«Мен дүниеде өз жұртымнан асқан ел бар деп танымаймын»


Абылдан - Қайыр,Қарғын, Тарғын; Қайырдан



бет5/8
Дата15.02.2024
өлшемі426 Kb.
#492016
1   2   3   4   5   6   7   8
Ата шежіре 2021

Абылдан - Қайыр,Қарғын, Тарғын;
Қайырдан - Бақ, Шақ, Асық;
Бақтан - Таң, Таңат, Шарт;
Таңнан - Пәр, Өрт;
Пәрден - Мән, Кең, Кеме, Тоқ;
Мәннен - Майқы, Мойыл - осы жеті ата, яғни Нулы, Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр, Мән - бәрі де Майқыға дейін ел билемеген, бірақ жұртты аузына қаратқан, дәулетті жандар болыпты. Сондықтан да өздерін осылардың ұрпағымыз дейтін үйсіндер қашанда « Арғы атам Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр, Мән» деп отырады, ақындар да сөзін осыдан бастайды.
Мен қытай жазбаларын да, парсы жазбаларын да, тауарих китаптарын көп шарлаған, қараған адаммын. Онда бәрі де шатасып жатыр. Әрқайсысы өздерінікін жөн деп айтпақ болады. Ал қытай тауариғына қарар болсақ, олар үйсіндерді өздерінің бір елі етіп, олардың жерін иемдену тұрғысынан тауариғын түзетіні айқын көрініп отырады. Қай ел қай елге шабуыл жасады, қай ел қай елді бағындырды, одан не ұтты? Оның бәрі тауарих болғанымен, қызық емес, расы да аз. Мен оған әдейі ат ізін салмағам. Мен болашақ үрім- бұтаққа ата-баба, жетпіс жеті пұсты, түп - тұқианды айтып жеткізсем болды деген мақсұт ұстандым. Бұдан бұлай да сол жолды тұтынамын.
Әрине Елсаудан кейінгі аталарымыз ел билеп, бүкіл дүние алдына көріне алмаған. Бірақ тіпті кім болса да олар менің аталарым. Тіпті Абылдан туған үштің бірі Тарғын көп батырлық қылған. Иранға кеткен Бақтиярларға, Ирандағы қызылбастарға шабул жасаған. Қырымға да соғыс салған. Бірақ бұл жырда айтылатын Тарғын дегім келмейді.
Жоңша бастаған ханзулардың үйсіндерді билеу әрекеті бірсыпыра жерге барды. Санжар биді қытай қыздары қалай болса солай басқарды. Енді үйсіндерді қалай терістік қазақ еліне қарсы қоюды жобалады.
Санжар қартайған соң таққа енді Дулы баласы Оңқай отырды. Сол кезде ағасы өліп, жесір қалған жеңгесін нәмеңгерлік жасап Оңқай алды. Бұл, шынында, Оңқайдан гөрі Санжардың тоқалы Жиеудің құрған торы болатын. Өйткені Жиеу Оңқайға тию үшін, Санжарды жатқан жерінде буындырып өлтірді деген сөз бар. Жиеу Оңқайдан да үш ұл, екі қыз туып, олардың бәрі уәлаяттарды бөліп алып билеп тұрды. Жиендерінің берген мағлыматына сенген ханзулар жер қайысқан қолмен ежелгі жауы терістік қазақтарын жаулап, ерін тұтқындап малын алып әбден олжаға кенелді.
Жиеу тор құрып Оңқайға тигенде, таққа Санжардың басқа әйелінен туған ұлы Айбын палуан отыра қалды. Жиеу енді соған тиіп, оны өлтірмек болғанын біліп қалып, Айбын палуан аман-есен құтылып кетті. Осы шырғалаңға қазақтардың енді көзі жете бастаған соң, әсіресе Айбын палуан (ол да Қытай жиені) бұл ішкі торды үзуге қатты күш салды.
Ақыры Жиеудің енді ойы жүзеге аспай, таза үйсін Өжет билік құрды. Осы жерде мысы құрыған Жиеу хан патшалығына төркіндеп барамын деп кетті де қайтпай қалды. Көп асқанға бір афыт (апат), кесірлігі кірафыт деген осы дағы.
Осының барлығы қандарын қайнатып жүрген қазақ өз арасында Майқы сияқты шешен шыққанда, соған ауызбірлік көрсетті. Хижраның жылдауынан бұрын Айса пайғамбар тумастан он екі жыл бұрын немесе Мухаммед пайғамбарға дейінгі алты жүз отыз төрт жыл бұрын таққа Мән баласы Майқы отырды.
Ендігі әңгіме Мәннен туған Майқы атамыз туралы. Бұл кісі бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде ғәділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Жұрт оны сөйлетіп қойып, аузына қарап отырады екен. Майқыны заманында «Қарқуардай Майқы» дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне байланысты болса керек. Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай түннің бір-шамасында сайрауын қояды екен. Содан - екі бие сауым ғана дем алып, таң құлан иектене қайта сайрайды деседі. Міне, Майқы атамыз сондай шешен болыпты.
Ел астанасы Үш Қараш астындағы Шығу қаласы еді. Елдің ол кездегі Майқы таққа отырғандағы сырхды (шекарасы) қазіргі Жетісу, Тарбағатай, Шымбас, Талас, Лабас, Арқас, Шуас, Теріскес, Күнгес тауларының бәрі дерлік қарайтын - ды. Терістігі Көкетеңіздің терістігіне таман, батысы Шу бойын тегіс алып жатқан. Түстік шығысы ежелгі қоныстың бірі- Үйсін тауы болатын.
Майқы таққа Сыйлы биден кейін келіп, табандатқан жиырма тоғыз жыл елді биледі. Сыйлы би де аз отырмаған адам. Ол да жиырма жыл отырып және тағы бір жыл бетіне жан қаратпаған беделді адам болыпты. Оны Ойжан өлтіргенде, оны халық отқа өртеп жіберген.
Майқы билікке келгенде, еліміз қорғасын ерітіп, мыс балқытатын жағдаятта болатын. Мысалы, бүгінде Дайырбек ауылындағы ( Дулат-Жаныс-Жайылмыс) ошақпен бірге құйылған тай қазан Сарарқада –Қоңыратта – хижра жылынамасынан 695 жыл бұрын құйылған екен. Бүгін таңда менің үйімде де сол кезде құйылған жорықта артып жүретін,ошақпен бірге құйылған кіші-гірім қазан (бір қой еті сыятын) тұр. Оның құйылғанына да міне бір мың жеті жүз жыл болыпты. Ол біздің атамыз Бәйдібек бай ұстаған қазан екен.
Қазақтар ол кезде тері илеу, өрмек, кілем тоқу, киіз басу, қысқасы, өз шаруасына керектінің бәрін өздері істеген.
Майқы би елді билер арқылы басқарған. Содан қалған хан, би жоралғысы бүгінге дейін келе жатыр. Екі уәзір (оң қал), бірі ел ісі, екіншісі әскер басы, екеуі екі қанатын басқарады. Хан қашанда ортада (бірақ майданнан жырақтау), үш сұлтаны немесе бегі, екі биі , екі бақылаушысы. Осылардың бәрі көбіне көшіп жүреді.
Елсау би кезінде де Майқы би кезінде де елде қойдан кейінгі көп мал жылқы болған. Аталарынан қалған өсиетке қарағанда малының тіні жылқы болсын, көшсең көлік, майданнда серік, ішсең сусын, жесең тамақ дегенді үйсіндер өте қатты бағалаған да, қадағалаған да екен. Сондықтан да жылқы адам басына сол бір ерте заманда он жылқыдан асып жығылады екен.
Майқы дәуірі бейқұтшылық болса керек. Өйткені батысы Бақтияр балалары - Байсын, Исін балалары; батыс терістігі Байтерек балалары –Қаңлы, Шанышқылы, Арыстың Бек балалары; Терістігі, Шығыс терістігі Арыстың Жан, Бал,Бол балаларының тұқымы. Сөйтіп Майқы дәуірі төңірегін өз туысқандары - қазақтары қоршаған байқұт заман болыпты.
Осы жерде ағайындарым өкпе артпасқа керек, мен төмен жағына бармай, Арыстың Ақтан басқасының тұқымының жайын да әңгімелей кетейін.
Ақтың балаларын - тұқымын айтып келемін. Паннан бала қалмаған, қатын алмай тұрып, жасырақ өлгенін айттым. Ендігі төртеуі Жан, Бек , Бал, Бол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет