Қыз ала сызықтарға келеді.
Қыз: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жетінші, міне дәл осы сызыққа келгенде...
Қыз ойланып қалады.
Қыз: Жоқ, мен ол кезде үстімде сары көйлегім, және мен сондай көңілді болатынмын. Қайтадан, бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жетінші сызыққа келгенде...
Қыз тағы ойланып қалады.
Қыз: Жоқ, мен ерекше көңілді едім.
Суреттер тас шеңберді айналып отырады.
Алтыншы сурет: Сенде бізге қосылуға тиіссің.
Жетінші сурет: Сен суретсің.
Сегізінші сурет: Біз Нұх пайғамбардың келуін тағатсыздана күтудеміз.
Тоғызыншы сурет: Сен біздің қатарда болуға тиіссің.
Қыз оларды елемейді, өзімен- өзі тұра береді. Қыздың дауысы өте салмақты, бір тонды еді. Қимылы да өте баяу, және еріксіз ауыр қозғалады.
Қыз: Сосын мен алдыға қарай жүре бердім, ия мен өзімді сондай бақытты,
және көңілді сезінгенімді ұмытпауға тиіспін. Жоқ, мен өзімді ерекше ауыр
сезініп тұрмын. Менің миым маған дәл сондай көңілді сәтімді қайталай
алмайтынымды айтады. Бірақ неге деп мен одан қайта сұраймын. Миым маған
білмеймін деп жауап қайтарады.
Осы сәтте бір тамшы ағып түседі. Бәрі арттарына, орындық жаққа жалт қарайды.
Қыз: Менің миым маған тілегімнің орындалғанын айтып тұр.
Қыз орындыққа қарай әрең, сүйретіліп қозғалып келеді.
Оныншы сурет: Қауіп бізге жақындап келеді.
Бірінші сурет: Нұх пайғамбардың алдынан шығатын уақыт жетті.
Екінші сурет: Уақыт жетті.
Үшінші сурет: Бізге асығу керек.
Төртінші сурет: Уақыт жетті.
Суреттер бірінің артынан бірі тізіліп сахнадан шыға бастайды. Сахнада тек Қыз қалады.
Қыз орындық бетіндегі тамшыны алақандарымен сүртіп жатады.
Қыз: Менің миым маған айтып тұр, мен шексіз қайғыдан шексіз жылаудамын. Зарлаудамын. Менің соңғы тілегім орындалуға тиіс, сен маған көмектес,
Тамшы! Менің миым менің шексіз қалауымды жеткізіп тұр.
Осы сәтте тағы бір тамшы қыздың жайып тұрған алақанына тамады. Көп ұзамай тағы тамады.
Қыз: Менің миым менің жанымның сені сезіп тұрғанын жеткізеді.
Тамшы тағы ағып түседі. Бірте -бірте тамшы көбейе түседі. Тіпті тез аға
бастайды. Бір уақытта қыздың үстіне нөсерлетіп жаңбыр төгіледі.
Жетінші көрініс
СОҢҒЫ ӘРЕКЕТ
Жап- жасыл жұмақ не дала. Құстардың үні сайрап тұр. Аққан судың, жан- жануарлардың дауысы естіледі. Бақша, орман мүмкін жұмақ. Жер беті. Дәл ортасында бір түп алма ағашы тұр. Қыз сол ағаш түбінде отырған жерінен тұрады.
Қыз: Мен қайдамын?
Қыздың дауысы жарқын, және өте тірі шығады.
Қыз: Мен жер бетіндемін бе? Шыныменде бұл топырақ па?
Айналасына қарап таңырқаған қыз қатты айқайлап қуаныштан күле береді.
Қыз: Мен жер бетіндемін бе, әлде жұмақтамын ба? Мынау қолымда әлі бар екен ғой.
Қыз таяқты жоғары көтеріп қозғалта бастап еді. «Сарабанда» музыкасы ойнай бастайды.
Қыз: Бұл «Сарабанда», ия бұл соның өзі. Мен енді естіп тұрмын. Сарабанда!
Ол ағашқа жақынырақ келеді. Қып- қызыл алманы көреді.
Қыз: Менің қатты қарыным ашқан сияқты.
Ол қызыл алманы үзіп алып, ауызына салады. (Демек, Қыз Хау- ананың қателігін қайталау арқылы жер бетіне қайта оралды. )
Соңы
Достарыңызбен бөлісу: |