Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


Лауазымдық айлыққа үстеме ақы белгілеу шарттары



бет30/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

3. Лауазымдық айлыққа үстеме ақы белгілеу шарттары
4. Қызметкердің лауазымдық айлығына үстеме ақы белгілеу оған кеңейтілген міндеттер аясын жүктеп, жоғары кәсіби деңгейі және құзіретімен, оларды тәжірибеде жетістікпен қолдана білуімен сай келетін жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.
5. Үстеме ақылар сондай-ақ осы ұйымда еңбек міндеттерін атқару кезінде алынған еңбек жарақатымен, кәсіби аурумен немесе басқа да денсаулығының зақымдануымен байланысты қызметкерді ақысы аз төленетін (анағұрлым жеңіл жұмысқа ) лауазымға еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік тағайындалғанша ауыстыру кезінде белгіленеді.
6. Үстеме ақының ең жоғары мөлшері лауазымдық айлықтың 50 пайызынан аспауы тиіс.

4. Материалдық көмек көрсету шарттары
7. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай кездерде:
1) отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) қайтыс болғанда;
2) некеге отырғанда;
3) бала туылғанда, бала асырап алғанда;
4) қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделу кезінде (стационарлық немесе санаторлықтан басқа, 10 күнтізбе күнінен астам амбулаторлық емделу);
5) қызметкерге құқыққа қайшы әрекеттер жасау (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ стихиялық апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және т.б.) салдарынан оған мүліктік зиян келтірілген жағдайда жүзеге асырылады.


5. Сыйлықақыларды бекіту мен төлеу тәртібі, материалдық көмек көрсету және қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу
8. Қызметкерлерге сыйлықақы беру және лауазымдық айлықтарына үстеме ақы белгілеу басшы бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Бұйрықта қызметкердің тегі мен лауазымы, сыйлықақының (үстеме ақының) негіздемесі мен мөлшері көрсетіледі.
10. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша арызы және білім беру ұйымы басшысының өтініші негізінде білім Бөлімі шығарады.
11. Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстеме ақы белгілеу шығыстарды үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) жыл бойы, даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінен 30% аспайтын, ал желтоқсан айында – шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- іссапар шығыстары;
- коммуналдық қызмет;
- электр энергиясы;
- жылу;
- байланыс қызметі;
- көлік қызметі;
- негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуі;
- негізгі құралдар бойынша жалдау ақысы;
- несиелер бойынша сыйақылар төлеу (пайда) жөніндегі шығыстар
2) шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- жалақы;
- салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер.

Шығыстардың басқа түрлері бойынша сыйлықақыға, материалдық көмек көрсетуге және үстеме ақылар белгілеуге қаражаттарды үнемдеу бағытына жол берілмейді.

8 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет