Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет35/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықты іске асырудың түсінігі.

  • Құқықтық нормаларды қолдану.

  • Құқықтағы кемшіліктер.

  • Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

    Қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар өмірге келіп, өзгеріп, дамып, ескіріп, жаңарып отырады. Құқықтық нормалар заңда көрсетілгендей мақсатты түрде адамдардың еркі және санасына әсер ету үшін пайда болады. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеті арқылы заң шығарушы құқықтық нормалардың нәтижесін көрсетеді.
    Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болып келеді, олардың пайда болу себептері де әр түрлі болады:
    а) қоғамдағы қатынастардың мазмұнының әр түрлі болуы; б) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі;
    в) норманың ерекше мазмұнының әсері;
    г) құқықты іске асырудағы субъектілердің құзіреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;
    д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
    Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды уақытында реттеп, басқарып, оны іске асыру.
    Құқықтық нормаларды іске асырудың бірнеше түрлерін атап өтуге болады:

    1. Норманың мазмұнына қарай орындалуын әр түрге бөлеміз: норманың мүдде- мақсатын орындау; жалпы міндет қағидаларын орындау; нақты қатынастағы норманы орындау.

    2. Ґорманы іске асырудағы қатынас субъектілерін жеке және топтық субъектілерге бөлеміз. Бұл субъектілердің өз құқықтарын іске асыруы.

    3. Нормативтік актілердің ерікті түрде емес, қоғамдық мүдде үшін әкімшілік- тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік түрінде еріксіз іске асырылуы.

    4. Құқықтық нармаларды іске асыруда саяси және идеологиялық әдіс- тәсілдерді пайдалану.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет