СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ
Қарахандықтар тұсындағы жазба әдебиеттің белді өкілдерінің бірі - Сүлеймен Бақырғани. Ол - түркі даласына сопылық ілімді алғаш үгіттеген әрі осы жолда жаңа бағыт салған Құл Қожа Ахмет Иасауидің белді шәкірттерінің бірі. Ұстазына рухани жағынан байланған ақын иасауия тариқатын берік ұстап, осы силсиланы жыр-жолдарымен үгіттеп отырған. Бақырғанидың осы салада жазған бірнеше даналық сөздері мен "Ақыр заман кітабы", "Миғражнама", "Бибі Мариям" сынды дастандары біздің заманымызға дейін жеткен. Арада бірнеше ғасырлар өтсе де ақын мүрасы кейінгі ұрпақ тарапынан бірнеше рет көшіріліп, атадан балаға жеткізіліп отырған. XIX ғасырға дейін осындай құймақұлақтар мен хұснихатшылардың негізінде жеткен оның хикметтері Қазан қаласында бірнеше рет басылған.
Бақырғанидың "Ақыр заман кітабы" алғаш рет Қазан университетінен 1846 жылы жарық көрсе, содан кейін түркі тілдерінде ұзын саны он алты рет баспа бетін көрген1. Сүлеймен Бақырғани Арал теңізіне таяу, Қарақалпақстан жеріндегі Қоңырат қаласының үстірт жағындағы Темір жазығында туылып, 1186 жылы Хорезм аймағында дүниеден өткен. Ақынның қай жылы дүниеге келгені туралы анық мәлімет жоқ.
Сүлеймен Бақырғани өз заманында "Хәкім Ата" лақабымен атанымал болған. Қазаннан шыққан кітаптарының кейбірі "Хәкім ата кітабы" болып жазылса, кейде "Бақырған кітабы" деп те беріледі. Ақын өзі туралы хикметтерінің соңында бұл жолдарды жазған "Құл Сүлеймен сөйледі, Сырын халықтан іздеді" деп, "Қүл Сүлеймен" деген қолтаңба қалдырса, кейбір даналық сөздерінде "Хәкім Сүлеймен құл-дур, сатып жесін дәруіштер" деп "Хәкім Сүлеймен" екендігін айтады.
Ақынның атымен қосарлана жүретін "Хәкім" лақабының сырын Әлішер Науаидің еңбектерінде кездеседі. Оның "Нәсаимулмухаббат" деген кітабында Бақырғани туралы аз-кем мәліметтер берілген. Оның "Насаимул мухаббат мин шамаимулфутууат" ("Ұлылық қош иістерін таратушы махаббат жолдары") деген еңбегі 1496 жылы жазылған. Науаидің осы еңбегінде Сүлеймен Бақырғанидың неліктен "Хәкім" аталғандығы былай берілген: "Хәкім ата – аты Сүлеймен. Қожа Ахмет Иасауидің мүриді. Бір күні Қожа тамақ пісіруге әмір бергенінде, аспаз отын жетпейді депті. Ол шәкірттеріне отын әкеліңдер деп жүмсағанда, жаңбыр жауып кетіпті. Шәкірттер отын теріп келгенінше жауынға малынып су болыпты. Хәкім ата терген отындарын тонына орап, құрғақ етіп әкеліпті. Қожа хазірет сонда: "Ей, перзент, хәкімдік іс қылдың", -депті. Содан бастап, бүл лақап оған телініпті. Хәкім атаға содан хикмет тілі беріліпті"2.
Сонымен бірге, Бақырғанидың Хәкім лақабына қатысты осыған ұқсас тағы бір аңыз бар. Бір риуаятта даладан отын теріп келу оқиғасы Қызырдың Иасауиге қонақ болуымен байланыстырылады. Сүлейменнің тапқырлығына сүйсінген Қызыр оған "Бұдан былай лақабың "Хәкім" болсын, үнсіз жүрме, жақсылықты үгітте" деп батасын беріпті. Содан бастап, Сүлеймен хикметтер шығара бастапты.
Жоғарыдағы деректерде Бақырғанидың "Хәкім" лақабы отын теру оқиғасымен байланыстырылған. Расында, оның хикметтерінің ішінен осы мәндес жолдарды кездестіруге болады:
Ескі-үсқынбөркім бар, сарық-сасық көркім бар,
Шайхым отынға айтса, бармасқа не еркім бар.
Тоным отынға орап, танам туыққатерлаб,
Ышқыдан махаббат іздеп, Қызыр Ілиас атам бар3,-
Бақырғани есімімен қатар жүретін "Ата" сөзі сопылық дүниетаныммен байланысты. Қазақтың діни дүниетанымында Қошқар ата, Ибрахим ата, Исмаиыл ата секілді әулиелерге "ата" сөзін қолдануында өзіндік мәні бар. Себебі, тариқатқа кірген мүридті ақиқатқа жетелеуші үстаз арабша "шайх", парсыша "пір" деп аталады. Бұл сөздердің тікелей тәржімасы кәрі, жасы келіп қалған адам деген мағына береді. "Ата" сопылық дүниетанымда "шайх" пен "пирдің" орнын басатын, ақиқатқа жетелеуші рухани ұстаз. Парсы тілінде жазылған "Санглах" атты түсіндірме сөздікте бүған мынадай анықтама берген: "Ата" - сөзінің үш түрлі мағынасы бар.
Бірінші, әкені айтады, екінші, сопылық және захидтік жолдағы машайықтың ерекше атауы, үшінші, "атау" сөзінің бұйрық райы"4 Осыдан Сүлеймен Бақырғанидың есімімен қосарлана айтылатын "Ата" сөзінен оның өз заманының белді рухани ұстазы болғанын пайымдаймыз. Жоғарыдағы парсы сөздігінде келтірілген "захид" термині де, сопылық дүнистанымдағы ақиқатты іздеуші адамға қарата айтылады.
Тариқат жолында үстаз бен шәкірттің, пір мен мүридтің арасында толық түсінік пайда болмайынша, Хақты іздеуші ақиқатқа жете алмайды. Осы жағынан алғанда Бақырғани ұстазының қасиетті дұғасын алып, оның белді ізбасарына айналған. Пір мен мүридтің арасындағы рухани байланыс Сүлеймен Хәкімнің он бес жасынан бастау алғандығы кейбір деректерде айтылады. Кәмелетке жаңа толған Бақырғани медресеге қатынағанында басқа балаларға ұқсап Құранды иығына аспастан, екі алақанымен көтеріп барып, сабақ аяқталған соң үйіне келгенше артына бұрылып қарамайды екен.
Бір күні мешіт қасында отырған Ахмет Иасауи бүл жағдайды көріп, таң қалыпты. Содан бастап, Түркістанның пірі Сүлейменге Құран оқыту үшін қасына алыпты. Он бес жастан оған мүрид болыпты. Ұстаз тәрбиесіне қанық шәкірт Иасауиді дәріптеп жыр-жолдарына қосып отырған. Сұбхан Ізім өзі-дүр, ол Мустафа бұйырды, Бабам Арслан текурди, шайхым Ахмет Яссауи. Мустафаныңхырқасын киді, жеді лұқмасын, Түтти Қағба халқасын, шайхым Ахмет Яссауи3, деген Бақырғани өзінің пірін дәріптеп мақтайды. Ахмет Иасауидің Хақ тағаланың құдіретімен әулиелікке жеткенін, Мұхаммед пайғамбардың құрмасын аманат ретінде Арыстан бабтың алып келгенін, соның нәтижесінде Түркістан пірінің "ләдун" ілімін меңгергенін айтады. Алла тағала әулиелікті кез-келген пендеге сыйлай бермейді. Ал, Иасауи – асыл текті.
Асыл ерур ханадан, білмес оны көп надан,
Білер оны Хақ йаздан, шайхым Ахмет Яссауи.
Ысхақ баба жұрыны, шайх Ибрахим құлыны,
Машаихтарұлұғы, шайхым Ахмет Яссауи5, -
деп Иасауидің түп негізін санамалап өтіп, оның асыл тектілерден екендігін, оны көп надандардың білмейтіндігін айтады. Иасы суымен сусындаған үстазы уақытында қаршыға, сұңқар, лашын үстағанын да алға тартады. Оның атақ-даңқы мұсылмандар тұрмақ, айнала төңіректегі християн, яһуди дін өкілдерінің арасына да тарағанын, он сегіз мың әлемде танымал болғанын Бақырғани мақтан түтады.
"Бабтардың бабы Хорасан, сансыз туман ндістан, Бабалар басы Арыстандардың" ізін жалғастырушы Иасауи екендігіне назар аударады. Иасауи Қызырмен сұхбаттас, Ілияспен сыйлас болғандықтан да, оның беделі күллі түркі даласына тарағанын айтады. Ұстазын қатты дәріптеген Сүлеймен хикметінің соңында "Түркістанға баралық, қызметінде болалық" деп, барша жұртты оның шәкірті болуға үндейді.
Сүлеймен Бақырғанидың шығармаларында да Қожа Ахмет Иасауидің хикметтеріндегідей о дүниенің азабынан шошу, қияметтің қаһарынан қорқу секілді діни сенімдер басты назарға алынған. "Болса қияметтің күні, сүраса Құдай онда менен, "Қылған амалдарың қане?" Білмеймін, хәлім не болар",- деп жырлаған ақын Алла дидарын көру үшін күні түні Хақтың зікірінде болу керектігін "Құл Сүлеймен білдің бұл күн, қыл ғибадат түні күн" деген жолдармен берген. Оның ойынша, Жаратқанның дидарын көру - кез-келген пенденің маңдайына жазбаған. Ақын Хақ жамалына ынтықтарды таң сәріде тұрып құлшылық жасауға, Оның атын бірнеше рет қайталап зікір салуға шақырады.
Бақырғанидың түсінігінше, күн шықпай тұрып өтелген құлшылық - амалдардың ең абзалы. Сол кезде жасалған ғибадатты "Балдан тәтті дәмі" деп ерекше суреттеген. Көңілде егер қиямет күніне деген қауіп-қатер болса, оның шипасы таң сәрідегі мінәжатта екені баса айтылады. Ерте тұрған адам "тұрғанға болар рахат, ашылар дәулет сағадатқа" оңай кенеледі. Fашық өзінің сүйіктісінің дидарын көруді қаласа, ерте тұруды әдетке айналдыруы керек. Сонда ғана, пенде мақсатына жетеді. Парсы ақыны Аттардың:
Ей, дел, әгәрошиқи дәр пей-е делдор бош,
Бәр дәр-е дел рузошәбмунтазир-е йор бош?.
яғни:
Ей, жүрек, егер ғашық болсан,
бүкіл жүректердің иесіне ынтық бол,
Күндіз түні көз ілмей, жүрегіңнің есігін ашып,
Оны күтумен бол- деп жырлағанындай, Бақырғани да Хаққа ынтықтарды басқа жұрт ұйықтап жатқанда, көз ілместен құлшылық жасауға шақырады.
Сүлеймен ата Алланың азабынан қаншалықты қорықса, Оның мейірімінен де соншалықты үміткер. Ол жатса – тұрса Жаратқанның "Рахман атты мейірімінен үмітін үзбейді". Бақырғани - "Қаһһар атты ғазабынан қорқып, Тәңірге сыйынушы". Өзін алдамшы бұл дүниеде "Жолбасшысыз қалған керуенге, Із жоғалтқан қолбасшыға" теңейді. Бірақ, Алла әрқашанда, шын көңілмен ғибадат еткендерге мейірімді. "Кешір мендей азғанды, жолға салғың жазғанды, мендей жолсыз кезгенді, жолға салғын Тәңірім", - деп үздіксіз мінәжат етеді. Осы уақытқа дейін адасып, теріс жолда жүрген ақын өмір бойына істеген істеріне өкінеді. Күнәлардың кешірушісі, тек, Жаратушы екенін айта келіп, ақын:
Момын құлдар еңірейді Хақ жадыны қояр ма,
Күні-түн Раббы санасын айтып әркез тояр ма?8
деп, Алла атын көп айтқандар дозақ отына күймейтінін жеткізеді. Оған мысал ретінде, "Намруд оты Халилге, ешуақытта, зиян болмады", - деп Құрандағы Ибрахим пайғамбар мен Намруд патша оқиғасына сілтеме жасайды. Бақырғани "Алла деген пенделер, дозақтың ішінде күйер ме?" -деп сұрақ қояды да, артынша өзі "Алла деген пенделер тамүқ ішінде күймегей", - деп қайта жауап беріп отырады. Егер "Дәруіш Алла демесе, дүниені тәрк етпесе, Жолға қадам қоймаса" - Жаратқанның алтын тәжін кие алмайды дейді ақын. Хәкім ата хикметтерінде айшықтаудың арнау түрін жиі қолданып отырған. Оқырманға әсерлі әрі түсінікті болу үшін ақын өз ойын сұрақ-жауап түрінде береді:
Алла демес жандарға сондай жандар үйар ма?
Дәруіш Алла демесе, дүниесін қоймаса,
Жолға қадам баспаса, хілует тәжін киер ме?
Сүлтан берген хілуетін еш кім сана алмады,
Сүбхан иман хілуетін беріп қайта алар ма?
Асхабы Кахф итін Хақ Тағала қоймады,
Алла деген құлын ешқашан үмітсіз қойар ма?
Қул Сулаймен еңіреп айтар Алла зікірін,
Шын хақиқат ғашықтар Хақ зікірін қойар ма?9.
Мұнда ақын барша жұртқа қарата сұрақ қойып, жарлай арнап түр. Сүрағанда да, пенденің санасында оратылып, шешімі шешілуге тиіс жағдайды ақын өз шығармасында ашып бергісі келеді. Оның осы жерлері батыр Махамбеттің жыр жолдарындай, аса бір шабытпен туғандай көрінеді.
Орай да борай қар жауса,
Қалынға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда,
Қаптама киген тоңар ма?!0
Дауылпаз ақын бұл өлендерінде адамның сыртқы күштермен арпалысын білдіргісі келсе, сопы шайыр пенденің ішкі дүниесі, өз нәпсімен күресті басты назарда үстаған.
Десек те, екі ақынның халыққа жарлай әрі зарлай арнап, олардың көкейіне шешімді ой тастағысы келетіні анық. Шығармаларында жарлай, зарлай арнауға көп орын берген ақын сүрақ-жауап түрінде жазылған өлеңдерін жетілдіре келе, нәпсі мен рухтың айтысын дүниеге әкелген. Көптеген жинақтарда Иасауи қаламына тиесілі болып жүрген жәннат пен дозақтың айтысында әр екі жол сайын қарсы жаққа сөз беріліп отырса, Бақырғанидың шығармасында сөз жарыстырушылардың ойы шумақпен жеткізілген:
Нәпсім айтар, бұ бес күндік тірілікте,
Бұ дүниеде бақ пен бостан етейін дер.
Ол бостандарға салну-салну кіріп ап,
Текма жазда түрлі мәуе татайын дер.
Рухым айтар, шариғаттың ілімін біліп,
Ілім бірла тариқаттың жолын біліп.
Сахар уақтында оянуды әдет қылып,
Он бес жастан қалмай намаз өтейін дер11.
Мұнда Бақырғани нәпсіні алдамшы өмірдің құлы ретінде суреттейді. Оның қалағаны - ішіп-жеу. Тамаша бақшаларға кіріп сауық-сайран салу. Нәпсінің бұл істеріне тоқтау салатын адамның жаны. Сопылық ілімге ден қойған ақынның бар арманы - тариқатты бекем үстау екені белгілі. Бақырғани басқа бір хикметінде "Әркім тілесе дидар, ғашық болып жүрер зар, Жадын айтар ол ояу, сахар уақыты болғанда", деп ертеңгілік құлшылықты үгіттеген болса, оның сол ойы осы айтыста да көрініс береді.
Ақынның ойынша, шамадан тыс тамақтану рухты әлсіретіп, шайтани нәпсіге күш береді. Ал, рух Алланың зікірімен рахаттанады. Сондықтан да, Жаратқанға күндіз- түні құлшылық жасаған адам рухани байып, жаман ойлардан біртіндеп айрылады дейді ақын. Сүлеймен Бақырғани "Нафсимайтур, қатанкигилйаилиқинда, Тулки, қарсақ, ачуқкигилқишлиқиңда", деген жолдарда қысқы киімдер қатарына түлкі мен қарсақтың терісінен жасалған ішікті жатқызады. Осылайша, ақын хикметтерінде түркі халықтарының атын атап қана қоймай, олардың салт- дәстүрлерінен де аз-кем мәлімет береді. Жырда намаз бен зекет ерекше дәріптеледі. Намаздың қараңғы көрді жарық қылып, мәңгі жанып тұратыны баса айтылады. Ол "Сәжде қылып, басыңды қой михрабқа", - деп мүридтерін осы ғибадатқа шақырады. Сонымен бірге, ақын барар жерің тар лахад, жол сапар қашық, сондықтан азық жинап ал дейді.
Оның азық деп отырғаны - зекет. Бақырғани: "Малыңнан зекет бергің, бүгін мұнда, Қияметте берер саған ертең онда", деп садақа беруге шақырады. Ақынның айтыс жанрына құрылған шығармаларының қатарында рух пен Ібілстің тартысы бар. Оның бұл хикметі рух пен нәпсі айтысына қарағанда ерекше жазылған. Мұнда әр екі жол сайын "мен айтармын мазалла" деген сөз кезекпен қайталанып отырады.
Шығармада жан: "Алла, Алла", - деп құлшылық етсем, содан рахат табармын" десе, Ібіліс оған қарсы шығып, оның ғибадат етуіне наразылық білдіреді. Жан бір сөз айтып болмай тұрып, артынша Ібілістің тез жауап қайтаруынан, әзәзілдің адам баласына өте жақын жүретіндігін ақын өте әдемі жеткізген.
Ислам әлемінде Құранның ішінде аты аталып, өңі түстелген Ібіліс хақында бірнеше еңбектер дүниеге келген. Соның бірі - Ибн Жузидің "ТалбисуИблис" (Ібілістің айлакерлігі) деген шығармасы. Қазақ әдебиетінде Шәді Жәңгірұлы осы еңбектің негізінде "Барсиса" атты дастан жазып шыққан.
Дастанда діндар Барсиса ертелі-кеш құлшылық жасайды. Шайтанның азғырғанына да назар аудармайды. Алайда, Ібіліс оның осал жерін тауып, оған адам емдеу жолын үйретеді де, бір бойжеткенді талма ауруына душар етеді. Қыздың ата- анасы оны емдету үшін Барсисаның алдына алып келеді. Діндар оны емдей бастайды. Ақыр соңында, онымен ойнастық жасап, қызды өлтіреді. Барсисаны жазаламақ болып дар басына алып келгенде, Ібіліс пайда болып: "Егер маған сйынсаң, мен сені өлімнен сақтап қаламын", - деп азғырады. Діндар оның арбауына түсіп, оған сиынады. Жоғарыдағы "ТәлбисуИблис" деген еңбекте бұл аңыздың негізін "Хашыр" сүресінің 16-шы аятымен байланыстырады.
Онда: "Олар шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: "Қарсы бол" деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: "Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын" деген еді", - делінген.
Шәді Жәңгірұлы шығармасының соңында:
Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың,
Зәредей пайда болмай қалды кетіп.
Осындай айла қылып шайтан лағын,
Ойлайды азғырмақтың қайғы-қамын.
Шайтанның алдауына кірмеңіздер,
Хәлінен ғибрат алып Барсисаның.
Әзәзіл бұл күнде де көп азғырар,
Әр түрлі ой ойлатып иғуа қылар12,-
деп, Бақырғани секілді Ібілістен сақтану керектігін айтады.
Бір күн мінер ол жаназа атлық атты,
Сол атқа мінбей қалған бар ма?13 деп жырлаған ақын өлімді ағаш атқа теңеген. Оған бұған дейін мінбеген, бұдан кейін мінбейтін кім бар? Ол көлікке пенденің бәрі мінеді дейді Бақырғани. Сондай-ақ, Сүлеймен хәкім тәуекелге бел байлауды өткір қылышпен салыстырған. "Тәуекел қылышын желкеге асып, нәпсі хауаның басын шапқым келеді", - дейді ол. Сопылық жолдың негізгі баспалдақтарынан саналатын шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқатты ақын үлкен базарға теңейді. Сол сауда орталығына өзінің де кіргенін, дүкендерді аралап қажет заттарды оңай тапқанын баяндайды. Ол: "Ол базарда туканларибирирадат, Мәуесі мағрифатбирласухбат, Даллалииғтиқадбирлақизмат", - деп дүкен сатушыларының айтқан әрбір сөзі өсиет әрі сауданы шын ықыластарымен жасайтынын айтып, тариқаттың рахатын дәріптейді. Әр баспалдақтың базарына кіру үшін ондағы шарттарды жетік білу қажет:
Шариғат базарында тахсыл керек,
Тариқат базарында тақсыр керек,
Хақиқат базарында асыр керек,
Әлем жылап Хақ асырын білсе болмас14.
Ақын өз заманының жыршысы ғана емес, сонымен бірге, сыншысы. Өзінің өмір сүрген дәуірі хақында ол:
Достарымыз, заманымыз жабық келді,
Тарса, жаһұд, бедин, кәпір елге толды.
Білдім енді, осы жаһан ахир болды,
Келің достар, Хаққа құлдық қыла көрің'5,-
деп жырлап, заман мен қоғамның бұзылғанын айтып, Аллаға жалбарынады. Имансыз ортаны көрген Бақырғани: "Енді білдім ақыр заман жақын қалды", - деп түйеді. Және бір жерінде "Келің достар, бұ дүние өтті ақыр болды", - деп қиямет күнінің таяу қалғанын жеткізеді. Мүндай масқарадан Жунайд Бағдади, Зуннун Мисри секілді Аллаға ғашық құлдар ғана құтылатынын айтады.
Бақырғани шығармаларында зар заман ақындарындай зарлау, өкіну, өшігу басым түсіп жатады. Бірақ, XII-XШII ғғ. халықтың зарлауына терістік пен батыстан елге төніп келе жатқан жау себеп болса, сопы шайырдың зарлауы оған ұқсамайды. Ол бұл заманның бұзылғанын, қиямет күнінің жақындағанын, тамұқтың азабының күштілігін айтып жырлайды. Оның жан айқайынан күнәлі пенделердің жүргендігі, ертеңгі күні имансыздардың тамүққа отын болатыны хақындағы мұңды шерді аңғаруға болады. Ақын тыным таппай, бұл олқылықтың орнын толтыратын Алладан күш-қуат, медет сүрайды. Жаратқанына мінажат етеді, жалынады һәм жалбарынады. Ертелі-кеш Аллаға құлшылық етіп, дұға жасайды.
Қазақ әдебиетінде зар заман поэзиясын зерттеген Б.Омарұлының: "Отаршылдық кезеңде айқын көрінген зар заман ағымының бастау көздері ескі дәуірлерден басталады. Ежелгі әдебиет нұсқаларының өзінде жаугершілік пен шапқыншылықтан, зорлық пен зомбылықтан қажып- қалжыраған халықтың көңіл-күйі нақты көрініс тапқан. Баста тұрған дәуренді өткен өмірмен салыстырып, қамығып- қайғыру сарындары, пәле-жаланың бәрін ақызрамандық қауіп-қатерге телитін түсінік келе-келе бір арнаға тоғысып, ортақ ағымды қалыптастырды", - деп жазғанындай16, зарлау үрдісі ежелден-ақ, бастау алған болатын.
Әрине, Бақырғанидың заманның ащы шындығынтайтып зарлауына үстазының үлкен әсері де болған. Иасауи хикметтерінде қоғамның бұзылып, азып-тозып бара жатқанын жиі айтып отырған.
Әулиелер айтқан уәде келді болғай,
Қияметтің күні жақын болды достар.
Халық, елден мейір-махаббат кетті достар.
Ұлы-кіші жарандардан әдеп кетті,
Қыз бен нәзік жастардан ұят кетті.
Мұсылман мұсылмады қылды қатыл,
Нахақтүтүп Хақ істерін қылды батыл…
Ғажап шулы замандар болды достар!,-
деп жырлаған ақын өмір сүрген ортасының хәлінен мол мәлімет берген. Осындай қоғамдық ауруларды ашып берген Иасауи: "Ақыр заман ғалымдары залым болды, Қошаметті айтушылар ғалым болды", - деп, ғалымдардың да бұзылғандығын қатты сынаған. Таза ғалым жоқ жерде жандайшаптардың алға шығып, оқымысты болатындығын ақын ашына отырып жеткізген.
Сүлеймен хәкім хикметтерінің ішінде хикаялы, діни қиссаға құрылған жыр-жолдары да кездеседі. Ақын бұл шығармалардың сюжеті мен кейіпкерлерін қасиетті Құраннан, пайғамбарлар өмір тарихы хақында жазылған "Сияр" кітаптарынын алған. Бақырғани Алла елшілері туралы қызықты хикаяттар келтірген. Қарапайым халықтың біле бермейтін тұстарын ол өлең сөзбен жеткізіп отырған. Оның қаламынан туған шығармалардың ішінде ең тартымды жазылғандарының бірі - "Мәриям" атты дастан.
Мұндағы негізгі кейіпкер - Иса пайғамбар. "Таһа" сүресінің 16-35-ші аяттарында Алланың бұл елшісі туралы біраз мәліметтер берілген. Онда Мәриямның болашақ пайғамбар - Исаны қалай дүниеге әкелгендігі, әрі ол баланы қауымының қалай қабылдағаны жан-жақты сөз болған. "(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.Сонда олардың бер жағынан шымылдық үстап қойған едік.
Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде кездесті. (Мәриям): "Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сыйынамын" деді" ("Таһа", 16-19 аяттар). Қасиетті кітапта Алла Мұхаммед пайғамбарға Мәриям оқиғасын "Уәзкур" яғни "айтып бер" деп ерекшетапсырма берген. Бақырғани шығарманы жазбастан бұрын осы жағына баса назар аударған. Ақын Құрандағы жағдайды толық баяндап қана қоймастан, сонымен бірге өз жанынан қосып, дастанды жетілдіріп отырған. Шығармада негізінен, Исаның анасы Мәриямды жоғалтуы сөз болады. Дастанда Исаға төрт кітаптың бірі - Інжілдің түскендігі, оның пайғамбарлардың сардары, әулиелердің ұрпағы болғандығы ерекше суреттелген. Оның өте діндар болып, тәркідүниелікке барғандығы, соның арқасында күндіз ораза ұстап, түнде ұйықтамастан намаз оқығандығы да шығармада берілген. Ақын Исаның Алла берген кереметінің арқасында ауруларды емдегенін мына жолдармен жеткізген:
Қай елге ол кірсе,
Тума көзсізді көрсе,
Тұрып дұғалар қылса,
Көзді болар ерді-иә18.
Осындай қасиеттерге ие болған пайғамбар құлшылық ету үшін Ливан тауына шығып кетеді. Алла елшісінің бұл жағдайын көрген барша жан-жануарлар оны көруге келеді. Ақын:
Ініндегі жыландар,
Жапандағы киіктер,
Ауадағы құс-құрттар,
Барша сәлемге келді-иә,19-
деп, Исаның алдына көктегі ұшқан құс, жердегі жыбырлаған жыланға дейін келіп, оған сәлем бергенін айтады. Бір күні ол анасынан сұранып бір қазаға кетеді. Сол мезетте Жаратушының пәрменімен көктен Әзірейіл түсіп Мәриямның жанын алмақшы болады.
"Қайдан келдің сен?" деді,
Тәнім жаулақ қорықты-иә.
«Сүйектерім шаншиды,
Жүректерім тітірейді,
Әзіз жаным қиналар,
Атың кім?" деб сұрады-иә20
Ақын шығармада Әзірейілдің кескін-келбетін (портретін) ерекше суреттемесе де, оның бейнесін Мәриямның қорыққан түрі арқылы беруге тырысқан. Жаналғыш періштені көрген уақытта Мәриямның бүкіл денесі тітіреп, сүйектері сықырлап, жүрегі қысылып, шыбын жаны өзін қоярға жер таппайды.
Адам санасында қорқынышты кейіпте бейнеленетін Әзірейіл Бақырғани дастанында да сол қалпында суреттелген. Уақыты келген адамның жанын сол мезетте алып үйренген періште Мәриямның "тоқтай тұр, балам келсін, онымен қоштасып алайын" дегеніне де көнбестен:
Айтар ондай пәрмен жоқ,
Жан аламын білгің ұқ,
Жауап мұндай берді-иә…
Байдан қаржы алмаймын,
Ерге күш қылмаймын,
Жан алармын деді-иә,21 -
деп, байды бай демей, батырды батыр деместен жанын бірден алатынын айтады. Осындай соңғы қадамға барған Әзірейіл Мәриямның айтқанына көнбестен баласы келгенше рухын алып үлгереді. Алғашқыда ұлы анасын үйықтап жатыр деп ойлайды. Көңілінде жаман ой жоқ Иса пайғамбар анасының намазға түрмай жатқанына таң қалады. Қанша күтсе де "Ол күні Мәриям түрмады". Бірақ, үмітсіз шайтан. Пайғамбар "Таң атқанша, анасыны күтті-иә". Сол мезетте көктен анаң дүниеден өткен деген дауыс келеді. Мүндай суық хабарды естіген Иса оның өліміне қайғырады. Пайғамбарды дүниеге әкелген ана дүниеден озғанда баласы түрмақ, барша жаратылыс онымен бірге аза тұтады. Көктегі Аршы-күрсі, Лаухы қалам, сондай-ақ, барша періштелер де оны жоқтайды.
Сол кездегі пайғамбардың жағдайын суреттеген ақын оның ішкі-сезімін, көңіл-күйін Ливан тауының қозғалғанына теңеген. Шығармасын осындай қайғылы жағдаймен аяқтаған ақын өз ойын: "Бұл дүниеге қызықпа, малға көңіл қойма, Алланың құлшылығын үзбе", - деп түйіндеген.
Образ - өнер мен әдебиеттің өзіне тән бір категориясы. Автор шығармада жекелеген бейнелерді алып, оларға өзінше жан бітіреді. Образды ақын не жазушы белгілі бір оқиғадан немесе өткен тарихтан алуы мүмкін. Осы түрғыдан алғанда Бақырғани кейіпкерлерінің бәрі дерлік діни қисса-дастандарға негізделген. Шығыстың танымал ғалымдары мен классик шайырларының басым бөлігі Құранда кездесетін образдар мен сюжеттерді кеңінен зерттегені белгілі. Бұл хақында орыс шығыстанушысы Б.Я.Шидфар "Образная система арабской классической литературы (I--ХIIвв.)" атты кітабында арнайы тоқталып өткен22
Сүлеймен Бақырғани образ бен сюжетті таңдауда Құран аяттарының ішіндегі ең қайғылы әрі аянышты жерлерін таңдап алады. Оның қасиетті Меккені алғаш тұрғызған әкелі-балалы Ибрахим мен Исмайыл хақында шығарма жазуы осыған дәлел. Барша діни қиссалар мен пайғамбарлар тарихына арналған жинақтарда бұл оқиға қызықты әрі тартымды етіп баяндалған. Құрандағы "Саффат" сүресінің 83-113 аяттарында Алланың Ибрахимды қалай сынағаны айтылған. Онда: "Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер. Оны өте мүлайым бір ұлмен қуанттық. Ұлы (Исмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?" -деді.
Ол: "Әй, әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді. Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстінен жатқызады Біз оған: "Әй, Ыбырайым!" - деп дыбыстадық: "Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік). Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді. Оны ірі құрбандыққа ауыстырдық",- деп баяндалған.
Құранның ішінде қысқа берілген оқиғаны Бақырғани өзіне дейін жеткен деректермен толықтырып, әсірелеп көркемдеген. Тіпті, шығарманың кейбір жерлерінде ақынның шабытқа берілгенін де аңғару қиын емес.
Сөзімді есіт, ей, момын, кетер дуние заңғары,
Исмаилдың қысасы жанға сапа келд-иә.
Қылды Аббас риуаят Мұстапаныңләбзінен,
Сахабалар есітіп, көзде жастар шашты-иә23.
Ақынның ең негізгі шығармаларының бірі – пайғамбардың көкке үшқанын суреттейтін "Миғражнама". Мұхаммедтің көкте болғаны, оның осы сапардан діннің негізгі құлшылығы -намазды алып келгені діни кітаптарда көп айтылған.
Қасиетті Құранның "Исра" сүресінде: "Құлын (Мұхаммед Ғ.С.ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк", - деген Миғраж оқиғасына қатысты аят бар. Шығыстың бірнеше ақындары осы тақырыпта қалам тербеген. Солардың қатарында, ШайхулламӘкбарабадтың "НәдирулМиғраж", Мәуләна Мунидиннің "Мағарижуннубууах", Әбдірахман бин Жунейд УаизШиразидың "Миғраж", Қожа Ахмет Бағдадидің "Хайратулинсан" атты парсы тіліндегі еңбектері бар. Сондай-ақ, Ахмет Иасауи, БурхануддинРабғұзи, Әлішер Науаи, Софы Аллайар секілді түркі ақындарының шығармаларында көтерілген Миғраж оқиғасы XIX ғасыр әдебиетінде жиі көрініс берді.
Осы тақырыпқа барған ақындар негізінен, үш мәселені қозғайды. Бұл Миғраж оқиғасының үш бөлігі:
Бірінші саты, Исра деп аталады. Мұхаммедтің бір түн ішінде Жебірейіл және пырақтың (желдей тез ұшатын ат сияқты бір махлүқ) көмегімен Мекке шаһарынан Құдыстағы Сүлеймен салдыртқан Мешіт Ақсаға баруы, онда екі ракағат намаз оқуы, әрі жол-жөнекей бірнеше қызықты жағдайларға кезігуі, бұрынғы өткен пайғамбарлармен сұхбаттас болып, одан ары көкке қарай жол тартуы;23
Екінші саты - Миғраж. Онда Мұхаммедтің Ақса мешітінен ғарышқа ұшуы. Яғни, алами сағирдан (кіші әлемнен) алами кәбирге (үлкен әлемге) баруы. Жолда бірнеше таңғажайып оқиғаларға тап болып, Мұса, Ибрахим, Сүлеймен, Иса секілді Алла елшілері мен періштелерді кездестіріп, олармен сұхбаттас болуы. Жетінші көкте Сидратул Мунтахаға жеткенде өзімен бірге бара жатқан Жебірейіл мен пырақтың сыртта қалуы, кейбір қабаттарда ғажайып періштелердің мойнында серуендеуі. Одан соң, Аршы Күрсі, Лаухы Қалам және Ләмәкән әлемі, "қаба қаусейн", "ау адна" мақамдарына жетуі, Алла дидарын көріп, онымен сұхбаттас болуы, қайтып келе жатып жәннат пен дозақтың мән-маңызын, жағдайын аңғаруы. Ондағы рахат пен азабтың айырмашылығын сезінуі, үмметінің күнәсін кешіруді Алладан сұрауы, бірнеше ғажайып махлұқтар мен сырлы дүниелерге қанық болуы;үшшінші саты Нузул деп аталып, Мұхаммедтің жолда келе жатып және бірнеше оқиғаларды көруі, содан өз үйіне қайта келуі баяндалады. Кейбір деректерде пайғамбардың көктен келгенінде жатқан орны әлі суымағаны, ашып кеткен есігі әлі қозғалып, дәрет алған суы әлі шайқалып түрғаны сөз болады.
Миғраж оқиғасының негізгі түзілімі осы үш сатыдан тұрады. Сүлеймен Бақырғанида да осы жағдайлар сөз болады. Ақын пырақ атты өте жақсы суреттеген:
Расул шығып келді, бақды пырақты көрді,
Хақ кереметін көріп, таң ғажайып қалды-иә.
Жүзін нұрдан жаратмыш, көзі гаухарданерміш,
Еріндері лағылдан, тісі дүрден ерді-иә.
Басы оның інжуден, құлақтары ақықтан,
Дудағ оның зебержед, тісі маржан ерді-иә.
Ушасы шын жақүттан, суңгаклари зүмірет,
Еті оның запыран, іші анбар ерді-иә.
Түгі оның жүпардан, жал-құйрығы райханнан,
Аяқтары гаухаардан, сым-алтун ерді-иә.
Аттан еді үлкенірек, түйеден де кішірек,
Әр бір басқан қадамы, бір жылдық ерді-иә.
Қызыл жақұттан егар, жүзі кісіге ыстық,
Пырақ Расулды көрген соң, жүгініп сәлім берді-иә2.
24 Бақырған кітабы. Қазан: Кәримовтар баспаханасы,
Ақын пырақты бастан-аяқ осылай суреттеп шыққан. Оның жүзі нүрдан, көзі гәуһардан, ерні лағылдан, басы інжуден, құлақтары ақықтан, тісі маржаннан, қанаттары жақұттан, сүйектері зуміреттен, еті мен іші жұпар иістен жаралған. Бақырғани одан әрі оның түгін жұпардан, жал-құйрығын райханнан, аяқтарын гауһардан, тағасын алтыннан суреттейді. Пырақтың бойы аттан үлкендеу, түйеден кішілеу екенін айтады. Тіпті, оның үстіндегі ерні қызыл жақұттан деп суреттейді. Жәннатта мұндай пырақтың жүз мыңнан астам түрі барын айтады. Онымен ғарышқа үшып бара жатқан Мұхаммедтің оң жағында Жебірейіл, сол жағында Микәил, алдында Исрафил, артында Әзірейіл бірге еріп жүреді. Жолда бара жатып пайғамбар шөлдейді. Сонда оған төрт ыдыспен сусын алып келеді.
Бірі оның қамыр еді, бірі оның әнгубан,
Бірі оның ұрың сүт, тәтті-шекер ерді-иә25.
Алдына алып келген сусындардың Алла елшісі соңғы екеуін ішеді. Арақ пен шарапқа назар да салмайды. Содан соң, алдына төрт түрлі киім береді. Төрт түн келді Расулға сары, жасыл, қызыл, ақ, Сары, қызылды алмады, жасыл, ақты алды-иә26. Мұхаммед сары мен қызылға қызықпастан, жасыл мен ақ түсті тонды алады. Пайғамбар пырақпен жеті қат көкке қарай ұшады. Әр қабатта әртүрлі қызықты оқиғаларды көреді. Аршы Күрсіден, Сидрадан өтіп Уфқ мақамына жетеді. Осы түстан Жебірейіл періште сыртта қалады. Алланың алдына барған Мұхаммед үмметінің күнәсін кешіруді сұрайды. Дүғасы қабыл болады. Бақырғани жеті тозақты әдемі суреттеген:
Сол қолына бұрылды, жеті тамұқты көрді,
Әр бірі күркіреп толқын ұрса, оты шашырар ерді-иә.
Әр бір тамұқ ішінде періштелерді көрді,
Оттан күрзілер алып, жандырылар ерді-иә.
Қара еді жүздері, шағыр еді көздері,
Жарым оның тәндері, қардан суық ерді-иә.
Бұл тақырыпқа орайлас зерттеулердің бірқатарын түркімен,қарақалпақ ғалымдарының еңбектерінен кездестіреміз!"Қорқыт ата кітабының" ғылыми басылымын, басқа тілдергеаудармасын жүзеге асыруда да бай тәжірибе қалыптасты,эпостың аудармалары және мәтіндері Лондонда, Белградта,Вильнюсте, Бакуде, Москвада, Анкарада, Стамбулда,Ватиканда, Тегеранда, Прагада Цюрихте т.б. қалаларда¹жарық көрді.Бұл ескерткіштің қазақ тілінде де бірнешеаудармалары бар!
Достарыңызбен бөлісу: |