Қадыр, Қалша
Алаш
Жайыл
Қазақ
Жұман, Тұман
Арыс, Бабыр
Ақ,Пан,Жан,Бол,Бек,Бал.
Кейкі
Төбей,Мөған
Бақтияр,Байтерек
Қотан
Үйсін, Байсын Исін.
Бай,Нақ.
Шора,Ырза
Алым, Қарнақ
Есен,Жарбол
Асау, Берік
Жүз, Дүз, Еркіл, Көркіл, Төрен.
Дау
Елсау, Жантай
Нулы,Дулы,Ерте,Кек,Бер,Көнбіс,Шор,Келте,Дүр,Көлби
Абыл, Азық, Албан, Санжар (Жөңше нар)
Қайыр, Қарған, Тарғын
Бақ, Шақ,Асық.
Таң, Таңат, Шарт.
Пәр, Өрт.
Мән, Кен, Кеме,Тоқ
Майқы, Мойыл
Ұзын, Қортық
Сақ,Ақыш
Ал ,Баран
Иба,Күлсін, Тұрсын
Райым, Ортақ,Бекем
Бармақ, Қарақ
Он,Ортан, Асан
Тағар, Бағыл
Озбай (Оразды)
Оқбай, Жекебай, Отанбай,Отарбай, Орбай, Торбай, Балбек, Есен, Аман,Тоған
Егін, Тегін, Бегім.
Азбек, Айбек
Әшеке, Әшен
Үйсіл, Ойсыл
Үйсілден –Сақал, Жете.
Ойсылдан Сіргелі, Шақшам тарайды.
Сіргелі
Сол бір шақта хандық екіге бөлініп, елден береке кеткен, билік құрған Жалайыр Суап ханның замандасы, Әшеке ханның ұлы Ойсылдың 16 әйелінен 30 ұл, 22 қызы болыпты. Отыз ұлды Ойсыл, Суап хан уақытында әрі дәулетті бай, әрі өте зорлықшыл болған екен. Олардың ішінде Бораш мырзаның домбырашылық өнері басым болыпты. Бораш әрі балуан, батыр болыпты. Ол хан Суаптың қызына ғашық болып, сөз байласып, кездесіп жүреді. Бір күні қыздың екі қабат екені де білінеді. Бұл ұнамсыз жағдай Суап ханның құлағына шалынып, ол ашуланып, қыздың шешесін алдына шақыртып алады да:
– Сенің басыңды кесемін, қызыңа неге ие болмайсың?! – дейді.
Оған ханның бәйбішесі:
– Хан ием, сіздің қолыңыздағы қаншама уәзір мен жасауылдар батыр да палуан денелі Бораштың бетін қайтара алмағанда, менің қолымнан не келеді? – деген сұрақпен жауап беріпті.
– Бас уәзірді шақыртыңдар, – деп айқайлайды хан.
Суаптың бас уәзірі Жағалбайлы руынан шыққан кісі екен. Бас уәзірі Қырғиқабақ та ханның қызына іштей ғашық болып жүреді екен. Хан осы уәзіріне:
– Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Бұдан Борашқа қызымды беріп құтылайын ба, қайтеміз? - дегенде ол:
– Үш күнге мәулет бер, мен ойланып, жауабын берейін, – дейді. Үш күннің ішінде, өз ойынша, бас уәзір бір іс жоспарын жасайды да, хан алдына кіріп:
– Тақсыр, хан ием, Борашқа қыз беруге болмайды, зорлықшыл отыз ұлды Ойсылмен құдаласып, қандай жетістікке кенелемін дейсіз. Одан гөрі оларды үрім-бұтақтарымен қоса, көздерін құрту керек. Ол үшін «қызымды беремін» деп дәмелендіріп, өтірік той жасаңыз. Отауларды қатар-қатар, бір-біріне тіркеп, қырық отау тіккізіп, олардың ішінен ор қаздырып, босағаларына екі жендеттен қойыңыз. Күтуші жігіттер құда балаларды отауларға біртіндеп кіргізсін. Сол кезде екі жендет олардың басын кесіп тастай берсін, – дейді.
Суап хан сөзді мақұл көреді де, Ойсылдың бір баласы ту ұстаушы Тұрымбетті өлімге қимай, көп уақыт жүретін, ұзақтау сапарға жұмсайды. Сөйтіп, «Борашқа қызымды беремін» деп, Ойсылды бар балаларымен қоса тойға шақырады. Ол оның алдында, жаңадан ғана Алшын руынан Қыдырбай деген дәулетті кісінің қызына үйленген көрінеді. Жас қатын үстіне тоқал түсетін бұл құдалық жолына ырзалық бермей, өкпелеп жүреді. Бораш ханның қызына қалайда некелесіп, қосылуды көздейді де, наразы қатынын төркініне апарып тастайды.
Ойсылдың бауыры Үйсілдің жеті ұлы бар екен. Олар:
– Хан сендермен құда болуға қалай келісім беріп отыр? Сонда амалсыздан қызының сырын ашық жария еткені ме? Бұл ақылға қонбайды. Тойға бармаңдар, хан қиянат жасайды, – дейді.
– Сендердің бос үгіттеріңе сеніп, басымызға кеп тұрған бақытты тебеміз бе? – деп, Ойсыл балаларының біреуі де оларды тыңдамай, тегіс тойға барады. Болашақ құда балаларды сақадай сай қаруланған жігіттер күтіп алып, қолтықтап, тігілген ақ отауларға біртіндеп кіргізеді. Екінші бір күшті жігіттер аттарды байлап, үзеңгілерді сылдыр еткен даусын шығармай, кесіп тастай береді. Соңында жеті-сегізі суық тірлікті байқап, қашып аттарына мініп үлгіреді. Сол уақытта алдын-ала дайындап қойған найзаларды найзагерлер алады да соңынан қуады. Үзеңгісі жоқ тұлпарларға мініп, Ойсыл балалары ойдағыдай шайқаса алмай, көпшілігі опат болады. Олардың ауылына хан жасағы келіп, жас балалар мен екіқабат қатындарына дейін жусатып салады. Сол кездегі отыз ұлды Ойсыл ұрпақтарының қырылған жері «Өлікті» деп аталады.
Әйел затынан хан мен оның жасауылдарының киімін тігетін, он саусағынан өнері тамған "алтын қайшылы" шебер әйел – Әзбике деген қатын ғана аман қалады. Ойсылдан ұрпақ қалдырмауға бекінген ханның оған мән бермеуінің себебі – Әзбикенің бедеу атанып, бала көтермегенінен екен.
Хан қызының толғағы келіп, ұл туады. Жібек жөргекке орап, далада малдың жатқан жерінен көң ашып, баланы соған жасырып, Әзбикеге хабар етеді. Әзбике анамыз баланы бауырына басып, емізіп еміренгенде, бедеу атанған анамыздың емшегінен өз-өзінен сүт шығады. Оң жақта отырған қызының екі қабат боп қалған жағымсыз ісінен кейін Суап хан намыстанып көшіп, Ертіс басы Қарадеңгейге барып, сол жақта хандық құрады.
Тұрымбет батыр алыс сапардан оралып келсе, бауырларына Суап хан қырғын келтіріпті. Тек Суап ханның қызынан туылған Бораштың баласы ғана Әзбикенің қолында қалыпты. Ол баланы ел-жұрттан жасырып, көңге көміп, ылғи іңірде емізіп, баға береді екен. Содан "көң, көң, көң, іңір, іңір, көңір" деп жүріп, бала «Көңірдек» атанып кетеді. Бұрын бедеу атанып, енді ғана қос анарынан сүт шыққан алтын қайшылы Әзбике Тұрымбетке қосылып, Нан және Нау деген екі ұл перзент көреді. Кейбір шежірелерде Науды "Манат" деп атаған жері де бар.
Әрі-бері өткен жолаушы Тұрымбеттің үйінде ойнап жүрген үш баланы көріп: "Мынау бейшаралардан да үш таңба қалыпты ғой" – деп айтады екен. Сонда Көңірдек, Нан, Нау үшеуі «үштаңбалы» аталады. Тұрымбет Суап ханның туын ұстаушы болғандықтан ел-жұрт Тұрымбеттен туылған Наудың үрім-бұтағын «тутамғалы» деп атап кетіпті. Шешесі Әзбикенің "алтын қайшылы" шебер аталғандықтан оның Нан деген баласының ұрпағынан «қайшылы» руы тарапты. Кей деректерде қайшылы Әзбикені «қайшылыбике» деп те атайды.
Бораш батырдың төркініне кеткен қатынынан ұл бала туылып, оның атын Құбасай қояды. Ол кей әңгімелерде Құтабай деп те аталады. Құбасай дегені алпамсадай палуан боп өседі. Он екі жасқа толып, балиғатқа жетіп, додаға түскенде, одан серкені алатын жан шықпайды. Ақыры Алшын- Жағалбайлылар намыстанады да, Қыдырбайға: "Сен елмен бол, я болмаса, жиеніңмен бол!", – депті. Содан Құбасайдың алдына құлынды қырық биені салып, еліне қайтарады. Сонда бала:
– Мұнша көп малды алдыма салдыңыз. Жол торыған ұры мен қарақшы кездессе, малымды аламын десе қайтемін? – деп сұрайды.
– Байұлымын десең, ешкім тиіспейді, – депті атасы. Содан Құбасайдың лақап аты «Байұлы» боп тарап кетеді. Ол уақытта биенің қымызын жолда азық етеді екен. Сондықтан да нағашы жұрты құлындар биені еміп қоймасын деп, құлындарының мұрнына сірге өткізіп, мұрындық салып береді. Құбасай еліне келіп, Тұрымбеттің үш баласына келіп, аман-есен қосылады. Бұрынғы үштаңбалы енді төрттаңбалы боп атанады.
Көңірдектен Уылдырық, Буылдырық деген екі бала болады. Дәулет бітіп, ақ отау тігіп отырған Уылдырық ұрпағы – Ақкөңірдек атанса, кедейлеу болған Буылдырық ұрпағы – Қаракөңірдек атанып кетеді.
Құбасайға нағашылары тарту еткен құлындарының біреуі жүйрік болып шығады. Оның жүйрік сіргелі тай деген атағы тарап, "Сіргелі, Сіргелі" деп жүріп, Ойсылдың өсіп келе жатқан жалпы әулеті «Сіргелі» аталып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |