Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Тақырып 7. Экономиканы мемлекеттік реттеу



бет40/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

Тақырып 7. Экономиканы мемлекеттік реттеу

Дәріс 7. Жалпылама дәрісі


  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері


  2. Салық және оның мәні. Салық түрлері.

  3. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Мемлекеттік қарыз.

  4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның бағыттары және қызметтері.



Дәрістің мақсаты: экономиканы мемлекеттік реттеумен танысып, салық, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қарыз тақырыптарын талқылау
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік реттеу, қаржы, салық, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қарыз,жанама салық, тікелей салық.

Мемлекеттік реттеу тақырыбы едәуір ауқымды және экономиканың қандай бір күйі мен шаруашылық үдерісіндегі адам позициясына қарай олардың барлығы да маңызды. ¥лттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда әскери-өнеркәсіп кешені мен космос қызметінде мемлекеттік реттеу аса көкейкесті мәселе. Қоғамның әлеуметтік дамуы тұрғысынан алғанда мемлекет аса үлкен қүрылыстар мен басқа да шаруашылық күрылымдары қажет болатын мәдениет пен спорт мәселелеріне көңіл бөлуі қажет. Олардың қызмет етуі мен дамуы үшін ірі ақшалай жэне басқа да салымдар керек. Сондықтан мемлекеттің қолдауынсыз қоғамдық өмірдің аталған жақтарының дамуы мүмкін емес.


Экономиканы Мемлекеттік реттеудегі негізгі объективті ұғымын, ең алдымен оның өзіне тән ғылыми қажеттілігінен анықтауға болады. Себебі білімнің әр-бір саласы "оның тәжірибемен дәлелденгенін бастапқы негізгі аксиомалары арқылы жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріндегі олардың тиімді паидалану мақсатында макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі:
- Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
- Екінші қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу — бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген. Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды. А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді. Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды. Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады.
Мемлекеттік реттеуіш – бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі əдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-əрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге əлеуметтік мақсаттарєа (əлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге баєытталуы мүмкін.
Негізгі мемлекеттік реттеу құралына əлеуметтік жəрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады.
Экономиканың жұмысының құқықтық негізін құру мен реттеу – бұл іс жүзінде экономикалық агенттердің мінез-құлқының ережелерін, сондай-ақ өндірушілер, тұтынушылар мен мемлекет өздерінің іс-қимылында ұстануы тиіс экономикалық қатынастың заңдылық қаєидаларын белгілеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың орындалуын бақылау.
Мемлекет реттейтін объектілерге ықпал ету процесінің сипатына байланысты мемлекеттік реттеудің сан алуан əдістерін тікелей жəне жанама əдіске бөлуге болады (төмендегі схеманы қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет