Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


VI. Қызметкерлердің сауықтыру білім беру ұйымдарындағы, жазғы саяжайларға шығатын білім беру ұйымдарындағы және (немесе) сол жерде немесе басқа жерде



бет28/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

VI. Қызметкерлердің сауықтыру білім беру ұйымдарындағы, жазғы саяжайларға шығатын білім беру ұйымдарындағы және (немесе) сол жерде немесе басқа жерде
жазғы демалысты ұйымдастыратын, сондай-ақ туристік жорықтарды, экскурсияларды, экспедицияларды, саяхаттарды жүргізу кезіндегі
жұмыс уақытының режимі

6.1.Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келмейтін мерзімде кемінде бір айға, каникулдық мерзімде жалпы білім беру және басқа да білім беру ұйымдарының базасында сол жерде құрылған балалардың күндіз болатын сауықтыру лагерьлеріне және басқа да сауықтыру білім беру ұйымдарына тартылатын педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі, осы Ереженің IV бөлімінде көзделген тәртіпте анықталады.


6.2.Педагог қызметкерлерді, олардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникулдық мерзімде сауықтыру лагерьлеріне жұмысқа және басқа жердегі сауықтыру білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ұзақ жорықтардың (сол күні қайтып келмейтін), экспедициялардың, экскурсиялардың, басқа жерге саяхаттардың жетекшісі ретінде тартуға, тек қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі.
Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі олардың орындайтын жұмысын ескере отырып белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс кестелерімен, ұжымдық шартпен анықталады.


VII. Білім беру ұйымының жеке педагог қызметкерлерінің жұмыс уақытын реттеу

7.1. 36-сағаттық жұмыс аптасы шегіндегі педагог-психологтардың жұмыс уақытының режимі білім беру мекемесінің ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен:


- оқу процесінің қатысушыларымен олардың жұмыс уақытының кемінде жарты апталық ұзақтығының шегінде, жеке және топтық кеңес беру жұмыстарын орындауды;

- жеке және топтық кеңес беру жұмыстарына дайындалуды, алынған нәтижелерді л8өңдеуді, талдауды және қорытуды, есеп беру құжаттамаларын толтыруды, сондай-ақ өздерінің біліктіліктерін арттыруды ескере отырып реттеледі.


Педагог-психологтың аталған жұмысты орындауы тікелей білім беру мекемесінде, сондай-ақ қызметкердің қалауы бойынша одан тыс жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
7.2. Жұмыс уақытының режимі педагог қызметкерлердің лауазымдары бойынша белгіленген жұмыс уақытының жалпы ұзақтығына негізделіп анықталады:
Колледж директоры – аптасына 40 сағат
Директордың орынбасары – аптасына 40 сағат
Барлық мамандық мұғалімдері – нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат)
Бөлім меңгерушісі – аптасына 40 сағат.
Қосымша білім беру педагогы - нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат)
Педагог-ұйымдастырушы– аптасына 36 сағат
Педагог-психолог – аптасына 36 сағат
Әлеуметтік педагог – аптасына 36 сағат





5 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет