Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Субъектілердің құқықты іске асыруға әсер етуінің төрт түрін көрсетеміз



бет36/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
МҚТ КІТАПША

Субъектілердің құқықты іске асыруға әсер етуінің төрт түрін көрсетеміз:


  1. құқықты сақтау – құқықта тиым салынған іс-әрекеттерге жол бермеу;

  2. құқықты орындау – заң міндеттерін орындауға белсенді түрде қатысу;

  3. құқықты пайдалану – өзінің мүддесін қорғай отырып, субъективтік құқықты іске асыру;

  4. құқықты қолдану – ресми өкілеттікке байланысты және соның нәтижесіне сай жеке актіні енгізу. Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше түрі. Бұл адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін билік органдарының көмегінсіз іске асыра алмаған жағдайда қажет болады.

Құқықты қолданудың белгілері мынадан көрінеді:


  1. ресми өкілеттікке ие органдардың құқықты қолдануы;

  2. оның билік мәніне ие болуы;

  3. іс жүргізу түрінде іске асырылуы;

  4. жеке түрдегі билік актілерді іске сай қолдануға байланысты көрінеді.

Құқықты қолданудың бірнеше кезеңдері бар:


  1. Їстің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, оған қатысушы субъектілерді анықтау.

  2. Пайда болған қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.

  3. Їс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау және оны рәсімдеу, шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.

  4. Қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Құқық қолданатын акті – мемлекет атынан жасалатын, нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі.
Құқықтық нормаларды анықтау кезінде нормалар коллизиясы (қарама- қарсы тараптардың немесе мүдделердің қақтығысуы) және құқықтағы кемшіліктер деген құбылыстармен кездесеміз.
Заң коллизиясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуге қатынасты құқықтық актілер арасындағы қайшылықты айтамыз.
Олар заңды қолдануды қиындатып, құқықты қолдану тәжірибесінде қолайсыз жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет