32
4. Тасбақа өзенге дейін 4 сағат жорғалап барды. Сол 4 сағаттың әрбір келесі
сағатында алдыңғы жүрген жолындағыдан 2 есе аз жорғалап барады. Егер
оның барлық жүрген жолы 90
метр болса, онда ол алғашқы сағатында қанша
жол жүрген?
А) 45 В) 50 С) 44 D) 48 E) 46
5. Шегіртке ағашқа қарай бір алға бір артқа секіріп барады. Алға секіргенде 3
метр алға, артқа секіргенде 1 метр артқа жүреді.
Бастаған жерден ағашқа
дейінгі қашықтық 21 метр болса, сол жерге жету үшін неше рет секіруі керек?
А) 7 В) 8 С) 10 D) 11 E) 12
6. Құсбегі бір көгершінді 4000 теңгеге сатып алды, содан кейін оны 4500
теңгеге сатты. Кейінірек өкініп сол көгершінді 5000 теңге беріп, қайтадан сатып
алады. Екі күннен кейін қайтадан көгершінді 5500 теңгеге сатты.
Құсбегі осы
саудада неше теңге пайда тапты немесе неше теңге шығын кетірді?
A) 1000 теңге пайда тапты B) 1000 теңге шығын кетірді C) не пайда таппады, не
шығын кетпеді D) 500 теңге пайда тапты E) 500 теңге шығын кетірді.
7.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан:
- Жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:
-Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3
жыл бұрынғы
жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз.
Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
А) 17 В) 18 С) 15 D) 11 E) 12
8. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір
болыпты.
Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері
жоқ кемпір жалғыз
қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен,
мен де
бұларды алайын,» - деп ойлайды. Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып
отырып, мынадай өлең айтыпты:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бар» - деген екен.
Мұны естіген ұрылар:
-«Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі,
әрі бізден екі есе артық екен,
кетейік,» - деп, кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай
қорқытыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
33
А) 12 адам, 6 ұры В) 10 адам, 5 ұры С) 14 адам, 7 ұры
D) 16 адам, 8 ұры E) 20 адам, 10 ұры
9. Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады.
Бір жылдық жұмыс
істегені үшін 1 жылқы мен 300 000 теңге алуы керек болатын, бірақ ол 8 айдан
кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан кетті. Өзімен 1 жылқы және 100 000
теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
А) 100 000 тг В) 180 000 тг С) 200 000 тг D) 300 000 тг E) 250 000 тг
10. Ауладағы қояндар мен тауықтардың аяқтарының саны бастарының санынан
3 есе артық. Аулада қанша қоян, қанша тауық бар екенін табыңыз.
А) 2 қоян, 1 тауық В) 2 қоян, 2 тауық С) 2 қоян, 3 тауық D) 3 қоян, 2 тауық
E) 2 қоян, 4 тауық.
Достарыңызбен бөлісу: