүргізу.
Сонымен, құқықты қолдану – мемлекеттің, оның органдарының құқықтық нормаларды іске асыруы, орындалуын басқарып, реттеп отыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |