Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы мифологиялық лексика 3 Том



бет7/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.1 Кереметтер лексикасы
Демонологияға қарсы жағымды іс-әрекеті бар лексиканы кереметтер лексикасы – деп атауды ұйғардық. Бұл аталған лексика оның алдындағы тәңір, ұмай, бақсы, абыз сияқты дәрежеде бола алмаса да, ғажайып кереметтер қатарынан орын алады. Ғайып ирен қырық шілтен.Қырық шілтен, ғайып ерен бірқатарың, Барсың ғой Хызыр Ілияс мұнда! – дедім (М-Ж., 137); Қайыперен, аушыерен, аңның бақташысы болды. Сіз бір түн ұйықтамасаңыз, осы шатыр барлық сайманымен басыңызда болады (М-Ж., 102); Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен, Баланы ќолдап демеді (М-Ж., 187), Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен, Кµтерді жерден ќауѓалап (Алпамыс, 221). Тіккені саудагердің қосы ма еді: Ғайып иран қырық шілтен досы ма еді? (Қыз Жібек, 73);

М-Ж. Көпеев шығармасында Қайыперен, аушыерен//Ғайып иран қырық шілтен//Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен сияқты варианттары кездеседі. Л.З. Будагов: п. جِللهжеллаһ (сокращено изъ جِهلَه =جهل روزي ), кир. شِلله шиллэ, сорокъ дней воздержанія людей благочестивыхъ; 40 дней посл родовъ; два зимніе мсяца, самые холодные, изъ коихъ первая часть зимы, состоящая изъ 20 дней, отъ 5–25 декабря, называется كوجك جلهкүжүк жшелаһ, а вторая – изъ сорока дней, отъ 25 декабря по 5 Февр. называется اولوغ جله єул‰ғ шжлеһ, лтніе жаркіе мсяцы отъ 5 – 25 Іюня, и отъ 25 Іюня по 5 Авг. также называется جله жшлеһ [19, б.486]. Шілтен парсы тілінен енген сөз, ол екі түбірден құрылған шіл тен. Шіл парсы тілінде чил түрінде айтылып, «қырық» деген ұғымды білдіреді. Тен тон болып айтылған, қазақ тілінде дара жұмсалғанда тән қалпында айтылады, парсыларда чилтон (қырық тән) «көрінбейтін қырық қолдаушы» ретінде түсіндіріледі [139, б.26-82]. З.Х. Гуламов. Чил сузиннинг кулдониши ва мағыналары//Узбек чевалары лексикасы. Тошкент, 1966; «Чилтен – существа, незримо существующие среди людей и обладающие сверхестественной силой» К.К. Юдахин. Киргизча-орусча сөзлук, Фрунзе, 1965, стр. 960; [140, б.171-176]. Осыдан біз қырық шілтен демонологиялық сипаттағы персонаж екенін көреміз. К.К. Юдахин де қырғыз тілінде ұшырасатын бұл сөзді осылай түсіндіреді. Тәжіктер чилтон-ды тек дара қалпында, чил (қырық) сөзін үстеп қоспай жұмсайды. Оған себеп чилтен сөзінің этимологиялық құрамын (чилтонның құрамында «қырық» деген ұғымды білдіретін сөз бар) сөйлеушілер анық танитындығы. Қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдерінде этимологиялық құрамы танылмайды, сондықтан оған қырық сөзі қосылып айтыла береді. Чилтон парсылардың ислам діні кіруден бұрын қалыптасқан нанымын танытады. Х. Ғұламовтың дәлелдеуі бойынша, өзбек, қазақ тілдерінде ұшырасатын шілде (жаздың ең ыстық, қыстың ең суық кезеңіне тұс келетін қырық күн), шілдехана деген сөздер де тәжік тілінен енген. Олар чил (қырық) сөзінің негізінде жасалған. Айтылған сөздердің мағынасын ескерсек, бұл ұйғарым тіпті нанымды. Шілде тәрізді шілдехана да қырық мағынасының негізінде пайда болған сөз – дейді Р. Әміров [139, б.82]. Казахи называли чильтанов также «гайбиран» (от перс. – гайеб - скрыты, невидимый) т.е. скрытие друзья. Они могли принимать разный облик-собаки, ребенка, старика и.т.д. Как и в прошлом, казахи чильтанов называют «Қырық шільтен» и «Ғайыперен». Обычно эти имена произносятся вместе – «Ғайыперен қырық шільтен». У киргизов их также называют «Кайберен менен кырк чилтен» [117, б.152]. І. Кеңесбаев «қырық» чілтенге байланысты былай дейді: «Қырғыз тілінде «қырық шілтен» [«чілтен» парсы сөзі; мағынасы-көзге көрінбейтін мақұлық»] деген сөз бар; бу да діни ұғыммен байланысты шыққан сөз: «адамдардың арасында көзге көрінбей жүретін ірі алып мақұлық» деген мағынада десе [141, б.12]. Г. Рысбергенова …агиотопоним Ғайыпереном - связан с персонажем казахской агиологии Ғайыпереном – покровителем диких животных дейді (Кан. дис., афтореф: 1983: 9). Сµйтсе ќырыќ шілтенніњ он бесі сол т±рѓан ханныњ бір баласын ќолтыќтап, ќолдап хан болуѓа осы лайыќты десіп ж‰реді екен (М-Ж., 78); Ќ±зыр, Ілияс, Ќырыќ шілтен Балама меніњ назыр сал (ЌЖ, 97); Профессор Б. Сағындықұлы: «Ғайып ерен қырық шілтен арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» - «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық іс», «адам» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғым береді – дейді [115, б.58]. Мысалы: Ќыс шілдеде Жілік ж‰гіреді, Жаз шілдеде К‰лік ж‰гіреді (М-Ж., 20); Жаздык‰н шілде болѓанда, Кµкорай шалѓын бєйшешек ¦зарып µсіп толѓанда (Абай, 97); Жаз µтіп шілде жетті, шілдеде к‰н ±зын, т‰н ќысќа, к‰нніњ ыстыѓы сонша к‰шті, тастар, ќ±мдар ќызып кетеді (М. Дулат, 193); В.В. Радлов шілда сорокъ самыхъ жаркихъ дней лта дейді сөздігінде [10, б.1079]. Шілде. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып, қалыптасып кеткен (М. Исқақов, 1980: 248). Тоќсандаѓы шалдардыњ, Ќырыќ к‰н шілде болѓанда (М-Ж., 181); Ќырыќ к‰н шілде, ќыс ќалды, жаз орнында (М-Ж., 78); Ќырыќ к‰н шілтер ыстыќта ќарсы кµшіп, Бетпаќтыњ Сар даласы келіп т‰сті (ЌКБС, 31);

Ғайып ерен қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы арабтың аса көрнекті ғұламасы әл-Газали себепші болыпты: «Ғайып ерен (ғайып ирен) мағынасы, шығу тарихы тіпті күңгірт. Ол он үш-он төрт жасында Индиядан араб елдеріне білім іздеп шығады. Әкесі бір соғыс кезінде Индияға қашып барған араб екен. Арабияны өз отаным деп есептейді. Жолда керуені қырық қарақшыға жолығады. Ақша талап етеді. Керуендегілер ақшасын жасырады, әл-Газали бір тиынын қалдырмай, қалтасынан шығарып береді. Таңырқап себебін сұрайды. Анам: «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап»деген. «Өсиетін орындап тұрмын»дейді. Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді. «Мына қаршадай бала тегін болмауы керек. Біз құдайдан қорықпаймыз, адамдарға қиянат жасаймыз, өмір бойы өтірік айтып, арамнан мал тауып жүрміз. Кішкентай бала құрлы бола алмадық-ау» деп, өзара күңкілдеседі. Бәрі ақылдаса келіп, әл-Газалиден бата сұрайды. Батасы қолма-қол қабыл болады. Керуендегілердің көз алдында әлгі қарақшылар құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді. Содан бастап «ғайып ерен қырық шілтен» атанады. Оқиғаның болғанына мың жыл тола қойған жоқ» [115, б.57-59] («Жас алаш» газеті 1991. 21 желтоқсан санын қараңыз).

Л. Будагов: а. غَيب гайбь, мн. غياب, غيوب отсутствіе, скрытое, тайное, غيب اولمقскрыться, изчезнуть,غالم الغايب скрытый, невидимый мірь غيبت мн. غيبات отсуттвіе; охужденіе заочное, хула,غيبت مديده долгое отсутствіе, غيبت مختصره краткое отсутствіе, غيبت اتمك охуждать заочно, злословить,غيبيж.р. غيبيه отсутсвующій, скрытый, невидимый, небесный, божескій, будущій [19, б.777].

Күңгірт ғайып емес, ирен ғайып сөзінің төркіні де, мағынасы да айқын. Ол «көрінбейтін», «елес» деген ұғымды білдіреді, ғайыптан жаралған деген тіркесте жұмсалғанда «періште» деген ұғымды білдіреді. Бұл да парсы тілінен (ғайеб) енген сөз. Мағынасы анық танылмай жүрген сөз – ирен. Бұған қатысты бір қатар болжам бар. А. Диваев, Ғ. Айдаровтың дерегіне сүйеніп ғайып ирен көрінбейтін қолдаушы керемет, ол жеті топқа бөлінеді, алтыншы топқа енетін - қырық шілтен деген. К.К. Юдахин «қырғызча-орысча сөзлүгінде»: «ғайып ирен» – жабайы аң деген ұғымды білдіреді – дейді. Кейініректе осы еңбегінің өзінде К.К. Юдахин пікірін анықтап қайберен (кайып эрен) қабаннан басқа еті жеуге келетін жабайы аңдардың жалпы атауы» – деп жазған. Иреннің мағынасын ашу үшін, алдымен оның қай тілден енгенін, сол тілдегі бастапқы мағынасынан іздеу керек. Тіркес жұмсалатын сөзге қарағанда, иреннің төркінін парсы тілінен іздеу, әрі діни немесе мифологиялық персонаждар төңірегінен іздеу жөн екені зерттеуден анықталады. Ирен парсының (йарандар) деген сөзінен тараған болу керек. Бұл жаран демонологиялық атауға жатпайды, ол «тілектес», «ниеттес» деген жалпы ұғымды білдіреді. Осыған қарағанда, ғайып ирен қырық шілтен деген құрамдағы ирен де «дос» деген мағынада метафора ретінде жұмсалып тұрған болу керек: ғайып ирен қырық шілтен деген – ғайып (көрінбейтін) дос қырық шілтен. Бұл метафора белгілі аумақта қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде таралған деп ұғамыз. Өйткені, ғайып ирен демонологиялық шілтенге тек қазақ, қырғыз халқына тән аңыздарда, жырларда жалғасын тауып, ұшырайды. Осылай екенін М.С. Андреев те ирен сөзінің жұмсалуын біз айтқанға жуық түсіндіреді. Ол кісі былай деп жазды: «Последние (ғайып ирен – Р.Ә.) Происходит из персидской формы ғаиб йаран, т.е. скрытие друзия». Ѓайып (а) ѓаэб. Кµзге кµрінбейтін, кµрінбей кетуші, жоќ болушы, тыѓылушы (ЌТАПС, 51). Өз мағынасынан сәл ауытқып қолданылуы: Болжайтұғын ғайыптан жеті көз жоқ (М-Ж., 44); Сен біреудіњ ѓайыбын ашпа, Т‰н сыќылды перде тарт (Шєкєрім, 117); Халыќтыњ ѓайыбын кµруге бек ќыраѓы, Бір алуѓа бетіњнен итше ќауып (М-Ж., 51);

Р. Әміров: Қазақ фольклорлық ирен және жалпы жұмсалатын жаран бір түп – йарене-ден дара-дара дамып шыққан болу керек. Жаран – парсы сөзінің қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына түсіп, еркін сіңуінің нәтижесі. Ирен аталған тіркес құрамына еніп, қазақ тілінде сөйленушілерге лексикалық даралығы еленбегендіктен, парсы тіліндегі қалпына жуық түрде сіңген. Персидско-русский словарь, М., 1953, 355 б; (Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области т. 10. Ташкент, 1846. Стр. 44) [139, б.82]. Ғайып ирен: ғайып ерен, ғайып ирен, ғайып иран болып түрліше жазылып жүргенін де айтып өтті. Ғайып иран қырық шілтен-наименование сорока невидимых святых, по преданию, принимающих иногда образ птицы и помогающих правоверным мусульманам в беде, в частности, они поддерживают потерявших дорогу путникам [142, б.290]. «Я, бабам!» дей берді, Еранлар қамын жей берді (Ер Тарғын, 298); Сол уақытта Алпамыс, Жат қылады еренді (Алпамыс, 239); С. Е. Малов: ерен `мужчина`; `муж`; ерен кісе `мужчина`; `муж`; ерен йоќ сєждыќ `женщина без мужа`; см. ер [106, б.26]. Ә. Қайдар: парсылық ғайыбана қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, бірнеше варианты болғанға ұқсайды: қайбана // қаймана // қайуана > ғайып «неизвестный, случайный, возникший из ничего» и формы наречия – ано. Слово *ғайып в казахском языке употребляется самостоятельно: ғайыптан пайда болу – «возникнуть неожиданно, случайно», Ғайып – ерен, Қырық шілтен – «мифологический персонаж» дәм ғайып, дидар-ғайып – «неожиданной приятностью является трапеза и встреча друзей» и др. Следовательно причиной этнолингвистической неясности выражения послужило употребление в нем слова *ғайыбана на персидский лад, адаптировавшегося в казахском языке в двух и более вариантах: *қайбана // *қаймана // *қайуана и.т.д. пайда болғандығын көрсетеді [112, б.199]. «Ғайып ерен қырық шілтен» туралы әңгімелер құпия құбылыстардың бірі (Ә. Қабаев, 2000: 21).



Қожа Ахмет Иассауи «Хиқматында» қырық шілтеннің шығуы туралы былай деп жазады: Чилтан-қирқ тан. Ривоят қилинишича, Мухаммад пайғамбар бир кун асхоби суффа хонақосига бориб эшик қоқибди. Ичкаридан «Кимсан?» деген овоз эштилибди. «Пайғамбарим буюрмишки, сизларии зиёрат қилсам», дебди Мухаммад алайхиссалом. «Бор пайғамбарингнинг гапини умматига иитмитетказ, бизнинг пайғамбарга мухтожлигимиз йÿқ», дейишибди сÿфийлар. Пайғамбар орқага юриб қирқ қадам босган экан, тангиридан хонақога қайтишга амр бÿлибди. Бу гал хам «Кимсан?» деген савол такрорланибди. «Расулим буюрмиш …», дебди пагамбар. «Бу жойга расул сиғмайди», деган эьтироз бÿлибди. Мухаммад изига қайтган захоти Оллохнинг ÿша амри такрорланибди. «Кимсан?» «Саййидул қавм ходимул фуқаромен»,дебди пайғамбар. Ана шу тапдан сÿнг эшик очилибди. расул сигмайди» Хазрати Мухаммад ичкарига кириб қарасаки, ахли суффа ÿттиз тÿққиз кишидан иборат, эмиш. Пайғамбарнинг «Сизлар кимсизлар?» сÿроғига улар «Қирқларингиз, дилу жони бир кишилармиз», дейишибди. «Бу сÿзнинг исботи керак» – дебди пайғамбар. Ÿшанда Хазрати Али хам уларнинг орасида экану лекин ÿзини танитмабди. Қирқлар «Биримиздан қон оқса, барчамиздан хам қон оқади», дебдилар. Шунда Хазрати Али тиғда қÿлини тилганда бирданига ÿттиз саккиз кишининг қÿлию товонидан қон оқа бошлабди. Пайғамбар албатта бу ходисотнинг сири билан қизиқибди. «Биттамиз ташқарида, дейишибди улар, бизларға озиқ овқат тониб килишга чиққан. Бу қон унинг қÿлидан томчилаётган эди…» Хазрати Али қÿлининг кесилган жойи боғланиши биланоқ; бошқалардан томаётган қон хам бир зумда тÿхтабди … Пайғамбар шу қирқ биродар билан рақсу самоь қилганлиги тÿғрисида хам нақллар битилган (Ахмад Яссавий хикматлар. – Тошкент: Ғафур Ғұлам номидаги Адабиёт ва саньат нашриёти. 1990. 205 б.). Л. Будагов сиб тат. челдэ, сдлаться берменной (о животн.) деген тағы бір мағынасын көрсетеді [19, б.400].

Түйін. Ќырық шиллэ ќырыќ к‰н жаќсы кµњіл-к‰йде болу, имандылыќ жаѓдайда к‰нін µткізу; босанѓаннан кейінгі ќырыќ к‰н; ќыстыњ ењ суыќ екі айы; Мәшһүр-Жүсіп те жаздың аптап ыстығын шілде, қыстың ең суық күндерін шілде деген. Ѓайып > кµрінбейтін, дос. Ерен > адам, кісі. Ќырыќ > ќасиетті сан. Шілтен > парсыша ќырыќ (синоним). Ғайып ерен қырық шілтен > шілде > шілдехана. Мәшһүр-Жүсіп бірнеше вариантын: Қайыперен, аушыерен, иран, еран діни ұғым шеңберінде қолданған. Ә. Қайдар: парсылық ғайыбана қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, бірнеше варианты болғанын атап көрсетеді: қайбана // қаймана // қайуана > ғайып. Қайуана кейуанаға дейін ұласқан. Ғайып ерен қырық шілтен төрт тағанды ескіре бастаған кереметтер жатады. Оның өз мағынасынан басқа құрамындағы әр лексиканың да мағыналары бар. Бұлардың бәрі сайып келгенде өз ішінен шыққан мағынамен тығыз байланысқа түседі. Бұл аталған кереметологиямен Бабай Түкті Шашты Әзиз семантикалық жағынан бір-біріне жуық-мәндес екендігі байқалады.

Бабай Түкті Шашты Әзиз. Қазақ үш жүз деген атқа ілінбей, елдігі, жұрттығы көзге көрініп білінбей жүрген күнде қазақ ортасында Бабай түктес Шашты Әзиз делінген диюана болыпты (М-Ж., 78). Бабай түкті шашты Әзиз, Керемет қонған пір еді (Орақ - Мамай). Бабай Түкті Шашты Әзиз - (Баба-Туклас-букв.: волосатый прадед. Легендарный покровитель батыров, в ряде преданий - мифический родоначальник племени мангыт, слывет среди казахов святым. По «Сборнику летописей» Жалаири, Баба-Туклас является сыном Керемет Азиза. Чудодейственного Азиза. По другому источнику, Баба-Туклас-Азиз потомок Абубекра в пятнадцатом колене, государь в Мекке (Хальфин. Жизнь Чингис-хана и Тимура. Казань, 1822; Г.Н. Потанин. Отрывки из киргизского сказания о Идыге. (Из записей Ч. Валиханова. «Ж.ст.», 1891, вып, IV, стр. 156-158). Баба түкті шашты Әзиз-святой старец, традиционный персонаж казахского эпоса. По мусульманским легендам, шашты Азиз-один из восьмидесяти восьми пророков [66, б.289]. Это культовые названия-сигнификаты с компонентами ана «мать», ата «отец», «дед», бап//баба «покровитель», әулие «святой», обычно присоединяемые к именам исламских проповедников, реальных исторических лиц (К.К. Рысбергенова. 1993: 13). С. Бизақов баба – арғы ата, үлкен ата. Қыдыр баба-қолдаушы аруақ, демеуші әулие. Баба түкті шашты әзіз-қолдаушы, хауіп-қатерге ұшыраған адамға көмек көрсететін әулие дейді (1990: 19). Солардың бірі – Баба Түкті Шашты Әзиз. Ол қазақтың «Алпамыс» жырынан белгілі. Тарихта болған адам (Ә.К. Қабаев, 2000: 21).

Түйін. Бабай Түкті Шашты Әзиз екі тағанды кереметтерге жатады. Оның ғайып ерен қырық шілтенге қарағанда мағынасы жаңарғаны көрінеді. Әр лексиканың мағыналары құрамындағы сөздердің тұтас мағыналарымен байланысты болып келеді. Адамдарға жақын болғаны оны діни мифологиядан алыстатқан. Мәшһүр-Жүсіп бұл кереметтерді діни мағынада жиі қолданған. Бабай Түкті Шашты Әзиз бен Қызыр Ілияс іс-әрекеті мен қызметі өте ұқсас діни кереметтер. Екеуінің арасында бәлендей айырмашылық жоқ.

Қызыр Ілияс. Жасаған, айтқан сөзім тұс келтіріп, Үйіңе Қызыр-Ілияс күнде қонсын (М-Ж., 113); Қырық шілтен, ғайып ерен бірқатарың, Барсың ғой Хызыр Ілияс мұнда! – дедім (М-Ж., 137); Құзыр, Ілияс, Қырық шілтен Балама менің назар сал (ҚЖ, 97);

Ќ±зыр Ілияс – Роль Хызыра или Кузыра, которого Е.Э. Бертельс определяет как существо «не божественное, но обладающее вечной жизнью» (Низами. М., 1946, стр. 643), близко к роли пророка Ильи и святого Николая. Хызыр приходит на помощь заблудившимся путникам, людям, погибающим в пустыне. По повериям, Хызыр нашел источник живой воды, которая делает людей бессмертными. У казахов Хызыр признавался за пророка, приносящего счастье и богатство; с Хызыром связывались понятия и обычаи гостеприимства («Этнографическое обозрение», № 4, 1891, стр. 28-35) [142, б.292]; Следует указать, что в науке существуют различные суждения о Кызыре. В Бартольд пишет: «Легенды о Хизре носят явно немусульманский характер, хотя распространены только среди мусульман, и самое имя Хызра представителям других религий не известно. Хызр не назван и в Коране... В образе Хызра слились в одно цело легенды различных времен и народов, от вавилонского Гильгамеша до ветхозаветных Еноха и Ильи..., иногда Хызыр и Илья упоминаются рядом, причем Илье приписывается власть над пустынями, Хызру - над водами и культурными землями. Хызр появлялся странникам и подвижникам чаще всего в образе старика, подвергал их испытанию и выводил их на прямой путь» (В.В. Бартольд. Ислам, II, 1918, стр. 59). Е.Э. Бертельс полагает, что «Хызр - вечно живой пророк..., знающий все, таинственный помощник. Возможно связь легенды о Хызре с легендой об Агасфере; Хызр считался помощником тех, кто сбился с пути в степи или пустыне». (Низами. Искандер-намэ, ч. I, 1940, стр. 60, 371, 379) [143, б.318].

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Қызыр Ілияс екеуін кейде екі бөліп қолданады. Олар ерекше құдірет иесі ретінде көрінеді. Қызыр // хұзыр // құзыр сияқты варианттары ұшырасады. Бұл екі тағанды кереметтер қатарына жатады.

Алып.Әуп! деді алып Мұқан, көтерілді, Қылау құрлы көрмеді, түрегелді (М-Ж., 220). Көк алыптар онан көп (Манас, 281). М. Қашқари Алп: алып, батыр. Алр jaғda авчақ чоғыdа: Алп иағыда, алчақ чоғыда – дейді [9, б.70]. Будагов тур. дж. الب, الْبْ алп, алып атлетъ, герой, богатырь, الب ارصلان богатырь - левъ (прозвище; у кочующихъ племенъ часто даются такія прозвища съ названіями животныхъ, какъ въ ярлык Седаетъ Гирея: алып қара герой-скотина, малы скотинникъ, қойы овчиникъ; ақ қойы блый баранъ, боз қойы срый баранъ, бай қара богатая скотина, жна қара душа скотина , и пр.) [19, б.80]. Немесе: Л. Будагов алып, алп الب=الِب алып – герой [19, б.812]. Г. Потанин алп – великан [143, б.127]. В. Радлов алып - 1) герой алып *кÿlÿk великій герой [10, б.384]. *Күлік сөзін Мәшһүр-Жүсіп қырғыздың жүйрік дегені дейді. Жаз шілде де күлік жүгіреді, қыс шліде де жілік жүгіреді деп-ті – ақын. Күлік > сәйгүлік > көлік. Қаз. алып., чув. олöп., улöп., `герой; исполин; мифический предок - великан` происходит от общетюрк. алп `герой, богатырь, главарь` (см. алп. `старшина`) М. Мусатаева: Л. Шеляховская бұл – сөздің этимологиясы әлі онша белгілі емес, бірақ аздаған жорамалдар да жоқ емес – деген [87, б.139]. Тат. дил. алап `великан` (ТТДС: 32) алып сөзінің жаңа фонетикалық модификациясы болып қана табылады. Алап сөзі `үлкен корзина, қорап - тың`әсерінен де өзгеруі де мүмкін Алп, алып түбірінің көптеген дериваттары бар тат. диал. (Волга говарларында) алпа – `күресте жасалған айла`, сиб.-тат. алпырка- `күшейтуге бағыттау` чув. улпут, тат. алпавыт `бай кісі` < др.-тюрк. аlрaүut `батыр, көне дәстүр бойынша жекпе- жекке шығу`, тат., башк. письм. алпа, алпак `батырлық, жеңіс` т.б. (алт. мағынасы өзгерген олбук `жеңіс`). Сол сияқты қаз., қуман., башқ., тат алпар, алпер `батыр, ер`, мүмкін алпар сөзі алп ер - ден шығуы `батыр - ер` (Rasonyi 1967: 135, Словарь справочник… 1973:31-32). Немесе алпар сөзі монғ (түріктің) эр-бар жолбарыстың үстіне мінетін ер, батыр` (эр-бар > элбар > алпар шығуы да мүмкін (А.А. Реформатский Введение в языкознание. – Москва: Наука, 1960). Бұл жөнінде ібіліс бөлімін де қараңыз. Алып сөзі жалпы түріктік эпикалық батыр Алпамыс (ең алғаш Алып-Манас `ақшыл түсті ат мінген батыр`), қараңыз Жирмунский 1960: 140) қаз., тат., баш. Алпамыс, Алпамыш, Алып Мәмшән т.б. [2, б.18]. Т. Байжан: Алып – батыр, ер, балуан түрінде қолданылатынына көңіл бөлген (Қазақ әскери лексикасының тарихы, 1993: 157). Алып көне түрік ұғымындағы ешкімнен жеңілмейтін, жақсылық иесі діни мифология.

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Алып сөзін киелі сияқты санамағаны байқалады. Көбіне эпитет орнына қолданған. Бірақ, Алып түркі елдерінің көбінде діни мифтік тіршілік иесі болып саналады. Алыптың мифтік кереметтердің бірі екенін қазақтар шыны керек біле де бермеуі мүмкін. Ол өзінің алғашқы мәнінен айрылып қатардағы (дәу, үлкен, күшті) сөздерінің синонимі сияқты қолданылады. Алыппен мән-мазмұны бір көне сөздің бірі ол – шайхы.

Шайхы. Мәдине бастығын шайхы дейді екен. Құнанбай қажылыққа барған жылы (1874) екі шәріптің шәріптері, шахылары бас қосып, қазақтарды алдарына алдырып сұрапты. Бұл қыпшық екеу. Бірі шайқы – бұрқы диуананың дұғасымен бір кісімен тоқсан екі ұл туған, бәрі де өсіп-өніп, ел-жұрт болған (М-Ж., – Б. 10-11).

Қ. Халид шайх (шейх) – арапша шал, кейде ұстаз, кейде пір, кейде әулие ретінде, қазақта ауыл ақсақалдары мағыналары ауысып қолданылады [57, б.281]. Шайхы – ескі. Діни ұғым бойынша шарапаты тиетін қасиетті диуана. (Уст. Юродивый, бесноватый, одержимый, поющий, духовные песни и занимающиеся «лечением» больных знахарь) (Бекмұхаметов, 184). Шайхы – зат. Діни ұғым бойынша шарапаты тиетін қасиетті диуана (ҚТТС, 235-236). Шайх: 1) қарт, қария, құрметті кісі; 2) шейтер палатасының мүшесі, сенатор; 3) шеих – ру бастығы; 4) ақсақал, басшы, басқарушы; 5) діни, рухани көсем; 6) ғалым; 7) мұғалім, ұстаз, жетекші, тәрбиеші (Н. Оңдасынов, 235-236); Шайх пен шах семантикалық мағыналары бір сияқты. Л. Будагов п.شاه шаһъ мн. شاهان шаһан, царь, монахъ; шахідь свидетель – очевидець [19, б.663]. В. Радлов ЧäҺ – богемія [10, б.1959]. Шаһ - владътель Персіи [10, б.941]. Ә. Диваев: Шейх арабша қарт кісі, жасы және адамгершілігі бойынша да құрметті адам; тайпаның, философиялық мектептің немесе діни қауымның, дәруіштердің мистикалық ордендерінің бастығы, жалпы алғанда, діни басшы, мысалы мүриттердің, яғни өз шәкірттерінің басшысы [134, б.243]. Шайх пен шайыр түбірлес сөздер болуы мүмкін. Шаjыр - пъвец, поэть [10, б.946].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет