Сурет бұл картинаны да оп- оңай алып, шеңбердің ішіне қарай лақтырады.
Қыз: Ей, тастаңдар, тимеңдер!
Оныншы сурет: Енді сен ашулана алмайсың.
Бірінші сурет: Бос айқайлайсың.
Екінші сурет: Сенде бәрі өшті.
Үшінші сурет: Сен суретсің!
Төртінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Бесінші сурет: «Жауынгердің Аббас шаһтың келуі туралы арманы». Әбу әл -Хасанның жұмысы. Ұлы маңғолдар әулеті. Үндістан. ХVІІ ғ. басы. Өнер галериясы, Вашингтон
Қыз: Мен өзімнің шексіз төзімсіздік пен ашуымды миым арқылы түсініп тұрмын.
Алтыншы сурет: Бұл соңғы әрекет!
Жетінші сурет: Сенің ашуың жанып жатыр.
Сегізінші сурет: Ызалықтан өзінің қара денесін пышақпен кескілеген еркек. Африка. 1921 жыл.
Қыз әлдеқайда салмақтана сөйлейді, бір қалыпты тонмен, бір қалыпты эмоциямен тура басқа суреттер сияқты. Ол енді еш әрекетке бармайды, ұмтылмайды. Орындықта бәріне қарап отыра береді.
Тоғызыншы сурет: «Құмарлықтар туралы» «Бірінші және басты себеп, құмарлық атаулының анасы өзін сүйгендік» Ресей. ХVІІІ ғ. Гейдельберг университетінің славистика факультеті.
Қыз: Егер ол қайтып келгенде не болар еді?
Оныншы сурет: Ол оралмайды.
Қыз: Менің миым оның оралатынына сенеді.
Қыз орындықтан түсіп сахнаның екі шетіне кезек -кезек барып қайтады. Жігітті іздеп жүреді.
Қыз: Ол келеді.
Бірінші сурет: Су жұтып кеткен баланың қуыршағы. Жапония.
Сурет тағы картиналарды тоқтаусыз бірінен соң бірін алып, шеңбер ішіне тастап жатады. Қыз өз өзімен кетеді.
Қыз: Менің миым одан келуін асыға өтінеді. Бірақ ол адам асығар емес.
Екінші сурет: «N4 түйін», Леонардо да Винчи. Италия, VІ ғ басы. Бейнелеу өнерінің ұлттық галериясы.
Қыз: Егер мен оның орында болғанымда қыз үшін болмасада өзіме ең қажетті
қымбат зат үшін қайта келер едім. Менің миым ол адамды шексіз көруді
қалайтынымды маған білдіртіп тұр.
Үшінші сурет: Оқтың орнынан аққан қызыл қанымен әлі дүние есігін ашпаған
ұлына өсиет жазып жатқан жауынгер. Ресей. 1943 жыл.
Қыз: оның осынша кешіккені үшін мен оны ешқашан жек көре
алмайтынымды ол адам білер ме екен?
Төртінші сурет: «Сен мені түстермен шошындырып, елестермен үрейімді
аласың», Уильям Длейк гравюрасы, Англия, 1825. Пьерпонт Морган
кітапханасы. Нью Йорк.
Қыз: «Сарабанда» менің миым маған бұл музыканы қалай естігім келіп
тұрғанын жеткізеді. Ал сен оны қалай сезбейтініңді тіпті білмейтініңді
түсінуге ақылым жетер емес. Бірақ сен бәрібір келесің.
Бесінші сурет: Өз баласының етін жеп, ұшынған әйел. Қазақстан. 1932 жыл.
Қыз қайтадан орындықтың жанына келіп, алақандарын жайып төбеге қарап отырады.
Алтыншы сурет: «Шытырман». Шартре Соборының нефі, Франция.
Қыз: Мен миым арқылы түсініп тұрмын, мен сенен жалына жылап алақаныма
тағы бір тамшы ағып түсуіңді сұрап тұрмын. Сенде мені тастап кеткенің бе?
Сегізінші сурет: «Гуштасптың Каргты өлтіруі», «Шахнама» қолжазбасынан. Персия. ХVғ, Париж.
Қыз: Менің миым менің жанымның ерекше сенімін жеткізеді. Сен менің
алақаныма тағы ыршып түсесің, сосын мен сенің шексіз жылулығыңды не
болмаса шексіз салқындылығыңды сеземін.
Тоғызыншы сурет: Кездейсоқ өзінің құдайын шағып (қиратып) алған әулеттің адамдары. Үндістан.
Қыз: Солай мен бәрін қайта сезе бастаймын, жер бетіне өзіме ораламын.
Оныншы сурет: «Рама мен Равана». Нурпур, Пенджаб, Үндістан, 1720 жыл, Кливлед өнер мұражайы.
Қыз: Менің миым маған менің жүрегімдегі шексіз сағынышымды жеткізеді.
Мен жер бетіндегі қызылды- жасылды, жалт -жұлт еткен тамаша түстерге
асығамын. Мен өзімнің бақытты адам екенімді бір күндері түсінуге тиіс
екенімді армандаймын. Миым маған менің жанымның оны қаншалықты
қалайтынын, күтетінін жеткізуде.
Бірінші сурет: Компьютер алдында отырып, өзінің нағыз бақытты адам екенін
әлемге жария еткен баланың бейнесі. АҚШ. 2016 жыл.
Екінші сурет: Адам санасы бәрінен азат етілді.
Үшінші сурет: Бізге қауіптің жақындап келе жатқаны анық.
Төртінші сурет: Біз Нұх пайғамбардың келуін сабырлықпен күтуге тиіспіз.
Бесінші сурет: Бізде одан басқа жол жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |