Мемлекеттік бағдарламасы



бет13/17
Дата15.04.2024
өлшемі0.97 Mb.
#498688
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ 2-ТОМ

ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ
Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қ.А.Иасауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды. Оның "Диуани хикмет" атты ол дүние мен бұл дүниенің алуан сырлы мән-жайын өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жүртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бүл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді мәселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсүну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама- ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды.
Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет- мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді. Жас Ахмет қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам қарағанда, күллі түрік әлемінің көкжиегі әлемдік деңгейде кеңейіп, тынысы ашыла түседі.
Махмұт Қашқаридің толық аты-жөні - Махмұт Құсайын ұлы, бабасы - Мұхаммед. Ата-бабасы Барсғанда туған.Яғни, ата тегінің шыққан жері, өзінің өсіп-өнген жері осы көне түрік шаһарларының аумағы. Баласағүн, Барсған жері. Асылы, Махмүт Қашқари өзінің картасын жасағанда нақ ортасында дүниенің кіндігіндей етіп Барсғанды көрсетуі тегін емес деп сезінемін. Ғалымның өзі де Барсған жөнінде толық мәлімет келтірген: "Барсған - Афрасиаб ұлының есімі. Барсған қаласын сол салдырған…" деп бастап, тиянақтап түсіндіреді. Жері шүйгін, ауасы таза, жақсы жер екендігін,сол жерде жылқы баққандығын, кейін оның есімімен Барсған аталғандағын түсіндіре кетеді. Сонымен бірге сөздігінде осы аймақтағы бірнеше ауыл, жайлаулардың аты кездескенде "біздің жайлау", "Біздің жер" деп қосымша мағлұмат білдіріп отырады. Сондықтан әртүрлі пікір-болжамдар болғанымен, Махмүт Қашқаридың туған, өскен жері турасында күмән, күңгірттік болмаса керек.
Ал, ғұлама ғалымның туған, қайтыс болған кездері белгісіз. Ол жөнінде кітапта да дерек кездеспейді, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеңе демейді. Қолжазбада Махмүт Қашқаридің бүл еңбекті қай жылдарда не үшін бастағанын, не үшін жазғанын һәм қай жылы, қай күні тәмамдағанын түсіріп кеткен мерзімге қарап шамалауға болады. Сондай-ақ кейінгі, бертінгі түпнұсқаны көшіріп сақтап, таратушылар қай жылдары көшіріп жазғандарын білдіріп отырған. Кітаптың өз мәтініндегі деректер бойынша хижра бойынша 646 жыл мен 466 жыл аралығына төрт рет редакцияланып, түзетіліп жазылып шыққан екен. Әрине, осыншама ұлы еңбекті жазуға Махмүт Қашқари білге талай жылдарын сарп еткені анық. Бүкіл түрік жерлері мен тайпаларын тегіс аралау, тіл ерекшеліктерін салыстыра талдап, саралау, әр ру-тайпаның тіл байлығы мен тіл құнарына ден қойып зерделеу үстіне айтылу, жазылу заңдылықтарына дейін жетеге жеткізе зерттеу, тіршіліктегі, тұрмыстағы қолданылу аясына байланысты өміршеңдік жағын қарастырған қағидаларшығару - ғұлама ғалымның ғұмырлық мүраты болғанға ұқсайды. Егер "Құтадғу білік" дастанын жазған Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн 51 жас (А.Ділашар), 54 жас (Р.Р.Арат) шамасында деп сенімді түрде түйіндесек, Махмұт Қашқариға келгенде жас шамасын айқындау біршама қиындыққа түседі. Жүсіп Хас Қажыб дастанында өзінің жас шамасына қатысты, шығарманың жазылу мерзіміне қарай (он сегіз айда жазған) там-түмдап болса да деректер үшқыны бар. Ал Махмүт Қашқари өзінің ең бір қызыл тілді шешен, батыл, өжет, найзагер екенін айтады. Әрі араб, парсы, түрік мәдениетіндегі, олардың қоғамдық-эстетикалық дамуындағы ағым үрдістерді еркін ажыратып, салыстырып отырады. Әрине, ел-жұрт ішінде танылып, белгілі болмаған, мойындалмаған болса, Махмұт секілді ұлы хәкімдер құр мақтанға бармас еді. Демек, осы сегіз кітаптан тұратын еңбегін жазуға кіріскенде, Ғалым кемеліне келіп, ел ағасы боларлық жасқа жеткен кезі деп шамалауға болар еді. Еңбек біздің жыл санауымызша 1072 не 1078 жылдарда жазылған деп жобаланып келсе, оны жазған хәкім елулерге мол қадам басқан адам. Әйтсе де, 1029-1038 жылдар аралығында туған (О.Прицак) деген болжам бар.
Ғалымдардың тегі, ел жөнінде де түрлі болжамдар, қайшылықты пікірлер жеткілікті. Оның қайсыбір кереғар бағыттары көзі ашық құлағы түрік оқырмандарға мағлұм. Кереметтей еңбек тындырып, тарихи маңызы терең зерттеулер жазған, аудармалар жасаған ғалымдарымыздың осындай "нәзік" түстарда тарихи ұлы тұлғаларды жанына жақын санап, әр ұлыстың өкілі ретінде іштартқан ниеттерін, адамға тән таза да бейкүнә ұлағатқа құштарлық сезімінен туған ықыласты болжамдарын бүл жерде олай-былай еді деп жіктеп-жіліктеп жатудың реті жоқ. Бұрынғыдай емес, қазір бүлінген түрік дүниесі қайтадан тұтастыққа бейіл бұрған кезде ондай пікірталасының ғылыми да, әлеуметтік те дәрежесі қатардағы ғана әңгіме. "Түрік сөздігінің" өзі исі түрік тақырыбын мұрат еткендіктен, ондай ұлы тұлғаның да ежелгі тұғыры - тұтас түрік әлемі. Ал тегімізге тән дәстүрмен ой жүгіртер болсақ, кітаптың мазмұн-сипатына, автордың өмірі мен қызметіне, ой-ниетіне қатысты деректер мен болжамдарды шолғанда, профессор Әмір Нәджіб өзінің "Исследования поистории тюрских языков XI-XVI в.в." деген еңбегінде: "Оның Қашқари деген лақап аты Қашқарда дәріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғартады. Автордың өзінің сөзі бойынша, ол ортаазиялық әскери қолбасшы, белгілі отбасынан, оғыз ордасынан шыққан", - деп жазған
болатын.
Махмұт Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, бағалап, болашақ үрпақ игілігіне айналдырудағы түрік ғалымы Басым Аталайдың талантты да ыждаһатты еңбегі күллі түркітану ісіндегі ғажайып зор әрі зейнетті ғылыми іс болды. (Бұл жерде, Б. Аталайға дейін Рифат білге, тағы басқа бірнеше зерттеушілер аударған. Бірақ олардың ғылыми нәтижелері қауымға кеңінен мәлім бола қоймаған сияқты). Басым Аталай көп ізденіп,өлмейтін, түрік тарихымен бірге жасай беретін ғұмырлық қызмет сіңірді. "Диуани лұғат ит-түрік" кітабын Түркия түріктерінің қазіргі тілінде тәржімелеп, жүйелеп, 1939 жыл мен 1941 жыл аралығында 3 томы мен индекс сөздігін жарыққа шығарды. Сонымен қатар, қолжазбасының факсимилді басылымын жүзеге асырды. Басым Аталай қолжазбадағы түсініксіз түстарды парақтап, талдап түсіндіріп, өзіне дейінгі зерттеу жұмыстарын саралап зерделеп, К.Броккельман еңбегінде орын алған жаңсақтықтарды дәлелді түрде түзетіп, тиянақты ғылыми түсіндірмелер жасап, кейінгі түркітанушы мамандарға аса пайдалы, халық тарихына да керекті академиялық іс тындырған. Түркі танымына тән ерекшеліктерге, ел-жер аттары, этнологиялық таным-түсініктерге,этнографиялық, топонимдік ерекшеліктерге қатысты мұқият ғылыми жүйелілікке ұмтылды. Ол Махмүт Қашқаридың "Диуани лұғат ит-түрік" кітабының ғылыми, тәжірибелік маңызын таныту да ғылыми дәйекті бағыт сала отырып, томдағы аудармаларда орын алған кемшіліктерді, жаңсақтықтарды индексті сөздігінде (4-том) түзетіп, тұжырымдады. Басым Аталайдың ғылыми еңбегі, тұжырымдары кезінде Карл Броккельман, тағы басқа айтулы мамандар тарапынан қолдау тапты, жоғары бағаланды. Басым Аталайдың Түркия түріктері тіліне аударған аудармасы, талдаулары, түптеп келгенде ғылыми аударма. Сонысымен де, осы саладағы мамандар мен зерттеушілер ден қойып, бағыт етіп ұстанатын бірден бір басылым.
Батыс пен шығыс зиялыларының назарын біртіндеп аударып келген бүл ғылыми ескерткіш осы 1939-41 жылғы жарияланымнан кейін мүлде жаңа белеске көтеріліп, тынысы кеңейіп, екінші бір өмірін бастап кетті. Дүние жүзіндегі аса құнды асыл қазыналардың қатарына қосылды. Шындығында да, Брокгауз, Даль, Радлов секілді үлы зерттеушілердің іргелі еңбектерінің қатарында адамзат баласының игілігіне айналды. Бұдан кейін 1960 жылдары ташкентте үш томдығы өзбек тілінде араб және кирилица әліппесімен жарық көрді. Аударып, баспаға дайынған Салық Муталлибов. Ол еңбекті аударып, алғы сөз, ғылыми түсініктерін жазған. Мүнан соң ұйғыр тіліндегі аудармасы Қытайда 1981 жылы жарық көрді, үш том. Онда үйғыр аудармашылары Б.Аталай мен C.Муталлибов аудармаларына ғылыми сыни көзқараспен қарап, дұрыс тұстарын қолдап, қателіктерін түзете отырып, факсимльдік басылыммен қатар алдыңғы көш ретінде оларға да сүйгендіктерін айтып, жазыпты. Біз де мүраны аударып, зерттеген жаңсақтықтарды түзетіп отырдық. Өз еңбегімізде сол тұрғыдан, алдыңғы басылымдардың үрдісін құлабыз еттік.
Аталмыш еңбегінде Махмүт Қашқари түрік тайпаларының тілдерін тұңғыш рет салыстырмалы талдау тәсілімен жарыстыра түсіндіріп, араб тілінің заңдылықтарымен екшеп салмақтады. "Мен бүл кітапты хикмат сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және несір (көркем қарасөз - А.Е.) секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсүс әліппесі ретімен түзіп шықтым. йренушілер мен қызығушылар керекті сөздерді тез, оңай табуы үшін көп жылдар бейнет шегіп, сөздерді орын-орындарына қойдым. Көмескілерін аштым, жарық еттім, қателерін жұмсарттым, түзеттім. Ақыры, бұл кітапты (сөздікті) мынадай сегіз бөлікке жіктедім", - деп, Махмүт Қашқари өзінің кіріспе бөлімінде арнайы түсіндірме жасаған. Мүнда да араб, парсы мәдениетін, әдебиетін жетік білетін білікті маманның ғылыми таным мәнері, айырықша айқын түсініктілікке үмтылатыны көрінеді. Ол әйтеуір сөздердің бәрін тізе бермей тек қолданылып жүргендерін алғандығын, қолданылмайтындарын қалдырғанын да негіздеп түсіндіреді.
Кітапты оқитын адамдардың жалығып, зерікпеуін, әрі іздеген сөздерін қиналмай тауып алуына мүмкіндік жасауды ескерген. Ал жоғарыдағы сөзіндегі "сежі, режез" деген терминдер, түсініктер араб әдебиетінің теориясынан алған атаулар. Онда осы екі сөз белгілі бір жанрлардың белгілі бір даму кезеңіндегі ерекшелік сипаттарын білдіретін атаулары. Мәселен, сежі - араб өлеңінің ең ежелгі көне түрі. Бұған әуелінде арабтардың ішкі ырғаққа бай ұйқасты сөздерін де, қысқа хикаяларын да жатқызған. Ұйқасты қарасөз деп те, қарабайыр өлеңнің алғашқы көрінісі деп те айтылып жүр.
Жалпы араб өлеңі поэтикасының тарихында негізінен,өлең сөздің үйлесімді жалғасқан үш түрлік даму үлгісі аталады. Бұл қағиданы құптаушы ғалымдар көп. Режез - өлең түрі ретінде сежіден кейінгі кезеңде көп тараған, өзінің табиғаты, ішкі бітімі жағынан сежіден туындап, ілгерірек басып, күрделілене түскен өлең түзілімі. Оны қазіргі араб зерттеушілері "халық өлеңінің" үлгісі ретінде талдайды.
Ал, үшінші қасыда, аруз олеңолшемі араб поэзиясының ең кемеліне келе дамыған, кең тараған поэтикалық бітім үлгісі. Зерттеушілер сежі өлең үлгісінің V ғасырлардан көрініс беретіндігін, сондай-ақ тастағы шежіре жазулар, тарихи баяндар (мәселен, Табари Йемен шахы Иасир Әнән Әл Химиаридың тасқа жазған жазбаларын, Ж.Әли Орталық АрабиядағыИамамдағы құдыққа таяу түстағы үш тасқа Йемен әскерлерінің шабуылынан кейін түсірілген жазулар жөнінде сипаттайды) оған дәлел бола алатындығын жазған. Сежі мәтіндері негізінен тарихи туындыларға іштартады. Кейін әртүрлі тақырыптарға жазылған. Пайғамбардың хадистерінде де сежі әуезі, үйлесімі кездесіп қалады. Сежінің Құранда кездесетінін бірқатар ғалымдар теріске шығарса, бірқатар зерттеушілер "Әр-рахман", "Әл-қамар" сүрелерінде сежі үлгілері бар дегенді дәлелдеуге тырысады. Осының бәрі қалай дегенде сежінің ең көне өлең үлгісі екендігін аңғартады. Ал, режез сөзінің түп-төркіні арабтардың өзіне де бұлдыр қалып келген. Араб тілшілері режездің шөккен түйе көтерілгендегі артқы тірсегінің дірілін білдіретін бір мағынасын көбірек үстанады. Жалпы режездің көп қолданылатынына, әр түрлі тақырыпқа бейімдігіне қарай "өлеңнің қара нары" атануы да тегін болмаса керек. Бертінірек режез түрлі ғылымның негізін қысқаша өлең жолдарымен түсіндіруге де қолданылғаны белгілі. (Өлеңмен жазылған трактат…) Яғни, өлеңнің кең тараған, халық ұғымына жеңіл үлгісі. ("Сежі араб өлеңінің көне үлгісі", "Режез - араб өлеңінің өтпелі түрі")'. Махмұт Қашқари бұл терминдерді атап қана өтеді. Түсіңдіріп уақыт, көлем үтқызбайды. Онсыз да араб тілі заңдылықтарынан белгілі жәйт деп санаған сияқты. Сондай-ақ, түркі тілінде сөз араб тіліндегідей әйел, ер жынысына қарай жіктелмейтіндігін айтқанда да, етістіктің жақтары мен жіктелуі хақында да араб грамматикасымен салыстыра отырып қағидалар түзеді.
Махмұт Қашқари еңбегінде аталып қалған осы екі терминді түсіндіре талдаудағы мақсат: түрік жұртының тұңғыш тілші ғалымының сол кездің өзінде сөз өнері ғылымы саласында қаншалықты терең, байсалды зерттеулерге зерделеп барғандығын, ол терминдердің поэтика тарихындағы алатын айрықша зор орнын аңғарта кету. Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен Әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын "Хамза кітабы" деп атаған. Екіншісі, "Сәлем кітабы", яғни құрамында "харфи илет" деп аталатын "әліп (а), уау (у), иай (й)" әріптері болмаған сөздер, Фролов Д.В. Классическийарабскийстих. М: Наука, 1991. стр. 67-139. әріп қайталанбаған сөздер: шіншіМұзоаф кітабы, яғни бір әрпі қайталанған сөздер кітабы; Төртіншісі, Мисал кітабы, яғни "харфи илеттің" бірінен басталған сөздер кітабы; Бесіншісі, үш әріпті кітап: Алтыншысы, төрт әріпті кітап; Жетіншісі, мүрын дыбысты әріптер кітабы, "ғұнналылар" деп аталады; Сегізіншісі, екі сүкүндікпен қатар келген сөздер
кітабы. Кітаптарда әуелі есімдерді, одан кейін етістіктерді түзеп отырады. Былайша айтқанда, әр кітапта сөздер "Есімдер" мен "Етістіктер" деген екі үлкен бөлімге түзілген. Жалпы осы еңбегінде, қаншама араб әдебиетінің терминологиясын, кейбір зерттеу түзу тәртібін қолдандым десе де, салыстыра қарастырса да Махмүт Қашқаридың өз сөзімен айтсақ "Түрік тілінің араб тілімен бәйгеге шапқан екі аттай (үзеңгі қағыстырып) қатар шауып бара жатқанын" көрсетуге тырысқан. Ғұлама ғалымның таным, білік, талант қуаты қаншалықты тегеурінді, кемел болса, түркі мәдениетіне, күллі түркі тіліне деген перзенттік құрметтеу сезімі соншалықты күшті.
Кітапта түркі тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдарытұжырымды, кідіксіз түсіндіріледі. Түркі әліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде негізгі 18 әріп бар екендігін, оның сыртында екіншші ретте тұратын тағы 7 әріп бар екендігін, оларсыз түрік сөзінің құрылмайтынын да, жазылмайтынын да бажайлай баяндайды. ндестік заңы, үндестік заңына сәйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді. Көне түрік әліппесінің кескіндерін түсіріп көрсетеді. Ал, көне түрік әліппесінің, руна жазуларының, олардың әріптерінің көне грек әліппесімен ұқсас тұстарын, ал жалпы көне түрік әріптерінің қазақ ру таңбаларымен сағымдай шарпысып қалатынын ескерсек,
Махмұт Қашқари кітабында келтірілген әріптер мен картаның ғылыми қарымы күшейе түседі. Жалпы түркі тіліне ортақ заңдылықтарды тіл білімінің өзекті күретамыр шарттары ретінде түзіп, қорытындылайды. Сол заңдылықтардың барлығы дерлік қазақ тіліне де етене жақын, сабақтасып түсіп отырады. Сөздердің этимологиялық тектестігінен бастап, түрленіп, жасалу, түзілу тәртіптеріне дейін егіздің сыңарындай ұқсас. Бұл жерде жекелеген түбі бір сөздерді, ұқсас сөздерді тізбелеп жатудың да реті жоқ. Екі сөздің бірі қазіргі қазақ тілінің сөзі. Мақал, мәтел, қанатты сөз, нақыл сөздер де жанға жақын, санаға таныс. Дүниетаным мен әлеуметтік-қоғамдық көзқарас өзегіндегі тектестіктіде аңғарту қиынға түспейді. Бұл негізінен түрік жұртының бүкіл даму тарихында түзілген, қалыптасқан дүнистаным
әлемі. Сөз әлемі.
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері "Түркі сөздігінде" барынша нақты тарихи-деректілік сипатпен танылған. Яғни, тіл туралы еңбек болумен бірге түркі әлемінің бай рухани қазынасын, кенеулі жан-дүние кеңістігін бәз күйінде алға тартады… Түркі жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт-ұлыстардың сипаты, тарихы, соған қатысты тарихи деректер мен аңыз әпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежірелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ.
Ал, Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы әлемнің ең ежелгі түрік картасы ретінде белгілі2. Осы картада Барсған, Баласағүн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді мекендері, жер бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Әрі сол X-XI ғасырлардағы атауларымен жазылған. Махмүт Қашқари осы картаны назарға ұсынып, сипаттаумен қатар Рүм жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Әрі әр тайпаның тілдік ерекшеліктеріне тоқталады, тілді таза сақтаудың әлеуметтік, географиялық алғышарттарын сөз етеді. Осынау ең көне дәуірдегі түркілердің әлемдік картасы, түркі дүниесі жөніндегі егжей-тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның өлмес мұрасының басты бір қасиеті.
Махмұд Қашқари сөздігінде ел, жер аттарына, антропонимдерге қатысты талдаулар, түсіндірмелер, аңыздар мен тарихи мағлұматтар көп ұшырасады. Әсіресе, "Диуани лұғат ит-түрік" пен "Құдатғу біліктегі" топонимика, антропонимдердің ғылыми мәні аса зор. Ел мен жер, рулар мен түрлі лауазым, адам атаулары көптеген ғылыми болжамдарды растайды. М.Қашқари топонимдерге, антропонимдерге қатысты тарихи деректерді де қоса жазады. "Тат" - деген сөзді "түркілер арасындағы парсыша сөйлейтін адам" деп түсіндіреді. Соған орай, "Татсыз түркі болмас, бассыз бөрік болмас" деген мақалды да қосады.
"Ыстық көл - Барсғандағы бір көл, Ұзындығы - отыз, ені 2 Умняков И.И. Самаястараятурецкая карта мира. ТрудыСамаркандского Гос. пед. институтаим. А.М.Горького. т. 1. вып. 1. Самарканд, 1940. стр. 103-131 . он фарсах болады", - деп жазады да, түркі өлкесінің бірнеше көлін сипаттап, тізбелеп өтеді. Шу қаласының салыну тарихы жайлы хикаят та қызық. Шу есімді жас хан, батыр адам қала салдырып, оған өз атын беріпті. Ескендір Зұлқарнайын түркі даласына жорығында осы Шу қаласының үстіне түскен. Алтынқан тауында болған шайқаста Зұлқарнайын мен Шу хақан бітімгершілікке келіп, тоқтасады. Зұлқарнайын бірнеше қала салдырып, түрік даласынан қайта кеткенде, Шу батыр Баласағұнға қарай ілгерілеп, Шу қаласын салдырады. Барсған, Тараз, Баласағұн, Ісбіжап, Шаш, Қашқар қалалары секілді елді мекендерді, қыстау-жайлауларды атап, түсіндіріп отырған. Ай, жұлдыз, аспан денелерінің атаулары Жүсіп Баласағұнда да, Махмұд Қашқарида да үйлесімді сәйкестікке шыққан.
Түркі жерінде тіршілік етіп жатқан ұлыстардың, ел- жұрттың тарихи-салтына, әдет-ғүрпына қатысты деректер де көп. Түрк елінің құрал-жабдықтары, қару-жарақ, сауыт-саймандары жайлы да, ас-ауқаты, алуан қырлы дәм- тағамдарының кейбірінің пайда болуы, кейбірін әзірлеу әдістері де туралы, толып жатқан дәрі-дәрмектер жөнінде де қазіргі замандастарымыз біле бермейтін бай деректер әрі таң қалдырады, әрі ежелгі өркениеттің қасиетті топырағына тәнті етеді. Мәселен, ыстық күндерде салқындау, шөлді басу үшін жейтін әрі балмұздақ, әрі тағам тағам күріштен әзірленетін ерекше дәм кім-кімді де елең еткізеді. Әзірлеу әдісі де қарапайым, дәмнің геоэтникалық ерекшелігі де айқын. Болмаса түркі шараптарын ашыту тәсілдері.
Түркі сахарасының жан-жануарлар дүниесі мен өсімдіктері туралы да бұрын-соңды көпшілікке жете таныс бола қоймаған деректер жеткілікті. Хайуанаттар мен мақлүқаттардың біразының ежелгі атауларына, өсімдіктердің, шөп, ағаштардың, жемістердің атауларына, табиғи жаратылыс ерекшеліктеріне, қандай жерлерде қандай жағдайларда өсетініне қаныға түсеміз. Ғұлама олардың барлығының атауларына, неге олай аталғандығына, басқа жерлерде өссе, ол жақта қалай аталатынына, реті келсе, араб тіліндегі аталуына тоқталып, табиғи жаратылысына, қолдану аясына түсінік береді. Пайдалы, пайдасыздығын айтады. Жеуге, емге, тұрмыстың басқа шарттарына жарамды болса, пайдалану жолдарын айтады. Этникалық атаулар,ь тұрмыстағы құрал-жабдық, шаруашылықтағы кәсіби атаулар, флора мен фауна әлемінде түркі тіліне қатысты атаулар, басқа да ежелгі ономастикадан мол мағлүмат беретін сөздер - төл қазына, асыл рухани байлығымыз.
Мысалы: арпа, жүн, сүт, тон, май, құрт, тазы, айғыр, қой, өгіз, текке, бөрі, түлкі, құлан, аю, арыстан, алтын, күміс, темірші, диқан, саудагер, ит, елші, әскербасы. "Құтадғу білік", "Диуани лұғат ит-түрк", т.б. ежелгі түркі ескерткіштерінде мүндай сөздер, атаулар, есімдіктер өте мол
кездеседі. Түркі жұрты табиғатты, жаратылысты, тіршілік заңдылықтарын терең білген. Оған бір дәлелді Махмүд Қашқаридан көреміз. Ғалым-тілші бөрінің айына бір рет міндетті түрде ашығатынын, айына бір рет, бір жұма бойына ауамен ғана қоректеніп, аш жүретінін баяндайды. Бұл табиғат құпиясы. Әрі бағалы дерек. Тибеттіктердің, түбіт жүртының Йеменнен ауып келуі, түркі даласына сіңіп, орнығуы туралы хикаялар да тарихи тұрғыдан біле жүретін құнды сөз.
Тарихи тұлғалар жайлы аңыздар, шағын-шағын өлең, жырлар өзінше бір поэтикалық ғалам. Табиғат, жаратылыс сипаттарын толғаған жыр шумақтары да түркі жұрты топырағына тән тосын да бірегей қүбылыстарды мәңгілік есте қаларлықтай санаға сіңіре түседі. "Түркі сөздігінде" жарияланған өлең, жыр, даналық сөз бен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер белгілі бір мағынаны, ордалы ойды, тебіреністі толғамды білдіріп тұрады. Ол жырларда негізінен жат жүрттықтармен соғыстар, ел ішіндегі рулық, тайпалық қақтығыстар, тарихи адамдардың ерліктері, қаһармандық тағдыр, тіршілік туралы ой-толғамдар, табиғат суреттері, адамның әртүрлі көңіл-күй сезімдері толғанады.
Махмұд Қашқари сөздігінде ондай мысалдар мол. Әйтсе де, құрылымы орайында мақал-мәтел, қанатты сөз табиғатына тән ерекше сипат ежелгі түркі мұраларында да, қазіргі қазақ әдебиетінде де бірдей. "Қарындас десе, қарамадық. Қайын десе, қарадық", "Бейнетін тартты, киіз үйін артты"3, "Кеңескен білік озар, кеңессіз білік тозар" "Айламен арыстан түтылар, күшпен қарақшы тұтылмас" "Толған ай қолмен ымдалмас" "Белгі болса, жолдан азбас, Білік болса, сөзден жазбас", "Қонақ келсе, құт келер"7 "Кісі аласы ішінде, мал аласы сыртында", т.б. Қазіргі қазақ мақалдарының құрылымымен, үлгісімен тектестігін байқау қиын да емес. Кейбір қазіргі мақалдарды мағына жағынан 3 Қашқари М. Түрік сөздігі. Алматы: Хант, 1997. 1-т. 463-б. 4 Бұл да сонда, 247-б. 5 Бұл да сонда, 111-б. 6 Бұл да сонда, 113-б. 7 Қашқари М. Түрік сөздігі. Алматы: Хант, 1997. 1-т. 463-б. да қайталап еске салып тұрғандай. Башқұрт, татар, қазақ жұртының "Ел іші - алтын бесік", "Ер көркі - сақал, сөз көркі - мақал", "Не ексең - соны орасың", "Шешен - дауда, батыр - жауда сыналар" секілді мақалдары XI-XII ғасырлардағы жазба ескерткіштердің мақал, нақылдарымен тікелей үштасып қалады. Кейбірі сол тұлғада, сондай мағынада көзге жылы ұшыраса, енді бір мақалдар жасалу тәсілі жағынан ежелгі үлгілерді еске түсіреді.
Тілге де, санаға да жеңіл тиетін шымырлық, ұшқырлық, ішкі үйқас, үйлесімділіктің алуан түрдегі құбылып келуі - бәрі де бәз күйінде үшырасады. Мәселен, Махмұд Қашқари кітабынан "Байлықтың өзі суда, көзі тыста", "Атты теппес деме, итті қаппас деме", "Құлан құлдыққа түссе, құрбақа айғыр болар", "Кісі сөйлесер, мал иіскелесер", "Тесік інжу жерде қалмас", "Жылқы еті - жүпар", "Бөрі қоңсысын жемес", "Қанды қанмен жумас", "Көкке түкірсе, бетке түсер" "Жауды елемеу жарамас", "Мысықтың баласы мияулап туады", "Ағашты ұзын кес, темірді қысқа кес", т.б. мақал-мәтелдерді қазір де қазақ халқының мақал-мәтелдері деп қарауға болар еді. Олар көркемдік-эстетикалық таным өрнектері болумен бірге, тарихи дерек те. Үлттық тарихи- мәдени мұраның өлмейтін өркені, өшпейтін тынысы,
жоғалмайтын қазынасы.
"Түрік сөздігінде" 242 шумақ өлең, жыр, 200-ден астам даналық сөз бен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер болса, солардың барлығы да белгілі бір мағынаны, ордалы ойды, тебіреністі толғамды білдіріп түрады. Ол жырларда негізінен жат жұрттықтармен соғыстар, ел ішіндегі рулық, тайпалық қақтығыстар, тарихи адамдардың ерліктері, қаһармандық, ақлақ, тағдыр, тіршілік туралы ой толғамдар, табиғат суреттері, адамның әртүрлі көңіл-күй сезімдері толғанады. Ал, мақал- мәтел, даналық сөздер, қанатты сөздер - халықтың, елдің рухани тарихи тәжірибесінің түйінді мәуелері. М.Қашқари көптеген тайпа, ұлыстардың тіл ерекшелігін саралап, түрік тілінің бітімін ежіктей түседі. Бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректеріне қанығамыз. Әйгілі ұлы тұлға Ескендір
Зұлқарнайын туралы соны деректер бар. Зұлқарнайын есіміҚұранда үш жерде аталады. Құранның 18-Кеһф сүресінде.Онда былай әңгімеленген. "Олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: "Сендерге оның жайын түсіндірейін" де. (Бүл Зұлқарнайын "екі мүйізді" деген үғымда. Екі түлымы немесе тәжінде екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты - Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, Шығысты кезген; Рүм, Фарсы деген тағы басқа рауаяттар бар).
Махмұт Қашқарлы Зұлқарнайынның түрік даласына, Шынға қарай жорығына қатысты бірнеше тарихи аңыз, әңгімені кірістіреді. Алтынқан оқиғасы, Тұтмаш деген тағамды ойлап табуы, ұйғыр атауына қатысты ойлары тікелей Ескендір Зұлқарнайын есіміне байланысты дәлелденеді. Түрік даласында Зүлқарнайын сел жауынға ұшырап, жүре алмай қалады. "Бұл неткен батпақ!" - деп кейінді. Сол жер де, ел де солай аталып кетеді. Төрт-бес қала салдырады. "Шігіл" сөзін түсіндіргенде де Махмүт Қашқари бұл турасында:"Тараз жағындағы шахарда тұратындар Шігіл деп аталады.
Зұлқарнайынарғулар шахарына жеткенде қатты жаңбыр жауып, батпақ, лайсаң болып Ескендір жүре алмай қалған. "Бұл қандай батпақ, лайсаң" деп қиналыпты. Сол жерге қонады. Сол жердегі түріктер содан бері шігіл аталып кетіпті. Жайхүннан Шынға дейінгі түріктердің бәрі Шігіл аталған" - деп жазады. Жаңағы Құран сүресінде айтылатын "балшықты бұлаққа батты" деген дерек осы Махмүт Қашқари хиқаясына үйлеседі. Бүл дәл де нақты тарихи оқиғалар. Жалпы Махмұт Қашқари Құраннан мысалдар келтіріп, Пайғамбар хадистерін түсіндіріп, ойын нықтап отырады. Кей тұста Құранды қалай оқу керектігін, кейбір қараңғы адамдар түсінбей қалып күнәһар болмауы үшін дүрыстап, сабырмен, жатық оқитын түстар бар екендігін де түсіндіреді.
Өзен, су, жер аттарына қатысты құнды мағлұматтар жетерлік. Еділ, Іле, Ертіс секілді ұлы өзендер, олардың бойындағы тіршілік, тұрмыс сымбаты, тайпалардың өзгешеліктері қысқа да тұжырымды хатталған. Егер, ғылыми стиль, ғылым тілі дегенді ойласақ, бұдан ұғынықты, бұдан айқын мәнер болмайтын шығар. Тіл шеберлігі, көркемдігі туралы өзі де ойларын айта отырады. Мәселен, ең жеңіл тіл ретінде оғыздардың тілін атаса, иағмалар мен тохсалардың, Іле, Ертіс, Иамар, Еділ бойындағы жүрт пен ұйғыр атырабына
дейінгі аймақта тұратын тайпалардың тілі ең дұрыс тіл деп кесімді тұжырым түйеді.
Ертісті Йемек даласындағы ірі өзеннің атауы дейді. Ертістің бірнеше тармағы бар екендігін, өзі үлкен көлге құятынын әңгімелейді. Ертіс өзенінің аталуы жөнінде де қызық бір мағлұмат бере кетеді. Бұл осы үлкен өзеннен кім бәсекелесіп, жарысып, тез жүріп өтер екен деген мәнді білдіретін, "ертіс". сөзінен шыққан атау екен. Тараз, Ташкент, Баласағүн, Самарқанд, тағы басқа біраз қалалардың, ауылдардың аттарына талдау жасалады. "Кенд" сөзіне кесімді анықтама береді.
Еуразияның ұлан-байтақ кеңістігін ен жайлаған түрік тайпаларының жеті мың бес жүзден астам әртүрлі сөздері жинақталған "Түрік сөздерінің кітабы" ұрпақтан ұрпаққа ауысқан сайын тарихи маңызы айқындала түсетін, қадірі арта түсетін ұлы мұра, қасиетті кітап. Соншама сөздердің қай- қайсысы да белгілі бір тарихи мәнге ие, белгілі бір өркениет мәуесі. Бір сөздің этимологиясынан-ақ, даму, түрлену тарихынан-ақ көп жағдаяттарды аңғаруға әбден болады.
Мәдениетіміздің, тіліміздің, әдебиет пен өнеріміздің бедерлі белгілері, тума қасиеттері сол алтын өзекте тұнып тұр. Бұл жерде Махмұт Қашқарлының "ел ішінде қолданылып жүрген сөздерді ғана алдым, қолданылмайтындарын (яғни, архаизмдер) тастадым, түрік тайпаларына тән сөздерді ғана жинақтадым, бөтен сөздерді қоспадым" деген түсіндірмелерін еске саламыз. Бөтен сөз мүлде кездеспейді десек қателеспейміз. Кейбір адам аттары мен ел, жер атаулары ілеуде біреу көрініп қалса, ол қай елдің тіліндегі сөз екендігі, қайдан шыққандығы баяндалады. Демек, сөздікте қоспасыз, таза түрік елдерінің тіліндегі сөздер жинақталған.
Жоғарыда анықтап айтқанымыздай, топонимика мен этнонимдер, тарихи есімдер мен тарихи тұлғалар, оқиғалар, ежелгі өлең жырлардың текстологиялық қыр-сырлары, жалпы түрік тілінің тарихы мен этимологиясының ерекшеліктері, диалектологиялық заңдылықтары, морфологиялық, фонетикалық, грамматикалық сипаттары, тағы басқа маңызды мәселелер осы үш томдық энциклопедиялық еңбекте толымды көрінген.
Мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, сонымен қатар, тұрақты тіркестердің сонау IX-XI ғасырлардан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолы - сайрап жатыр. Оларды әлі де зерделеп, жүйелі түрде зерттеу қазақ тілінің, жалпы түрік тілінің бай мазмұн өрнектерін, мағына құнарын аша түсетіні күмәнсіз.
Махмұт Қашқари тұңғыш тіл маманы. Түңғыш түрік тілінің оқулығын жасап шыққан, грамматикасын түзген, жалпы түрік әлемінің тіл өнерінің өрісін мәңгілік кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Күллі түрік тілдерінің түтастығын білдіретін қасиеттерін, өзара айырмашылық белгілерін айқындап, өзекті заңдылықтарын жүйелеп түзіп ұсынған тұңғыш ғалым. Сөздікте аталатын жер аттарының, тарихи оқиғалардың, соғыстардың, аңыз-хикаялардың дені, тағы басқа жайлар қазіргі қазақ жерінің аумағына тікелей қатысты. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын мен Шу деген түріктің жас батырына қатысты тарихи хикаядағы салынатын Шу шаһары, Шу атауы бүгін де жақсы мәлім.
Ал, жыл қайыруға байланысты біз, негізінен Тышқанның қалай жыл басы болғандығы жайлы әйгілі аңызды білетінбіз. Онда тышқан өрмелеп түйенің төбесіне шығып, келе жатқан жылды алғаш көріп келгені айтылатын. Ал, Махмүт Қашқари мүлде бөлек аңызды айтады. Аңыз оқиғасы Іле өзенінің бойында өтеді. Түрік қағаны өзі жаңылыса берген соң, жыл санауды ыңғайлы бір ретке түсіруді ойлайды. Ол үшін жылдарды он екі хайуан атымен атауды ұсынады. Содан кейін, аңға шыққанда аң, хайуан атаулыны Ілеге қарай тоғытып, қуалайды. Сонда, Іленің арғы бетіне бірінші болып тышқан жүзіп шыққан екен. Одан кейін ілесе жүзіп шыққан жан-жануарлардың аттарын рет-ретімен белгілеп, санап он екі жылдың атауларын белгілейді. Он екі жылды бір мүшел санайды. Жыл атаулары, реті қазіргі қолданылып жүрген жыл аттарына толық сәйкес келеді. Осы хикаяның өзі-ақ көп жайды аңғартып, тарихымызды, ел тарихына тікелей қатысты байырғы оқиғаларды жақын таныстырып, ұлттық мәдениетіміздің өзіне ғана тән шарт, белгілерін тайға таңба басқандай алдымызға көлденең тартатындай. Ал мақал- мәтелдердің табиғатынан, жанрлық түзілім заңдылықтарынан қазіргі қазақ тіліне жақындықты түйсінбеу мүмкін емес.
Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын-соңды өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр өзегіне нәр болып байланған бірегей қасиеттерін байыта түседі. Түрік дүниесінің құнарлы да тегеурінді өркениет әлемінің түнық тұма, терең көмбелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүниежүзілік тұтас бір өркениеттегі өз үнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз. "Түрік сөздігі" арқылы Орхон-Енесай жырларының заманындағы мәдениет тынысына, Ә.Фараби мен Ж.Баласағүн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына, тарихтың әлі де еркін таныла қоймаған қойнауларына жол табамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет