Ақ деген кісіден Бабырлы деген бала болған. Оның бір аяғы кем болғандықтан жап – жақсы аты ұмытылып, Майып аталып кеткен.ОЛ өте пысық адам болғандықтан, кейін жұрт кемітіп айтуға ұялып, атам заманда өткен Майқы атымен атап жіберіпті. Қара қытайлар шабуыл жасап Майыптың он екі ұлын өлтіріп кеткен. Жалғыз Қараша деген ұлы қалған.
Сол бір шақта ханжық екге бөлініп, елден береке кеткен. Суап хан қытайларға бағынып, құлдық ұрып соң, ел намысқа шауып, өз күнін өзі көрмек болып Майып – Бабырлыны бас етіп, құлданушы, басқыншыларға қарсы шыққан. Суап қытай пірәдары Сипаң дегенмен дос екен, достығының аяғы қазақты қытайдың шауп алуына жол ашқан. Сөйтсе, пірәдар деп қазақтың жүрген жансыз екен. Ол тым маймөңке, сиқырлау адам болған. Сипаңдама деген содан қалған.
Шу өзенінің батысы, жоғары сағасы, Ыстық ата төңірегіндегі Үйсіндер Суап бағынған қытайларға бас имей, жасақ ұйымдастырып, әсіресе Азық тұқымы қытайға қарсылық көрсетіп, өздері туған жерден олардың билігінен байдама болған. Үйсін елі қайта күшейіп, Майыптың төңірегіне жиналып, Суап билеген Жетісудың бәрін хихра жылнамасының 34- жылы (656жыл*) азат еткен. Енді майып аты біраз жерге кетіп, Майқы атала бастады. Ақырында жалайыр Суап ханды қарауында жүрген қытай жалдамалары у беріп өлтірді. Олар Майыпты көтерген Суап деп ұққан. Бірақ Сауаптың бұрын өзінің бас уәзірі болған, өзінен асып туған кембағал Майқыға-(Майып-Бабырлыға) тәкбірлесуге, әлдеқандай шұбиттасуға, нараду табуға беті болмаған.
Ел быт - шыт болып, жаугершілік заманда Үш Қараш астындағы Шығу қаласында Майып – Бабырлы ұлы Қараша хижрадан 38 жыл бұрын (584ж*) дүниеге келген.
Кемтар болсада да аса пысық болып, Абыл, Азық елін билеген Майыптың бұл баласы Қараш (Қараша деп те атайды) билікке араласып, әкесінің көзі тірісінде Жетісуды билеген. Сондықтан да ол заманда Қарашаби атанған. Ол Үш Қараштан бастау алған Түргеш(Түрген) Азық (Асы) өзендерінің екі жағына қойылған пұсталарына тұрғызылған бірнеше кешен, кесене, сағана мазарларды қайта қалыптады. Әсіресе Елсау биге, оның жас қыршын кеткен ұлы Нулы мазарларын нақыштап, безендіріп, қайта жаңғыртты.
Бұл кезде елде біраз тыныштық орнады. Ел бұрынғысынша Шымбас –Алатаудан Тарбағатай – Алтайға, Алашқа дейін, Алатаудан, Лабастан Арқаға, Көкшетауға дейін, Алатаудан Үйсіе тауына дейін көшіп жүретін болды. Мал мыңғырып симай жатты. Малдың көптігі сонша – Арқада Нұра бойында арғын Атанға ас береміз деп сауын айтқанда, соған Қаратаудан үш жүз жылқы сойысқа айдатқан.
Қараш інісі Боран асқан батыр болған деседі. Халық арасында ол туралы толып жатқан әңгіме бар. Қараш та, Боран да Түргеш (Түрген) өзені үстіндегі Үш Қарашты, Азықты (Асыны) жайлайды екен. Таңертең екеуі бірі Бас Қараштың басына (Қраш үшеу – Бас Қараш, Орта Қараш, Кіші Қараш), біреуі Орта-Қарашқа шығып амандық біліседі екен. Егер жау болады десе, қара ат мініп, қара киім киіп шығады екен де, егер көңіл жай, байқұтшылық болса, боз ат мініп, ақ киім киіп шығады екен.Осыдан біріне бірі хабардар болып тұрады.
36-жылы Қарашаби қазақтың басын қоспақ болып, жүз мыңнан аса қол жинап, қытайлармен соғыс салып, әкесі армандаған Ар мен Құн балаларын қытыай тепкісінен азат етуге барып, өзі Қаратауға, Ұлытауға көшіп қыстап, жайлап арыстап жүрген. Мамыражай, байқұт заман заман отыз жылға созылған. Отыз жылдай ұрыс көрмеген қазақтар ежелгідей ерулік-қарулық берісіп, құда түсіп, құйрық-бауыр асасып, андаласып жағаы жайлау, етегі қыстау болған.
Қараштан Бәйдібек, Жәнібек, Мәдібек деген үш ұл қалған. Міне Үш Қараштың үш ұлынан қалған тұқым бүкіл алты Алатауды алып кеткен. Үш Қараш деген ат осыдан қалғанғ яғни Қараштың үш баласының тұқымы деген сөз. Тау аты да содан. Бабамыз Бәйдібек хижра жыл санауынан 13 жыл бұрын (609ж*) туылыпты да сексен алты жасында өз ажалынан Қаратауда Бөген өзені бойында қайтыпты. Оған міне, 1081 жыл болыпты. Әл-Фараби бабамыз артында өшпес мұра қалдырды, ал Бәйдібек бабамыз артында жеті Алатауды тегіс алып жатқан ұрпағын қалдырды. Бабама Құдай тағала өзі рахым қылсын, жаны жаннатта болсын!
Бәйдібек бай өте ауқатты, қарымды, шаруасын өргізуге бейімді де, пейілді де адам болған. Оның жайлауы, қыстауы үнемі Қаратауда болыыпты. Қаратау ол бір заманда қазіргі біздің уақытымыздағыдай суы азаймаған, сулы да, нулы да, қорыс, тоғайлы жер көрінеді. Қаратаудың іші қазіргі Жолбарыс хан заманында да жаман емес еді. Сонда да ол бір шақта аң жыртылып айрылар, қорыстың іші толған доңыз, мегежін, терістік етегіндегі қамыста тіпті сарымағын ерткен жолбарыс, өлекшін толып жүреді екен. Ол мен ордада қызмет қылғанда да баршылық болатын.
Атамыз Байдібек бай ер көңілді, көбіне байлықпен аң аулап, сейіл құруға бейімді кісі екен. Бәйбішесі біздің бабаларымыз Озбайдың (Оразды) он ұлдың бірі Отанбайдан тарайтын Арыстан деген бидің қызы Мару- сары бәйбіше атанған. Кейде оны Гүлжамал деп те қояды. Одан тараған тұқым да Сарыүйсін атанған. Олай болатын себебі ұшбу дүниенің ылди-өрлі хикматында талай тауарихқа қиянат болатындай, үлкен шешемізден туған төғыз ұлды қытайлар өлтіріп кеткен. Байдібек бай ол кезде көбіне екінші әйелі Зеріппен тұрады да, үш әйелінің балалары еншілері бөлек-бөлек болғандықтан, қыстау-қияуларының арасы жырыақ-қиян болған.
Сондай Бәйдібек бай жоқ кезде Сарбәйбіше ауылын жау шауып, жылқысын айдап кетеді. Жаудың артынан мейманасы тасып, кеудесіне нан пісіп тұрған байдың тоғыз ұлы қуып береді де, жау тоғызын да жайратып кетеді. Оның алтауы Күйік асуына жақын жерде өлген. Оларды көмген жер «Алтысары» аталады, ал үшеуі олардан кейін Ақсу бойында қайтады. Сөйтіп, бір сқғыста тоғыз ұл бірдей кетеді. Жаудың жолында отырған Бәйдібек байдың тоқалы Домалақ тоғыз ұлға бармаңдар деп жалынады. Бәйдібек ұлдары тоқал сөзін, яғни күндестің сөзін не қылсын, жүйткітіп жөнеле беріпті. Сөйтіп, тоғызы да дүниеден қайтыпты.
Сарбәйбіше-Мару бетін жыртып, құдайды қарғап, күндіз-түні күңіреніп жүргенде құдай оны келеке қылғандай, аяқ қолы бүріскен, іштен кем туған, бәлкім, бәйбішенің тоғыз ұлының қайғысынан болған ғамкүндіктен шығар, ұл – Сирақтыны құдай берген. Байдың да, бәйбішенің де баласына көңлі толмай, құдай тоғыз ұлды алды, келеке қылып берген баласының сүдіні-кейіпі мынау деп менсінбей, атын Сирақты атандырған. Шын аты Байтоқты екен. Кейін әдемілеп Сыйлықсары деп те жүріпті. Сирақты аяқ- қолы кем, майып болғанымен, ақыл-есі түгел, ер жеткен соң әйел алған. Ол Ұшан деген бәйбішесінен жалғыз ғана ұл көрген. Баланың атын, сап-сары үрпек болғандықтан Сары (Сергексары) атап кетіпті, кейін оған байлығына орай тағы да ат жалғап Саыүйсін атаған. Әйтпесе өзінің әкесі құлағына айғайлап айтқан аты Түргеш екен. Оның екі аты бірдей жүріп отырған. Өйткені байдың, бәйбішенің көңілі үшін әйелдері атын атамай Сары десе, кейін Бәйдібек байға, бүкіл жеті Алатауға атағы жайылған байға жалпаң, оның үстіне байдың бәйбішесінен немересі, өзі де бай, жастай хан болған Түргеш аты шыға бастаған. Сол кезде оған бөлінген Нулы мен Дулының ұрпағы ендігі жерде Абыл атанған елінің әуелі бірін, кейін бәрін билегендіктен, бұл аты қаттырақ естілген. Хандықпен Қытайға шабуылға шыққан. Бұған қазақ жерінің батысынан келген Алшын Қалау батыр көмектесіп, қытайларды шапқан. Мұсылман жыл санауының 35-жылы (657ж*) қытайларға ұйғырлар болысып, Алшын Қалау батыр жеңіліске ұшырап, елге қайтқан. Қалау қолында Шөмекей, Шекті, Шеркештер болған. Енді Қытайдағы Түргеш-сарыүйсіннің біразы сонда қалып, бірсыпырасы Қалау батырмен Жетісуға қайтады. Қалғандар бүгінде сонда. Түргештің немересінің атын Қалша қоюы да сондықтан. Ұлын досының атымен атаған.
Түргеш-Бәйдібектің немересі, немере ағалары Шапрашты, Дулатпен бірдей Абыл, Азық еліне кең мәлім болған. Немересі Сарүйсін (Түргеш) үйленгенше Сарбәйбіше- Марау тірі екен. Түргеште де жалғыз ұл болған. Оның аты Мырзақаз. Оның бір ұл, бір қызы болған. Соның Қалша деген ұлын, шөбелегін бәйбіше бауырына салып асыраған. Өскен соң Қалшамен бірге туған Күнәйымды күшік күйеу болып қолына кірген кісіге бермек болыпты. Оны ашық айтып, байдың адуын бәйбішесі жар салған. Сөйтіп жүргенде, Азық елінен тентектігі үшін, етегін кесіп елден шығарған, ешкімге сіңе алмай жүрген жігіт Жақып Марау бәйбішенің колына кіріп, Күнәйімге жұпты болған. Азықтар Байдібек сияқты байды паналаған жігітке бұдан бұлай қабақ көрсете алмапты. Екі ата Қалша, Жақып Сарүйсін ослай тарапты. Қалшаның бел баласы Үшлақ хан болған. Үшлақтан кейін оның ұлы Қаралақ көп жыл ел билеген. Барлық Үйсінді аузына қаратқан шешен де, көсем де адам болды. Ол Сырдария аймағындағы Қатаған елін де сұраған.
Кейінірек Сарыүйсіннің біраз ағайыны Түргеш соғысымен қытайда қалғанын жоғарыда айттым. Сонымен олар Шын еліне, яғни қытай еліне сіңіп кетіпті. Жұртың айтуына қарағанда олар мұсылманшылдықты қабылдамай, әлде тас құдайға, әлде Тәңір дініне сенсе керек. Олардан бізге жеткен әңгімеге қарағанда Сұлу деген хан шығып, біраз уақыт Алтайдағы қазақтарды билеген. Бірақ қытайлар көптігін істеп, оларды да өзіне бодан еткен.
Бәйдібектің екінші әйелі – өз шешемді әңгімелей тұрып, кіші шешемізді, яғни Байдібек байдың тоқалын – Домалақ енемді әңгімелей жөнеймін.
Домалақ енем кішкентай домаланған кісі екен. Оның өз аты Нүрила болған. Бірақ жұрт оны елге жайлы адам болғандықтан, Нұрбибі, Алтынбүбі, Бибімариа, Бибіажар деп бірнеше түрлі етіп атай берген. Қазіргі Үйсін аталатын біздің Абыл, Азық елдерінде ол қасиетті адам деп танылған.
Домалақтан Бәйдібек бай бір ұл көріпті. Оның атын Тілеуберді қойып Жарықшақ атандырған.Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Сарбәйбіше – Мару осы күндесімен өштеу болса керек. Содан ол толғатып жатқанда, аспалы керіп қойған құрға асылып тұрған Домалақ ененің ішін тартамын деп, бармағын туылған (әлде туатын) баланың басына батырып алыпты-мыс. Бала туылғанда жарық шеке болып дүниеге келген деседі. Оның аты сондықтан Жарықшақ (алдымен Жарықшеке екен) қойыпты. Біздің шешеміз Зереп шарқ ұрып, оташы іздеп, ақыры ондай емші Қатаған елінен тапқан. Жарық шеке балаға оташы Қон Еміс деген кісі ем жасаған. Бала басының сүйегі ойылған жетіне жас тасбақаның сүйегін салыпты. Сөйтіп, аюдың ақ дәрісімен емдеп жазыпты. Қон Еміс ішінде баласы өліп қалған екі қабат әйелдердің баласын турап-турап алатын болған. Ал оған заманында бүкіл дүние жүзінен науқас адамдар келіп жататын болған. Қон Еміс аңызға қарағанда. Кіші жүз Алшынның Дөй тұқымынан болса керек. Оның ұрпақтары бүгінде де Хазар теңізі маңайында бақсылық етеді деседі.
Түргештің Сарыүйсін деген жанама аты болғаны сияқты, Жарықшақтың да жанама аты деген аты болған. Жалайыр Қыдырғали жазбаларында кездесетін қара үйсіндер дегеніміз – осы Жарықшеке – Тілеуберді (Жарықшақ) тұқымы. Жарықшақ тұқымы біздегі Ақ (Ақарыс) тұқымындағы ең көп ата, тұқымы көп тараған. Оның үстіне баяғы Елсау бидің Дулы деген балаларының тұқымы, үрім бұтағы осыларға қосылып, бұларды- қараүйсіндерді- көбейтіп жүр. Қара үйсін деген- Жарықшақ балаларының – Албан, Суан, Дулат, Қызай (Күнбүбі), Мұран (Ақбүбі) аталады. Албаннан (үлкен ұлы) бауырына салған бір қыз Сыбанды өз қызым деп қоятын болған. Сондықтан да Жарықшақтың үш ұл, үш қызы болған деп те жүреді. Ал, шынында, баласы бесеу- үш ұл, екі қыз.
Хижраның жыл санауының жүзінші жылдарынын (722ж*) бері ғұмыр сүретін жарықшақ тұқымы – бұл кезде Үйсін ішіндегі ең көп ел. Оны көбейтіп тұрған – Дулат тұқымы.
Домалақ әкесі Үрмәт ұруының адамы болған. Шешесі – азық елінің қызы. Осы заманда оны қожа қызы деп жүргендер көп. Бұл - ойдан шығарылған нәрсе. Ол кезде қожа жоқ. Біреулер оны Қожа Ахмет немересі демек те болады. Бұл кеше өткен адамнан бүкіл жеті Алатаудың бәрін алып жатқан айтулы көп тұқым қалай тарамақ? Атақты адамдарды өз тұқымынан шығару- қожа діндарларының ежелгі ғадеті. Хижрадан қырық жыл бұрын (582 ж*) біздің елге екі жақтан шабуыл болған. Оның бірі кәдімгі қазақты мұсылман ету үшін шабуылды ғыраптар жасаған. Екінші жақтан елу мың ғаскермен қытайлар келген. Ақыры екуі Тараз түбінде кездесіп, қытайлар араптардан қатты жеңілген. Сол шапқыншылықтан қалған Үрмәт тұқымы Ғабді -Ғазиз қызы Нұрила қазақ тәрбиесімен өсіп, бүкіл жерге жаққан, ерекше адам атанған. Ғараптар ол кезде бізге жиі шабуыл жасаған. Хижраның 29-жылында (651 ж*) да шабуыл жасаған ғараптар бас көтергендерін тас талқан етіп, бізді біраз уақыт билеп тұрған.
Жарықшақтың үлкен ұлы Албанды біреулер арғы замандағы Албанмен (Елсау немересі) шатастырып та жүреді. Ол Албан Иса пайғамбар туғаннан үш жүз жыл бұрын ғұмыр сүрген. Жарықшақ баласы, яғни Байдібек немересі, яғни бергі Албанның тұқымы Дулаттың оннан біріндей ғана.
Жарықшақтың екінші ұлы Суан тұқымы да аз. Бұл екеуі әке-шешесі өлген соң, өз бетінше күн көрмек болып, еншісін алып, жеті жасар дулатқа қарамай кеткен. Біздің бүгінгі заманымызда ескі әңгіме жаңғырмай, біз оны әдейі қалмен өшірмек болып, Албан мен Суанның Дулатқа қарамай кеткеннің тігісін жатқызып қоямыз. Өйткені олсыз да басы бірікпей тұрған қазақтың арасын ажырата бермейік дейміз.
Қазір екі жүз жыл созылған қазақ-қалмақ соғысы қазақтың басын қоспай қоймады. Өйткені бөлек- бөлек болып, ұру-ұруға бөлініп, ұрат-ұрат көшудің өзіне зиян екенін қазақ бұл күндері ұғынған сияқты. Ұғынуға бола ма «қуа берсең ынжықты, батыр болып тыншықты» дегендей, қазір батыр болды, басы қосылды. Әбілқайырдың салған лаңы болмағанда, қазақ ғақылы ерте кіретін еді әрі мұндай көп қырғынға ұшырамайтын да болатын. Сорлы қалмақтардың екі жағындағы отаршыл елдердің айдап салған айтағын түсіне алмауы алмауы өзінің басын жұтып тынды. !йтпесе қыз алысып, қыз берісіп жатқан-ақ, аралас-құралас ел болатын.
Жарықшақтың үшінші ұлы – Дулат. Дулат тұқымы ең көп тараған. Оның Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр деген төрт ұлының тұқымы бүкіл Алатау өңрін алып жатыр. Немере ағасы Шапырашты көп елді қаратып, ғараптардың Таласқа шабуылына қатысқан, ешкімге билік бермеген Түргеш пен Дулат екеуі елді кезек басқарған. Түргештен кейін Дулат біраз уақыт он бес жыл жылдай ел билеген. Мұны Шапырашты батыр жетім болып, өзінің қолында шеркөкірек болып өскен інісін өзіне тиген билікті әдейі атап тұрып Дулатқа ұсынған. Дулат та ағасы Шапыраштының қадіріне жеткен, оны өле-өлгенше алдынан қия өтпеген. Оның үстіне үлкен үйде отырған ( Бәйдібектің) Шапырашты үйіне келіп дәм татпай, еш жақа аттанбаған. Үнемі қайда жүрер болса да, Шапырашты үйінен аттанатын болған. Ол атасы Бәйдібектің ордасы болған соң да солай істеген.
Дулат жеті жасында жетім қалған соң, Жалмамбет қолында Шапыраштымен бірге өскен. Сондықтан ол өлерінде төрт баласына өсиет қалдырған. Дулат тоқсан үш жасап қайтыс болған. Өлерінде төрт ұлын шақырып алып өсиет айтыпты:
-Төртеуің де жақсы боласың, дәулетті боласың, ішіңде үлкенің Сиқым нашарлау болады. Батыр шықса мына екі егіздің (Ботпай, Шымыр егіз туған) тұқымынан шығады. Төртеуінің ішіндегі мықты Жаныс пен Шымыр тұқымы болады. Байлықты ұстап тұру байлыққа байланысты болмайды, байлықтың қызығы – батырлық, батырлық байлықтың сақшысы. Батырлық та байлықсыз түк болмайды. Сендер төртеуің де бай боласың. Мына қатпар- қатпар Алатаудың қойыныны сендерді қалай шалқимын десең де,қалай өрістеймін десең де жетеді, бірақ байлықты ұстап тұру үшін көт керек. Ол көт сендерде болмайды. Мына Шапыраштының тұқымы батыр болады, өздері ашық көңіл шарт-шұрт шатақ, бірақ қайтымы тез, артына кек сақтамайтын, «айналайын» десең жайылып түсіп сен үшін жан беруге дайын тұрады. Сондықтан өздеріңде болмайтын көтті, ауыр дүмді осылардан табасын. Іргеңді ажыратпа Шапыраштыдан, мен жеті жасымда жетім қалғанда, Шапыраштыдан басқа бауырым да, жақыным да болған жоқ, сондықтан мен десеңдер, мені әкем деп сыйлап, ардақ тұтсаңдар, әруағымды силасаңдар, мәңгі Шапыраштымен бірге болыңдар. Егер кейін бәрі ұмыт болатын заман туар, сонда менімен бірге туған деп, Албан мен Суанға кетсең, мен көрімде тыныш жатпаймын. Тұзға тышу- құдайға қарсылық. Албан мен Суанның пейілі берекесі өзінің алған қонысына лайық болады. Көбіне жақсылықты Албан өз тұқымына ғана жасайтын болады, айналасын тау тұтқан олардың алған қонысы. Торайғыр мен Тұрпанның арасы сияқты тұйық болмақ. Ал Суанның тұқымы аз болады. Өйткені елдің шетінде, жаудың бетінде,-деген.
Осының әмбесі болмағанымен, көбі шамаға соқты. Албан, Суан 1101-қоян жылы (1723 ж*) Қалмақ шапқыншылық жасағанда, көше алмай, жау қолында қалып қойды. Ал Дулат тұқымы атасының өсиетіне адал болды. Бес Алатаудың – Шымбас, Талас, Шуас, Лабас, Арқастың бауырында Шапыраштымен бүгінге дейін аралас жатады.
Бәйдібектің екінші әйелі Зерептің Азық елінің қызы екенін, өте сұлу адам болғанын қариялар айтып отыратын. Шешеміз атамыздан он үш жасы кіші екен. Оның тапқан балаларынан қалған ұлы-жалғыз Жалманбет. Шешеміз қартайып өз ажалынан 81 жасында қайтыпты. Шешеміз қайтқанда Жалмамбеттің үшінші әйелі (тоқалы) Сыланды да дүние салыпты. Сондықтан екеуін Қаратаудағы Ұзынбұлақ өзенінің кіші Бөгенге қосылар жеріне бірге жерлепті. Содан болуы керек, сол жердегі тау «Қосмола» аталады. ЕНесі мен келінінің татулығын біріне бірінің мейірімін көрсететін. Қосмола ұрпаққа үлгі тұтар елеулі оқиға, үлкенніңкішіге айтар дәрісі, тебізі болмақ. Атамыздың (Бәйдібектің) сағанасы да Кіші Бөген мен Ұзынбұлақ өзенінің құылысында беткейге қойылған.
Зерептен туған Жалмамбетті әкесі Бәйдібек отыз үшінде еөріпті, қып-қызыл болып туылған да, өскенде де сондай көркем кісі болыпты. Сондықтан
одан туған Шапырашты, Ысты, Ошақты-үшеуінің тұқымын Алүйсін, яғни Қызыл үйсін атандырған. Сонымен Бәйдібектің үш ұлы-
Сирақты тұқымы – Сарыүйсін,
Жалманбет тұқымы – Алүйсін
Жарықшақ тұқымы – Қараүйсін
болып тауарихқа солай түскен кезі де болған.
Осыдан мың жыл бұрын да ата-бабаларымыз егіншілікпен, малшылықпен қатар айналысқан. Қазір мен білетін Жетісу жерінде екі мың тоған, жүз тоқсан тоғам, бесжүзге жуық байлам, тоспа бар. Нақты санын дәл ата алмаймын - әрбір егінші суды бөгеп, тоспа жасап, қара мойын, қара сирақ атанып диханшылықпен айналысады. Соның бәрі, тіпті дені сол мың жыл бұрынғы тоғандар мен тоғамдар.
Бәйдібектің Зерептен туған Жалманбет үлкен үйді басқан, біздің атамыз – Шапыраштының әкесі. Өте сері, салқам кісі болыпты.Ылғи жүйрік, жорға ұстап, ит жүгіртіп, құс салған, серілік-салдығын барша тарапта алып жүрген кісінің шүйетін құсының өзі он бес болса керек-ті. Тіпті еш ыңғайға көнбейді деген құладынды қайырып, қуға салып саһарын қиғызған екен. Содан серілікпен жүріп, ел аралап, су кешіп, жүріп Қоңырат Қожбанбет (Заманында Қызыл би атанған) бидің қызы Жұпар – Мапырашты сұлумен көңіл қосыпты. Қызының жүкті болып, іші біліне бастағаны бір күні әкесіне де жетіпті. Содан Қожманбет қатты ашу шақырып, Бәйдібекке сәлем айтыпты: «Баласы тентектік істеді, қызымды екі қабат қылды, Жалмамбетке ашынасын алып берсін, әйтпесе қатар жатқан Үйсін – Қоңырат жауласамыз. Арыстың басқа төрт баласының бәрін жинаймын. Бектің балалары сөйлемесе де, Бал мен Жан балаларына тілімді алғызамын (өзі, яғни Қоңырат- Балдан тараған ғой), әйтпесе мына тірі жесірін алсын. Үйсін – Қоңырат ешқашан жауласып көрмеп еді, мен сол ата салт-дәстүрін жәдігерлеп отырмын», депті.
Бәйдібек бай сол кездері қызылбас елінен келген жауды Үйсінге беттетіп жібергенін, содан біраз Абыл, Азық баласының қырылғанын еске алып, Қоңырат Қызыл биге (Қожбанбетке) өкпелі екен. Қожбанбет өте ғақылды адам, екі арадағы осы бір кішкентай ілгішті пайдаланып, қоңырайсып қалған Үйсін-Қоңыраттың арасын осы бір құдандалықпен татуластырмақ болған, Жалманбет тетірлігін тілге тиек еткен.
***
Қазыбек бек Тауасарұлының «Ата шежіресінен» баршамызға ортақ аталарымызды нұсқалап әңгімелер болсақ, біздің аталарымыз былай келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |