Құқықтық нормаларға түсінік берудің тәсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Олар мынадай тәсілдерді бөліп көрсетеді:
Грамматикалық түсінік беру – акті жазбасының морфологиялық және синтаксистік құрылымын түсіндіруге бағытталған арнаулы тәсілдердің жиынтығы. Мұнда тіл құралдары, грамматика ережелері, орфография т.б. арқылы түсіндіріледі.
Логикалық түсінік беру – құқықтық нормалардың мәнін пайымдау үшін логика заңдары мен ережелерін өз бетінше пайдалану.
Жүйелік талқылау – заң нормаларының басқа құқықтық нормалармен жүйелі түрдегі байланысын талдау арқылы түсіндіру. Барлық нормалар жүйелі түрде түсіндіруді, әсіресе сілтеме және бланкеттік нормалар қажет етеді.
Арнаулы заңдық талқылау – заң ғылымның кәсіптік білімділігіне және заң шығарушылық техникаға негізделеді. Мұнда заң шығарушының еркін білдіретін тәсілдер жиынтығы қолданылады.
Саяси-тарихи талқылау – құқықтық норманы қабылдау тұсындағы нақты – тарихи және саяси жағдайларды талдау арқылы түсіндіру; саяси күштерді орналастыру; актінің пайда болуына әсер еткен әлеуметтік – экономикалық және саяси күштерді көрсету т.б.
Телеологиялық (мақсатты бағыт) – нормативті актіні шығарудың мақсатты бағытының көмегімен түсіндіру.
Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып, дамып отырады. Сондықтан, заң дер кезінде реттеп үлгеруі керек. Халыққа нормативті актілердің мазмұнын толық жеткізу үшін мемлекеттің тиісті органдар тарапынан жұмыстар жүргізіледі.
Түсінік берудің екі түрі болады: ресми түсінік беру, бейресми түсінік беру. Ресми түсінікті акті қабылдаған орган (ол аутентикалық түсінік беру
деген атау алады) не болмаса, заңдарды немесе нормативті актілерді түсіндіруге міндетті органдар (легальдық түсінік) береді.
Нормативтік түсінік беру – арнаулы тұлғаларға және жағдайларға байланысты емес, жалпыға бірдей жүргізіледі. Ол құқықтық нормаға ұқсас болады. Бұл түсініктің қорытындысы қаулы, нұсқау түрінде шығады, оның мемлекеттік заңдық күші болады.
Казуалдық түсінік беру – бұл түсіндіру тек бір мәселенің көлеміндегі ғана беріледі. Басқа істерге оның күші болмайды, яғни оның негізгі мақсаты – нақты іске дұрыс шешу.
Аутентикалық түсінік беру – нормативтік актіні қабылдаған мемлекеттік органның өзінің түсінік беруі.
Легальдық түсінік беру – норманы белгілі мемлекеттік орган қабылдағанмен, оған түсінікті басқа орган береді.
Дәлме-дәл, сөзбе-сөз түсінік беру – заңның мазмұны мен нысанының бір- біріне дәл түсуі, тура келуі.
Шектеулі түсінік беру – норманың мазмұнының шектелуі.
Кеңейтілген түсінік беру – норманың мазмұнының кеңейтіліп берілуі.
Арнаулы заңды түсінік беру – нормативтік актілерді ұғымдарға түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |