Мен жоқ жердегі «менің Өмірім» (Эксперименттік драма)



бет4/10
Дата09.02.2024
өлшемі47.55 Kb.
#491472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
мен жоқ жердегі менің өмірім

Сахнада қыз жалғыз өзі қалады. 
Қыз: Сіз суретсіз, яғни мен суретпін! Ия, олар мені суретсің деді, кәдімгі
мыналар сияқты сурет, сонда мен Суретпін! Мен Суретпін! Пауза. Сурет
болмасам бұл суреттер арасында не істеп жүрмін, мен кіммін? Бұл көздің
ішінде не істеп жүрмін, бұл не, бұл қай жер, бұл кімнің көзі, олар кім? Оларда
сурет! Ал мен ше? Жоқ! Мен қалай сурет болам? Бұл Өтірік! Ия, бұл өтірік!
Сурет деген міне, мыналар, сендерсіңдер! Еш қозғалмай осы қабырғада
мелшиіп қатып ілініп, салпиып тұрғандарыңа қанша болды, білесіңдер ме,
мысалы мен өзімнің бұл жерде қанша уақыт болғанымды білем, себебі мен
тамшыны санап отырдым, ия сол тамшының саны менің осындағы өткізген
уақытымның өлшемі.
Тамшы ағады.
Қыз: Ооо, міне, Жиырма бес мың екі жүз алпыс төртінші тамшы! Ия, бұл не
сағат па күн бе? Бәрібір осы сан... Ия осы сан менің көз ішіндегі
тыныштықтағы өмірім! Ей, ақымақ тамшы, саған айттым ғой, менің мына
орындығымды бір күні ортасынан тесіп түсірмесең болғаны. (Алақанымен 
орындықты сүртеді.) Ал орындықты алып тастайын десем, ешқандай дауыс
ести алмай қалам да, санаудан жаңылып қалам, сондықтан мейлі, бұл
орындықты бір күні тесіп тастасаңда мен саған еш ренжімеймін, тек мен жер
бетіне оралсам болғаны. Жер бетіне адам болып оралсам, ия, мен сурет
емеспін! Ол анық ғой. Сен не дейсің тамшы?! Олардың айтқаны ақымақтақ
ғой, ойлашы, ия, бірақ менің ұйықтамайтыным, түс көрмейтінім, және тамақ
жеп, біреуді сүймегенім де рас, бірақ бұл мені сурет деген сөз емес ғой,
мысалы, мен күлемін, жылай да аламын, жүрегім қатты соғып біреуді күте де
аламын! Оны сен жақсы түсініп тұрсың ғой, айтшы, Тамшы! Айтыңдаршы,
сендер қалай ойлайсыңдар?
Ол қабырғадағы ілулі тұрған картиналарды аралап жүріп сөйледі. 
Қыз: Сендер айтыңдаршы, менің жанымдасыңдар ғой, мені жақсы білесіңдер!
Мен сендер сияқты мелшиіп қатып қабырғада ілулі тұрған жоқпын ғой, дұрыс
па? Мен сендерге аузым талып, жағым қарысқанша сөйлеумен, қызықты
бірдемелер айтып, өзіммен өзім күліп, жыладым да, ия , талай рет. Демек, мен
қатып қалған сурет емес екенім анық ғой, жоқ, мен не үшін бұл туралы
қайталай бердім. Олар айтса айта берсін, өздері сурет болғасын мен сияқты
сұлу адам бола алмағандарына күйінеді. Ия, олар қатты күйінеді. Жоқ, олар күйінуді де білмейтін сияқты, жан ашуды да, жақсы көруді де біреуді күтуді де олар білмейді.
Орындығына келіп отырады. 
Қыз: Ол қайда кетті? Ол қайда ғайып болып кетті? (Күледі.) Көздерің әдемі
екен деп қояды, ал өзінің көздері қандай ғажап екенін тіпті білмейтін сияқты.
Ол келеді. Қандай бақытты сәт, оның жанында болу, онымен бірге болу қандай
ғажап сезім, қандай қызық, мен аузым шаршап жалғыз өзім сөйлей бермеймін,
ол да сөйлейді, екеуміз бірге күлеміз, айтысамыз да, қызық ғой бәрі. Ол мені
мына тыныштықтан, жалғыздықтан құтқарады. Менің кеудемді ыстық сағыныш басып барады. Пауза.
Ол ала сызықтар үстінде жүре бастайды. 
Қыз: Келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді.
Ала сызықтар аяқталып қалады да, ол жерге отырып қалады. Пауза. Ол орыннан атып тұрады да суреттерді санай бастайды. 
Қыз: Келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді, келеді, келмейді...
Ол сахнаның бір шетінен бастап екінші шетіне жеткенде соңғы суреттің орнында жігіт тұрады. 
Жігіт қолындағы таяқшасымен музыка ойнағандай өзінен өзі қозғалып тұр. 
Қыз: Ей, адам! 
Жігіт: Сарабанда!
Қыз: Не дедіңіз?
Жігіт: Сарабанда!
Қыз: Кім? 
Жігіт: Музыканы айтам!
Қыз өзін Сарабанда деп шақырды деп қатты қуанып барып, басылып қалады.
Қыз: Мен сіздің келетініңізді білгем!
Жігіт: Қалай білдіңіз?
Қыз: Сіз жүректің сіздің сұрағыңызға жауап беретіні туралы білесіз бе?
Жігіт: Сонда сіздің жүрегіңіз не деп жауап берді? Сіз одан не сұрадыңыз сонда?
Қыз: Жүректен ба? Бәрін сұрадым! Мені мына тыныштықтан құтылдыруын, мені жер бетіне оралуыма көмектесуін сұрадым.
Жігіт: Енді ол тілегіңізді қабыл алды ма?
Қыз: Білмеймін, бірақ ол маған көмектесіп жатқан сияқты.
Жігіт: Жоқ, мен неге тағы мұнда тұрмын? Жаңа ғана Сарабанданың екінші бөлімін орындауды бастап жатқан сияқты едік ғой. Не боп жатқанын түсіне алсам бұйырмасын. 
Қыз: Ал менің қуанышымда шек жоқ. Ал сіз мені көргеніңізге ешқандай қуанып тұрған жоқсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет