Бейресми түсініктерді заңгерлер, мамандар, ғылыми ұйымдар береді. Бұл түсініктердің заңды күші болмайды, оларға сілтеме жасалмайды.
Бейресми түсініктерді екі түрге бөлеміз: доктриналық және жалпылама түсініктер. Доктриналық түсініктерді ғалым-заңгерлер, тәжірибелі заң мамандары береді. Жалпылама түсініктерді заңгерлерден басқа тәжірибелі мамандар береді. Олар үгіт-насихат арқылы қалың бұқараның құқықтық нормаларды түсінуін, орындауын жеңілдетеді.
Құқықтықсананыңтүсінігіжәнеоныңқызметі.
Құқықтықсананыңқұрылымы.
Құқықтықмәдениеттүсінігіжәнеоныңқұрылымы.
Құқықтықнигилизм.
Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құбылыс. Ол жеке тұлғаның құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының, қатынастары мен бағасының жиынтығын білдіреді.
Құқықтық сана адамдардың жаңадан қабылданған заңдарды, нормативті актілердің жобаларын қолдауы немесе қабылдамай тастауы т.б.
Құқықтың сана – сезім белгілері мыналар:
бағалаушылық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау.
Құқықтық сананың мазмұнына төрт негізгі бағалаушылық қатынас түрлері кіреді:
а) құқыққа және заң шығарушылыққа (оның принциптеріне, нормаларына, институттарына);
б) айналадағы адамдардың құқықтық мінез-құлқына және олардың қызмет объектілеріне (қылмысқа, қылмыс жасаушылыққа, қылмыскерлерге т.б.);
в) құқық қорғаушылық органдарға (прокуратураға, адвокатураға, сотқа, юстицияға, ішкі істер органдарына т.б.) және олардың қызметкерлеріне;
г) өзінің құқықтық іс-әрекетін бағалауы;
реттеушілік қызметі, бұл құқықтық қондырма және құқықтық-бағалау арқылы іске асырылады.