Қазынашылық (фискальды) саясат - бюджеттік және салықтық, яғни мемлекеттік шығындар мен мемлекетті табыстармен қамту туралы саясат. Оны мемлекет немесе үкімет жүргізеді. Өз кезегінде қазынашылық саясат екіге бөлінеді:
экспансиялық (басқыншылық);
тежеуші.
Экспансиялык (басқыншылық) қазынашылықсаясат салықты төмендету, мемлекеттік шығындарды ұлғайту арқылы ұлттық экономиканың дамуын ынталандыруға бағытталған. Ал тежеуші қазынашылъщ саясат салықтарды жоғарылату, мемлекеттік шығындарды төмендету арқылы экономикалық дамуды шектеуге бағытталған.
Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.
Монетарлық саясат- несиелік және каржылықсаясат. Оны ¥лттық банк жүргізеді.
Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері : протекционизм және фритредерство.
Баға белгілеуіне мемлекеттің қатысуы. ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады. Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағлау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.Мем қадағалау мен бақылау жұмыстары мемстандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі.
Сонымен қатар арнайы бағыттағы мем.басқару орындары мем.қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:
• санитарлық-эпидемиялық қызмет;
• мал дәрігерлік қызмет;
• фитобақылау;
• экологиялық қызмет;
• атом өндірісін қадағалау;
• көлікті бақылау;
• дәрі-дәрмекті бақылау;
• кедендік бақылау;
Мемлекеттік стандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздеренің аумақтық орындарын құрады. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мем стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді. Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі. Қадағалау, бақылау жұмыстарының нәтижесінде тиісті құжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді. Мемлекеттік қадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды.
Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:
• өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;
• өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;
• сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау; • сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;
• аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;
Стандарт талаптарын орындау, өлшем құралдары мен сертификаттау жұмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және аумақтық ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау ұйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стнадартының аумақтық ұйымдарының мамандары құрайды. Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:
1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.
5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсекедеңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді: Еркінбағалар (нарықтық бағалар) –осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар: сұраныс бағасы–сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;— ұсыныс бағасы–сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;— өндіріс базасы–барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;— реттелетінбағалар –мемлекеттік басқару органдары орнататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгіқорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:— шектеулібағалар –кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;— бекітілген бағалар–белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.
Трансферттік төлем Үкіметтің немесе фирманың үй қожалығына немесе компанияға ақша төлеуін (немесе тауар беруін, қызмет көрсетуін) трансферттік төлем дейді. Бұл төлемнің өтеуіне төлемші тікелей тауар немесе көрсетілетін қызметті алмайды. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау). Ақшалай қаражатты бір жақты, өтеусіз төлеу "ағымдағы Трансферт" деп аталады. Тұтыну мақсатына өтеусіз көмек беру осындай ағымдағы Трансферттың мысалы болып табылады. Салық, айыппұл, өсімақы төлеу де осыған жатады. "Капиталдық Трансферт" – бір институттық бірліктің (мысалы, өндіруші-кәсіпорынның) екінші бірлікке (тұтынушыға, үй қожалығына) активтерді сатып алу кепілдігімен өтеусіз табыстауы. Мұндай Трансферт ұлттық шаруашылықтың резиденттері арасында да, резиденттері мен бейрезиденттері арасында да орын алуы мүмкін;
мемлекеттің жалпы ұлттық өнімді қайта бөлу барысында экономикалық агенттерге өтеусіз төлем төлеуі;
демографияда – азаматтардың бір елден екінші елге көшуі; халықты мемлекеттер арасында халықаралық келісім негізінде алмасу, азаматтықты бірден өзгерту; туристерді әуежайдан мейманханаға, қалалар арасына тасымалдау;
банк ісінде – мәміле бойынша төлемақыны, қаражатты бір шоттан екінші шотқа көшіру.