ӘЛ-ФАРАБИ
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870-жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Атақты Отырар кітапханасы орналасқанөңірдің түлегі білім баспалдағының алғашқы сатыларын осы өлкеде өткереді. Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы,төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлікүстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Мұсылман әлемінің сол кезеңдегіаса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп,сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшылғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сүхбаттасболған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика,математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология,поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактатқалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сүранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушыE.Э.Бертельс бұл туралы: "Аристотельдің араб тіліндегіалғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылымитерминологияныңқалыптаспағандығыаудармашылар
155
жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнүсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектеріғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің "Категориялар", "Герменевтика","Бірінші және екінші Аналитика", "Топика", "Риторика","Софистика", "Поэтика" секілді еңбектеріне түсіндірмежасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді "Екінші ұстаз"атандырды" деп жазады'. (Осы орайда "Екінші ұстаз" атауыжөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М.Бұлұтайдың: "Фарабидің "Екінші үстаз" аталуын дәреже жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз" деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді2).
Сан-сала ғылымның түп қазығын философия мен логикадан тарата зерттеуде Фараби Аристотель бағытын жалғастырды. Ғалымның өзіне дейін жасалған әдістеменіңізімен жүруі қалыпты құбылыс болатын. Шығу тегін өзілогикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімісалаларына арнап әл-Фараби "Өлең өнері туралы трактат", Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат", "Риторика туралы трактат", "Аристотель "Риторикасына" түсіндірменің үлкен кітабы", т.б. еңбектер қалдырды. Сондай-ақ Фарабидің әдебиет пенөлең өнеріне қатысты біршама пікірлері "Логика туралы трактат", "Ғылымдардың шығуы туралы трактат", "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері", "Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат" секілді еңбектерінде түжырымдалған.
Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ғылыми еңбектері мен жеке шығармашылығы белгілі ғалымдар Н.Келімбетов, X.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, Н.Төреқұлов зерттеулеріне арқау болды. Ә.Дербісәлиев, А.Көбесов,Б.Ғафуров, А.Машанов, Т.Медетбаев еңбектерінде Фараби мұраларының әдеби қырына назар аударылды. Әл-Фарабидің"Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты" мен бірнешеөлеңі А.Нысаналиннің аударуымен 1974 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрді. Дегенмен Фараби мүраларыныңбасым бөлігі әзірге қазақ тілді оқырманның игілігіне айнала қойған жоқ. Бұл салада атқарылар қыруар іс келер күнніңеншісіне қалып отыр.
¹Бертельс Е.Э. Избранные труды. Т.3. М., 1965, стр. 112.
²Бұлұтай М. Ата-баба діні. А., 2000. 285-б
156
Әл-Фарабидің"Ғылымдардыңжіктелуітуралытрактатында" логика ғылымыныңсегізіншібөліміретіндепоэтика аталады: "Логиканыңбұлбөліміпоэзияныталдауқағидаларын, кеңтаралғанпоэтикалықпайымдаулар мен
өнердіңөзге де салаларындақолданылатынпайымдаутүрлерінқамтиды. Сондай-ақолөлеңөнерініңбарлықзаңдылықтарынбүге-шігесінедейінсипаттайды, өлеңнің,поэтикалықпайымдаудыңтүрлерін, олардыңерекшеліктерін,жасалужолдарын, көркемдікке, шеберлікке, биіксапағақолжеткізуәдістерінашыпкөрсетеді" (аудармаларбіздікі-А.Ә.) дептұжырымдайды ғалым3. Бұлжерде Фарабиқолданған "поэтика" терминініңзерттеушілерайтыпжүрген"Поэзия туралығылым"дегенанықтамадангөріқазіргіәдебиеттануымыздақолданылатынкөркемтуындыныңболмыс-бітімінтүтастықтақарастыратын, жалпыалғанда"әдебиеттеориясы" үғымыменмазмұндас, жекелейалғандаәдебиеттануғылымыныңбірсаласыболыптабылатын"поэтика" ұғымыменүйлесетінінаңғарамыз. Тағыбірназараударатынжайт, Фараби өзеңбегіндепоэтиканылогикадантаратып, поэтикалықпайымдаулармәселесінбіріншікезеккеқойғанымен, таза поэзия табиғатынатәнүғымдардыдаұмытқалдырмай,тұтастықтақарастырған. Фарабитрактаттарындағыэстетикалықидеялардыталдайотырып,осы ерекшеліккеназараударғанзерттеушіЛ.Исламова:"Әл-Фараби поэтикасы белгілі бір деңгейде логика ілімінің қалыптарымен шектелгенімен, ғалым өлең сөзді тыңдаушыға эмоциялық әсер беретін құрал ретінде де қарастырады" деп жазады*.
"Поэтика" үғымына катысты Фарабидің жоғарыда келтірілген тұжырымдамасы ғалымның осы салаға арналған трактаттарында жан-жақты қырынан ашылады. Бұл тақырыптағы трактаттардың ең көлемді әрі кең танымалы
- "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат". Еңбектің кіріспесінде Фараби Аристотельдің "Өлең өнерінде" айтқан ойларын талдап, түжырымдарын бекітуді, оны талапкерлерге таныстыруды мақсат еткенін айта келіп: "Алайда біз аталмыш әнерге қатысты мәселелерді бүге-шігесіне дейін талдап жатпаймыз, өйткені философтың өзі де поэтика тұрмақ, софистика жөніндегі тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Себебі ол өзіне дейінгілерден ақиқатты айқындау жолында тірек етіп алуға тұрарлықтай ешбір негіздер
³Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр. 368.
⁴Исламова Л.А. Эстетические идеи в произведениях аль-Фараби // Аль-
Фараби и развитие науки и культур стран Востока. А., 1974, стр. 92.
157
мен заңдылықтардытаппаған. Таңғажайыпталанттыұлыойшылдыңөзіаяқтамағанмәселелердіақырынажеткіземіндепталпынғаннангөріөлеңөнерінеқатыстытыңдаушығапайдалықазіргіқолданыстағықағидаларды, пайымдаулармен мысалдардыталдап, көрсетуменшектелгенімізжөнболмақ" деп жазады3.
Әл-Фарабидің трактаттағы "поэтикалық пайымдау" ұғымына сатылай көтерілу мәнері, ой қисыны оқырманын еріксіз елітіп әкетеді: "Сөздің мағынаны жеткізе алуы да, жеткізе алмауы да мүмкін. Мағыналы сөз жай немесе күрделіболады. Күрделі сөздерді "пайымдаулар" немесе "пайымдауға жатпайтындар" деп бөлуге болады. Пайымдаулардың кейі - айқын, кейі - бұлыңғыр. Айқын пайымдаулардың кейі - шынайы, кейі жалған болады. Жалған пайымдаулардың бір бөлігі қарастырылып отырған затты тыңдаушы санасында айқын бейнелесе, екінші бір бөлігі олардың ойында затқа сліктеу туғызады, осы соңғысы поэтикалық пайымдаулар болып табылады. Мүндай еліктеулердің кейбірі - кемел, кейі толыспаған болып келеді. Олардың толысу-толыспауының табиғатын зерттеп-зерделеу - ақындардың немесе түрлі тілдер мен диалектілердегі поэзияларды зерттеп, солар туралы еңбек жазып жүргендердің үлесіндегі дүние"6. Осы үзіндідегі әл-Фараби тұжырымдарының түйіні болып табылатын "тыңдаушы санасында затқа еліктеу тудыру" құбылысы қазіргі әдебиеттануымыздағы "образ" ұғымымен төркіндес екені күмән туғызбайды. Осы құбылыстыжіті аңғарған зерттеуші Т.Медетбаев былай деп жазады: "Аристотель еліктеуді поэзия, мүсін, музыка, би сияқты өнер түрлерінің негізгі құралы ретінде қолданады. Әл-ФарабиАристотельдің өнер туралы ойларын дамыта келіп, еліктеудіобразбен алмастырды. Ол образды екі мағынада қолданады:бірі көркем сөз, көркем тіл болса, екіншіден - ол адам, яғни кейіпкер деген ұғымды білдіреді. Кейде ол образдыпоэтикалық пайымдаулар деп те атайды"7.
Поэтикалық пайымдаулардың (А.Нысаналин "ақындық түйіндеу" деп келтіреді) өлшем мен мазмұнға қарай жіктелетінін айта келіп, Фараби өлшем бойынша жіктеулерді музыканттың немесе просодистің үлесіне жататын тіл мен әуеннің тегіне қатысты дүние деп білсе, мазмүн жөніндегі
⁵Аль-Фараби. Трактат о канонах искусства поэзии // Трактаты о музыке
поэзии. А., 1993, стр. 344.
⁶Сонда, 344-б.
⁷Медетбаев Т. Әл-Фарабидіңәдебимұралары // Наследие аль-Фараби имировая культура. А., 2001, стр.451.
158
ғылымижіктеулердісимволдардытүсіндіріп, поэзияныталдаушы, поэтикалық
идеяларды, түрліхалықтар менмектептергетәнпоэзиянызерттеушіқауымөкілдерініңеншісіндеқалдырады. Фараби көптегенхалықтардыңпоэзиясындамазмүнмен өлшемарасына шек қойылмай,араласқолданылатынын, бұлмәселедеқатаңқағиданытек көнегректерғанасақтағанынайтады. Әрине,Фараби бұлжердепоэзияныңәрбіртүрінебелгілібірөлшемдіғанақолданатынкөнегректікөлеңқағидаларынүздікүлгіретіндеұсынғалыотырғанжоқ. Өлшем менмазмұнныңқатаңқағидаларғабағындырылабермеуітүрліхалықтардыңдүниетанымындағы, көркемойлауындағы,сөзқолданыстарындағыерекшеліктергебайланыстыекеніайқын. Фараби тек қатаңсақталатынқалыбы бар, теориялықтұжырымғасалуғаикемді, еңбастысы, біршамазерттеулергеарқауболыпүлгергенгрек поэзиясынтолымдыталдауғалайықжәнетанымдықмәні бар объектіретіндеалады.Сонымен Фараби жіктеуінде көне грек поэзиясы мынадай түрлерге бөлінеді:
Трагедия -арнаулы өлшемі бар, тыңдаушыға да, айтушыға да ләззат беретін өлең түрі. Трагедияда өзгелерге үлгі-сабақболарлық жақсылы-жаманды істер сипатталады, билеушілермарапатталады. Музыканттар әдетте трагедияны әміршілердіңалдында орындайды. Әмірші дүниеден өткен жағдайдатрагедияға жоқтау сарыны бар өлеңдер қосылады.
Дифирамб - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар өлең түрі. Дифирамбта жекелеген адамдарға емес, жалпы адамбаласына ортақ абзал мінездер, ізгі істер, сондай-ақ күллі адамзатқа қайырлы істер жасаған дара тұлғалар дәріптеледі.
Комедия - арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Комедияда келеңсіз, оғаш жайттар суреттеліп, адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетіндегі ұнамсыз көріністер шенеледі. Жекелегентұстарда кейбір адамдар бойындағы жануарларға тәнжағымсыз, жиіркенішті мінездер баса көрсетіледі.
Ямб - бұл да арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Ямбта мақал- мәтелдер секілді жақсылы-жаманды істерді сипаттайтын нақыл сөздер келтіріледі. Бұл өлең түрі соғыстар мен дау-жанжалдар кезінде, ашу-ызалы сәттерде қолданылады.
Драма - алдыңғы түр тәрізді поэзия жанры. Ерекшелігі сол - мұнда белгілі бір адамдарға, жеке тұлғаларға арналғаной түйіндері, нақыл сөздер қолданылады.Айнос - жоғары шеберлікпен жазылған, көркем де келістіпайымдауларды қамтитын өлең түрі.
Диаграмма - тәртіпке бағынбайтын, тезге салуға көнбейтін
159
адамдардың жанын қандай жан түршігерлік азаптар күтіп тұрғанын сипаттайтын заң шығарушылар қолданатын өлең түрі.
Эпос және риторика - өткен дәуірлердегі саяси және құқықтық тәртіптер суреттелетін поззия жанрлары. Өлеңнің бұл түрлерінде сонымен қатар билеушілердің өмір-салты мен іс-әрекеттері, ел басқарған кезеңі мен сол түстағы айтулы оқиғалар баяндалады.
Сатира - белгілі өлшемі бар, музыканттар ойлап тапқан өлең түрі. Олар өздерінің әндері арқылы аң кейпінде киінген адамдар мен әртүрлі жануарларды таң қалдырарлық, әдеттен тыс қимыл-қозғалыстар жасауға мәжбүр етеді.
Поэма - жақсылық пен жамандықты, дұрыстық пен бұрыстықты бейнелейтін өлең түрі. Мұндай өлеңдердің әрбір түрі өзі сипаттайтын үлгілі, жарқын немесе келеңсіз, айыпты жайттарға сәйкес келеді.
Амфигенезис - жаратылыстану ғылымдарын сипаттау мақсатында жаратылыстанушы-ғалымдар ойлап тапқан өлең түрі. Поэзия жанрларының ішінде өлең өнерінен алшақтау жатқаны - осы түр.
Акустика - шәкірттерді музыка өнеріне баулу үшін қолданылатын өлең түрі. Оның қолданылу шеңбері осымен шектеледі, ол басқа салаларда қолданылмайды8.
Фарабидің көне грек поэзиясының түрлерін жіктеп, талдап, толығымен сипаттап көрсетуі поэзиядағы түрлердің, өлшемдердің, үғымдардың тарихи даму барысында қандай өзгерістерге түскенін, қаншалықты жетіліп, сараланғанын, "поэзия" ұғымына қатысты көзқарастардың қай дәрежеде өзгергенін пайымдауға мүмкіндік береді. Автор грек поэзиясы түрлеріне жалаң талдау жасап қана қоймайды, оларға қатысты өз пікірін де білдіріп отырады. Мәселен ол амфигенезистің мазмүндық қалыбы поэзия табиғатына айтарлықтай сай келмейтінін орынды ескертеді. Көне гректер дәуірінде ғана емес, сөз өнерінің қыр-сырын терең меңгеріп, асау өнер - поэзияның бабын тауып, бағындыра білген ортағасырлық Шығыста да көптеген ғылыми еңбектер (мысалы, ИбнСинаның "Емшілік өнері жайлы трактаты") өлеңменжазылды. Поэзияның мүмкіндіктерін жаңа бір қырынан тануға ықпалын тигізеді дегенімізбен, мүндайда өлең белгілі бір мақсатқа қызмет ететін құрал ретінде ғана қолданылып, өзінің басты қасиеті - көркемдігін әлсіретіп, немесе мүлде жойып алады. Ал Фараби үғымындаөлеңеліктеу, яғни
⁸Аль-Фараби. Трактат о канонах искусства поэзии // Трактаты о музыке
и поэзии. А., 1993, стр. 348-351 .
160
образ тудыраалсағана - өлең, тудыраалмаса, өлеңемес.Трактаттар контексіндегі "образ" ұғымының астарында кейіпкер бейнесі ғана емес, өлең өнеріне тән күллі көркемдік жатқаны айқын. Қазіргіәдебиеттеориясы да образ ұғымынаосы тектесанықтамабереді. Сондай-ақөлеңөнерініңбітім-болмысылиризмге, эмоцияға, экспрессияғабейімекендігінескерсек ("Поэзия - эмоция, проза - сюжет"), Фарабидіңамфигенезискебергенбағасы - оның поэзия табиғатын тапбасыптанибілгендігініңайқынайғағыдеугеболады.Фарабидің өзі ескерткендей, ол жоғарыда келтірілгенгрек поэзиясы түрлерін осы түтас қалпында түпнүсқадан тауып, жалаң аударма жасап қана отырған жоқ. Зерттеушілердің анықтағанындай, "поэзия жанрларынбұлайша жіктеу Аристотель туындыларында кездеспейді"9Фараби бүл мәліметтерді "Аристотель, Темистий және басқа да философтар мен блардың еңбектеріне түсіндірме жазушылардың поэзия өнері жайлы пайымдау-пікірлерінен алғанын" айтады10. Мүның өзі көне грек поэзиясын талдап-түсіндірмес бұрын оны саралап, жіктеуде, көзқарастарды тиянақтап, түжырымдауда әл-Фарабидің қосқан үлесі елеулі екенін көрсетеді. Сөз болып отырған трактатта Фараби ақындар жайынаарнайы тоқталып, оларды үш топқа бөлуге болатынын айтады. Бірінші топтағылар - табиғи дарыны бар, өлеңді жазуға жәненақышына келтіріп оқуға, сөз ойнатуға бейім ақындар. Оларөлең өнерінің қағидаларымен жете таныс болмағанымен,тамаша табиғи талантының арқасында айтқысы келген ойын шебер жеткізе білетіндер. Екінші топқа поэзиязаңдылықтарымен жақсы таныс, көркемдік құралдардышебер қолдана білетін, бейнелі сөздер ойлап табуға бейім ақындар жатады. шінші топ - еліктеушілер. Өздерінің сөзқолданыстарында алғашқы екі топқа еліктегенімен, олардыңтабиғи дарыны да, өлең қағидаларынан хабары да жоқ, сондықтан жиі қателік жіберіп алады.
Фарабидің ақындарға берген анықтамаларысөз зергерлерінеқатысты қазіргі пайымдаулармен толық сәйкес келеді. Ол мүндай жіктеу үлгісінің өзінен бұрынғы ойшылдарда да кездесетінін айтады. Әдетте Фараби трактаттарының тілі күрделі болып келгенімен, ақындарды сипаттаған тұста ол жазылып, ширай түседі, жатық әрі шешен тілге айналады.
⁹Бурабаев М.С. Философия искусства Абу Насра аль-Фараби // Аль-
Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр. 42.
¹⁰Аль-Фараби. Трактат о канонах искусства поэзии // Трактаты о
музыке и поэзии. А., 1993, стр. 351.
161
Мұныңсебебіталданыпотырғанқұбылыстыңбелгілі
Бірәдебиетөкілдерінеғанаемес, баршахалықтарәдебиетінеортақекендігіндеболса керек.
Фараби ақындар шығармаларының ішкі жан сезімдерінен туындайтын табиғи шабытпен ғана емес, сыртқы себептердің салдарынан еріксіз, мәжбүрлі түрде де жазылуы мүмкін екендігіне назар аударады. Мұндай пайымдауларға сарайақындарының поэзиясы жеке шығармашылық түр ретіндеқалыптасып, жоғары дамыған (оған сұраныс та жоғары болған) ортағасырлық араб әдебиетінің ықпалы көбірек болған секілді. Бұл орайда автор атап көрсететін жанртүрлерінің (сатира мен мадақ) араб әдебиетінде терең тарихы бар. "Табиғатынан мадақ жазуға бейім ақындысатираға немесе мүлде басқа бір жанрға қалам тартуға мәжбүр ететін жағдайлар болуы мүмкін. Немесе белгілі бірпоэтикалық жанрды зерттеп-зерделеп, жетік меңгергенадамның өзі игермеген өзге жанрда қалам тартуға мәжбүр болуы ықтимал. Дегенмен ақынның табиғи дарынына сайерікті түрде жазылған поэзия ғана нағыз поэзия бола алады" деп жазады ұлы ойшыл11. Шығармашылық процесіндегікөп назар аударыла бермейтін нәзік түстарға мән беріп, ақындардың (жалпы шығармашылық иелерінің деуге де болады) табиғатынан белгілі бір жанрға бейім болатынын атап көрсетуі - Фарабидің шығармашылық психологиясын терең түйсіне білгендігінің айғағы. Аталған құбылысқа
казіргі әдеби талдауларда лайықты назар аударылмай келеді.Ал Фараби айтқан "нағыз поэзия еркіндікте ғана туады"деген тұжырым - қазіргі әлем әдебиетінің ұранына айналған ұғымдардың бірі.
Ақын шеберлігінің толысқан-толыспағандығының өлшемі етуге тұрарлық басты сипат ретінде Фараби өлеңдегі тақырып пен идеяның жеткізілу шеберлігін атайды. Парасаттызерттеуші Фараби идеяларды жақсы, жаман деп бөлмейді,керісінше оны қабылдаушы санасымен байланыстырып, идеялардың залалды, залалсыз болып өзгеріп тұруы адамның рухани сапалық деңгейінің жоғарылау-төмендеуіне тікелей байланысты деп біледі. Тақырып табиғатын ашатын ақыншеберлігі салыстырылатын заттар мен құбылыстардың өзараұқсастығы мен дәлдігі арқылы өлшенеді. Теңеу сөздерге талдау жасағанда Фараби олардың көркемдікдәрежесіне қарай жіктелетінін айта келіп, өзара ұқсас заттар арқылы ғана емес, бір-біріне мүлде ұқсамайтын заттар мен
¹¹Аль-Фараби. Трактат о канонах искусства ноэзии // Трактаты
музыке и поэзии. А., 1993, стр. 353.
162
құбылыстарарқылы да теңеулержасалатынын, олардыәсерліде иланымдыетебілуақынныңшеберлігінебайланыстыекенінатапкөрсетеді. Фарабидің "теңеу" үғымыныңаясындаоныментабиғатытуысбейнелеуқұралдары - ауыстыру,шендестіру, сипаттама (эпитет), параллелизмдергетәнсипаттарқамтылғанынаңғаруқиынемес.
Ғұламаның сергек санасы қалт жібермеген тағы бір құбылыс - ақындар мен суретшілер шығармашылығындағы өзара байланыстылық. Фараби олардың бейнелеу материалы түрліше болғанымен, шығармашылық мақсаты бір екендігін, поэзияның пайымдаулар (сөз) арқылы, ал живописьтің бояулар арқылы адамның сана-сезімінде еліктеулер (образ) тудыратынын пайымдайды. "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатын" аяқтай келе Фараби бүл қағидалардың ұсақ-түйегіне дейін үңіліп, таратып айтпау себебін өнердің белгілі бір түріне немесе аспектісіне ғана терең бойлап, соған маманданып, сонымен ғана шектеліп қалудан сақтануымен түсіндіреді. •Әл-Фарабидің поэтика мәселелерін талдаған екінші бір еңбегі - "Поэзия өнері туралы трактат". Еңбектің кіріспесіндеараб өлеңінің құрылысына тән ұйқас пен ырғақ, өлшемдер,образдылық, үйлесімділік мәселесі сөз болады. Фараби сондай-ақ әуен (музыка) мен өлеңді бөле-жармай бірге қарайтын халықтар мәдениетіндегі қос құбылыстың табиғатына тоқтала келіп, "өлеңді әуенмен айтушылар әуеннің ырғағын бүзып алудан қалай сақтанса, өлең өлшеміне нұқсан келтіруден де солай сақ болуы қажет" деген тұжырым жасайды12. Тек бүл трактатта ғана емес, музыка мәселелерін талдағанеңбектерінде де Фараби өлең мен әуеннің байланысына үнемі мән беріп отырады. "Әуен өлеңмен үйлескендеәлдеқайда әсерлі естіледі, мүндайда (өлең) сөз де мәнерлірек бола түседі" деп жазады ол13. Әуеннің поэзияның белгілібір түріне бейімделетіні, қолданылатын тілдің синтаксистікқұрылымына тәуелді болатыны, диалектикамен байланысты қос құбылыс - поэтика мен риториканың заңдылықтарына әуеннің де бағынатыны жайындағы ғалым тұжырымдары синкретті фольклор жанры басты роль атқарған, әуен мен өлеңнің ара-жігі ажырап болмаған ортағасырлық мәдениеттің болмыс-бітімімен тығыз байланыста туындаған. Фарабидің
¹²Аль-Фараби. Об искусстве поэзии // Трактаты о музыке и поэзии. А.,1993, стр. 359.
¹³Аль-Фараби. Трактат о музыке // Трактаты о музыке и поэзии. А…1993, стр. 328.163
163
теориялықтұжырымдарынаөзіжетікигерген грек, араб,парсы халықтарыныңшығармашылығығананегізболыпқойғанжоқ. Ғұламағалымныңдамығанақындықдәстүрі, сансалалыауызәдебиеті, ғасырларбойыүрдісіүзілмегенәуенәлемі бар түркіхалқыныңперзентіекенінұмытпауләзім.Бала шақтан көкейде жатталып, санаға сіңген ән мен жырдың әсері, бітім-болмысы, табиғаты, ерекшеліктері кемелденген ғалымның парасатты пайымдауларында көрініс таппауы мүмкін емес-ті. Белгілі ғалым Е.Түрсынов Фараби дәуіріндегітүркі халықтары мәдениетінде жүріп жатқан қым-қиғаш күрделі процестердің фольклор әлеміне де үлкен ықпалы болғанын, I мыңжылдықтың соңында айтыс жанрының көркем фольклордағы дербес түр ретінде қалыптаса бастағанын, түркілік руханиятқа тән құбылыс - сал-серілер шығармашылығының алғашқы өкілдері осы кезеңде тарих сахнасына шыққанын, ақын-жыраулар поэзиясымен тікелей байланысты дидактикалық поззия туындыларына тән стильдің қалыптасуы да осы дәуірге тұспа-түс келгенін атап көрсетеді14.Аталған мәселелерді зерделей қарасақ, Фарабидің теориялықтұжырымдарындағы тереңдіктің, байыптылықтың, жан- жақтылықтың, өз дәуіріндегі ешбір ғұлама шешуін таппаған толғақты мәселелердің мәнін аша білген кемел парасаттың түп-төркіні қайда жатқанын аңғарар едік. Сөз жоқ, Фарабиеңбектеріндегі салыстырулар, талдаулар, пайымдаулар ментұжырымдардағы ғалым өскен өлкедегі дана дәстүрлердің, кемел дүниетанымның ізін, әсер-ықпалын жіті зерттеу ортағасырлық түркі-араб өркениеттік байланыстарындағы бізге беймәлім талай құбылыстардың бетін ашар еді. "Әл-Фарабидің эстетикалық ойлау жүйесінің қалыптасуындаоның отандастарының теңдесі жоқ фольклоры мен түркілік бейнелеу жүйесі үлкен роль атқарғанына" қазіргі салиқалы зерттеушілер де күмән келтірмейді15.
"Поэзия өнері туралы трактатқа" қайта оралайық. Фараби ұғымында өлеңге қойылатын басты екі талап - өлшем жәнееліктеу (образдылық). Екеуінің бірі кем болса, өлең өлеңболудан қалады. Бірі артық болса да солай. Осы соңғықұбылысты да ғалым сарабдал сана елегінен өткізген: сөзмағынасына лайықты пішін қолданбай, образдылықтышектен тыс көп пайдаланған шешендердің риторикаданпоэтикаға, ал шешендік сөздерді көптеп қолданған
¹⁴Турсунов Е. Фольклор в эпоху аль-Фараби // Аль-Фараби и развитиенауки и культур стран Востока. А., 1974, стр. 100-101 .
¹⁵Бурабаев М.С. Философия искусства Абу Насра аль-Фараби // Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр. 8.
164
ақындардыңпоэтикаданриторикағаауытқитынынғалымайқынмысалдармендәлелдейді. Еліктеу (образ) тудырудыңіспенжәнесөзбенорындалатынекітүрібарынайтакеліп,Фараби соңғысынекігебөледі: 1: Заттардыңөзіарқылыелестету. 2.Заттарды өзгебірзатарқылыелестету. Алғашқыелестетутүріғылымианықтамаларғатәнболса, екіншісіғылымидәлелдемелерге тән16. Келтірілгентұжырымдыдәлелдеуде Фараби елестету мен еліктеутудырунәтижесіндетуындайтынкөптегенпсихологиялыққұбылыстардыталдапкөрсетіп, әдебиеттегі образ жасауәрекетініңтабиғаты менмән-мазмүнынашыпбереді. Трактаттың поэзия өнерінеарналғандығынақарамастанғалымтұжырымдары мендәлелдемелеріндетүрліғылымисалаларданалынғанмысалдаркөптепкездеседі. Табиғатыбөлекболғаныменқарастырылыпотырғанқұбылыспенжымдасабірігіп, белгісізқырларынтанытуғақызметететінмұндаймысалдардыңкөптігіғылым
мен өнерсалаларытолықжіктеліп, сараланып, дербестікалыпүлгермегендәуірғылымынатәнерекшеліктіғанаемес,энциклопедист-ғалымФарабидіңкеңауқымдыбіліктілікдеңгейін де танытады. Сондай-ақмүндадүниеқұбылыстарынбөліп-жармайтүтастықтақабылдайтын, түтастықтантаратып,
солтүтастықаясынақайтажинақтайтын, заманаларбойықалпынбұзбайкележатқанШығыстықдүниетанымкөрінісіде жоқемес.
"Ғылымдардың жіктелуі туралы трактатында" Фараби поэтиканың қарастыратын мәселелерін үшке бөліп көрсетеді: бірінші бөлім қарапайым және күрделі өлең өлшемдерін, буын мен бунақтың дыбыстық құрылымын, толымды және толымсыз өлшемдерді, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастырса, екінші бөлім әрбір өлшемге тән ұйқас түрлерін, үйқас құрамындағы дыбыс сандарының өзгеру ерекшеліктерін, толымды, толымсыз, моноримдік ұйқастар мәселесін қамтиды. Ал үшінші бөлім поэзияда ғана қолданып, прозада қолдануға болмайтын сөздерді зерттеп- зерделеуге арналған. Осы бөлімдердегі қамтылған мәселелерді Фараби поэтиканың тілтанумен үштасатын қыры ретінде бағалайды.
Әл-Фарабидің "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері" трактатында поэтикалық шығармалардың түрлері талданады. "Барлық поэтикалық туындылар кез келген бір затты (немесе құбылысты) санада айқын елестету үшін жазылады" деген кіріспе сөзінен ғалымның поэтикалық шығармадағы
¹⁶Аль-Фараби. Об искусстве поэзии // Трактаты о музыке и поэзии. А.,
1993, стр. 363.
165
образдылықмәселесінбіріншікезеккеқойыпотырғаныаңғарылады17. Фараби поэтикалықтуындылардыңалтытүрібар екенінайтакеліп, олардыңүшеуін - мақтауғатұрарлық,қалғанүшеуінқұптауғажатпайтынтүрдепбөледі. Алғашқыүштүрпарасаткүшінжетілдіру, санадабиікидеалдарқалыптастыру, адамныңруханисапалыққасиеттерінжақсарту, шектеншығуғабейіммінездерді тепе-теңдіккекелтіру, барлыққабілет-қасиеттердіізгііскебағыттаумақсатынақызмететеді. Ал құптауғажатпайтын поэзиятүрлерімақтаулытүрлергеқарама-қарсысезім мен әсертуғызады, тепе-теңдіктен, үйлесімненауытқуғасебепболады.
Барлықтүрлердіңөзінетәнәуеніболады, бұләуендержоғарыдааталғанпоэтикалықшығармалардыңтүрлерітәріздіжіктеледі.Ғалымның бұл түжырымдарынан көркем туындының, образ жасаудың барлық мән-мағынасы – діттелгендей эстетикалық әсер туғызу, сол арқылы тыңдаушының (немесе оқырманның) сана-сезімін серпілтіп, ізгі мақсатқа бұру, адам рухын жетілдіріп, кемелдендіруге қызмет ету деп есептейтіні аңғарылады. Әдебиеттің идеялық-эстетикалық ролін, қоғамөміріндегі маңызын шағын талдауда Фараби осылайша ашып көрсетеді. Ғылымның өзге де көптеген салаларымен қатарәдебиеттану мен поэтикада да терең талдаулар жасап, соқталы ой, сындарлы пікірлер қалдырған ғүламаның ғылыми тұжырымдары ғана емес, заманалар ауысса да құнын жоймайтын өзекті идеялары да оның шығармаларын оқып, тани білген ортағасырлық Шығыстың озық ойлы шығармашылық иелеріне зор ықпалын тигізді. "Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл- Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты болды және ұзаққа созылды… Түркі тіліндегі Махмұд Қашқаридің және ЖүсіпБаласағұнның шығармаларынан тамаша энциклопедист- ғалым әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді" деп жазады көрнекті философ А.Қасымжанов18. Шығыс Ренессансыортағасырлықәдебиетте философиялықойлардың кеңінен көрініс табуына шешуші әсер етті. Әдебиет әлемінде Фараби идеялары көркем шығармалардан көріністауып, халық арасына кеңінен тарап жатты. Көрнекті
¹⁷Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр. 376.
¹⁸Қасымжанов А., Әліпов А. Әл-Фараби // Қазақ. А., 1994. 115-б.
166
шығыстанушыБ.Ғафуров Фараби шығармаларындағытереңфилософиялықтұжырымдарды, кемелпарасатжайлыасқақойларды, "қайырымдыбилеуші" бейнесіндегібиікаңсар-мұратты Фирдоуси, Низами,ЖүсіпБаласағүн, Сағди, Хафиз,Жәми, Науаилардыңөзшығармаларындажаңғыртқанынайтакеліп: "Биікгуманистік идеал әзірбайжанақыныНизамидіңқаламынақуатберді. Арада ғасырларөткендеАбай оны өзіұстазтүтқан поэзия алыбыретіндебағалады.Ж.Баласағүнның "Құтты білік" поэмасы мен Ш.Руставелидің "Жолбарыс терісін жамылған батыры" бір мезгілде жазылды. Руставелидің саясат пен тұрмыс даналығын қатар қамтығаннасихаттары Жүсіптің абыройлы да бақытты тұрмысқа жолнүсқайтын ақыл-кеңестерімен үндес келеді" деп жазды19.
"Әл-Фараби және Абай" атты еңбегінде көрнекті ғалым А.Машанов Әл-Фарабидің дүниенің сегіз сипатын математикалық тұрғыдан дәлелдегенін жаза келіп, осы сегіз сипатты Абайдың адам бойынан іздеп, өзі тудырған өлең түрін "Сегізаяқ" деп атағаны жайлы ой айтады20. Айтылмыш тұжырымды негізге алған белгілі философ Т.БурбаевАбайдың аталған өлеңінде "дүние" үғымының сырын ашатын жолдардың барлығына назар аударып, осы ұғымның үлт менталитетіндегі қолданылу аясына, даму көріністеріне тоқталады21. Жалпы алғанда Фараби идеяларының бертінгі дәуір әдебиетіндегі іздерін зерттеу мәселесі - әзірге түрентимеген тың сала. Мұның өзі алдымен кейінгі дәуірлердегішығармашылық иелерінің Фараби еңбектерімен қалайжәне қай дәрежеде таныс болғанын анықтауды қажет етеді. Ғүлама мұрасын әдебиет әлемімен байланыстыра зерттеудіңперспективалық бағыттарының бірі - осы.
Фараби ғұламаның үшан-теңіз шығармашылығының елеулі бір бөлігін оның өлеңдері құрайды. Ғұламаныңақындығы жайлы алғашқы мәліметтерді ортағасырлықараб тарихшылары қалдырған. Фараби жайында жазылғанараб тіліндегі тарихи мәліметтердің едәуір бөлігін отандық ғылымға зерделі зерттеуші Ә.Дербісәлиев таныстырды. Араб жылнамашысы Ахмад ибн Халликан (1211-1282) өзестелігінде Фарабидің өмір жолы мен еңбектері туралы айта келіп, Имад ад-Дин әл-Исфаһани еңбегіне сілтеме жасай отырып, Фарабидің бірнеше жол бәйітін келтіреді. Екінші бірарабтық автор, атақты дәрігер Ибн Әби Усайбиға (1203-1270)
¹⁹Гафуров Б.Г. Аль-Фараби в истории культуры. М., 1975, стр.
²⁰Машанов А. Әл-Фараби жоне Абай. А., 1994. 192-б.
²¹Бурбаев Т. Ултменталитеті. Астана, 2001. 96-б.
167
төмендегіжыржолдарынФарабидыкідепкелтіреді:
Бәйітім менің кәдеңе сенің жараса,
Нұр сәуле одан тапқаның.
Ұға алмасаң ғақлия
қараңғыда мәңгілік
Көзінді жүмып жатқаның.
Қысырсөзбізге не керек
әбденмезіетсе де
Нәсіпболғандәмімді
әлі де татыпкелемін…22
Әдебиетшіғалым Аббас Махмуд әл-АккадтыңФарабиани" аттыеңбегіндемынадаймәліметкелтіріледі:"Сайф ад-Дауланыңсарайынажиналғандаңғойлар менақындараптаныңәркүніәдемі, әуезді, бұлбұлдыбаққабарып, мүшәйрағатүсетін. Әбу Насыр әл-Фараби де оғанжиіқатысатын. Ол өзгелердейемес, Сайф ад- дауланыңөзіменкеліпәкімніңжанынаотыратын. Білімпазәмірші…әл-Фарабидіңфилософиялықтұжырымдарын да, өлеңдерінде қаттыұнататын, сүйсінетыңдайтын. Мүндайсанаткерліксынға араб-парсы ақындарыныңсайыпқырандарығанақатыса алатын"23. Ортағасырлық араб поэзиясыныңкөрнектіөкіліӘбуФирас ( 932-968 ) өзініңақындосына: "Поэзия -дөңгеленген алтын түйе, оның басы - ӘбунасырМүхамедке,өркеші - ӘбуНуасқа, иығы - Омар ибн Рабиаға, кеудесіӘбуТаммамғатиді, қалғаны - ішек-қарын, оны екеумізбөлісіпотырмыз" депжазған екен24. Р.Хадоят, М.Аббас, А.Атеш,X.Данышман, Декхудосекілдібертіндегі араб, парсы, түрікавторларыныңеңбегінде де Фараби өлеңдеріжайлыбіршамамәліметтерберілген.
Қазақ оқырманына Фараби өлеңдерінің шағын бөлігі ақын А.Нысаналиннің көркем аудармасымен белгілі болса, жекелеген шумақтары көрнекті ғалымдар Н.Келімбетов, Ә.Дербісәлиевтердің жолма-жол аудармасы және A.Машановтың еркін аудармасы арқылы таныстырылды.
Фарабидің біздің игілігімізге айналған шағын шығармашылығын саралар болсақ, ғұлама ғалымның ой мен сезімді қатар үстай білген парасатты ақын да болғанын аңғарамыз. Фараби жырларында бірде нәзік сезім, бірде
²²Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995. 32-б.
²³Сонда, 18-б.
²⁴Көбесов А. Әбу Насыр әл-Фараби. А., 2004. 106-б.
168
байсалды ой басым келсе, енді бірде екеуі қатар түсіп, тоғысып жатады:
Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не біржүйрікболдырыпжараудеген,
Шаршадым мен, қанатымталдыменің
Шаңытжолғасарылыпқарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан көп неткен ақымағың,
Құм секілді тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір түтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі25.
Фараби өлеңдерінде насихат сарыны байқалады. Оның дидактикасы сезімсіз, сөлсіз жалаң үгіт емес, өршіл рухты, тұнық ойлы, белгілі бір дәрежеде лиризмге де бейім, адамның жан сезіміне қозғау сала отырып, еріксіз иілтетін салиқалы сыр:
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Қағаздың түсіп бетіне
Сызықтай бейне тартылған,
Тап болып жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне
Қайыспайтұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріпкетеміз
Жүректіңотынмолында.
Арманды аңсапөтеміз
Бізұлымұрат жолында26
²⁵Нысаналин А. Өлеңөнерініңқағидаларытуралы трактат. Өлеңдер
//Қыраубаева А. Ежелгідәуірәдебиеті. А., 1991. 84-б.
²⁶Нысаналин А. Өлеңөнерініңқағидаларытуралы трактат. Өлеңдер //
Қыраубаева А. Ежелгідәуірәдебиеті. А., 1991. 84-б.
169
Фараби шумақтарынқазақтіліндекөркемкөсілткенA.Нысаналинаудармаларынәзіксезім мен сұлусырға толы.Көркем аудармаға түпнұсқадан туындайтын эстетикалық әсерді жеткізу басты шарт. Аудармашы сол әсерді сақтайбілген. Ал түпнүсқадағы ой мен сезім, көркемдік әдіс, бейнелеу құралдары, шеберлік деңгейі секілді мәселелерді пайымдау үшін араб (ішінара парсы) тіліндегі мәтіндермен жұмыс жүргізген жөн. Арабтың айтулы сөз зергерлеріұстаз тұтып, араб поэзиясының көшбасшысы санаған Фараби өлеңдері бұл тұрғыдан зерттелер болса, шағын шығармашылықтан әдебиетімізге қомақты үлес қосылары анық.
Әдебиеттанушы ғалымдар Фараби өлеңдерінің жолма- жол аудармасын да келтіріп жүр. Шығарма иесінің шынайысезімін, ой-толғамын, мәнер-машығын дәл беруде жолма- жол аударманың маңызы зор. Н.Келімбетовтің аудармасындатүпнұсқадағы тағылымды ой мен түнық сезім шарпуы көрініс тапқан:
…Адамдар әлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба?
Бірретсамалсоқса-ақбәріміз
Мынаөмірденүшты-күйліжоғалыпкетеміз бе?
…Түккетүрғысызатақ-даңққаталасып,
Қашанғадейінбір-біріміздіазаптайбереміз?
Одангөрікөктәңірісінежалбарынып,
Өліп-ақкеткенімізжақсыемес пе?127
H.Келімбетовтіңбертіндегібасылымдарғасілтемежасайотырып (анықкөрсетілмеген), Фарабидің парсы тіліндегінұсқадантранскрипциялап, мағыналықаудармасыменбірге ұсынғанөлеңдерініңбіріндежалқышумаққаФарабидіңсаналығұмырыныңсоңғытүйіні, өмірлік ұстанымының мән-мағынасы,ақын-жүректің арман-дерті түгелсыйғызылғандай:
Әсрариуәжуд хам уанапухтәбиманд,
Уангауһарибәсшәрифнасуфтәбиманд.
Хәркәсбәдәлилиақилчизийгуфтәәд,
Ан нүктәкиәсілбүднагуфтәбиманд.
Мазмұны:
"Барлық ой-пікірлерімшикікүйінде,
²⁷Келімбетов Н. Қазақәдебиетібастаулары. А.,1998. 142-б.
170
түйінделмей, пісіп-жетілмейқалыпбарады. Бұлқымбатгауһарөңделмегенкүйінде, кәдемізгежаратылмайқалаберді.Жүрек сыры жайында әркім өз ақыл-парасаты жеткенінше бірдеңе айтқан болады. Әйтсе де айтылуға тиіс ең басты пікір айтылмай, нүкте қойылмай қалып барады. "28
Ғұламаның ақындық бағыты жайынан аудармалардың да аңғартары көп. Фараби өлеңдерінен айқын көрініс тапқан тағы бір ерекшелік - олардың сопылық поэзия сарынымен жазылғандығы. Ортағасырлық ислам ойшылдарының дүниетанымында сопылық таным-түсініктің маңызды орын алғаны белгілі. Айта кету керек, Фараби дүниетанымының сопылыққа қатысы жөніндегі зерттеушілер пікірі бір арнаға түсе қойған жоқ. Тәжікстандық зерттеуші А.Мухамедходжаев "Әл-Фараби және суфизм" атты мақаласында: "Фараби сопылардың тәңірлік бастамамен бірігуге негізделген ілімін қолдамайды. Танымдағы парасаттың ролін төмен бағалайтын сопыларға қарама-қарсы Фараби логика мен рационализмді жоғары қояды" деп жазады23. Бұған керісінше А.Баширов
(Баку)ағылшын-американшығыстанушыларыныңбасым бөлігін құрайтын буржуазия философтарының (Э.И.Розенталь, Р.Вальцер, Д.М.Данлоп, Г.М.Викет, А.Арберри, т.б.) Фараби "мистицизміне" баса мән беріп, оны бірыңғай сопылық үстаным жақтаушысы, материализмге қарсы пікірдегі ойшыл ретінде сипаттайтынын атап көрсетеді3". Француз философы Де Ласи Олеари Фараби ілімін жаңаплатондық пен сопылықтың синтезі рстінде бағаласа, түрік философы Ж.Сунар Фарабиді сопылыққа жаңаплатондықтың әсерімен философиялық форма берген тұңғыш философ деп санайды. Соңғы екі пікірді салғастыра келе дінтанушы-философ Д.Кенжетай: "Біздің ойымызша, Фараби сопылыққа философиялық форма берген сопы ретінде емес, керісінше философияға мистикалық-сопылық мән беру арқылы түтастыққа ұмтылған ойшыл ретінде көрінеді " деген тұжырым жасайды31.
Фарабидің ғылыми еңбектеріндегі ой-пікірін, әдіс-тәсілін, бағыт-бағдарын зерделеу арқылы қалыптасқан пікірлер
²⁸Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 1998. 141-б
²⁹Мухамедходжаев А. Аль-Фараби и суфизм. // Аль-Фараби и развитиенауки и культурстран Востока. А., 1974, стр. 33.
³⁰Баширов А. Отношение аль-Фараби к суфизму в освещении англо-
американских востоковедов // Аль-Фараби и развитие науки и культур стран
Востока. А., 1974, стр. 102.
³¹Кенжетай Д. Қожа Ахмет Йасауидүниетанымы. Түркістап, 2004. 150-б.
171
легі осы тектес. Ал ғұламаныңөмірсалтыжөнінендереккелтіргенортағасырлық араб тарихшысы Ибн Сайд әл-Кифти (1167-1248) ФарабидіңСайф ад-Дауласарайынанкеткеннен - кейін"тікелейсопылықөмірдіңжолынатүскенінжазады. Ғұламаныңәдебимұрасынсопылықпенбайланыстырушыларғакелсек, Ибн ӘбиУсайбиғаөзікелтіріпөткенжоғарыдағыбәйітжөнінде: "Әл-Фарабидің осы біршумағыоныңөзөлеңдерінсопылық поэзия үлгісіменжазғандығынкөрсетеді" депжазады. Фараби өлеңдерінсопылық поэзия өлшемдеріменталдарболсақ, бүлпікірлердіңнегізсіземестігінекөзжеткіземіз.
Жайнағанбейнебіргүләлем сыры,
Құбылғанмөлдірнәзікгауһарнүры.
Даналарталайнысантаққанымен
Тапқанжоқтектертегінәлібірі.
Ей, қарындас! Қашыңдар жалған жолдан,
Ақиқатты шығарма әсте қолдан.
Бүл дүние мекенің сыйға берген,
Жер-нүктеге телміріп болма алаң.
Біз бір мейман бүл жайда аз-ақ күндік,
Болымсызға таласып күн өткіздік.
Анталасып, аптықпа тар қапасқа,
Адамға әлем мекен ол мәңгілік…
(Аударған А.Машанов)
Осы шумақтардағы "әлем", "сыр", "гауһар", "нүр", "ақиқат", "дүние" секілді ұғымдар дағдылы поэзияда да, күнделікті қолданысымызда да бар болғанымен, сопылық поэзияда әлдеқайда терең мағынаға ие болып, терминдік қалыпқа түскен, бір-бірімен ажырағысыз байланыстағы тұрақты қолданыстар болып табылады. "Әлем" – сопыларүшін Алланың барлығы мен бірлігін көрсететін белгі, дәлел. "Сыр" - әулиелерден басқалар сезіне алмайтын сопылық сезім-танымдар. "Гауһар (жауһар)" - Тәңірлік жауһар, субстанция. Адам жаны сол тәңірлік жауһардан берілген.
"Нұр" - әлемнің Жаратушысы, бастауы да, ақыры да жоқ ұлық Алланың нұры. "Хақиқат" - сопылық ілімнің өзегі, таңдаулыларға берілетін ілім, ал түпкі ақиқат – Жаратушының озі. "Дүние (жер)" - адам рухының кемелдік табуы үшін
¹²Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995. 28-б.
¹³Осы жерге дейінгі сопылық терминдер анықтамалары Д.Кенжетайдыңжоғарыда аталған еңбегінен алынды.
172
тәнге енгізіліп, уақытша жіберілген мекені. Мәңгілік мекен - шын дүние, Хақ қасындағы әлем. Тектер тегін табу - әлемнің әрі себепшісі, әрі шындығы, бар болмыстың бастауы, ақиқаттардың ақиқаты - Жаратушыны тануға, табуға, онымен тұтастыққа жетуге ұмтылу. "Тектер тегін табу, жаратылыстың түп қазығын білуге ұмтылу – философияның негізгі нысанасы"34 десек, аталмыш ұғымдарды поэзияда қолдануда таза сопылық таным ғана емес, Фарабидің өзіндік философиялық толғаныстары да көрініс тауып отырғаны анық. Танылған әрбір құбылыстың танымда із қалдырары сөзсіз. Дегенмен басты мәселе өлеңге өзек болған мазмүнның біртұтас сопылық сарынды құрайтындығында болып отыр. Хақ нұрына шомылған құпиясы мол әлемде, рухтың кемелденуі үшін сый етіп берілген жер-дүниеде алдамшы қызықтарға алаңдамай, ақырғы ақиқатты көздеп, рухтың асыл мұраты - Алланы тану, Алланы табу үшін, мәңгілік өмірге мәңгілік мәнді тауып аттану үшін әр демнің қадірін біліп, әр мезетті ізденіске толтыру - Фараби жырларының айтпағы…
…Мүндай ессіз дәуірді көрсемші,
Қоғамдардан да қызық кетті.
Әр бастықтың бойында көңілсіздік,
Әрбір баста бас ауруы бар.
Менің бәйіттерім қалың жүрттың кәдесіне жарады,
Одан нағыз қанағат табасыз.
Өзім тапқан шарапты әлі ішудемін
Меніңеңжақсыдемалысым да осында, олсәулесияқты.
Бұлшарапқаөкінішжоқ.
Бұл шарап шыныларындадемалыс (та) жоқ.
Адамдардың (қысыр) әңгімелеріәбденмезіеттімені
Сонда да бәрібіроларды (шарапты) ішіп тастадым.35
(Жолма-жолаударма, Ә.Дербісәлиев)
Осы шумақтардағыжалқыұғым - "шарап" сөзіненазараударайық. Жан-дүниені, тәнді, рухты бар болмыстытазарту, өзін-өзітану, түсіну, нәпсінітәрбиелеу, рухтыжетілдіру, осы сатылардыөткережүріп, ынта-ықыластыңбәрінбірғанамақсатқа- Жаратушыиенітануғабағыттау- сопылықілімніңөзегі. Өзін-өзітануадамболмысының
³⁴Сүйіншәлиев Х. Ғасырларпоэзиясы. А., 1987. 68-б.
³⁵Дербісәлиев Ә. Әл-Фараби эстетикасы. А., 1980. 49-б.
173
он сегізмыңғаламментұтастайүйлесімділігін, осы біртұтасәлемніңЖаратушысыныңбарлығы мен бірлігін, жаратылғанәлем мен адамныңұлыЖаратушыныңхикметі, сипатыболыптабылатынын, адамрухыныңЖаратушы Алла рухыныңбірбөлшегіекендігінтануғанегізболады. Осынауүлыүйлесімділікті - Алла мен адамбірлігін бар болмысымен,рухыменсезіну, ақылменемес, жанменсезінуадамбойындабұрын-соңдытанылмағанерекшесезім - хәлтуғызады. Осыжоғарыкернеулі экстазхәліндегікүйдісопылармастықхәлменшендестіреді. Оны символикалықтүрде "уахдат(болмыстыңбірлігі) шарабынан" мас болу депсипаттайды."Шарап" образы - сопылар поэзиясында жиі қолданылып, сан түрлі сипатқа, терең мағынаға ие болған түрақты образдардың бірі. Сопылық хәлге - экстаз күйіне оқыту,үйрету арқылы емес, жан сезімі арқылы, ауыр да азапты жеке тәжірибе арқылы қол жеткізіледі. Жоғарыдағы өлеңдеФарабидің өзгелер жасаған емес, "өзім тапқан шараптыішудемін" деуінің мәні осында. "Менің ең жақсы демалысымосында, ол сәуле сияқты" - Алланың - ақиқаттың шын сәулесін, нұрын сезіну, өткінші тіршіліктің барлық қам- қайғысын ұмытып, рахат күйге бөлену "уахдат шарабынан" мас болған экстаз хәлінде ғана мүмкін болады. "Бүл шарапқаөкініш жоқ" - дүниенің шарабы ақылдан адастырса, "уахдатшарабы" ақиқатқа үластырады. "Бұл шарап шыныларындадемалыс та жоқ", өйткені экстаз халіндегі адам одан айығуды тілемейді де, керісінше рухани тәжірибесін жетілдіре түсіп, бір сәттік хәлді тұрақты мақамға ұластыруға тырысады. *Адамдардың (қысыр) әңгімелері әбден мезі етті мені, сонда да бәрібір оларды (шарапты) ішіп тастадым" - "қал (теория)" ілімін ұстанған шариғатшылар "хәл (тәжірибе)" ілімін көздеген тариқатшылардың (сопылар) ілімін, олардың хәл-күйін түсіне бермеген, Тәңірлік болмыспен бірігу олар үшін ақылға сыйымсыз, шариғатқа қайшы үғым болып саналған. Шариғатшылардың құрғақ насихаты мезі етсе де,"хәлден" қайтып, "қалға" көшпек жоқ. Фараби өлеңі осынымеңзейді…
Фараби поэзиясын жүгірте шолып шыққанның өзіндеоның түтастай сопылық мазмүнмен көмкерілгені байқалады.Аударма жасау барысында сопылық поэзияға тән жекелегенұғымдардың басқа баламалармен берілуі де мүмкін екендігін ескерсек, мазмүндық ерекшелікті ашуда түпнүсқаға талдау жасау анағұрлым жемісті болар еді.
Сопылық поэзияның басты көркемдік әдістері - тұспалдаумен бейнелілік. Қалыпты ұғымдарға сия бермейтін ерекше
174
хәлді бастан кешіріп, әлемді сезім арқылы қабылдайтынсопылар сол сезімдерді өз дәрежесінде жеткізу үшінерекше әсер туғызатын қолданыстарды іздейді. Сол әсерліқолданыстар арқылы өзінің мистикалық тәжірибесін ғана емес, философиялық тұжырымдарын да бере біледі. Поэзиядан тыс сопылар қалдырған әдебиет үлгілері болмыстың бірлігі жайлы философиялық ойлар мен аллегориялық образдарға толы мысал әңгімелер болып келеді. Фарабидің поэтикаға қатысты ғылымми еңбектерінде образдылықты бірінші орынға қоюына белгілі бір дәрежеде сопылық поэзияның да ықпалы болды деп тұжырымдауға негіз бар. Көрнекті ғалым И.М.Фильштинский ақыл-парасатқа ғана емес, бай қиялға да негізделген философиялық-аллегориялық лирика арқылы көзқарас-пікірлерін жеткізген ортағасырлық ойшылдар қатарында әл-Фарабиді де атайды36.
Әл-Фарабидің әдеби мүрасы туралы ойларды қорыта келгенде мәдениеттанушы-тарихшы Н.Нұртазинаның: "Діннен, мұсылман факторынан алыстатылып, жасанды түрде дүнияуи сипат таңылған бабаларымыздың мүрасы ұлт мәдениеті туралы толық ақиқатты жеткізбей, үрпақ санасына үзақ уақыт зор нұқсан келтіріп келе жатыр. Мәдениеттанушылар, әдебиетшілер, тарихшылар, философтар осы бағытта көп ізденулері керек" деген пікірінің әлі де құнын жоймағанын пайымдаймыз37. Сондай-ақ белгіліәдебиет зерттеушісі Н.Төреқұловтың әдеби жұмыстардыңбір түрі - аударма екенін айта келіп, Фарабидің аударма еңбектерін оның әдеби мұрасымен байланыстыратын тұжырымы да негізсіз емес.
Әлемдік мәдениет пен ғылымда терең із қалдырған дана ғалым, сирек талант иесі Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларда да өз көрінісін тапты. Тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырып,шығармашылық қиялмен көмкеріп, оқырманға ой саларлық образдар туындатқан жазушы Д.Досжановтың "Фараби" повесі (1967ж.), драматург Ш.Құсайыновтың "Әбу Насырәл-Фараби" пьесасы (1972ж),ақындар Ө.Түрманжанов,М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, М.Шаханов туындылары,Ж.Қыдыровтың "Фараби тригонометриясы" (1972ж) мен I.Есенберлиннің "Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби" атты поэмалары, жазушы Ә.Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы"
³⁶Фильштинский И.М. История арабской литературы. М., 1991,стр. 324.
³⁷НұртазинаН. Қазақмәдениетіжәне ислам. А., 2002. 28-б.
³⁸Турекулов Н. Литературное наследие аль-Фараби. А., 1981, стр. 8.
175
романы қазақоқырманыныңтарихижадына, қазақәдебиетінің алтын қорынақазынаболыпқосылды. ФарабибейнесініңсөзөнеріндегітұтасгалереясынжасақтағанаталмыштуындылархақындакөрнектіғалымР.Бердібайарнаулымақалажазып, салиқалыбағасын берсе, А.Түсіпова,C.Ананьевасындыотандықзерттеушілер де осы тақырыптөңірегінде ой өрбітіп, қалам тартты39.
Ұлы ойшыл бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған мақаламызды қорыта келе айтарымыз: Мәдени жаңару процесі жүріп жатқан қазіргі кезеңде "өркениеттер арақатынасында төңкеріс болып, Шығыстың өркениеттің алтын бесігі, Европа қайта өрлеуінің негізі болғандығы мойындалып, Әл- Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, Ибн Рушдтардың европа философиясына қосқан үлесі баса көрсетілгенімен"4 Фараби еңбектерінің әлі де ашылмаған қырлары көп. Мұның бір бөлігіне жоғарыдағы талдаулар дәлел. Бұл біздің есімін мақтан тұтар даңқты жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби жайлы зерттеулер арнасының ортаймайтындығының айғағы.
³⁹Караңыз: БердибайР.Образ аль-Фараби в художественной литературе//
Аль-Фараби и развитие науки и культур стран Востока. А., 1974, стр. 84-
86. Тусупова А.К. Образы аль-Фараби и исторических личностей в прозе
A.Алимжанова // Наследие аль-Фараби и мировая культура. А., 2001,
стр. 463-469 . Ананьева С.В. Путь учителя - путь к людям (Аль-Фараби в
литературе Казахстана) // Наследие аль-Фараби и мировая культура. А.,
2001, стр. 456-462 .
⁴⁰Айталы А. Ұлттану. А., 2000, 81-б.
176
Достарыңызбен бөлісу: |