Сахнаның екі жағына қайта -қайта жүгіріп, жан -жағын қарап шығады.
Қыз: Ол тағы кетіп қалды, бірақ тағы қайта оралады. Ол мына затын алу үшін қайта оралады. «Сарабанда» ия, сарабанданы маған орындап беру үшін тағы келеді. Мен оған шексіз сенемін. Сендер қалай ойлайсыңдар?
Айналасындағы суреттерді шолып шығады.
Қыз: Ол қайтып оралама? Ия, ол қайтып келеді, және мені өзімен бірге жер
бетіне ала кетеді. Сөйтіп мен сендерден құтыламын. Ей, тамшы, ал, сен қалай
ойлайсың? Ол тағы келеді ғой ия, және маған Сарабанданы орындап береді,
мен бұл жолы музыканың дауысын міндетті түрде еститін боламын.
Алақаныма тама қойшы, мен сені күтіп отырмын, ей, тамшы!
Сахнада суреттер қайта пайда болады.
Бірінші сурет: Ол енді ақпайды.
Екінші сурет: Ол енді оралмайды.
Үшінші сурет: Сен естімейсің. Көрмейсің.
Төртінші сурет: Сен суретсің.
Бесінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Алтыншы сурет: Біз Нұх пайғамбарды күтеміз.
Жетінші сурет: Ол келе жатыр.
Сегізінші сурет: Сен суретсің.
Тоғызыншы сурет: Бізбен бірге болуға тиіссің.
Қыз: Жоқ, мен сурет емеспін.
Оныншы сурет: Енді боласың.
Қыз: Жоқ, көресіңдер, мен жер бетіне ораламын. Міне, көріп тұрсыңдар ма?
Мынау таяқ сондай қасиетті, бұдан музыка шығады. Бұның иесі қазір қайта
келеді. Мен оны күтіп отырмын.
Бірінші сурет: Ол келмейді.
Қыз: Жоқ, келеді.
Екінші сурет: Ол енді оралмайды.
Қыз: Жоқ, ол мына затын алуға келеді. Бұл таяқ ол үшін өте қымбат. Және ол сондай керемет жан. Ол маған тамаша өмір сыйлайды. Сендер тіпті
білмейсіңдер ғой, ол маған не деді, ойланып көріңдерші. Ол ерекше. Ол адам. Түсінесіңдер ме? Ол адам, мен оның жанында ерекше сезімді басымнан өткізем.
Үшінші сурет: Бұл жалған ой.
Төртінші сурет: Адамның сандырағы.
Қыз: Сендер оны білмейсіңдер де, менің мына жаным оны маған тартады. Менің махаббатым оны осында қайта әкеледі. Бұл ақиқат. Сендер бұны ешқашан сезіне алмайсыңдар.
Бесінші сурет: Зодиак жүйесі қирады.
Қыз: Не дейсің?
Бесінші сурет: Зодиак жүйесі қирады.
Алтыншы сурет: Енді суқұйғыштар мен балықтар, тауешкілер мен егіздер болмайды.
Қыз: Ол не?
Жетінші сурет: Уақыт қирады.
Қыз: Қалай?
Сегізінші сурет: Себебі тіршілікті ұстап тұрған махаббат жойылды.
Қыз: Махаббат жойылды? Бұл сіздер үшін мүмкін!
Қыз рахаттана күледі.
Қыз: Әрине, суреттер үшін ешқашан махаббат болған емес.
Тоғызыншы сурет: Жердің тартылыс күші.
Қыз: Ол не?
Оныншы сурет: Ол бір асқан ақылды адамның ойлап тапқан заңы болатын.
Қыз: Заң ба? бұл керемет дүние шығар.
Бірінші сурет: Бұл өтірік болатын.
Екінші сурет: Бірақ оны ешкім білген жоқ.
Қыз: Ақылды адамның ойлап тапқан заңы қалай өтірік болады? Мүмкін сендердікі өтірік.
Үшінші сурет: Оның тапқан тартылыс күші дегеніміз МАХАББАТ болатын.
Қыз: Ал тартыыс заңы мен махаббатың қандай қатысы бар? Ол ақылды кісі тек өте керемет жаңалық ашты ғой.
Төртінші сурет: Кереметтігі сондай адамдар ол туралы ойлай алмайды.
Бесінші сурет: Тартылыс тіршілік арасындағы махаббат.
Алтыншы сурет: Жер мен және оны мекен етушының тамырындағы махаббат оларды ұстап тұр.
Жетінші сурет: Сондықтан жануарлар ауаға қалқып кетпейді.
Қыз: Ал құстар бар ғой?
Сегізінші сурет: Олар де белгілі ғашықтыққа ғана көтеріле алады. Бәрі қайтып жерге оралады.
Тоғызыншы сурет: Жер мен оның бетіндегі тіршіліктің арасын махаббат жалғап тұр.
Оныншы сурет: Ал жер бетінен алыстаған сайын бұл тартылыс өз күшін жоя бастайды.
Бірінші сурет: Махаббат үзіледі.
Екінші сурет: Олар ауада қалқып қалады.
Үшінші сурет: Махаббат тек жер бетіне берілген.
Төртінші сурет: Жер бетінен алыстаған кез келген тіршілік иесі бұл бақыттан айырылады.
Бесінші сурет: Тартылыс күші жер бетін мекендейтін барлық тіршілікке тән.
Қыз: Ол белгілі ғой, бірақ адамдар қалай болады?
Алтыншы сурет: Адамдар да тартылыс күшінің қуатымен ғана тіршілік
кешуде.
Жетінші сурет: Ол күш барлықты жалғастырушы.
Сегізінші сурет: Адамдар туған топырағынан кете алмайды.
Тоғызыншы сурет: Себебі оларды тартылыс күші жібермейді.
Оныншы сурет: Адамдар бір -бірінен де кете алмайды.
Бірінші сурет: Тағы да тартылыс күші жібермейді.
Қыз: Ал мен неге жер бетіне орала алмаймын, жер мені неге өзіне тартпайды? Ал осыған кім жауап береді, маған?
Екінші сурет: Сен суретсің!
Қыз: Жоқ, мен адаммын!
Үшінші сурет: Сен суретсің!
Достарыңызбен бөлісу: |