99
(1995 жылғы 16 қарашадағы)
Сабақтың барысы:
1.
Кіріспе бөлім
«Сөз айтып үлгер» жаттығуы
Ойынға қатысушылар бір-біріне доп лақтырады.
Допты лақтырушы кез
келген зат есімді атайды, ал допты қағып алған адам тез арада мағынасына
келетін етістікті айтады. Мағынасы келмейтін
сөз айтқан адам ойыннан
шығады. Етістікті дұрыс тауып айтқан адам өз зат есімін айтады да, допты
келесі қатысушыға лақтырады. Ойын жылдам қарқында өткізілу керек.
2.
Негізгі бөлім:
Адам
құқықтары декларациясын, Толеранттық принциптерінің
декларациясын талқылау.
Өткізу рәсімі. Жүргізуші Жалпыға бірдей адам құқықтары
декларациясын мынадай сұрақтар бойынша талқылауды ұсынады:
-
Адамның қандай құқықтары жиі бұзылады?
-
Қандай интолеранттық іс-әрекеттер
адам құқықтарының бұзылуына
әкеп соғады?
-
Адам құқығын бұзудың қандай салдарын айта аласыңдар?
-
Этникалық қақтығыстар жағдайында адамның қандай құқықтары
бұзылады?
-
Адам құқықтары бұзылған жағдайда қандай іс-әрекеттер қолданылады?
-
Адам құқығын сақтауға нақты адам қалай әсер ете алады?
Толеранттық принциптерінің декларациясы мынадай сұрақтар бойынша
талқыланады:
-
«Толерантттық» ұғымын қалай түсінесіңдер?
-
Толеранттық қоғамды қалыптастыру
мәселелері бойынша мемлекет
қандай іс-шаралар өткізуге тиіс? Ол бұған қатысуға тиіс пе?
-
Әлемде толеранттықтың мағынасы қандай?
«Толеранттық кодексі».
Жүргізуші топтың қатысушыларына Жалпыға бірдей адам құқықтары
декларациясының негізінде «Толеранттық кодексін» жасауды ұсынады. Әр
қатысушы декларациядан, оның пікірінше, «Толеранттық кодексі» үшін едәуір
маңызды деп есептеген 10 бапты белгілейді. Содан кейін жүргізуші баптардың
нөмірлерін атайды және жалпы дауыс беру арқылы ең көп дауыс жинаған 10
бапты таңдайды. Ең көп дауыс жинаған баптардың нөмірлері тақтаға
жазылады, жүргізуші олардың мазмұнын оқиды.
3.
Бекіту, қорытынды
Интолерантты мінез-құлықты ақтау мүмкін бе?
Егер иә болса, онда
қандай жағдайларда?
–
Өмірдің қандай салаларында толеранттық-интолеранттық мәселесі өте
өткір?
Сабақ №7: Біз әртүрлі жандармыз
(ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға толерантты қарым-
қатынасты қалыптастыру)
100
Мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға толерантты қарым-
қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау; қоғамға деген төзімділікті, бізге
сыртқы
келбетімен
ұқсамайтын
адамдарға
төзімділікті
дамыту;
коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Жабдықтар мен материалдар: көзге таңғыштар жасау, қатысушылардың
саны бойынша қағаз парақтарын, фломастерлерді, плеерлерді дайындау.
Сабақтың барысы:
1.
Кіріспе бөлім
«Пістелер» жаттығуы
Балаларға қабығы бар екі пістеден таратыңыз
және оларға әзірге оны
жемеуді және қабығын аршымауды тапсырыңыз. Жаттығудың тыныш, сәл
«сиқырлы» атмосферада өтуі маңызды. Бұл жерде көп нәрсе дауыс
ырғағыңызға байланысты болады. Қатысушылардан мынадай сұрақтарға жауап
беруді сұраңыз (үлкендер ‒ жұппен, кішілер үшін ‒ топпен талқылайды):
Сипап қарағанда пістелер қандай екен?
АЛ СИПАП ҚАРАСАҢ, АДАМДАР ҚАНДАЙ?
Сыртқы қабығын қалай сипаттар едіңдер?
АЛ АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ҚАЛАЙ СИПАТТАЙСЫҢДАР?
Пістелердің өлшемі мен формасы бірдей ме?
АЛ АДАМДАРДЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ БІРДЕЙ МЕ?
Пістелер бір түсті ме?
АЛ АДАМДАР БІР ТҮСТІ МЕ?
Пістелерде жарық сызықтар немесе аздап ашылған жерлері бар ма?
АЛ АДАМДАР СЫНУЫ НЕМЕСЕ ОЛАРҒА СЫЗАТ ТҮСУІ МҮМКІН БЕ?
Пістелерді сілкілеңдер. Қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
АЛ АДАМДАР ҚАНДАЙ ДЫБЫСТАР ШЫҒАРАДЫ?
Пістелерді ашыңдар.
Сыртына қарағанда, ішкі жағы басқаша көріне ме?
Айырмашылығы қандай?
АЛ АДАМДАР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚА ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕЛЕНЕ МЕ?
Пістелерді жеңдер? Олардың дәмі қандай екен?
АДАМНЫҢ ДА ДӘМІ БАР ДЕП АЙТУҒА БОЛА МА?
Пістелерді жақсы не жаман деп бөлуге бола ма?
АЛ АДАМДАРМЕН ОСЫЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА?
«Мүмкіндіктері шектеулі адамдар» кіріспе әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: