Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет38/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138
2. 
Негізгі бөлім 
«Бес жылы сөз» жаттығуы 
Қатысушылар бес адамнан шағын топтарға бөлінеді және мынадай нұсқау 
алады: «Сендердің әрқайсыларың өз қолдарыңды қағаз бетіне сызып 
саласыңдар және алақанның ішіне өз есімдеріңді жазу керексіңдер. Содан кейін 
өз парақтарыңды оң жақтағы көршіге бересіңдер, ал өздерің сол жақтағы 


95 
көршінің суретін аласыңдар. Қолыңа түскен бөтен алақан саусақтарының 
біріне, сендердің пікірлерінше, оның иесінің қандай да бір тартымды қасиетін 
жазасыңдар, мысалы, «Сен өте мейірімдісің», «Сен үнемі әлсіздерді 
қорғайсың», «Маған сенің өлеңдерің қатты ұнайды» және т.б. Келесі адам басқа 
саусаққа жазба жасайды, осылайша парақ иесіне қайтып келгенше әрі қарай 
жалғаса береді. Жаттығуды жалғастыруға болады. Барлық жазбалар жасалған 
кезде, жүргізуші суреттерді жинайды, «комплименттерді» оқиды, ал топ 
олардың кімге арналғанын табуы тиіс. Жаттығудың соңында қатысушылар өз 
алақандары бар парақтарды алады. 
Талқылауға арналған сұрақтар: – Өз алақаныңа жазылған жазбаларды 
оқығанда, сен қандай сезімде болдың? – Басқалар жазған, сенің жақсы 
қасиеттерің туралы сен бұрыннан білетін бе едің? 
«Мен қандаймын?» жаттығуы 
Әрбір қатысушы бланк алады. Бірінші бағанда қатысушы «Мен 
қандаймын?" деген сұраққа 5 жауап береді. Екінші бағанда «Мен жақын 
адамның ойынша қандаймын?» деген сұраққа 5 жауап жазады. Үшінші бағанда 
әрбір қатысушы осы сұраққа жауаптарды, оның пікірі бойынша, оның сол 
жағында отырған адам ол туралы не айтуы мүмкін екендігін жазады. Жазбалар 
мүмкіндігінше тез жасалуы керек. Содан кейін қатысушылар өз парақтарын, 
олардың жауаптары көрінбейтіндей етіп орап, оларды сол жақтағы көршісіне 
береді. Осылайша, әрбір қатысушы оң жағындағы көршісінен парақты алады. 
Бұл парақтағы бос бағанда ол оған өзінің 5 сипаттамасын беруі тиіс. Содан 
кейін жүргізуші парақтарды жинап, оларды араластырады. Соңғы бағаннан 
сипаттамалар кезек-кезек оқылады, ал топ әңгіме кім туралы айтылып 
жатқанын табу керек. Содан кейін топ осы портретпен қаншалықты келісетіні 
талқыланады. Соңында, парақтар қатысушыларға қайтарылады және олар 
барлық төрт жауап жинағын салыстырады, олардың ұқсастығы мен 
айырмашылықтарын талдайды. 
Сабақтың рефлексиясы – Осы сабақта сендерге өздерің туралы жаңа
бұрын білмеген жақтарыңды білу мүмкін болды ма? – Сендер өздеріңді 
қаншалықты жақсы білесіңдер? 
«Қалай жасауға болады?» жаттығуы 
Қатысушыларды жұптарға бөліңіз. Әрбір жұп бір карточкадан алады. 
Қатысушылар жағдайды қарап, ең қолайлы және ең қолайсыз мінез-құлықты 
таңдау керек. 
Әрбір жұп өз ахуалын таныстырады. Ықтимал нұсқалар және таңдалған 
нұсқалар туралы әңгімелейді. Топ түсініктеме береді. 
Карточка № 1. ЖАЛҒАН АТТАР. 
Сендер бос уақыттарыңды өткізетін компанияда адамдарды әртүрлі лақап 
аттармен атау қабылданған. Біреудің лақап аты жағымды естіледі, ал
біреулерінікі ‒ онша емес. Балалардың біреуін барлығы «Жуан» деп атайды, ал 
ол болса оны осылай атамауды бірнеше рет өтініп сұраған. Шын мәнінде оның 
аты Саша. Сен оны атымен атайсың, бірақ басқалары «Қайдағы Саша, ол ‒ 
Жуан!» деп айқайлайды. 


96 
Сен де оны «Жуан» деп атасаң, барлығы сені келемеждейді. 
Оны атымен атайтын боласың. Айналадағылардың пікірі сен үшін түк 
емес. Адамдарды осындай реніш тудыратын лақап атпен атау ‒ ақымақтық 
екенін барлығына түсіндіріп бер.
Карточка № 2. ЫРЫМШЫЛДЫҚ. 
Сенің аулаңда мүгедек бір қыз тұрады. Ол мүгедек креслосының 
көмегімен қозғалады. Кеше сен оны аулада кездестіріп қалдың. Ол сені туған 
күніне шақырды. Сен: 

бас тартасың. Саған мүгедектермен араласудың қажеті қанша? 

келісесің, бірақ кейін бармай қаласың. Әрине, онда көңілсіз болуы 
мүмкін. 

барасың және өзіңмен бірге қарындасыңды ала барасың. 
Карточка № 3. БОЙКОТ. 
Аня ‒ өте қызық адам. Сыныпта ешкім онымен араласқысы келмейді, 
өйткені ол басқалардан өзгеше киінеді, тіпті түсініксіз. Осы аптада сендер 
мектептегі спектакльдер конкурсына дайындалып жатырсыңдар. Аня саған
келіп, конкурсқа суретші ретінде қатысуды сұрады. Ол суретті жақсы салады, 
бірақ сенің достарыңның барлығы оның топқа кіргенін қаламайды. Сен ‒ топ 
жетекшісісің. Сенің әрекетің қандай болады: 

Достарыңның қарсылығына қарамастан, Аняға сендердің суретшілерің 
болуға рұқсат бересің.

Аняға қатысуға рұқсат бересің, бірақ ешкім орындағысы келмейтін 
қандай да қара жұмысты жүктейсің. 

Аняға қатысуға рұқсат бермеу үшін себеп іздеп табасың.
Талқылау: 

қатысушылардан өмірде олармен болған осындай жағдайды еске 
түсірулерін сұрау; 

мұндай жағдайларда олар өздерін қалай ұстады? 

кейде өзіміз дұрыс деп есептегендей әрекет етуге бізге не (немесе кім) 
кедергі жасайды? 

бізде осындай жағдайлар туындамас үшін не істеуге болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет