Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



бет10/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#9690
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
17-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлейді және МҒТС бағдарламалары мен жобаларын бағалау талаптары мен өлшемдерін қамтуға тиіс.

280. Бастапқы конкурстық өтінімдерді ашу және түпкілікті қабылдау мерзімін тапсырыс беруші Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.

281. Әлеуетті өнім беруші дайындаған және ұсынатын конкурстық өтінім мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:

1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

2) әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін қажетті біліктілікті меңгергендігін куәландыратын құжаттамалық дәлелдер;

3) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсету шарттары;

4) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.

282. Бастапқыда конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілердің Заңның 8-бабында санамаланған біліктілік талаптарға және конкурстық өтінімдердің техникалық ерекшелігі мен бағаларының талаптарына сәйкестігін қоспағанда, конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкестігін қарайды.

283. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімді егер:

1) оны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;

2) егер конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, қайтарады.

284. Ашу нәтижелері осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес тиісті жеке хаттамамен ресімделеді.

285. Ашу нәтижелері бойынша Заңның 8-бабының талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкес келеді деп танылған конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жібереді.

286. Қажет болған жағдайда бағдарламалар және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жобалары арнайы (экологиялық және/немесе басқа) сараптамаға жіберілуі мүмкін.

287. МҒТС ұсынымы бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің және бағдарлама жобасының (жобаның) техникалық ерекшелікке сәйкестігі мәселесін қарайды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арнап бөлінген қаржыландыру көлемінің шеңберінде қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ескере отырып бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

288. Салыстыру және салыстырып тексеру мақсатындағы бағадан басқа, конкурстық өтінімдерді бағалау мынадай өлшемдерді қамтуы тиіс:



1) жобаның конкурс жарияланған бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес келуі;

2) жоспарланатын жұмыстардың жаңашылдығы, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті, перспективалығы, кешенділігі, отандық және шетелдік ұқсастармен салыстырғанда күтілетін нәтижелердің басымдығы;

3) жобаның іске асыруға дайындық деңгейі, технологиялық іске асырымдылығы, ғылыми-техникалық бөлімінің болуы;

4) жұмыстарды іске жүргізудің экономикалық тиімділігі мен орындылығы;

5) қойылған міндетті орындау үшін орындаушылар ұжымының жеткілікті біліктілігі мен оның тәжірибесі (кадр құрамы, ғылыми-өндірістік әлеует);

6) қойылған міндетті орындаудың ұйымдастыру және  материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

7) сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі.

289. Ерекше тәртіпті қолдана отырып ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурстық өтінімнің қолдану мерзімі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнінен бастап кемінде 75 күнтізбелік күнде белгіленеді.

290. Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама нысанында шешіммен ресімделеді.

291. Ғылыми ұйымдар ғылыми қызмет ерекшелігіне орай конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуден босатылады.



 

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік



құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

 

292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:

1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

2) СТН (ЖСН) көшірмесі;

3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар.

293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.

 

 

Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді



өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  295-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)



295. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, егер көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жағдайларда жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  296-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)



296. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  297-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



297. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, кеңестерді, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  298-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсімдеріне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтінін жариялауға құқығы бар.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  299-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



299. Көрмелер өткізу үшін тауарларды, көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйекті кезеңдер жиынтығын білдіреді:

1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;

тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;

Заңда және осы Ережеде көзделген екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;

сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуетті өнім берушілердің көрмені өткізуді ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелерді олармен талдау үшін оларды көрсетуді келісу шарттарын қарауы;

сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі;

мемлекеттік сатып алуды әзірлеушінің қонкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бекітуі;

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін бірінші кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңгі рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыруды жіберуі;

2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар екінші кезеңде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  300-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



300. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңгі рәсімдерді пайдаланумен конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрмені өткізу үшін осындай мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) заңды тұлғалар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;

көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;

көрме өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды;

2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;

тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқық берілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;

көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;

көрмені өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  301-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



301. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрмені өткізу үшін конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) заңды тұлғалар:

әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;



2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:

әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  302-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



302. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 302-1, 302-2, 302-3, 302-4, 302-5, 302-6, 302-7, 302-8 және 302-9-тармақтармен толықтырылды 



302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасайды.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың екінші кезеңінің қорытындысын жасайды.

302-2. Конкурстық комиссия көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінде, егер:



1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;

2) көрмені ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берілген конкурстық өтінімді қабылдамайды.

302-3. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтінімді көрме өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңінде қайтарады.

302-4. Әлеуетті өнім берушілер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін, мұндай конкурстың өткізілуі туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;

семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;

әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны;

2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;

патенттің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;

семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;

әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.

302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу кезінде комиссия конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.

302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде шығарады.

302-7. Конкурстық комиссия, егер:



1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;

2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық өтінімнен бас тартады.

302-8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін конкурстық өтінім ұсынған және конкурстық өтінімінің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын ең болмағанда бір әлеуетті өнім беруші бар болса, конкурс өткізілді деп таниды.

302-9. Тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелері осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін



қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың

ерекше тәртібі

 

303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.

304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-1-тармақпен толықтырылды



305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;

2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.

ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет