Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы мифологиялық лексика 3 Том



бет2/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тәңірді ата-баба рухы сіңген деп қазақтардың арасында аруақ ұғымын киелі санаған. Өлген адамның жаны ұшып кетеді-мыс, ол жебеп-жасқаушы рухында кездеседі. Ш. Уәлиханов: «Адам өлгенде аруағына арнап, қырқына дейін қырық күнде, әр күн бір шырақтан қырық шырақ жағады, немесе әр күнде он шырақтан төрт күн шырақ жағады» – дейді [3, б.154-155]. Қазақтың ауыз әдебиетінде де тәңірге жалбарыну көрінісі сипат алған: Жыртыла жаздап біреуі Тәңірі жәрдем етеді (ҚЖ, 1963: 324). Тәңірге жалбарынудың аяғы, тәңірдің көмек беруімен бітеді. Жалпы жақсылық атаулыны тәңір ісімен байланыстыру ежелден келе жатқан қасиет. Жас баланы еркелеткенде тәңірім бере салды десе, адам өлгенде тәңірім алды, бетінен жарылқасын дейді. Тәңір сөзі ислам идеясының күшейуіне байланысты аздап ығысып алла, құдай сөздерінің жиі қолданылатыны байқалады. Қазақ ұғымындағы тілек, бата беру ұғымы да тәңір ішіндегі мағынамен тығыз жұмсалған – деп жазды Б. Уахатов [22, б.164]. Академик В.В. Бартольд: «Для понимания психологии народа было бы важно знать его религозные верования. Надписи не говорят об этом почти ничего. Говорится о культе неба и земли, причем иногда употребляется выражение `турецкое небо` и `турецкая земля и вода`. Одно и то же слово mäњрі обозначает небо в материальном смысле и небо как божество (Chavannes, Notice, p. 384). Из тех мест, где говорится о земле и воде (jäp cyб), тоже можно вывести заключение, что имеется в виду земля и вода как единое божество, а не как собрание духов земли; последний перевод Томсена «die türkischen heiligen Yer - sub» и в этом случае может вызвать недоразумение» – дейді [23, б.26-27]. Мұрад Аджи Алтай мен оңтүстік Сібір елінің табынатын нысаны «адам аспан», «адам күн» болды дейді. Тәңір Шығыстың көне мифологиялық бейнесі. Ол аспан әлемінің құдайы. Мекені аспан. Қыпшақтар Тәңірді «Тенгри» немесе «Тенгери», буряттар – «Тэнгэри», монғолдар – «Тэнгер», шуаштар – «Тура» – деп әр түрлі айтқанмен мағынасы барлығында бірдей екендігін жазады [24, б.209, 25, б.51]. О. Сүлейменов тәңір сөзінің бірнеше варианттарын атап өтеді: ДИНГИР (ДЕМЕР) `құдай`, `аспан`: тенгри (тегри, дäнгир, тенир, тäнир) – құдай, аспан (жалпы түріктік.). Шуваш тілінде тенгир – теңіз. ТИНГИР, ТИГИР өзеннің аты. Басқа түрік тілінде: тенгиз (тениз, дениз, дангиз) теңіз; үлкен өзен. Аспанның//теңізге ауысуының маңызы берілген мысалдармен де дәлелденуі мүмкін. Шуваш тілінің «р» дыбысының жалпы түркі тілінің «з» дыбысымен алмасуы әдеттегідей – дейді [26, б.241]. О. Сүлейменов тәңір сөзінің мәні мен мазмұнын тереңнен қозғап былай деп өлеңге қосады:
– Ты иноверец, молвила Шамхат,-

ты веришь в Тенгри*,



в молнии и Лело [27, б.171].

*Тенгри (Дингр, Тингр) – древынешумерский бог-солнце. Тәңір сөзінің этимологиясын көне шумер сөзінің құдай мағынасындағы сөздермен бірлікте қарастырады. Тәңір (таң+ер) ер (еркек) аспанды еркек, жерді әйел деген мифологиялық түсінікпен тығыз байланысты. Ер+тег (нәсіл) сөздерінің де мағыналық ұқсастығы байқалады. А. Махмұтов: Теңрі тег тәңрі текті болып аударылуы керек, тег қазіргі қазақ тіліндегі тек (нәсіл) ұғымымен бірдей. Түркі тілдерінде теңір–аспан мағынасын білдіреді. Текстегі (Күлтегін ескерткіші автор) теңірде болмыш – тәңірде болған (аспан астында болған) деген мәнінде түсіндірілуі керек – дейді [28, б.193]. О. Сулейменов: «Во многих американских языках tek, tik – «род». Участвует в этнонимах – хуастек и др. Самый известный – ацтек – переводится как «род аиста» – деген сөзінің мәні бар (Каз. правда, 2001. № 112 (23460). Нәсіл (ұрық), жаратушы иесі ер мен тег күн тәңірі және ұмай бір-бірімен рухани мифологиялық түсініктің иесі, қазақ ұғымындағы құдаймен таласа жүрген түсініктер болып саналады. Таң – дүниеге жарық әкелуші, тіршілік иесі, ер – ұрпақ әкелуші, тіршілік иесі, жарықтың ері (күйеуі). Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті деп жазуы тегіннен тегін емес (Абай. 1977: 156-157). Аспан көк – байы, Жер – қатыны (М-Ж., 24 б.). Абай мен Мәшһүр-Жүсіптің тәңір мен ұмай жөніндегі пікірлері мифологиялық түсінікпен астасқан. Ақын екі жаратушыны өз дәрежесінде көтеріп, адамзаттың қорғаушысы, бір жаратушы деген көне ұғымды жаңғыртқан. Бұл мысалдағы тәңір сөзі өлеңнің мазмұнын өсіре түскен. Тәңір қазақ ұғымындағы ішкі тазалықтың айнасы болған. Дүниесі кір адам тәңір алдында өзін кінәлі санаған. «О, тәңірім, күнәмді кешіре көр» – деп жалбарынған. Тәңір адамдарды зұлымдық пен өтіріктен, жауыздықтан сақтандырып тұратын, жамандық жасаған, ұрлық қылған адам тәңір алдында қуыстанып жүрген, бұл түсінік адам санасын ой-жүйесін билеп алғаны соншалықты, адамдар тәңір алдында көпке дейін кінәсін жуып-шайған. Бертін адамдар құдайды ойына ала отырып, аузына тәңірді де салған. Тәңір адамдар ұғымында берік орын алып, тұрмыс-тіршілігіне сіңісті болды. Мысалы, В. Котвич көне түріктік mäнри- käy (титул турецкого хана) – деп жазды [29, б.114]. Ә. Қайдар өз еңбегінде қазақ оронимдерінің құрамында: тәңір, теңгір (тенгри) ұшырасатынын жазған [30, б.10-12]. Әлемдегі биік таулардың бірі – Тянь-Шаньнің шыңының аты – Хан Тәңірі. Хан-Тәңірі екі сөзден (хан+тәңір) құралған. А.М. Махмұтов бірінші негізгі компонент тәңірі деп қалап: (тәңәрә, теңірі, тегрі, теңрі, таңры, тажы `құдай, аспан, жаратушы`) -та элементі (те, тә), байырғы заманда `көгілдір аспан` деген мағынаны білдіргенге ұқсайды дегенді айтады. Сол сияқты өзінің одан әрі тұжырымында -таға -ң-ның қосылуының салдарынан `таң шапағы`+таң ұғымы пайда болған деп үзілді-кесілді дәлелдейді. Ал таң-ға -р-дың қосылуы нәтижесінде көк сәулесі немесе көкшіл аспан мағынасы пайда болғандығын айтады. Басқы буын ер қаз. қырғ. ерте ~ ертең (ерте, ертеңгі күн); шор. бара. іртан (ерте); сах. ирдан (ертеңгі күн); өзб. эрта (таң); түркм. эрте, эртир (ертеңгі күн, таң атты, ерте ертемен); монғ. эрт, эрти (ерте, ертерек); ерле ~ егле (таң атты), түрк. еркен (таңертең); баш. иртэнсэк, иртэ (ертеңгі күн, шығу ир (йір) жалпы түркілік семантикасы (ерте, сол күйі, сол уақытта, таңертең) лексикалық мағынасын қырғ. түркм. әлі де сақтағанын жазады [14, б.326-328]. Л. Будагов: тур. тат. ирте, ерте уйг. утро, рано; кир., алт., на утро, на другой день, завтра деген сияқты келер шақтық мағынасын көрсетеді [19, б.186]. Ш. Сарыбаев: Впрочем, в отделных краях степей, например, в Дикокаменной орде еше живет выражение кукє – тянгри, в виде набожного восклицания или призывания. Слова тєнгри еще при Чингизхане магометане переводили словом алла, а европейцы словом deus, так оно было в шаманстве близко к идее всемогущего существа, а в Малой Бухарии и теперь китайское Тянь переводят персидским словом худа – «бог» – дейді [31, б.576]. Анта öтрÿ т(а) ңрі та (ä) ңірісі бурkан ынча тіп j (а)рлыkады [32, б.173]; äтканlärгä тäгіргä, körunтеsні О языкь Кумановь по поводу изданія. Куманского словаря. Статья В. Радлова. Приложеніе кь кь ХI, VIII Академіи Наукь. №4 Санк-Петербург. 1884. – С. 42.; Тањ жања атуѓа сєуле беріп келе жатќан ќарсањда кµзі ілініп кетіп еді (Мәшһүр-Жүсіп., 37);

Түйін. Таң = іңір мағынасы тең. Күннің үздіксіз біресе шығып, біресе бату үрдісі. Таң = күн = іңір, таң + іңір = күн. Тәңір=іңір: (таң + тәң + іңір + ір + рі) лексикасында мынадай фонетикалық өзгеріс болды: Таңрі > танры > тәңрі > тәңрі > теңірі > таңры > тэнгри > тэнгри > тэнгер > тэнгер > тяньли > тянь > тянь эррь > тяньли сияқты варианттарын көрсетуге болады, – деп ойлаймыз. Мәшһүр-Жүсіп «Тәңір» сөзін «құдай» мағынасында қолданған. Мәшһүр-Жүсіп шығармасында Тәңірдің өзінің атынан басқа «құдай», «аспан», «ұлы», «көк», кейіннен «алла», «пайғамбар» сияқты түрлері қолданыс тапқан. Тәңір түріктің төл сөзі екендігіне ішкі уәжінің терең мән-мазмұны мен сыртқы формасы арасында ешқандай алшақтық жоқтығы дәлел бола алады. Тәңір күннің шығуы мен батуын ін (ұясына) енуімен жетеленіп отырған. Сыртқы әлем де аналық және аталықтан тұрады деп ұғынған. Адам ата мен Хауа ана өмірі сияқты олардың да тіршілік әрекеті болған. Күн (Тәңір)+Жер (Ұмай)=Ғалам. Адам ата+Хауа ана=Ұрпақ. Жер (Ұмай) өз өсін айнала отырып күнді (Тәңір) айналған. Күн ұясына кірген, қайта шыққан, тұйыққа тірелген, үрдіс қайта қозғалған. Номада кеңістікте үздіксіз қозғалыста болған, оны реттеу мүмкін емес. Адам өлгенмен (тұйыққа тірелген сияқты болғанмен), ұрпақтары жалғастырған. Қозғалыстың арқасында жаңа ұрпақ өсіп, өніп отырған. Ұмай > ұрғашының жыныс мүшесі ұрпақ келетін ін (ұя) болған. Таң мен іңір алма-кезек араласып отырған, кейіннен ұмай пайда болып, бұл үрдіс жалғасқан. Е.А. Керимбаев қазақ оронимдерінің қатарына: таңір, теңгір (тенгри), возможно бай-май, восходящему к теониму Умай – дейді (1992: 23). Енді соған келейік. Тәңір > Ұмай мағынасы жағынан өте тығыз байланысты, тәңір лексемасы ұмай арқылы толық ашылады. Сондықтан олар жуық мәндес лексика болып табылады.

Ұмай > Баянауыл. «Қазақ орысқа алғаш қараған Иван Семенович деген бөлкебай келіп, Баянаулада қала салдырып, дуан алғаш ашылғанда дуанбасы, қазы, болыс сайлаған. Шоң би дуанбасы, Тайжан қазы болған. Сонда қанжығалы атындағы ел ойдағы-қырдағысы бір болыс болып, болыстықты алған». «Керекуге» қатысы бар мына мәліметті де келтіре кетелік: «Мен өзім Павлодарда тұрдым. Керекудің ол жақ, бұл жағына қатынап жүрдім» дейді

М-Ж. Көпеев [33, б.49]. «Бізге хабар жеткізген Хұсайын мырза Баянауыл дуаны 1821 жылы ашылып арғын елінің әкімшілік орталығы болған, жаңа низам шығуымен мекеме Керекуге, біразы Қарқаралы дуанына қарады» – деген Құрбанғали Халидтің дерегін қоса келтіргенді жөн санадық [34, б.237]. Баянауыл десек те, Баянаула десек те «қосылғыштардың орны өзгерткенмен қосынды өзгермейді». Мәселе, сөз тіркесінің бастапқы т‰бір тұлғасында. Бұл сөздің түбір тұлғасы – «бай». 1940 жылғы орыстандыру саясатының нәтижесінде я дауысты дыбысы енді. Дәстүрлі принцип бұзылып, қазақ сөздеріндегі й+а және й+у қосар дыбыстарын таңбалап: айа (ая), байан (баян), жайа (жая) т.б. жазылатын болды да бай (бая+н), қой (қойан//қоя+н) -н//-ан сөз түрлендіруші қосымша. Бұл арада қоян лексемасының жөні басқалау, қойға ұқсатып кішілігіне байланысты -н (қоян) сөз тудырушы кішірейткіш аффикс ретінде қараған дұрыс сияқты. Оқырманға түсінікті болу үшін Һумаюн сөзіне де мысалдар келтіріп алып, бірақ талдауға көшеміз. Өйткені, бай тұлғасының этимологиясы осы – һумаюн лексемасымен тығыз байланысты.



Һумаюн жаләл жұпты өткен екен, Әркімдер-ақ келісіп кеткен екен (127); Ырзамын һумаюнның өлгеніне, Құдайдың жаңа тойдым бергеніне (128); Аты арыстан, һумаюн, қарашы атын, Құдай артық жаратқан асыл затын (129); Өлсемдағы кететін құлағымда, «Һумаюным!» – деп қақсап шыққан зары (131); Өзі кетті, һумаюн аты қалды, Жер қойнына барды да жатып алды (131); Кітапта берілген түсінікте: Һомаун, Һумаюн (парсы сөздері) – біріншіден – «патшалық», «күштілік», «қуаттылық», екінішіден – «амандық», үшіншіден – «бақыттылық» сияқты мағыналары бар [35, б.269]. Е.Б. Бекмұхаметов (ҚТАПС), Ислам Жеменей (ПҚЖҚПС), Л.З. Рүстемов (КРТСАИЗС) сөздіктерінде бұл сөз ұшыраспады.

Түркі халқында Тәңір сөзімен қатар қамқоршы құдай есебінде Ұмай – ана әйел жынысының бейнесі алынған. М. Аджи: У кипчаков кроме Тенгри – хана было еще богиня Умай – женское земное начало. Она покровительствовала младенцам. Ее изображали с младенцем на руках, такой же, как на христианских иконах изображают Богоматерь [36, б.217]. Бір аңыздарда Ұмай – ана бала туудың, бай өнім алудың қамқоршысы болып, енді бірде, жерге қонбай-ақ көкте ұя салып, жұмыртқасынан балалар шығатын ертегі құс болып суреттеледі. Бұл аңыздарда біздің көз қарасымыз бойынша, жалпы түркі халқының әйел – ана бейнесі алынған. Әйел – ана, түркі халқы үнемі көші-қон жағдайында жүрсе де бала тауып, және оны бағып қағып өсіреді, міне, осы жағдай аңызға мұрындық болған сияқты. Из отдельных божеств упоминается только Умай, дух покровитель младенцев, с которым хан сравнивает свою мать. Почитание Умай сохранилась и в новейшее время у последних турецких шаманистов в Алтае [37, б.27]. Алт. Май - эне ‘мать Умай’ представлялялось в виде сорокоголовой женщины, в чем, вероятно, отразился облик буддийских идолов (Тощакова). Образ Умай-ана достаточно древен (Абрамзон, Стебелева, Потапов) [38, б.43]. Ұмай сөзі үндіиран мифологиясында құстың атына қарай Хумаюн (hиmaj), hиmaиjn) меңзейді. Ұмай орыс ертегілерінде Гамаюн түрінде ұшырасады. Құмай, қырғыз. Құмайық, тат. диал. Құмай-ит ’қанатты ертегідегі құс’, Һөмәй башқұрт ‘мүйізді құстың түрі’ (Бһһ, 292) т.б. Татар тілінде ұма ‘брюшина’ (іш пердесі – peritonaeum) [39, б.40]. Әйелдің жыныс мүшесі де осыған қатысы бар. Ума. Еркектіњ безқап көземе. Әйелде шап көземе. Сарғынай. Малда сарпай делінуі көземелік [40, б.159]. А (а... – автор) деп те қойып қалатындар баршылық. Қ. Жұбанов: Ұмай, құдай, ұма = май. «Ана – ќ±дай» – «еміз» – ден шыќќан дейді [41, б.75]. Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейіннен сөз басындағы қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, май деп айтылып кеткен. Қазақтың: “От ана, май ана, жарылқа!” дейтін және “Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие?” – деген мақалы да осы ұғымнан туған (Ұйғыр мақалы…) [42, б.75-94]. Н. Кудашина бай сөзінің формасын Алтай аборигендерінің тілінде дәстүрлі айтуға болмайтынымен байланыстырады. (Олардың тілінде бұл табулық өріс алады – автор). Бұл сөздің семантикалық эволюциясы жақынырақ мына мағынада түсіндіріледі: ‘арғы ата-бабасы’ – ‘қамқоршы’- ‘рубасы’- ‘қасиетті’- ‘алғашқы’ - ‘үлкені’ және көне формасына ит ‘ана’ (жоғарыдағы тат. диалек. Құмай – ит қараңыз – автор) жақындатады. Сал. қаз. Ұма ‘піштірілген еркек қой (қошқардың) ұмасы’ қуығы емес ‘мошонка [43, б.153-312] (ФАОҚТС, с.153); (СРЯ, с.312) хлощеного [44, б.867] (ТСРЯ, с.867) барана’, қырғ. ума ‘мошонка холощенного барана, жеребца’ (ЮКРС, с.804)



Ұма (1). Ұрық безінің сыртындағы қалталанған тері (АТС, 658). Тырдай жалањаш ќылды дейді, ¦масынан отырѓызып ќойды дейді (Манас, 339); Сырты ќысќа, бауыры жазыќ келіп, Арты талтаќ, ±масы ‰лпершекті (Абай, 95); Көбінің беретіні қошқар болды-ау, Умасын салақтатып, қайттым айдап (М-Ж. 1 т. – Б. 312). ұма сөзі ұмай сөзімен тығыз байланысты екендігін көреміз. Шор тілінде umai – «жас сәбилерді қорғайтын өте қамқоршы аруақ», «өлген адамдардың жанын алатын аруақ» (Радлов, ОСТН, с.1788). Бұның барлығы да көне түркілік дәстүрден шығуы (немесе, тибеттікте болуы да мүмкін). М.Аджи: В тенгрианство многое пришло от буддизма, в чем и проявляются связь древних культур и народов – деген [45, б.217]. Ұма – «ана» ұмай сөзінің шығу семантикасы бір. Ұмай – «соңғы, баланың жатыры, дүниеге келмеген сәби» және «әйел құдай» (ДТС, 611), ұма (ана) +й (атауыш аффикс). Түркі тілдерінде алғашқы ұма мен екінші ұмай фонетикалық деформацияға ұшырап келесі формасы қалыптасты: ұма > ұмай > май > бай ~ пай т.б. [46, б.282]. Сібір түркі тілдерінің зерттеулерінде аталып өткендей, ең алғашқы мағынасы бұл сөздің «ұрғашы», «ана», «әйелдік» сөздерінің мағынасы ақырындап анықтала бастады [47, б.86, 48, б.282].

Біздің ойымызша, мақаланың басында жұқалап айтып өттік, ұмай сөзінің түбірі әйелдердің жыныс мүшесі «а…» -нан шығуы мүмкін ұмай > ұма > ама > а... Қалай дегенмен ұма жаратылыс, дүниеге келу бүтіннің бөлшекке ұласуы мифологиялық түсінік бойынша жер бетіндегі адамдарды жаратушы ұмайға айналған. Оның алғашқы мағынасы ұмытылып барып, анағұрлым кеңейген. Ұмай (сарпай) ұлпа, жұмсақ сары (сарығ) + пай (Кудачина > пай) `пай`ұмай = сарпай > сар + пай > май > а…, май сары май (әйелдің жыныс мүшесі сарпай) бәрі бір түбірден өрбиді. Алтай, телеуіт, шор, саха және басқа тілдері бай буынына ана / äнä + й (дәл сол мағынада, бай дегенмен бірдей), плеонастикалық тіркес құрап: байана /байäнä/ майана, кейде бай /май «ана», ана / äнä-«ана» деген мағынада жұмсап, жалпылай құрғанда бәрі бір «ру басы» деген мағынаны береді, «әйел құдай», «тотем», ал якут (саха) елінде бұл тіркеске қосымша тағы да бір рет бай лексемасы қосылады. Н. Кудачева бұл байланысты: «якут (саха) Бай Байана < Бай (ана) + Бай (ана) + ана атап өтіп (сол мағынада. – А. К., Г.А.) + й (аталым аффиксі. – А.К.Г.А.). Байанай алдындағы бай-дың пайда болуын былай түсіндіреді: Байанай күрделі тіркесінің пайда болуының нәтижесінде «ана» сөзі маңызын жойып, тек қана «аңшылар мен балықшыларды қорғаушы аруақ» ретінде семантикалық сипаттайтын ұғым» – дейді. Бай сөзінің бұл араға қатысуы осы сөздің өзінің көне мағынасы итанаға нұсқайды (Кудачева). Ә. Қайдар плеоназым тіркесетін компоненттердің семантикалық дамуының күрделі үрдісінің нәтижесі болып табылатынын. Якут (саха) плеоназымы Бай Байанай өзінің жоғалған семасымен қызықтырады, бұндай жағдайлардың түркі тілдерінде ұшырасуы осы ғана емес. Кей жағдайда плеоназымдар қатарына компоненттерінің бірі өз алдына дербес лексикалық бірлік ретінде қабылданбайтыны да нақты мысалдармен дәлелденеді [49, б.283]. Ә. Қайдар да ұмай сөзінің шығу тегін қарастырады [50, б.10-12]. Е. Жанпейісов ұмай сөзіне басқаша тұрғыдан келіп, бәйтерек сөзімен семантикалық байланыста зерттейді. Бұған себеп екі сөздің мифологиялық жағынан ұқсастығы болса керек. Оның үстіне бай // бәй түбірі аналық ағаш екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ғалымдар бәй терек `священный тополь` ұқсас сөз тіркесіне талдау жасап, (бәйтерек те мүмкін тотем болуы), `бәйтерек қасиетті ағаш, тисуге болмайды` (Кудачева) жанама болса да берілген сөздің этимологиясын дәлелдеуді күшейте түседі. М. Аджи бәйтерек сөзіне қатысты: Ель назвали «деревом Ульгеня». Она связывала мир людей с подземным миром божеств и духов. Ель, словно стрела, указывала Ульгеню путь наверх… Отсюда название «ёл», что по-тюркски так и будет «дорога», «путь» деп анықтама береді [51, б.37].



«Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы: «Ертіс басы қара дін* жерге кетті» – деген жолдағы «дін» және «шоқ терек» деген сөздердің де осы бәйтерек қасиетті ағашпен мағынасы жағынан тығыз байланысты [52, б.91]. О. Сүлейменов дін сөзі туралы: Востановив праформу *tin мы получаем идеальную иллюстрацию действие закона NLR (механический переход насового согласного в плавный): tin > til > tir > ti. Значение «жизнь» появилось, надо полагать, в результате контаминации с семантикой – «росток, растение» - деп жазды [53, б.258]. Демек, зерттеушілер бәйтеректі (өскін) ретінде қарастырған. Ол да ұмай сияқты жер бетіне тіршілік әкелуші деп саналған. Н. Кудачина осы жағынан Н. А. Баскаковтың айтқанына қосылады. Н. А. Баскаков baj сөзін Баян номинативінің этимологиясына байланысты зерттеп, екі ұдай пікірді келтіреді. Біріншіден, Баян ерлер есімі екендігі. Польша, Югославия, Бұлғары (Болгария) сақталған. Бұл сөз айтылуы жағынан өзгергені болмаса: Боян ~ Баян ~ Буян ~ Поян түркі және монғол халықтарында бар. Хак. (Қырғ. Отаны-автор) Поян; Тофа. Буян. Бурят (Саха), монғол. Баян~Буян; Орт. Түрік. Bayan `ханым`(Виноградов). Баян атының Баян ~ Боян ~ Буян славяндарға көнетүркі немесе бұлғарлардан ауысып келген сөз. Бұл сөздің көнебұлғар тілінен ауысып келгеніне дәлел болғар патшасының есімі Боянус болғандығы айғақтайды (Боев). Бұл атау көне монғол жыршысы Дубун - Буянның аты болған. Түркі тілінің бай сөзінің мағынасы `богатый, имеющий свое хазяйство` – дейді (Мелиоранский, Шляков). Бұл сөздің дұрыс аударылмағанына Кудачина да қатты көңіл бөлген, ол: Отмечая неточность перевода слова бай в значении `богатый` в композитах байагач, байтерек, она пишет: «Именно высокое, толстое, ветвистое дерево и могло быть связано с представлением о предке - патриархе». Следует также заметить, что семасиологически ближе к лексеме бай в байтерек ~ бәйтерек «алт. Бай қайың `береза, которая является предком, покрывателем, возможно, тотем рода`, `священная береза, запретная береза`, бай сöс `слова, с которым обращаются к предку, покрывателю`, `священные слова, запретные слова`» – дейді [54, б.82-86]. Бұл пікірді Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов қолдайды. Осы орайда П.М. Мелиоранскийдің бай `богатый` деген пікіріне қосыла отырып Ф.Е. Корш, К. Менгес Баян деген түркі сөзін байан `богатый властитель` салыстыра отырып өз ойларын білдірді. Ал, бай `богатый` сөзінен шықпағандығын байтерек > бәйтерек күрделі тіркестерін салыстыруда көздері жеткендігін жоғарыдағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Расында, бай сөзін (мол байлық иесі) деген сөздің мағынасындағы бай сөзімен байланыстырудың қисыны жоқ. Демек, бай (ұмай) ішкі семантикалық сенім-наным жағынан көп сабақтастығы бар. Мурад Аджи жоғарыдағы ойын толықтыра: «Ель издревле у тюрков считалась священным деревом. Ее «пускали» в дом. В ее честь устраивали праздники еще три-четыре лет назад, тогда, когда люди поклонялись языческим богам» деп жазды [55, б.36]. «Заслуживает внимания, скажем, такой факт: у славян священным деревом считался дуб, уфинов - береза, у греков олива, а у южных германцев - ель! Тех самых германцев, которые говорили до ХVI веке на тюркском языке» – деген пікірге ден қоймаса болмайды [56, б.237]. Н.А. Баскаков Баян есімін бай басқа түбір сөздермен байланыстырады. Нақтылап айтқанда синкреттік негіздегі: baj- ~ baj ~ bag- ~ bag `қарғау, сиқырлау не дуалап тастау, таңқалдыру`~`қасиетті, рұқсат етілмейді` деген мағынасы кейбір ескі және қазіргі түркі тілдерінде сақталған. Baj- ~ paj- ~ maj- ~ baj ~ paj түбірі синкреттік түрлі іс-әрекеттермен шамандық табиғаттан тыс, әрекет иесі, зікір салу, дуалап демдеу, сиқырлау, қарғап - сілеу, сонымен байланысты мейрамдық құрбандық шалу, көңіл көтеру, қонақтарға дастархан жаю, бәйіт, көріп келдік, аңыз-әңгіме айту сияқты мағынасымен де белгілі. Салыстырсақ: шағатай. Baj- y < bajyg `қарғап - сілеу, сиқырлау`(Vámbéry, 1867), bag- ~ baj- `қарғау, сиқырлау, таң қалдыру` baj-y-džy `сиқыршы`, алт. Bai-lu `қалағанын жасау`, рұқсат жоқ, қасиетті`, baj-lu dier `қалағанын іске асыру, қасиетті, сиқырланған жер, қалауын жасау`, baj-lu sös `айтылуға болмайтын сөз`, baj-lа-

1`алдын ала сақтандыру, рұқсат етпеу`, bajlgan sös `байланған сөз`, мысалы, күйеуінің атын атамайды: отағасы, әкесі, атасы, көкесі, күйеуінің жасы үлкен туыстарын қайын ата, қайын ене, қайын ағасы, қайын апасы деп атайтын эвфемизмдік ұғым бар. Бұндай қасиет тұту ұғымы қазақтарда кездеседі. Мысалы: Құрбанғали Халид былай дейді: Жасы кішісі үлкеніне «сен» демек түгіл, аттарын атамайды. Тіпті ауыл шетінде жүрген келіншектен келе жатқан бір жолаушы бұл қай ауыл десе Ноғайбай аулы екен, оны «Абзи бай» деп, «Сартбай» болса «Талқаяқ бай» ауылы деп, ұқпай қалып жолаушы жалынғанмен де атын атамаған [57, б.194]. Көне дәстүр Ж. Аймауытовтың да шығармасында бой көрсеткен:

Күйеуіңнің аты кім?

Обал ғой, қалай атайын?

Оның обалы жоқ, бауырым. Жай сөз. Атай бер.

Қамыт па?

Жоқ, одан жоғарылауы. – Доға ма? – Е, сол, сол [58, б.306-307].



Осы мәселе Е. Жанпейісовтің де зерттеу еңбегінде бірқыдыру сөз болды [59, б.148].

2 `бәйге` бұл сөздің мағынасымен мына: хак. Paj `дастархан жаю, той` paj-la- `мейрамдау, той` (Радлов, 1893-1911), қырғ., қаз. Baj-ga `ас бергендегі бәйге, бағалы сыйлық (бәйге алды)`(Радлов); бұл сөзбен мағыналас туынды етістік baj-la- ~ paj-la тұлғасы: baj-la-n- ~ paj-la-n- `cақтану, тежелу, қорғану, жирену` немесе baj-la-t ~ paj-la-t- `рұқсат етпеуге ықпал жасау, елге сыйлы кісіні еске алу тойы, ас` мағыналас болып келеді. Бір қызығы көне түркі сөзі, славян тілінде семантикалық мағынасын жоғалтпай-ақ сақталып қалған. Сол сияқты, біз сөз қылған көне түркілік мазмұны да сақталған: мысалы, көне. –слав. баяти `дұғалық күші, сөзбен тұтқындау, емші, (Преображенский, 1956); орт. серб. хорв. бajatи `сиқырлау, бал ашу`(Толстой, 1957), словен. bajati, `болтать, қарғау (Приображенский, 1956), басқа славян тілдерінде – мына мағынада: `айту, былшылдау`, орыс. говорында – баить `халық емшісі, дұғалау; сөзбен арбау, былшылдау, құстарын шақыру` т.б. (Даль, I, 39). Арырақ барсақ көнеорыс - баяльник, баян `балгер, ерекше күш иесі` (Срезневский, I); орт. серб.-хорв. бáj алац `бақсы, сиқыршы` (Толстой, 1957), орысша. сезім иесі `өзгеше күшке бағындыру, тылсым күшке бағыну, еркін билеп алу, қызылбайшылдық`, сонымен қатар `ықпалды болу, таңќаларлық ғажайып ықпалы,` ықпалдаушы` (Даль, I, 39) сол секілді көне орыс тілінде – баяти 1. `мысалдар айту, ойдан шығару`, 2. `әсерлену` (орт. серб. -хорв. бâjка `ертегіші`, бâjан `ертегіші, сиқыршы – дуана`) [60, б.143-145]. Бай сөзі көне түркілік аруақтық *пантионмен *Пантио`н [mэ], -а, ь. 1. Монументальное здание – место погребения выдающихся деятелей. 2. У древних греков и римлян: храм, посвящённый всем богам. 3. Совокупность богов какой-н религии (книжн.). (ТСРЯ, 491) генетикалық жағынан тығыз байланысты. Сондықтан да кейбір түркі тілдес Сібір халықтарының ескерткіштерінде сақталған. Мысалы, якут (саха): bajanaj – жалпы әулиенің атауы, аңшылар мен балықшылардың қорғаушысы; tya bajana `орман аруағы` адам тәріздес тіршілік иесі`; ии bajanaj `су аруағы`, жалпы осындай аруақтардың саны жетеу, олардың ішіндегі ең маңыздысы baaj bajanaj ~ bajanaj tojon ~ bajanaj bootur (Пекарский, I, с. 341). Алтайлықтарда: pajana – аруақтардың бірінің аты, қайрымды аруақ жоғарғы құдай Ульгеннің [61, б.36-37] қызметшісі (Вербицкий, 1884, с. 239) және де өте ертедегі әйел аруағы туралы paj-ana ~ maj-ana түсінікті елестеді. Көне түркі. Орх. Ұмай `әйел құдайы, сәбилер қорғаны болып табылады` (Малов, 1951), ол – бұл сөздің санскр. ауысып келуі мүмкін дейді. Сол сияқты ұмай сөзі көне түркі ескерткіштерінде де сақталған мысалы: Он яшда Умай тег µчім ќатун ќ±тына Інім К‰лтегін ер ат болты (ЕДЄ, 19). Majja ~ Maһamajja `Будданың анасы (Сиддартхи), билеуші шахтың әйелі (шакиев [62])`(ТСРЯ, 893) (Кочетов, 1965, с. 12). Бұдан басқа алтай понтионында мифтік құдай және жартылай құдай Umaj enčezi ~ Umaj ičezi `қайрымды аруақ, сәбилерді сақтап қалушы, өлім періштесі, жанды алушы` (Вербицкий, 1884, с.402), maj tere > maj teņri `ең алғашқы аруақтардың бірі – күн мен ай сәулесін басқарушы` (Вербицкий, 1884, с. 198), алтайда белгілі бір дәстүрлі ритуалдар кезінде (шамандар аруақпен тілдесіп) магиялық ерекше күшке ие болады олар құрбандыққа шалған малдың (көбіне атты шалған) терісін қайың бағанына керіп тастаған` (Р, IV, 1123), majdara ~ pajdara < maj tere ~ paj tere (Вербицкий, 1884, с. 239). Бұндай әулиеге құрбандық шалу дәстүрі «Қыз Жібек» жырында да сақталған. Мысалы: Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып [63, б.53]; [64, б.148-149]. Жапон тіліндегі ума [65, б.175] `жылқы` сөзі мен умарэру `родиться`, уму` [66, б.145] родить` - умарэру `родиться`, умарэру `босанған ана` ұмай > ұма сөздерімен семантикалық мағынасы жағынан бір сөз деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет