Мен жоқ жердегі «менің Өмірім» (Эксперименттік драма)



бет2/10
Дата09.02.2024
өлшемі47.55 Kb.
#491472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
мен жоқ жердегі менің өмірім

Суреттердің бәріне бір қарап шығады.
Қыз: Бәрі сол баяғы қалпы. Біреуі ыржиып, біреуі тыржиып қатып сол күйі тұр. Қаншама уақыт өтті білмеймін, жылдар, ғасырлар, мен де сол сары көйлекпен әлі тұрмын.
Сахнаның ортасында ала сызықтар бар. Қыз сол ала сызықтармен жүріп өтеді.
Қыз: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жетінші! ПАУЗА.
Ойланып қалады.
Қыз: Жоқ, бұлай емес, мен ол кезде өте көңілді болғам. Болмайды, қайтадан.
Ала сызықтардан қайтадан аттай бастайды. 
Қыз: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жетінші! Мен осылай өте көңілді келе
жатқам. Кенет мен оң жағыма жалт қарадым. Қатты жылдамдықтағы көлік
әрең тоқтады. Белгісіз адам маған қарады, мен оған қарадым. Қап- қара көздер
болатын. Менің бүкіл барым, бүкіл өмірім осы ала сызықтарда қалып қойғаны
ма? Жоқ, мен осылай деп мың, миллион рет ойлаған шығармын. Жоқ, қалып
қойған жоқ. Онда не? Бәрібір де қалып қойған жоқ. Міне, осы жетінші сызыққа
келгенде мен оның көзіне еніп кеттім. Бірақ мен дәл осы жетінші сызық
бойында оны күтем. Ол мені қайта тағы көретін болады. сосын мен жер бетіне,
өз өміріме оралам. Қашан енді? ( қынжылып, айғайлап жібереді) Бәрібір де
ол мені қайта көреді, мен оның өміріне енемін, солай мен тіршілікке, жер
бетіне оралатын боламын. Гүлдер, құстар, көліктер, адамдардың дауыстары.
Айқай- шу бәрі керемет ғой сондай.
Алақандарымен ала сызықтарды жауады.
Қыз: Ақ, қара, ақ, қара, ақ , қара! Қандай зеріктіретін түстер. Қайтадан. Бір,
екі, үш, төрт, бес, алты, жетінші сызық, мен сондай көңілді едім, ол маған жалт қарады. Менде. Енді солай ол маған тағы қарайды. Мен өмір сүремін.
Қызылды- жасылды, жалт- жұлт еткен кәдімгі тірі өмір сүремін. Ия, ол мені
сөзжоқ, қайта көреді. Мен жер бетіне оралам.
Айналасындағы суреттерге бұрылып қарап қояды.
Қыз: Сонда сендер осылай қатқан күйлеріңде мәңгі тұра бересіңдер ма?
Айтыңдаршы, сендер неге мен сияқты асықпайсыңдар, ойламайсыңдар өмір сүру туралы.
Бір тал тамшы орындыққа ағып түседі.
Қыз: Міне, айттым ғой, ол мені естиді, тамшы мені естиді. Жиырма бес мың ек жүз алпыс үшінші тамшы!
Орындығындағы тамшыны қолымен сипап сүртеді. Көйлегінің етегімен тағы сүртеді.
Қыз: Сенің мені осылай әуреге салғаның сондай ұнайды маған. Сен өзі
қызықсың, менің отыратын орындығымды су қылып тастайсың, мен оны енді
мына көйлегімнің етегімен сүртуіме тура келеді. Әйтпесе, орындығыма жаным
ашиды. Ал оны сүртсем мына сары көйлегім кірлеп кетсе, кейін мен жерге
оралғанда адамдардан ұят боп жүрмей ме, соны да ойлаймын. Алақаныма
тамшы десем, орындыққа тама қоясың, ал орындыққа аға бер десем алақаныма
ыршып түсесің, сен өзі менімен ойнағанды жақсы көресің, ия, бірақ маған да
осы сенің қырсықтығың ұнайды, рас айтам, сен болмасаң мына тыныштықтан
есімнен алжасып кетер едім баяғыда.
Екінші көрініс
Құлаған заттың дауысы естіледі. Қыз артына жалт қарайды. Ол белгісіз бір 
жігітті көреді. Жігіттің қолында дирижердің таяғы бар. Үстіне де 
музыканттың қара костюмін киген.
Қыз: Ей, адам? (Жігіт артына жалт қарайды.) Сіз кімсіз?
Жігіт: Ал сіз?
Қыз: Мен бе, мен әдемі қызбын деп ойлаймын.
Жігіт: Ау, ия, мүмкін.
Қыз: Жоқ, мен әдемі қызбын!
Жігіт: А, ия әрине, бойжеткен!
Қыз: Қолыңыздағы не зат?
Жігіт: Таяқша.
Қыз: Қалай?
Жігіт: Мен манхэттенде симфониялық оркесторде осылай орындап тұрғам.
Қыз: Нені?
Жігіт: Нені? Компазицияны оркестормен бірге, жоқ, міне, тыңдаңызшы, естіп тұрсыз ба?
Қыз: Нені?
Жігіт: Музыка, симфония дауысын.
Қыз: Сіз кімсіз өзі, бірақ мен сізді көргеніме қатты қуанып тұрмын. (Жақындап барып оның бетінен сипайды.)
Жігіт: Әдепсіздеу қыз екенсіз!
Қыз: Мен шын айтам сізге, қатты қуанып тұрмын.
Жігіт: Бұл не өзі?
Қыз: Көз.
Жігіт: Көріп тұрмын, кімдікі?
Қыз: Кімдікі дейсізбе, білмеймін менде.
Жігіт: Ал сіз кімсіз?
Қыз: Мен? білмеймін. Ал сіз?
Жігіт: Мен айттым ғой. Мен үлкен манхэттенде концертте дирижерлық етіп
тұрғам сахна үстінде, және біздің оркестор таңғажайып музыкант (George
Frideric Handel) Гендельдің (Sarabande) Сарабанда деген симфониясын
орындап тұрғамыз. Менің қолымда мына таяғым бар болатын.
Қыз: Сосын...
Жігіт: Сосын, осы жерде тұрмын.
Қыз: Қалай енді?
Жігіт: Мен өзімді бір түрлі сезініп тұрмын?
Қыз: Қалай енді?
Жігіт: Ау?
Қыз: Қалай енді?
Жігіт: Қалай енді? Не қалай енді?
Қыз: Қалай енді?
Жігіт: Ау, жоқ сіз шамасы, жоқ мен түс көріп тұрмын ия, мына суреттегі кімдер?
Қыз: Білмеймін.
Жігіт: Сіз меніңше тек сұрақ қойғанды ғана білесіз- ау.
Қыз: Сіз менің орнымда болсаңыз... түсінесіз бе, жоқ, мені сіз мүлде
түсінбейсіз! Мен үшін сіз ерекше қуаныш сыйлап тұрсыз.
Жігіт: Мен де қуаныштымын. Бірақ енді мен қашан оянам. Мүмкін сіз маған,
екеуміз бір -бірімізге көмектесерміз.
Қыз: Бері келіңізші. Міне, ала сызықтарды көріп тұрсыз ба?
Жігіт: Ия. Енді... осы арқылы жолдың арғы шетіне бізге өту керек шығар.
Қыз: Қандай жол, сіз мені тыңдаңызшы алдымен, мынау ала сызықтар. Мен
осы сызықтар бойымен жүріп келе жаттым. Үстімде осы көйлегім, дәл осылай
күліп келе жаттым. Сөйтіп, жетінші сызықты басқанымда оң жағымнан қатты
жылдамдықпен бір көлік кеп зорға тоқтады. Сол сәтте мен оң жағыма жалт
қарадым. Сосын сол көлік ішіндегі белгісіз қара көздердің ішіне еніп кеттім. 
Жігіт: Бұл не? Ертегі ме?
Қыз: Қандай ертегі? Мен сізге бұл жерде қалай пайда болғанымды айтып
тұрмын. Және сіз ештеңе білмейсіз. Мен осы құрып кеткір ақ, қара түстердің
ішінде қанша жыл, қанша ай өмір сүріп келе жатқанымды да білмеймін. Міне,
мына бұрыштан, қараңызшы, тамшы ағып тұрады, мен оны санаймын. Жаңа
сіз келерден бұрын ғана жиырма бес мың екі жүз алпыс үшінші тамшы менің
алақандарыма ағып түсті. Ып- ыстық. Мен осылай қалт жібермей оларды
санап отырам.
Жігіт: Жалықпайсыз ба, қателеспейсіз бе? Еріккендік қой бұл!
Қыз: Еріккендік? Сіз өте қатал адамсыз.
Жігіт: Ал сіз өте ерке және ақымақтаусыз.
Қыз: Ал сіз сосын тағы өте дөрекі адамсыз. Мен сіздей адамды өмірімде
бірінші рет кезедестіріп тұрмын. ПАУЗА. Ия өмірімде бірінші рет адаммен
сөйлесіп тұрған сияқтымын.
Жігіт: Кешіріңіз, мен сізді ренжіткен шығармын, бірақ сіз мені тыңдаңызшы.
Қараңыз, мен қалай ойнаймын, міне, осы таяқтың ұшымен бүкіл оркестор
қосылады. Музыканы естіп тұрсыз ба?
Қыз: Музыка? Жоқ, мен тек сіздің таяқты ебедейсіз қимылдатқаныңызды ғана
көріп тұрмын.
Жігіт: Ия, сосын құлақ түріңіз. Жақсылап тыңдаңызшы, міне, қайырмасы. Оһ,
менің сүйікті Сарабандам!
Қыз: Шын айтам мен ештеңе ести алмадым.
Жігіт: Кереңсіз бе?
Қыз: Мен сізді естіп тұрмын ғой. Тастаңызшы таяқты, бұл барып тұрған алдау.
Жігіт: Сарабанда алдамайды! Ол арқылы сіз өмір сүресіз!
Қыз: Ал мен өмір сүріп жатырмын деп ойламаймын.
Жігіт: Тыңдаңызшы! (Музыка өшеді.) Бұл нағыз өмір тудырады.
Қыз: Сіз маған айтыңызшы, мен жер бетіне орала алам ба, өзіме? Мен өзім туралы жиі ойлаймын.
Жігіт: Сонда не ойлайсыз?
Қыз: Мен негізі қандай адам болған екенмін, мүмкін әлі де өмір сүріп жүрмін
жер бетінде. Бірақ мен мұндамын. Қашан өзіме оралам?
Жігіт: Сіздің ойыңызша менде сіз сияқтымын ғой шамасы, не боп кетті?
Сонда біз кімбіз, қайдамыз?
Қыз: Мен үнемі осы жетінші сызыққа келем де, жер бетіндегі тура сол сәттегі
өзім сияқты күліп тұрам, ол мені тағы көрсе екен, көрсе, тағы көрсе екен,
сосын мен солай, өз өміріме оралам, жер бетіне, солай ғой, мен сенем.
Жігіт: Рас айтам, сіз ақымақтық ойлайсыз және сөйлейсіз? Жоқ, неге бәрі
түсініксіз боп кетті? (Суреттерге қарап) Адамдар бір- біріне қалай ұқсайды
ия, бірақ көздерінен ажыратуға болады. маған қараңызшы
Қыз: Ия.
Жігіт: Сіздің көздеріңіз өте әдемі!
Қыз: Өтірік айттыңыз, жаңа ғана мені барып тұрған ақымақ деп кекетіп отыр едіңіз ғой.
Жігіт: Ақымақтығыңыз рас енді, бірақ мен сізге көздеріңіз туралы айтып тұрмын қазір.
Қыз: Қазір ме?
Жігіт: Ия қазір!
Қыз: Ей, қайда кеттіңіз, тоқтаңыз, тоқтаңызшы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет