Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері


әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы



бет4/6
Дата03.04.2024
өлшемі0.5 Mb.
#497419
1   2   3   4   5   6
БіЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САПАСЫ

әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы
арқылы қол жеткізуге болады
Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты:
-нормалау;
- уақыт пен міндетті зерттеу;
-ұдайы сұрыптау және баулу;
- ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға жұмысшыға да молшылық әкелді.
Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет.
Ф.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді:
  • дәстүрлі әдістің орнына – ғылым;
  • қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік;
  • дербес жұмыстың орнына- ынтымақтастық;
  • әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің
негізін салушы Анри Файоль (1841-1925). - француз инженері.
1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе, Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды.
Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.
Анри Файоль әкімшілік функцияны талдай отырып, оның негізгі бес элементтерін бөліп көрсетті:

А.Файоль Парижде әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді.
1. Еңбекті бөлу – қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімді орындауға мүмкіндік береді;
2. Билік пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау және өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді;
3. Тәртіп. Ұжымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді және оларды сақтауды меңзейтін тәртіп.
4. Дара басшылық. Қызметкер тек қана бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуы тиіс;
5. Басшылықтың бірлігі. Қызметкерлер тобы бірыңғай бір жоспармен әрекет етіп, бір мақсатта жетістікке бағытталуы тиіс;
6. Жеке мүдделердің жалпы мүддеге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе қызметкерлер мен жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүддесінен асып түспеуі тиіс;
7. Қызметкерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі әділ бағалануы (материалдық және матеиалдық емес тәсілдер арқылы) тиіс;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет