Шариф. Жайларда Харам - Шариф жүрдіңіз бе?; Тауап қып айналдыңыз Руза Шариф (М-Ж., 243). Л. Будагов:شريف шерифъ –мн. اشراف, شرفاшурәфа, әшраф, благородный, священный, святой, такъ называются люди изъ потомковъ Мухаммеда; титулъ правителя Меккеи, асраф (сравнит) благороднйшій, знаменитйшій, шройы два священ. города: Мекка и Медина, ауқат шрқары священ: времена (иногда означаетъ: часы пятивременной молитвы вмсто ауқат жсие), ваше благородное здоровье (каково?). Қазақша транслитерациясын біз жаздық [19, б.667]. Шәріф: атақты Шәріп (Рүстемов, 113). Шериф в мусульманских странах – почетный титул мусульманина, претендующего на происхождение от пророка Мухаммеда. Сейд - у восточных народов, исповедующих ислам, почетный титул мусульманина, претендуюего на происхождение от пророка Мухаммеда, сеидами объявляли себя многие монархи, в том числе бухарские эмиры и хивинские ханы (Словарь иностранных слов. М-79). Афақ – шаш сақалы аппақ қожа. Тегі жағынан пайғамбармен 27 атадан қосылады. Ұстаздар былай дейді: Шериф Хасани, Сайд Хусайн, Қожа Ханфи, яғни анасы Фатима болған. Хасан тұқымына «Шариф», Хусайн тұқымына «Сайд» Шешесі басқа Мұхаммед Ханафия тұқымына «қожа» аты берілді. Сайд пен қожа тұқымынан «миас» (орта) болып өзгерді (Қ. Халид, 92). Сайын – қыран. Сайб ер, батыр. Сайб – халық батырларын теңеу, лақап ат. Эпитет народных богатырей. Сайын қыран ерлерім (Ж. Жабаев) (Қазақ тіліндегі араб – парсы сөздері. 1977: 148). Саид – қазақша шейіт – дін жолында құрбан болған адам [3, б.191]. Будагов былай дейді: Сейіт ата Хиуадағы ең қасиетті ата. Ол Асмамур ата, Аят ата, Тоқмақ ата сияқты пайғамбар (1869: 8). Шайх – деген сөздің қолданылуы мәнісі – ақылгөй кәрия дегенге тура келеді дейді Қ. Жұбанов. Сайд > сайб > сайын (сайыб) болып дыбыстық өзгеріске түскен болуы мүмкін.
Түйін. Шах > шахмат > шахлар > шайх > шайыр > шейх > шериф (ағылшынша sheriff-шери`ф-сотың орындаушысы) > шәріп > сейіт > сайд > сайыб (сайыб қыран) > сайын (сайын батыр) > шейіт (шейіт болды) > шурәфа > әшраф > шайхы бәрі-бір түбірден өрбіген лексикалар екені дәлелденді. Шайых > абыз > бақсы > алып мағынасы бір-біріне жуық атқаратын қызметтері бірдей лексика екендігі анықталды. Мәшһүр-Жүсіп шәріп, шайық сөздерін қатар ұстаз мағынасында қолданған. Екі сөздің синоним екендігін білмеуі де мүмкін. Шайық пен қызметі жағынан тең түсетін кереметтердің бірі – Қожа.
Қожа. «Қарасы бар ішінде, қожасы бар, Бір айтылған таңсық сөз көпке жайып»; Тіліміздің билігі «алдияр» ұранды төреде, еліміздің билігі «алла» ұранды қожада. Бірде-бірінің бұшпағы қанамай, бізге күн көру қайда. Жас иісті баланы-ай деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез келіп, қона қалыпты (М-Ж., 10).
Қожа зат. 1. Діни, Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы, мұсылман дінінің өкілі. Қожа зат. 2. Үй иесі, отағасы; бір нәрсені билеуші, меңгеруші (ҚТТС. 7 том. 1976: 327). Қожа – Мұхаметтің алғашқы халифтерінің ұрпағы, ертеде қазақ, т.б. халықтар арасында мұсылман дінін таратушы (ҚСЭ, 1975: 578); Қазақ тілінде: «Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» деген фразеологизмнің құрамында «қожа» сөзі кездеседі. Ә. Қайдар: «...что данное выражение своим происхождением связанно с древними традициями провопорядка власть ажа – «женшины – предводительницы рода и племени (отсюда и: каз. әже, кирг. еже, уйг. ача, тув. алт., ажа и др. – «старшая женщина в роду») и қожа - «хозяина рода и племени» (этот термин, вероятно, не связан с религиозным названием «ходжа»), чьи указания и приказы, замечания и предупреждения для членов общества были непрекословными» – дейді [112, б.19]. Р. Сыздықова: қожа сөзі басқа тілден енген сөздің өзінде ешқандай дыбыстық өзгеріске ұшырамаған. Қожа сөзі діни атау десек, қожайын ие деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл жерде -йын қосымшасының жалғануы арқылы жаңа бір атау туып тұр. Қожайын – үйдің иесі, ең қадірлі адам, үйдің құдайы десе де болады [144, б.143-256]. Г. Потанин: Ходжа – потомок пророка [143, б.153]. Л. Будагов: тур. ад. قوجه коджа, قوجا1) старый, пожилой, старикъ (сол сияқты قوجهمان қожаман). 2) мужъ, супругъ. 3) большой, огромный, قوجهجكқожажәһ, старишок, قوجهلق қожалқ, старость, قوجامان қожаман, дряхлый, престарълый, قوجه قاريқожа қары, старая женщина [19, б.72]. Л. Будагов: Ходжа бухарцы и сирійскіе арабы произносять хаваджэ) старецъ, старшина, господинъ, богатый купецъ, хозяинъ, учитель, профессоръ, хаваджэ называются потомки халифовъ Абу-Бекра и Омара т.б. көптеген мағынасы бар [19, б.539]. Қожа > мұсылман дінінің өкілі. Хожа – У казахов так назывался один из родов. Представителей этого рода считали потомками Мухаммеда. В переносном смысле «қожа» – хозяин (ҚЖ, 1963: 284).
Қожа сөзі ие сөзінен айырмашылығы қожайын ер адамның рухын бейнелейді. Чув. šu хоzi ~ мар. Büd оzа, удмуртарда солай аталады. Vu knzo көбіне шал бейнесінде көрінеді (Holmberg, 1913: 68; Wichmann 1901: 52-55). Хужа – қожа: тат., башк. тілдерде `қожайын, үй иесі` ретінде және `ері, отбасы` диалек. белгілі (ТТДС: 463; БҺҺ II: 284). Қожа сөзінің мифологиялық бейнесі орал, шоқынған татарларда кездеседі. Қожа деп қасиетті рух иелерін де атаған. Су иесі – Мухаметқали, жер иесі – Сөнгатулла, пайғамбар негізі – Данил, араның иесі – Зөнбер ата, ат иесі – (Хәлил) құс – Гамбәр ана т.б. Кейбір иелердің аттары ауысқандығы байқалады. Қожа: шув., хоçа, хуçа; мар., козя, озя, удм., кузо, квазь, коми козя, морд., кузя. `қожайын` мифологияда қолданылады. Бұл парсы сөзі монғол бұлғар дәуіріне дейін-ақ (қараңыз: коми козя `моншаның рухы`) болып өзгеріске түскен. Парсы тілінде хужа, хожа `ие` мифтік қасиетке ие емес, тек қана құдайдың синонимі ретінде айтылады. Кейде `мырза` деген сияқты қолданылады. (Салыс.: өзб. Насредин афәнді` Қожа Насредин – `Мырза Насредин` – Ходжа Насредин`). Софылық-сектанттық ортада хожа, хужа деп діни адамдарға мүриттерге, ишандарға айтылды. Көне иран тілінде хожа сөзіне қарама-қарсы khwata, khwaja `билеуші, билік` мифтік мағынада қолданылды. Осы сөзден барып парсының хида, хидаj > тат. ходай `құдай, о құдай` шыққан – деп жазды Ахметьянов [2, б.28]. Төрт түлік малдың өз иесі: жылқының иесі – Қамбар ата, сиырдың иесі – Зеңгі баба, қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, ешкінің иесі – Сексек ата деп әрқайсысына жекелей ат қояды. Ахметьянов парсы тілінде қожа (хужа) хожа `үй иесі` онша мифологиялық мәні жоқ дейді. Кейде қожа сөзі құдайдың синонимі ретінде ғана көрінеді дейді. Расында да парсы тіліндегі қожа `қожайын` мифологиялық мағынасын сақтамады. Көбіне `мырза` сияқты мағынада қолданылады. Мысалы, Қожа Ахмет Иассауи, Жандарбек қожа т.б. Қазақ тілінде қожа жанама ат сияқты көрінгенмен қожа аты бойында діни имандылығы бар адамды ерекше қасиет иесі ретінде бағалайтын дәстүр ел ішінде әлі де сақталды. Қ. Жұбанов: «хожалар» өз алдына ұлт та емес, ұлтты құрайтын ру да емес, рудың бір бөлігі де емес, тек сол жергілікті көпшілік қауымды құраушы бірлік (единица) қана. Сондықтан Ирандағы «хожалар» ирандық, Афғандағы «хожалар» өзбектік, Қазақстандағы «хожалар» қазақтық бірліктер болып шығады. Ал, Хожа Ахмет Иассауйді алсақ, ол қазіргі Түркістан қаласының әкімшілік аймағындағы сол өз кезінің бұқара халқының құрамындағы болып келген қыпшақтар мен қаңлы руларының бірінен тараған единица (бірлік) еді дей аламыз – дейді [103, б.296].
Түйін. Қожа о бастағы пайғамбарлық қасиетінен қазір аздап айрылды. Мәшһүр-Жүсіп Қожаны қасиетті «алла» дәрежесіне дейін көтеріп қолданған. Қазақтар «қожа» – деп Баланы сүндетке отырғызатын адамдарды келемеждеп айтқан. Бұл әсіресе, кеңестер дәуірінде қатты байқалды. Қазір қожа-молда өзінің алғашқы қасиетіне ие бола бастады. Қожа > ожа > ожо > ажа > әже > қожайын > коза >қара қожалақ сияқты сөздердің тууына себеп болған. Қожа мен аба (ав) түбірлес сөздер болуы мүмкін. Өйткені, әже сөзінің сілемі ана>іне>ене>эне түбірлеріне жол сілтейді. Қ дыбысы (қалқа- (қ) алқа) кейін қосылған протезалық құбылыс болып саналады. Қазақ тілінде «Әй дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ» – деген мақал қалыптасқандығын байқауға болады. Қожа иеге қарағанда көбіне адамға қатысты айтылады. Қожа сияқты ғажайыптардың бірі – керемет. Керемет қожа сияқты көзге көрінбейді бірақ, жақсылық иесі ретінде саналады.
Керемет. Сол нұрдан бес сәждеге бес нұр болып, От тимей жанғандығы керемет тұр (М-Ж., 40); Тас көтеріп өңгеріп, Кереметін көрсетті (Қобыланды, 154); Әулие қылса керемет, Болар ма екен жаңалық (Қобыланды, 169); Дуа тиген керемет, Атағы жұртқа мәлім ед (Қобыланды, 29); Қобыланды деген елі бар, Дуа тиген керемет (Қобыланды), Айналайын, жан алла, Кереметің бар, алла (Манашұлы Тұяқбай),
Ауыз әдебиетіне кейіннен кірген. Кейбір түркі тілінде бір ғана араб сөзінен (керемет) `рухани мырзалық` (кәрим كريم түбірінен `мырзалық таныту` – мет қосымша (теке+мет сияқты) түбір мен қосымшадан екі мағыналы сөз пайда болған сияқты. Р. Ахметьянов Бірі – керемет мұсылман теологиясының термині; екінші – керемет фетиштердің тілділерінікі. Арабтарда және басқа мұсылман халқында керемет `пайғамбар мен басқа қасиетті дін иесінің жасаған таңғажайыбы` мағынасын берген, артынан мүриттердің дамуымен `ишан-мүриттің керемет құлшылық етуі, мүрит құлшылық етушілерді мағына топтап алған рухани көсем`. Татарлар `керемет жасаушыларды` (бәрінен бұрын рухани тұлғаны) `керемет иесі бар` керемет иесі – деген [2, б.31]. Л. Будагов كرمت керäмэтъ – мн. كرامات щедрость, милость; чудо, сотворенное святыми (напр. хожденіе по рк и пр. чудо, сотворенное пророками) святой, творящій чудеса, знаменитый, дорогой, любезный [19, б.120]. Бұндай түсінікте керемет жеке жаннан бөлініп, басқаларға қонатын, тұқым қуалайтын қабілеті барлығы көрінеді. Қазақстанда керемет культі мүриттердің дамуынан кейін орын ала бастады. Мысалы, Орта ғасыр жазбаларында Қожа Ахмет Иассауи т.б. шығармаларында керемет жиі айтылады. Татарларда бұлғар дәуірінің ишан-мүриттері, қасиетті дін иелерінің молдалары өте көп болғандығын жазады (Муслима, Маржани т.б. тарихшылар). Дегенмен бұл мазарлар мен зираттар татарларда нақты өзі емес болуы да мүмкін. Орта Азия мен Таяу шығыста мұндай мазарлар мен зираттар өте жиі кездеседі. Ишан-мүриттер адамдар алдында өздерінің беделдерін көтеру мақсатында бәрін білетін, күнәсіз, тіпті құдаймен тікелей тілдесе алатын болып көрінді. Сондықтан олар татарша изге `қасиетті` ~ чув. ырã (тат. диал. ару) `таза` немесе ие, қожа (қожайын) аталды. Көнеқыпшақ ауыз әдебиетінің сөзі керемет әр тілде түрліше айтылды да мысалы: тат. кирәмәт тілдік болып қабылданып керемет деген қасиетті сөзге қарама-қарсы мағынаға ие болды. Сөйтіп, көне дәуірде қасиетті рух иелерінің мазарлары аты болған керемет (кәрәмәт) кирәмәт өз мағынасын кеңейтіп басқаша аталатын болды. Бұрынғы обалар мен кейінгі күмбезді мазарлар қазақтардың ең қасиетті, бас иіп, аруаққа құлшылық ететін орындары – дейді Ш. Уәлиханов [3, б.175]. Мысалы, қазақтарда Қожа Ахмет Иассауи, Мәшһүр-Жүсіп, Әлемнің жеті кереметі т.б. мазар – мавзолейлерін керемет дейді. Тіпті, жеке тұрған, бұлақ басындағы ағаштарды да керемет деп, басына әлем-жәлем байлаған. Кирәмәт татар ертегілерінде ашуланшақ, онша жақсы да емес, бірақ, қорқынышты да емес; жай ғана рух иесінің контоминациясы кире (кері) `жеккөрнішті, кері кеткен, тыңдамайтын, жолы болмайтын` мағына береді [2, б.32]. Қазақта керемет (чудо, чудесно, превосходно, восхитительно); керемет қуаныш, құдайдың кереметі т.б. Арабта – қарамат (щедрость, великодушие, чудо); татарда – кирмәт; марийде, удмурдта – керемет; мордвада –керемет (место пребывания злого духа); шувашта – керемет (место пребывания злого духа, место где совершали моления духом, языческим богом). С. Талжанов керемет сөзін ислам дәуірінен бұрын мордва, шуваштарда қолданғанын айтады [145, б.100]. Ш. Уәлиханов: Алатау қырғыздары тұқсан деген түрік сөзімен, яғни тоқсан деген сөзбен береді, ал енді біздің қазақтар бұл ұғымды беру үшін «хасиет» деген араб сөзі мен керемет деген фин сөзін пайдаланады – деп, керемет сөзін фин сөзі дейді [3, б.245]. Керемет – 1. Өте жақсы, тамаша, үлкен, зор. 2. Миф. Таңғаларлық, ғажап іс (Бекмаханов, ҚТАПС, 1977: 88). Керемет өзб. карамат, қаз., қырғ., құмық. керемет, карамат. Каромат – сÿфийликда каромат икки хилдир: 1. Каромати ковхийяхавода парвоз этмоқ ва шу тарзда моддий оламдан юксалмоқ. 2. Каромати илмийя, – алдунний улум, яъни Худо томонидан ато этилған илохий илмлар билан кÿрсатиладиган кароматлар (Ахмат Яссавий хикматлар, – Тошкент: 1990, 252).
Түйін. Керемет > ғайыптан пайда болып, таңғажайып жасаушы. Қазақтарда керемет өз қасиетінде қолданылмайды. Сөз жүзінде ғана қалып қойған. Тек қана бір нәрсеге, не жасаған іске қатты таң қалғанда ғана «керемет» екен дейді. Кереметтің қазіргі қолданыстағы синонимі «ғажап». Мәшһүр-Жүсіп керемет сөзін ие әулие мағынасында жұмсаған. Ол – кереметтің ерекше қасиеті бар ие екендігін білген. Әншейін, сөз ішінде эпитет сияқты қолданған керемет сөздері де ұшырасады. Керемет пен құдірет синоним сөздер сияқты. Құдірет кереметке қарағанда жоқтан бар жасаушы да керемет ғажайып дүние тындырушы іс-әрекет иесі ретінде танылады.
Құдірет. Қайғының ең тоқтауы – сабыр қылмақ, Күтейін құдіретке мінажат қып (М-Ж. 323);
قدرت Құдырет – кудрэтъ могущество, всемогущество Бога, қыртаұ могущественный, каз. всемогущій, қыртамқ плучить силу, сдлаться могучимъ, тур. манна, я превозмогъ, мн удалось, добился [19, б.41]. قدرتҚұдірет а. [құдрәт] 1. могущество, сила, ступок (Рүстемов, 164). Құдірет пен керемет қасиеті жағынан бір ие сияқты. Құдірет қазіргі кезде сөз жүзінде болмаса онша діни мифология дәрежесінде қолданылмайды.
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп құдіреттің алдында басын иеді. Ерекше күш иесі, тылсым дүниені билеп тұрған сияқты түсінеді. Құдіреттің түбірі - құт. Құт > құдай > құда > құдірет > құтты > құттықтау т.б. сөздердің тууына себеп болған сияқты.
Құт. Мейрам сопы ертерек µліп ќалып, Н±рфая бєйбіше кµп заман бес берекеніњ біріне ќосылѓан бєйбіше болып, халќына ±йтќы, ќ±т бєйбіше атанѓан екен (М-Ж., 16). Шолпан бір ±л перзент тауып, сол себепті «аяѓы ќ±тты» болды (М. Дулат, 134);
«Құт» сөзінің бүкіл Сібір түркілерінде шамандық дүниетаныммен араласып жатқан ұғым екенін аңғару қиын емес. Қамның негізгі айналысатын ісінің дені осы «құт». Өлген адамның құтын құрметтеп шығарып салу, ата-бабалардың құтына арнап ас беру, құрбандық шалу; ауырған, бағы тайған адамның қашқан құтын қайтару т.т. сияқты аса күрделі міндеттер шаманға жүктеледі. «Құт» сөзі жалпы түркілік. Байырғы түріктерде бірнеше мағынада қолданылған: 1. жан, өмірлік күш, рух; 2. бақыт, дәулет, жақсылық, жолы болу, бағы ашылу т.б. 3. кісілік, ұлылық; қазақ пен қарақалпақтарда құт: 1. өмірлік, күш, рух; 2. мал-жанды қорғайтын тұмар; 3. бақыт; тувалықтарды құт: жан, тіршілік көзі; хакастарда хут: жан, рух, өмірлік күш; монғолдарда хутаг: бақыт, жақсылық; манчжурлерде хуту: бақыт (Баскаков Н.А. Яимова Н.А. Шаманские мистерии Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1993. С 11. Қорқыт ата: 596).
Кейбір зерттеушілер Қорқыт сөзінің түп төркіні «көр» және «құт» деген екі сөзден тұратындығы. Осы орайда «көр» сөзінің гор, гөр, гур сияқты фонетикалық нұсқалары болғанындай, «құт» сөзінің де гут, ғұт, хут дейтін варианттары кездесе береді. Сондықтан да әуелгіде Ғұрғұт, Гөргут, Горгуд, Көрхут, Көрғұт сияқты тұлғаларда айтылуы әбден ықтимал. Әзірбайжанша қазір де Горгут, түркіменше Горкут болып айтылады. Құт адамға желеп-жебеуші киелі күштердің, рухтардың, басқа дүние иесінің арқасында қонады. Оны кері қайтарып алатындар да сол күштер. Қатты қорыққанда «құты қашты» дейді қазақтар (Қорқыт ата: 596).
Л. Будагов құт сөзінің бірнеше мағынасын береді соның бір-екеуі мынадай: дж. тат. قوت кутъ, жизнь, счастье; сердце, храбрость, въ алт. душа, присутсвіе духа: قودي جقتي душа вышла, т.е. растерялся отъ страха, кир. құтты күн счастливый день, құттықтау желать здоровья, счастья, дать благословеніе, обиліе (о Бог) [19, б.69-70]. Қазақтар «құт» келді деп әр нәрсені ырым – жора ретінде тұтынған. «Құт» кетсе ырысым бірге кетеді деп түсінген. Табиғаттың құбылыстарын да: жаңбыр, қар молынан жауса соған байланысты адам өміріндегі өзгерісті «құтты» құбылыс деп ұққан. Ќ. Халид: Тарихшылар «Ќұдатғу білік» туралы осы кітап атына аса ќаныќ болмаѓаны ‰шін біраз т‰сінік жазу керек болды. «Ќұдатғу білік – ќ±тадғу білік» боп жазыла береді, екеуі бірдей білік – білу, «ќ±д» - к‰т (екеуі – ќ±т) дегені б±л арабтыњ «к‰тіб» сµзінен алынѓан, тіл – сµз. «Ќ±тыб» – єр нєрсеніњ баянды боп байыздап т±руына айтылады, сол ‰шін «ќ±тыб ж±лдызы» атауы бар (Темірќазыќ ж±лдызын айтып отыр).
«Құт» – бақыт мағынасында, «оған пәлен жерге құт болды» дейді, яғни «сонымен ол баќытты болды» демекші, ќ±ттықтаѓанда «ќ±тты болсын» деу осыдан». Осы кітапта берілген т‰сінікте: «Ќ±т» атауы арабтыњ «ќ±тыб» сµзінен алынды деу шындыќќа келмейді. «Ќ±т» – µз алдына ±ѓым беретін ертедегі т‰ркі сµзі, маѓынасы – «баќыт», «жан», «баќытты болу» – дейді [57, б.240-297]. Ќ±т а. [ќ±т: пища, пропитание] – изобилие; счастье; благодать. (КРТСАИЗ, 171); Ќ±т зат. Баќыт, береке (ЌТТС, 96); ЌУТ– ќ±т, баќ, дєулет (М.Ќ.); Ќ±т > дєулет. Құт > көт <> кот.
Ахметьянов былай дейді: Наиболее известным из них у современных татар, башкир и чувашей, а также у мариицев и удмуртов является кот, кут, хãт `душа, дух; счастье, благополочие; уют; достоинство, хороший ивд`, имеющий параллели во всех алтайских языках, включая даже корейский (gut `магия`, см. Ramstedt 1949: 132). По всей вероятности, данное слова образовалось в древнетюркских диалектах и распространилось из них на соседние языки, ибо именно в тюркских языках можно найти найболее древние, исходные фонетические варианты, см. алт. коот `утешение, отрада` (наряду с кут `душа`), др. – тюрк. gamut `счастье, благодать` (Gabain 1951: 331), `величие, достоинство` (ДТС: 439). У кетов kut, kyut `дух-помощник шамана` (Donner 1933: 88) вероятно, заимствовано из тюрк. *kayut. [2, б.34]. Тоб. қртқа куртка, қртқеиы старуха (Будагов, 1871: 49). Қазақ тілінде Көтібар, Боқкөт деген кісі есімдері болған.
Түйін. Құт пен бақыт, бақытпен бақсы мағыналас сөздер. Мәшһүр-Жүсіп құт лексемасын бақыт дүниеден тыс жаратушы сияқты қолданған. Құт жақсылық әкелуші деп түсінген. Құт > қорқыт > қ...қ (еркектің жыныс мүшесі) > көтек (к..т) түбірлес сөздер сияқты. Құт (қ...қ) > ұмаймен ін (ен) с...к (етістік) тас..қ, тылақ (тылакъ, паточка, язычекъ (анат.) Л. Будагов, 1869: 755 б) (тылақ//тілшік бір сөз) қозғалыс, ұрпақ (ұрық) әкелуші тіршілік иесімен тығыз байланысты. Құттың мағынасы біз ойлағандай жеңіл-желпі бір нәрсе емес, аса тереңде жатыр. Қаза берсе, тұйыққа тіреледі. Оның аржағында тіршілік – өмір жатыр. Тылақ > тас...қ > тал > тұл семантикалық жағынан өте жуық тығыз байланысты. Тереңірек барғанда бәрібір өмір, тіршілік, қозғалыс дегенге келеді. Адам + Рух + Аруақ + Адам (ұрпақ) арқылы мәңгі жасайды өлім жоқ дегенге әкеледі. Киелі адам құт әкеледі деп ұққан. Аяғы құтты болсын! – дейді. Негізінде кие мен құт мағынасы да мән-мазмұны да бір. Фетиш (фетешизм) – құт сөзінен діннің бір тармағы келіп шыққан.
Кие. Бет жуып, киімдерін киеді енді, Нүсіпхан жас та болса киелі еді (М-Ж., 313). Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді (Қазақ бақсы-балгерлері, 1993; 27). Кіелей (кие – А.Қ.) предметы заповдные, неприкосновенные (по общему поврью народа, а не по частному запрещенію, напр. Лебедя не позволительно убивать, потому что это приносить несчастіе, и потому лебедь – киел – Ильм.) [19, б.182]. Құрмет тұту, ырым жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт - құт әкеледі деп түсінеді. Ал, осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарларды киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды (ШУ, 188). Қазақтар ата-бабасының ескі тұтынған заттарын да киелі санаған. Ұста дүкені, бұлақтың басындағы жалғыз тал да киелі деп есептелген, басына әлем-жәлем таққан. Малды теппеген киесі ұрады деп қорыққан.
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп кие сөзін қасиетті деген ұғымда қолданған. Мәшһүр-Жүсіп шығармасында кие мен ие қос варианты қатар пайдаланылған. Кие өз алдына кереметология болған. Келе-келе әуелгі маңызын жойған. Көбіне эпитет сияқты қолданылады. Кіи+ие > сөздері түбірлес сөздер. Кие (к+ие) -к дыбысы протезалық құбылыс.
Ие. Есі-дерті істе емес, Иеде боп, Нәрсені мойнына алды жетпес күшті (26). Ғақыл – есі кеткеннен Иесіне Өзіне-өзі қылды әбден зорлық (М-Ж., 27); Общетюрк. дух-хозян (Севортян, 1974: 237-239). Көптеген түркі тілдерінде қаз., ноғ. ие, өзбек., ұйғыр. эга, қырғ. ээ, көне-түрк. і, іьі, іgä т.б. Ие түркі тілдерінде жан – қорғаушы немесе жанның қожайыны (иесі) сол сияқты көне түркілік эге `ана` байланысты болуы мүмкін (Севортян, 1974: 222-224).
Тат., башқ. ия, эйэ (Balint 1875: 61-62), ТТДС 1969: 143), чув. ыйа, ыйã, иййе, ие, ыйе, мар., удм. ия, ие `ашулы жын; ауру жын, жын; араб тіліндегі шайтанның синонимі ` (Поволже тілінде кеңінен мәлім). Тат. диал. ияле, чув. ийелê `жеңімпаз; ауру жазылмайтын ауру`, мар. иявонда, ияпелчан `жер жын` (тура. `сөре жыны, стебел жыны`), иявуч `болиголов` (тура. `сорный өсімдігінің жыны`), иялан – (ие түрік. афф. -лан- ) `бесноваться`, иягомыж `шекті музыкалық аспап ие` (гомыж < тат. кубыз, сув купãс `варган`, жалпы түркілік. кобыз, кобз `шекті музыкалық аспап`); чув. ийе куракê – сорный өсімдігінің аты. Тат. су иясе, тат. диал. суwәсе (су үwәсе), сумия (ТТДС: 374, 376) и мар. вÿд ия в отличии от су анасы вÿд ава `су анасы` жас русалканы бейнелейді (Holmberg 1913: 68, 114-115) [2, б.28].
Түйін. Кие мен ие «Төрт алмажайынмен» тығыз байланыстылығы байқалады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ие лексемасын құдіретті сияқты қолданған. Мәшһүр-Жүсіп кие мен иені қасиетті ерекше күш иесі дәрежесіне дейін көтерген. Кие бір заттың сыртқы жамылғышы сияқты қасиетке ие болған да, ие адамның екінші бейнесі сияқты қорғаушысы артынан қалмай еріп жүретін көлеңкесі сияқты қасиетке ие болған. Екеуінің бәлендей айырмашылығы жоқ. Тілдің даму барысында мән-мазмұнында аздаған өзгерістер енген. Ие мен адам бір тұлға сияқты қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |