Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу



бет1/9
Дата19.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#148012
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.10.2015 10:00:06
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығы

(2015.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидалары бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру қағидаларының 2-тармағының 11), 20) тармақшаларын, 3-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларын, 14-тармағының екінші абзацын, 15-тармағының үшінші абзацын, 27, 28, 29, 30-тармақтарын қоспағанда, оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

 

 

Т. Дүйсенова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 27 сәуір

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

2015 жылғы ___ ___________

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 17 сәуірдегі

236 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау,

мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:



1) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам;

2) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;

3) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші - Заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;

5) әлеуметтік төлемдер - әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

6) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;

7) әлеуметтік төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдары, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

8) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;

9) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - жұмыспен қамту орталығы) - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;

10) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы (бұдан әрі - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы) - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;

2-тармақтың 11) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



11) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі;

12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;

13) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі-әлеуметтік аударымдар түскен айлардың жалпы саны;

14) Орталықтың бөлімшелері - Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;

15) Орталықтың филиалдары - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;

16) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

17) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

18) істің электрондық макеті (бұдан әрі - ІЭМ) - Орталық қалыптастыратын әлеуметтік төлем алушы ісінің электрондық макеті;

19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

2-тармақтың 20) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



20) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

 

 

2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға жүгіну тәртібі



 

3. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басты куәландыратын құжатпен және осы Қағидаларға 1-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:



1) Орталыққа - әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (жүгінген сәтте жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде);

асыраушысынан айырылған жағдайда;

жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда;

2) ХҚО-ға - әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (жүгінген сәтте жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде);

асыраушысынан айырылған жағдайда;

жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

3-тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



3) МӘС бөлімшесіне - еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін;

4) жұмыспен қамту орталығына - жұмыссыз ретінде тіркелген кезде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін;

5) портал арқылы - әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда.

4. Әлеуметтік төлемді тағайындау өтініштің (оның ішінде электрондық) және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:



жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін);

сондай-ақ:

1) асыраушысынан айырылған жағдайда:

асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп танылғаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы шешімі;

қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктері;

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы мүшелерi күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);



асырап алғанын растайтын құжат (қажет болған кезде);

2) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда:

жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан берілетін анықтама (анықтамалар);

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша - нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

3) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда:

баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда).

Бұл ретте, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеу бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеу бойынша неке қию туралы куәлік талап етілмейді.

5. Осы Қағидалардың 4-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа өтінішке мынадай мәліметтер қоса беріледі:



1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын:

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы;

дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға дара кәсіпкер жүгінген кезде);

балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы;

2) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынатын:

еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу туралы;

асыраушысынан айырылған жағдайда - куәландыру жүргiзу және мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда);

жұмысынан айырылған жағдайда - жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркегені туралы.

Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) көшірмесі;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы мәліметтер.

6. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Нотариат туралы заң) белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін құжаттарды қабылдайтын маман салыстырып тексереді. Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады.

7. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнiң үлесiне құқығы бар адам өтінішпен және осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне жүгінеді.

8. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде:



жұмыс орнынан әлеуметтік қатер басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтамада (анықтамаларда) көрсетілген, аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтамада көрсетілген, нақты келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомаларына сәйкес келмеген немесе толық сәйкес келмеген жағдайда Орталық бөлімшесі ай сайынғы табыстар бойынша анықталған айырмашылықтарды жұмыс берушіден нақтылау үшін ұсынылған құжаттарды әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген өтініш білдірушіге қайтарады;

ұйым таратылған жағдайда жұмыс орнын, жалақының (табыстың) және әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын, мұрағат ісінің нөмірін, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолымен куәландырылған оның беттерін көрсете отырып, мұрағат анықтамасы ұсынылады. Мұрағат деректері болмаған кезде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік төлемге құқығы басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы әлеуметтік аударымдардың сомалары сот тәртібімен белгіленеді.

9. Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдардың беруі Нотариат туралы заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар адамның нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

10. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары береді.

Түзеу мекемесiндегі әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамға әлеуметтік төлем өтiнiштің және түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлiмшесiне оның әкiмшiлiгi ұсынатын құжаттардың негiзiнде тағайындалады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет