Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқықтық мәдениет мыналардан көрінеді



бет42/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтық мәдениет мыналардан көрінеді:


  1. құқықтық шындықты сезіммен қабылдаудың және құқықтық ойлаудың нақты дәрежесінен;

  2. тұрғындардың заңдарды білуінің тиісті жағдайынан;

  3. жоғары дәрежеде құқық нормаларын сыйлауы, оның беделділігін арттырудан;

  4. құқықтық шығармашылық және құқықты іске асыру процесінің сапалы дәрежесінен;

  5. құқықтық қызметтің арнайы тәсілдерінен (құқық қорғау органдары қызметінен, конституциялық бақылаудан т.б.);

  6. адамдар қалыптастырған рухани және материалдық байлық түріндегі құқықтық қызметтің нәтижесінен (заңдар, сот тәжірибесі, заң шығарушылық жүйесі және т.б.) көрінеді.

Бұлардың әрқайсысын жеке тұрғыдан және қоғамдық тұрғыдан да көруге болады.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – бұл құқықты білу және түсіну, сонымен бірге соған сай іс-әрекет ету.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті адамның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтың саналығы, құқықты пайдалануы, заң нормаларына, өзінің іс-әрекетін бағындыруы кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден тұрады:

  1. психологиялық элементі – құқықтық психология;

  2. идеологиялық элементі – құқықтық идеология;

  3. күнделікті элементі – тұлғаның іс-әрекетінің заңды маңызы.

Қоғамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – бұл қоғамның құқықтық белсенділігі және құқықтық санасының дәрежесі, заң нормаларының және заң қызметінің белсенділігі.
Қоғамның құқықтық мәдениеті жалпы мәдениеттің негізгі салаларының бірі. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару.

Қоғамның құқықтық мәдениетінің қозғаушы күштері мыналар:


а) құқыққа қажеттіліктің шанайылығы;
б) мемлекеттегі заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жағдайы; в) қоғамда заң ғылымының және заң білімінің даму дәрежесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет